Кәсіпорын активтерінің мәні және олардың қалыптасу принциптері

Кәсіпорын активтерін басқару әдістерін зерттеу кезінде осы терминге анықтама беру қажет.

Активтер (ағылш. assets) деп, кез-келген үлгіде кездесе алатын, ұйым қызметінің өткенде болған оқиғалары нәтижесінде пайда болған және болашақта мүмкін болатын пайдалану кезінде экономикалық пайда табу мақсатымен ұйым бақылауының астындағы шаруашылық құралдарды түсінеміз. Болашақ экономикалық пайда – бұл активтердің ақшалай қаражаттарды ұйымға қарай тікелей немесе жанама түрде тарту мүмкіндігі. Егер де актив:

· сатуға арналған өнімді, жұмыстар мен қызметтерді өндіру үдерісі кезінде басқа активтермен бірге немесе жекеше түрде пайдаланыла алатын болса;

· басқа активке айырбастала алатын болса;

· міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланыла алатын болса;

· ұйым иелері арасында бөліне алатын болса, онда ұйымға болашақта экономикалық пайда алып келеді деп саналады.

Кәсіпорын активтері – бұл кәсіпорын меншігіндегі мүліктің, ақшалай қаражаттардың және материалдық емес активтердің жиынтығы, кең мағынада алып қарағанда – ақшалай құны бар кез-келген құндылықтар. Бұл – ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, материалдық қорлар, банктегі салымдар, бағалы қағаздар, сондай-ақ иелердің қаражаттары салынған интеллектуалды өнім, патенттер, авторлық құқықтар, басқа кәсіпорындардың борыштық міндеттемелері, қорларды пайдалану үшін берілетін ерекше құқықтар.

Активтер шаруашылық қызметте пайда табу мақсатымен қолданылатын мүліктік құндылықтар жиынтығы түріндегі кәсіпорынның экономикалық ресурстары болып табылады.

Кәсіпорын активтерінің қалыптасуы оның өмірлік циклінің түрлі сатыларындағы үш негізгі кезеңдерімен байланысты:

1. Жаңа кәсіпорынды құру. Бұл активтердің қалыптасуындағы, әсіресе ірі кәсіпорындарды құру кезіндегі едәуір жауапты кезең (олардың алғашқы қалыптасуының үдерісі). Осы кезеңде қалыптасатын активтер көп жақтардан бастапқы капидалға деген қажеттілікті, пайданы табу шарттарын, сол активтердің айналу жылдамдығын, олардың өтімділік деңгейін және т.б. анықтайды.

2. Әрекет етуші кәсіпорынды кеңейту, қайта құру және жаңарту. Активтердің қалыптасуының осы кезеңін кәсіпорынның өмірлік циклінің негізгі сатыларындағы активтердің дамуының тұрақты үдерісі ретінде қарастыруға болады. Әрекет етуші кәсіпорын активтері құрамының кеңеюі және жаңартылуы, инвестициялық қорларды қалыптастыру мүмкіндіктерін есепке ала отырып, кәсіпорын дамуының стратегиялық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Әрекет етуші кәсіпорынның жаңа құрылымдық бірліктерінің (еншілес кәсіпорындарының, бөлімшелерінің және т.б.) құрылуы. Бұл үдеріс жаңа құрылымдық мүліктік кешендердің (олардың жаңадан құрылысы негізінде) құрылуы немесе біртұтас мүліктік кешен үлгісінде активтердің дайын жиынтығын сатып алу (осындай сатып алу нұсқалары ретінде әрекет етуші мемлекеттік кәсіпорынды, банкротқа ұшыраған кәсіпорынды сатып алу және т.б. алып қарауға болады) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Активтердің қалыптасуының екінші және үшінші кезеңдері әрекет етуші кәсіпорынның инвестициялық қызметінің үлгілері болып табылады. Алдағы уақытта кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін, сол кәсіпорын активтерінің қалыптасу үдерісі мақсатты сипатта болуы тиіс. Кәсіпорын активтерін қалыптастырудың негізгі мақсаты операциялық үдерісті қамтамасыз ету үшін активтердің жеке түрлеріне деген қажеттілікті анықтау мен оны қанағаттандыру, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің тиімді болу шарттарын қамтамасыз ету үшін активтер құрамын оңтайландыру болып табылады.

Осы мақсатты ескере отырып, кәсіпорын активтерінің қалыптасу үдерісі келесі ұстанымдар негізінде құрылады:

1. Операциялық қызмет пен оның кеңею үлгілерінің жақындағы даму әлеуетін есептеу. Кәсіпорынды құру кезінде оның активтерінің құрылуы ең алдымен кәсіпорынның операциялық қызметінің даму мәселелеріне тәуелді.

Бұл ретте, кәсіпорынның өмірлік циклінің алғашқы сатыларында операциялық қызметтің көлемі едәуір жоғары қарқынмен өсетіндігін (кәсіпорынның нарықтағы өз орнын дәл табуы жағдайында) естен шығармаған жөн. Сондықтан да, алғашқы сатыда қалыптасатын кәсіпорын активтерінің иелігінде жақын уақытта өнім көлемінің өсуі мен операциялық қызметтің кеңею мүмкіндігін қамтамасыз ететін белгілі бір резервті әлеуеті болуы тиіс.

2. Қалыптасушы активтердің көлемі мен құрамын өнімді өндіру мен сатудың көлемі мен құрамына сәйкестендіруді қамтамасыз ету. Бұндай сәйкестік жаңа кәсіпорынды құрудың бизнес-жоспарын жасау кезінде активтердің жеке түрлеріне деген қажеттілікті анықтау арқылы қамтамасыз етілуі керек.

Жаңадан құрылатын кәсіпорын активтерінің құрамы бірқатар ерекшеліктерге ие:

· кәсіпорынды құру сатысында кәсіпорынның айналымнан тыс активтерінің құрамында ұзақ мерзімді қаржы жұмсаулары іс жүзінде жоқ – олар кәсіпорынның келесі инвестициялық қызметінің үдерісі кезінде құрылады;

· кәсіпорынның айналымдағы активтерінің құрамында олардың қалыптасуының алғашқы кезеңінде дебиторлық қарыз іс жүзінде жоқ, бұның себебі шаруашылық қызметтің әлі басталмағанында.

Бұдан басқа, қысқа мерзімді қаржы жұмсаулары минимумға дейін қысқартылған (ал көп жағдайда – мүлдем жоқ). Олар активтер құрамына құрылтайшылардың жарғы қорына берген жарналары да осындай қысқа мерзімді қаржы құралдары түрінде төленген жағдайда ғана кіргізіледі. Жоғарыда айтылғанды есепке ала отырып, жаңадан құрылушы кәсіпорынның активтерге деген қажеттілігін есептеу активтердің келесі түрлері бойынша жүзеге асырылады:

· негізгі құралдар;

· материалдық емес активтер;

· өндірістік қызметті қамтамасыз ететін тауарлы-материалды құндылықтардың қоры;

· ақшалай активтер;

· активтердің басқа түрлері.

Негізгі құралдарға деген қажеттілік олардың жеке топтары бойынша есептелінеді:

· өндірістік ғимараттар мен үйлер;

· өндірістік технологиялық үдерісте пайдаланатын машиналар мен жабдықтаулар;

· операциялық қызметті басқару үдерісі кезінде пайдаланатын машиналар мен жабдықтаулар.

Алғашқы кезеңде өндірістік технологиялық үдерісте қолданылатын машиналар мен жабдықтаулардың жеке түрлеріне жеген қажеттілік анықталады.

Екінші кезеңде операциялық қызметті басқару үдерісі кезінде қолданылатын машиналар мен жабдықтаулардың жеке түрлеріне деген қажеттілік анықталады (кеңсе жиһазы, электронды-есептеуіш машиналар, байланыс құралдары және т.б.).

Үшінші кезеңде тікелей өндірісті (оның барлық қосалқы түрлерін қоса) жүзеге асыру мен басқару персоналын орналастыру үшін ғимараттарға деген қажеттілік анықталады.

Материалдық емес активтерге деген қажеттілік операциялық үдерісті жүзеге асырудың қолданылатын технологиясына сәйкес анықталады.

Кәсіпорынға қажетті айналымнан тыс операциялық активтердің құндық көлемін анықтау кезінде олардың жеке түрлеріне деген қажеттілікті қанағаттандыру үлгісі есепке алынады – жеке меншікке алу, қаржылық немесе операциялық жалға алу.

Тауарлы-материалдық құндылықтарға деген қажеттілік олардың келесі түрлері бойынша бөлек есептелінеді:

· шикізат пен материалдардың қорларына авансыланатын капиталға деген қажеттілік;

· дайын өнім қорларына авансыланатын капиталға деген қажеттілік (өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін);

· тауарлар қорларына авансыланатын капиталға деген қажеттілік (сауда кәсіпорындары үшін).

Тауарлы-материалдық құндылықтар қорларына авансыланатын айналымдық капиталға деген қажеттіліктің әр түрі олардың бір күндік шығынын күн бойынша есептелген қор нормасына көбейту арқылы анықталады. Тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының нормаларының әр түрін әр кәсіпорын дербес, өз шаруашылық қызметінің салалық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, орнатады (жаңа кәсіпорындар бойынша бұл нормалар бизнес-жоспар көрсеткіштерінің құрамына қосылады).

Орташаланған есептеулер үшін шетел тәжірибесінде бизнес-жоспарларды әзірлеу кезінде қорлардың келесі стандартты нормалары қолданылады: шикізат пен материалдар бойынша — 3 ай (90 күн); дайын өнім бойынша — 1 ай (30 күн); сауда кәсіпорындарымен өткізілетін тауарлар бойынша — 2 ай (60 күн).

Ақшалай активтерге деген қажеттілік олардың еңбекақыны өтеу бойынша (еңбекақыға есептелген төлемді есепке алмағанда); аванстық және салық төлемдері бойынша; маркетингтік қызмет бойынша (жарнамаға бөлінген шығындар); коммуналдық қызметтер және т.б. бойынша алдағы шығындарына қарай анықталады. Жаңадан құрылатын кәсіпорындардың ақшалай активтерді қалыптастыру тәжірибесінде оларға деген қажеттілік алдағы үш ай бойынша жоғарыда айтылған төлемдер түрлері бойынша анықталады (бұл жағдай кәсіпорынның қызмет етуінің алғашқы кезеңінде борыш төлеу алушылықтың жеткілікті қорын қамтамасыз етеді). Содан соңғы шаруашылық қызметі кезінде активтердің ақша түріндегі нормативтері төмендейді (әсіресе инфляция жағдайында).

Басқа активтерге деген қажеттілік олардың түрлері бойынша, тікелей санау әдісі арқылы және құрылатын кәсіпорынның ерекшеліктеріне сәйкес орнатылады. Басқа активтерге деген қажеттілік айналымдағы және айналымнан тыс активтер бойынша бөлек есептелінеді.

Өткізілген есептеулер нәтижелері бойынша жаңадан құрылатын кәсіпорынның айналымдағы және айналымнан тыс активтерге деген жалпы қажеттілік анықталады. Айналымнан тыс активтерге деген қажеттілік негізгі құралдарға, материалдық емес активтерге және айналымнан тыс активтердің басқа да түрлеріне деген қажеттіліктердің жалпы санын шығару жолымен есептелінеді. Осыған сәйкес айналымдағы активтерге деген қажеттілік тауарлы-материалдық құндылықтар қорына, ақшалай активтерге және айналымдағы активтердің басқа да түрлеріне деген қажеттіліктердің жалпы санын шығару арқылы анықталады.

Жаңа кәсіпорынның активтерге деген қажеттіліктерін есептеу балама шешімдерді қабылдаумен байланысты:

· ғимараттарды жалға алумен, құрылысын жасаумен немесе сатып алумен;

· машиналарды, механизмдер мен жабдықтауларды жалға алумен немесе сатып алумен;

· тауарлы-материалдық құндылықтар қорының үлкен немесе кішігірім көлемін қалыптастырумен;

· дайын технологиялық шешімдерді сатып алумен (материалдық емес активтер түрінде) немесе оларды дербес дайындаумен;

· борышты төлей алушылықтың, сәйкесінше ақшалай активтер көлемінің үлкен немесе аз көлемін орнатумен және т.б.

Сондықтан да жаңа кәсіпорын үшін активтерге деген қажеттілікті есептеуді үш нұсқада орындаған жөн:

· шаруашылық қызметті бастауға рұқсат беретін активтердің минималды сомасы;

· айналымдағы қаражаттардың негізгі түрлері бойынша (материалдық және ақшалай активтер) сақтандыру қорларының жеткілікті санымен шаруашылық қызметті бастауға рұқсат беретін активтердің қажетті сомасы;

· қолданыстағы барлық негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді меншікке сатып алуға, сондай-ақ қызметтің алғашқы кезеңінде қажетті айналымдағы активтердің барлық түрлері бойынша сақтандыру қорларының жеткілікті көлемін құруға рұқсат беретін активтердің максималды қажетті сомасы.

Есептеулер кезінде алдыменен активтерге деген қажеттіліктің минималды және максималды нұсқаларының көрсеткіштері анықталады, ал содан соң осы қажеттіліктің шегінде олардың кажетті сомасы қалыптасады. Активтерге деген қажеттіліктің максималды нұсқасы кейіннен кәсіпорынның кеңеюінің алғашқы кезеңі үшін қолданылуы мүмкін.

Жаңа кәсіпорын үшін активтердің минималды қажет етілетін жалпы сомасын анықтау кезінде әрекет етуші заңнаманың қызметтің әр түрлі салаларындағы (банктердің, сақтандыру компанияларының, инвестициялық қорлар мен компаниялардың және т.б.) және әр түрлі ұйымдық-құқықтық үлгілеріндегі (акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі қоғамдардың және т.б.) кәсіпорындардың жарғы қорын құруға қатысты талаптарын ескере отырған жөн. Осы кәсіпорындар бойынша қалыптасатын активтердің жалпы сомасы олардың заң бойынша белгіленген жарғылық қорының минималды көлемінен төмен бола алмайды.

Шаруашылық қызметтің тиімділігі тұрғысынан активтер құрамының оңтайлылығын қамтамасыз ету. Кәсіпорын активтері құрамының мұндай оңтайландырылуы бір жағынан олардың жеке түрлерін алдағы уақытта толықтай пайдалы қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталса, екінші жағынан – олардың операциялық пайда әкелуге жалпы әлеуетті қабілетін жоғарылатуға жұмылдырылған. Бұл оңтайландырудың үдерісі келесі үш кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

Алғашқы кезеңде кәсіпорынның операциялық қызметі кезінде қолданылатын айналымдағы және айналымнан тыс активтерінің жалпы өлшемдерінің арақатынасы оңтайландырылады.

Екінші кезеңде айналымнан тыс активтердің активті және пассивті бөліктері арасындағы қатынас оңтайландырылады. Айналымнан тыс активтердің активті бөлігіне өндірістік технологиялық үдеріске тікелей қатысатын машиналар, механизмдер мен жабдықтаулар жатады. Айналымнан тыс операциялық активтердің пассивті бөлігіне ғимараттар мен құрылыстар; басқару үдерісі кезінде қолданылатын машиналар мен жабдықтаулар; операциялық үдеріске қызмет көрсететін материалдық емес активтер жатқызылады.

Үшінші кезеңде айналымдағы активтердің үш негізгі түрлері – тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының сомасы; дебиторлық қарыз сомасының; ақшалай активтер сомасының арақатынасы оңтайландырылады.

Айналымдағы және айналымнан тыс активтер құрамын оңтайландыру операциялық қызметті орындаудың салалық ерекшеліктерін, кәсіпорындағы операциялық циклдің орташа ұзақтығын, сондай-ақ активтердің осы түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерінің оң және теріс бағасын ескеруді талап етеді.

Айналымнан тыс активтер келесі оң ерекшеліктермен сипатталады:

· олар инфляция салдарынан болатын шығындарға іс жүзінде ілікпейді, сәйкесінше одан барынша жақсы қорғалған;

· кәсіпорынның операциялық қызметі кезінде олар шығындардың шағын ғана коммерциялық тәуекеліне ие; олар әріптестердің операциялық коммерциялық келісімдер бойынша алақол әрекеттерінен толықтай дерлік қорғалған;

· бұл активтер тауарлы нарық конъюктурасына сәйкес өнімнің алуан түрлерін өндіруді қамтамасыз ете отырып, тұрақты пайда әкелуге қабілетті;

· олар кәсіпорынның тауарлы-материалдық құндылықтар қорларын сақтау барысында шығындануын болдырмауға (немесе шығындарды едәуір төмендетуге) себепші болады;

· олар тауарлы нарық конъюктурасының жоғарылауы кезінде операциялық қызмет көлемін жоғарылатудың едәуір үлкен резервтеріне ие.

Осымен бірге, айналымнан тыс активтер операциялық қолданылуы кезінде бірқатар кемшіліктерге де ие:

· олар моралдық тозуға тап болады (әсіресе өндірістік негізгі құралдарың активті бөлігі және материалдық емес операциялық активтер), осыған байланысты, пайдаланудан уақытында шығарылып тасталынса да, активтердің бұл түрлері өз құнын жоғалтады;

· бұл активтер қысқа мерзімде құрылымы бойынша соншалықты нашар өзгермелі болатындықтан, оперативті басқаруға ауыр беріледі; осының нәтижесінде тауарлы нарық конъюктурасының кез-келген уақытша құлауы, егер де кәсіпорын өнімнің басқа түрлерін өндіруге ауыспаса, бұл активтердің пайдалы қолдану деңгейінің төмендеуіне алып келеді;

· активтердің басым бөлігі нашар өтімді активтер тобына жатқызылады және олар кәсіпорынның операциялық әрекетіне қызмет көрсететін төлемдердің ағынын қамтамасыз етудің құралы бола алмайды.

Айналымдағы активтер келесі оң ерекшеліктермен сипатталады:

· құрылымдық трансформацияның жоғары дәрежесімен; оның нәтижесінде олар операциялық үдерістегі тауар және ақша ағындарын реттеу кезінде бір түрден екіншісіне оңай айнала алады;

· тауарлы және қаржы нарықтар конъюктурасының өзгерістеріне деген әлдеқайда бейімделгіштікпен – олар кәсіпорынның операциялық қызметін кеңейту кезінде өзгерістерге оңай беріледі;

· жоғары өтімділікпен; қажет болған жағдайда олардың басым бөлігі операциялық қызметті жаңа нұсқауларында ағымдағы қызмет етуіне қажетті ақшалай активтерге конверсиялануы мүмкін;

· басқарудағы жеңілдікпен; олардың айналымымен байланысты негізгі басқару шешімдері қысқа уақыт мерзімінде жүзеге асырылады.

Осымен бірге оларға келесі кемшіліктер де тиесілі:

· ақшалай түрде және дебиторлық қарыз түріндегі айналымдағы активтердің бір бөлігі инфляция кезінде құнын жоғалтуға айтарлықтай бейім;

· уақытша бос (шамадан көп құрылған) айналымдағы активтер іс жүзінде пайда таппайды (қысқа мерзімді қаржы жұмсауларында қолданылатын бас ақшалай активтерден басқалары); бұдан басқа, тауарлы-материалдық құндылықтардың артықша қорлары пайда тауып қана қоймай, сонымен бірге оларды сақтау үшін қосымша операциялық шығындарды әкеледі;

· ағымдағы тауарлы-материалдық құндылықтардың қорлары олардың барлық үлгілерінде табиғи зиян салдарынан тұрақты шығындарға душар болып жүр;

· айналымдағы активтердің басым бөлігі әріптестердің, ал кей жағдайларда қызметкерлердің де шаруашылық операциялар бойынша алақолдығы салдарынан шығындар тәуекеліне шалдығуда.

Айналымдағы және айналымнан тыс активтердің арақатынасын оңтайландырудың нәтижелерін бағалау үшін ептілік коэффициенті көрсеткіші қолданылады.

Активтер айналымын оларды қолдану үдерісі кезінде тездету үшін жағдайлар жасау. Осы ұстанымды жүзеге асырудың қажеттілігі активтер айналымының үдеуі кәсіпорынның қалыптасатын операциялық пайдасының көлеміне тәкелей де, жанама да әсер беретіндігімен байланысты.

Активтер айналымының үдеуінің пайда көлеміне тікелей әсер етуі активтер айналымының үдеуі алдында қарастырылған Дюпон Моделіне сәйкес осы активтер табатын операциялық пайда сомасының пропорционалды өсуіне (басқа шарттар тең болуы жағдайында) әкелетіндігімен анықталады:

Келтірген моделден көретініміз: қолданылатын операциялық активтердің өзгермелі көлемі мен өнімді өткізудің тиімділігінің коэффициенті кезінде кәсіпорынның операциялық пайдасының сомасы операциялық активтердің айналымдылық коэффициентіне ғана тәуелді болады.

Активтер айналымы үдеуінің пайда көлеміне жанама әсері осы активтер айналымының мерзімінің төмендеуі активтерге деген қажеттіліктің сәйкесінше төмендеуіне алып келетіндігімен анықталады. Ал қолданылатын операциялық активтер көлемінің төмендеуі операциялық шығындар сомасының төмендеуін алып келеді, бұл басқа шарттардың тең болуы жағдайында операциялық пайда сомасының өсуіне әкеледі. Бұл жағдайда активтер айналымының үдеуінің операциялық пайда көлеміне әсер етуі қолданылатын активтер көлемінің төмендеуі салдарынан операциялық шығындар сомасының төмендеуімен жанама әсер етеді.

Операциялық пайданы қалыптастыруда активтер айналымының үдеуінің жоғары рөлі осы үдеріске тұрақты басқару қажеттілікті анықтайды. Осы басқарудың үдерісі операциялық қызметті орындау кезінде активтер жиынтығының ауыспалы айналымы мен олардың жеке түрлерінің сипатын ескеруі қажет.

Операциялық активтер айналымын тиімді басқару мақсатында оларды кәсіпорында келесі үш топқа жіктейді:

· айналымдылығы жоғары операциялық активтер. Оларға – сатып алу мен жеткізілімі бойынша ешқандай қиындықтары жоқ, және сәйкесінше кепілдік және маусымдық көлемдерін қалыптастыру қажеттілігі жоқ өндірістік қорлар; тұтынушылардың сұранысына ие дайын өнім қорлары; қысқа мерзімді дебиторлық қарыз; операциялық үдеріске тұрақты түрде қызмет көрсететін ұлттық және шетел валюта түріндегі ақшалай активтер жатады;

· айналымдылығы қалыпты операциялық активтер. Оларға бірінші топ құрамына кірмеген кәсіпорынның айналымдағы операциялық активтерінің басқа да түрлері жатқызылады. Әдеттегідей, олар кәсіпорынның айналымдағы операциялық активтерінің басым бөлігін құрайды;

· айналымдылығы төмен операциялық активтер. Оларға айналымнан тыс операциялық активтер – операциялық үдерісте қолданылатын өндірістік негізгі қорлар мен материалдық емес активтер жатады. Өз аталуына қарамастан, айналымнан тыс операциялық активтер тұрақты құндық ауыспалы айналымды жасайды (айналымдағы активтер сияқты), алайда осы айналымның уақыттағы ұзақтығы операциялық циклдің ұзақтығынан бірнеше есе жоғары (айналымдағы операциялық активтердің айналым мерзімі).

Кәсіпорынның нарықтық бағасын жоғарылатуды қамтамасыз ету тұрғысынан активтердің едәуір прогрессивті түрлерін таңдау. Өндірістік құралдар мен заттардың қазіргі заманғы нарығы, сондай-ақ қаржы нарығы кәсіпорын активерін қалыптастыру үшін бірқатар балама объектілер мен аспаптарды ұсынады. Оларды нақтылай таңдау кезінде қалған шарттардың тең болуы жағдайында олардың әлеуеттілігін, көпқызметтілігін, түрлі шаруашылық жағдайларда пайда табу қабілеттілігін және сәйкесінше кәсіпорынның нарықтық бағасын жоғарылатуға қабілеттілігін ескеруі жөн.

Осылайша, жұмыстың берілген бөлімінде кәсіпорын активтерінің анықтамалары қарастырылған, ұйымдағы активтерің мәні мен оларды қалыптастырудың ерекшеліктері зерттелген. Кәсіпорында активтерге деген қажеттілікті анықтаудың ұстанымдары зерттелінді.

Наши рекомендации