Дәріс тақырыбы. Кәсіпорын капиталының айналма қорлары және инвестицияның түрлері.

Кез-келген кәсіпорынның экономикалық қызметі үздіксіз процесті көрсетеді. Кәсіпорын өзінің экономикалық қызметінде еңбек заттары мен құралдарын сатып алу – сату жолымен ала отырып, өндіріс процесін, тауарлар шығаруды ұйымдастырады. Өндірілген өнімдерді өткізгеннен кейін, алдын-ала жұмсалған ақша қаражаттары кәсіпорынға қайта келеді. Бұл қаражаттар жұмсалған ресурстардың орнын толтыруға, сондай-ақ еңбекке төлем ретінде жұмсалады. Бұл процесс үнемі қайталанып отырғандықтан кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы деп аталады.

Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымында олардың бір нысаннан екіншіге, ақша ысанынан өндірістік, кейін тауар нысанына өтуі жүзеге асады. Бұл формула түрінде былай көрсетіледі:

өндіріс құрал-жабдықтары

Дәріс тақырыбы. Кәсіпорын капиталының айналма қорлары және инвестицияның түрлері. - student2.ru Дәріс тақырыбы. Кәсіпорын капиталының айналма қорлары және инвестицияның түрлері. - student2.ru А – Т

жұмыс күші ...........Q.......Т1– А1

Бұл формулада ақша капиталы, өндірістік капитал және тауар капиталы нысандарының қызметтері көрінеді. Капитал кезегімен үш сатыдан өтеді:

1. Мұнда ақша капиталы өндіруші капиталға айналады. Өндірісті ұйымдастыру үшін алғы шарт жасайтын қажетті өндіріс құрал-жабдықтар сатып алынады және еңбек ақы төлеу үшін ақша авансыланады.

1- саты

өндіріс құрал-жабдықтары

Дәріс тақырыбы. Кәсіпорын капиталының айналма қорлары және инвестицияның түрлері. - student2.ru Дәріс тақырыбы. Кәсіпорын капиталының айналма қорлары және инвестицияның түрлері. - student2.ru А – Т

жұмыс күші

2. Өндіріс құрал-жабдықтарын, жұмыс күшін өндірістік тұтыну процесі жүреді, ол тауардың құны мен тұтыну құны және оған қосымша өнім құнын қосқандағы тауарды жасаумен аяқталады.

2- саты

Дәріс тақырыбы. Кәсіпорын капиталының айналма қорлары және инвестицияның түрлері. - student2.ru өндіріс құрал- жабдықтары

Дәріс тақырыбы. Кәсіпорын капиталының айналма қорлары және инвестицияның түрлері. - student2.ru Т ...........Q.......Т1

ж ұмыс күші

3. Өнімді өткізу жүзеге асады, тауар ақшаға айналады.

3- саты

Т1– А1

Сонымен капиталдың ауыспалы айналымы – өндіріс және айналыс процесін қамтиды және бастапқы ақшалай нысаннан капиталдың келесі басқа қызметтік нысанына ауысуын білдіреді. Капиталдың айналым сан

ы мынаған тең:

N=Ө/У;

Ө-жылғы жалпы өнім, уақыт айналымының бірлігі ретіндегі өлшем;

У-бір капиталдың уақыт айналымы;

N-айналымдар саны.

Пайда алу мақсаты кәсіпкерді өз капиталын ауыспалы айналымға жұмсауға итермелейді. Капитал қозғалысы үздіксіз жүруі үшін қажет:

1) капитал бір нысаннан екінші нысанға үнемі ауысып отыруы тиіс.

2) әрбір кезеңде қызмет етуші капитал бір мезгілде ақшалай, өндірістік, тауар нысанында болуы тиіс. Капиталдың құн нысандарының үнемі бір-біріне үздіксіз өзгеріп отыруы ауыспалы айналымның бірлігін сипаттайды.

Капитал айналымы – үнемі жаңарып, қайталанып отыратын процесс. Яғни кәсіпкердін жұмсаған бастапқы ақша капиталының қайта айналып келу циклі. Капитал әртүрлі жылдамдықпен қозғалады, яғни өндіріс және айналыс уакытының ұзақтығына тәуелді.

Берілген әрбір уақыт сәтінде кәсіпорын капиталы белгілі бір үлесте барлық үш формада болады: ақшалай, өндірістік және тауарлы. Олардың екіншісі өндіріс саласының негізі болса, ал ақшалай және тауарлы нысандары айналыс саласында қызмет етеді.

Кәсіпорын капиталының айналымы өндіріс уақытынан және айналыс уақытынан турады. Айналым уақытын қысқарту өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды орын алады, басқаша айтқанда сол уақыт кезеңінде ресурстардың сол көлемінде көп өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын капиталының айналым уақыты төмендегілерден құралады:

· өндіріс уақытынан (шикізаттар, материалдар және жабдықтардың өндірістік запастарда болу уақыты, яғни еңбек заттары тікелей адамның өзгертуіне ұшырайтын уақыт; адамның қатысынсыз табиғи процестердің әсер ету уақыты; еңбек процесіндегі үзілістер уақыты);

· айналыс уақытынан (өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға және жұмыс күшінің өндірілуін қамтамасыз етуге, тауарларды өткізуге кететін уақыт).

Айналым уақытын қысқартудың маңызды шараларына жатады.: ғылыми-техникалық жетістіктерді игеруді жеделдету, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, жабдықтарды ауыстыру коэффициентін көтеру, жұмыс уақытын бос өткізуді қысқарту, экономикалық байланыстардың прогрессивті формаларын дамыту, көтерме сауда мен көлік жұмысын жетілдіру және т.б.

Кәсіпорынның өндіргіш капиталының айналымын талдау нәтижесінде оның бөлімдері әртүрлі жылдамдықпен айналатынын және дайындалатын тауарға өз құнын көшіруі бірдей болмайтынын көруге болады. Осыған байланысты кәсіпорын капиталы негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Мұндай бөлудің материалдық негізі еңбек құралдары мен еңбек заттарының арасындағы айырмашылық болып табылады.

Негізгі капитал- көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпейтін және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне қарай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитал өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай өндірістік және өндірістік емес негізгі капитал болып бөлінеді. Негізгі капиталға ғимарат, жабдықтар, құрылғылар, машиналар және көлік, т.б. жатады.

Негізгі капитал тозуға ұшырайды. Физикалық тозу дегеніміз негізгі капиталдың тұтыну құнын жоғалтуы. Физикалық тозу негізгі капиталдың қызмет ету процесінің нәтижесінде орын алады. Моральдық тозу негізгі капиталдың физикалық тозуына байланыссыз, олардың құнының төмендеуінен көрінеді.

Бірінші топтағы моральдық тозу негізгі капитал өндіретін салалардағы еңбек өнімділігінің жоғарылауынан туындайды. Бұрын шығарылған маши-налардың өндірісіне аз шығын жұмсалады және олар арзандайды.

Екінші топтағы моральдық тозу өндіріске барынша өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды енгізу мен технологиялық процестерді және өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің әсерінен болады.

Тозған негізгі капиталдың орнын толтыру амортизациялық аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Амортизация- негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін олардың құндарының өндірілетін өнімге біртіндеп көшірілуі.

Айналмалы капиталөндірістің әрбір циклында толығымен тұтынылатын және өз құнын дайын өнімге бірден көшіретін, өндіріс процесінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертетін кәсіпорынның өндірістік капиталының бір бөлігі. Айналмалы капиталдың элементтеріне жатады: өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңге шығындар. Айналмалы капиталдың айналым схемасы төмендегіше:

1. Ақша→ 2.Өндірістік запастар→ 3.Аяқталмаған өндіріс→ 4.Дайын өнім → 5. Ақша

1-ші және 2-ші – айналымның ақшалай сатысы, яғни ақша айналыс сферасынан өндіріс сферасына өтеді;

2, 3, 4-ші – өндірістік саты, өндірістік запастар өздерінің натуралды нысандарын өзгертеді және дайын өнімге айналады;

4-ші және 5-ші – ақшалай саты, дайын өнімді өткізу нәтижесінде айналым құралдары айналыс сферасына қайта келеді.

Айналым қорларына келесі элементтер жатады: кәсіпорын қоймаларын-дағы сатуға дайын өнім; тиелген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар; есеп айырысу шотында тіркелінген кәсіпорынның бос ақша қаражаттары; бітпеген есеп айырысулардағы ақша қаражаттары.

Айналым қорларын тиімді пайдалану капиталдың айналым жылдамдығымен сипатталады. Ол бір жылдағы сатылған өнім көлемінің айналым қорларының жылдық орташа қалдығына қатынасына тең.

Өнеркәсіп айналым қорларының ірі сомасын иеленеді. Айналым қорларын пайдалануды жақсарту кәсіпорынның шығынды төмендету арқылы жүзеге асырылатын маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Өндірістік запастардың көлемі материалдық-техникалық құралдарды жетілдіру, тасымалдауды жеделдету және арзандату, қойма шаруашылығын механикаландыру мен автоматтандыру, оны ұйымдастыруды жақсарту және материалдар шығынын дәл есептеу, қалдықтарды қысқарту және қайта пайдалану есебінен төмендетілуі мүмкін.

Берілген өндіріс көлеміндегі аяқталмаған өндіріс өндірістік циклдың ұзақтығына байланысты болады. Ол өңдеудің топтық әдістерін енгізу, өндірістің дайындық есебінен операциялық уақытты азайту, автоматтық жабдықтар мен икемді өндірістік жүйелерді пайдалану нәтижесінде қысқартылуы мүмкін.

Қоймаларда дайын өнімдерді сақтау уақытын қысқарту екі факторлар тобына байланысты:

1. Кәсіпорын жұмысымен тікелей байланысты, яғни өнімнің сапасы мен номенклатурасын, оның ассортиментін, санын және шығарылу мерзімін дұрыс жоспарлау;

2. Кәсіпорындағы сатып алу-сатуды ұйымдастырумен байланысты, яғни өнімді өткізуді ұйымдастыру, есеп айырысу жүйесі, өнімді тұтынушыға жеткізу мерзімі.

Өнімнің жоғары сапасы, жоспарлық ассортиментті дәл сақтау, кәсіпорын жұмысының үзіліссіздігі өнімді өткізу уақытын айтарлықтай қысқартады.

Айналым қорларын жақсартудың басты бағыты өнімнің материалдық сыйымдылығын төмендету болып табылады.

Қор қайтымдылығы: өндірілген өнім көлемін негізгі өндірістік қорлардың көлеміне бөлгенге тең.

Қор сыйымдылығы: негізгі қорлардың көлемін өндірілген өнім көлеміне бөлгенге тең.

Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [40-78], 4 нег. [4-56], 6 нег. [1-34], 7 нег. [18-43], 9 нег. [50-74], 12 нег. [1-12]

Қосымша әдебиеттер: 11 қос. [1-8]

Бақылау сұрақтары:

1) Ұдайы өндіріс дегеніміз не? Түрлерін атап беріңіз?

2) Инвестициялардың нысандарын атау және сипаттамаларын беру?

3) Капиталдың қорлану үрдісі қандай?

4) Капиталдың орталықтануы бір ірі капиталға біріктірілуі қандай түрде болуы мүмкін?

5) Инвестициялардың түрлері мен сипаттамаларын беріңіз?

Наши рекомендации