Ықтық қатынас субъектілері
Құқықтық қатынастардың субъектілері – бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі – бұл өзінің құқық-әрекет қабілеттігін пайдаланушы құқық субъектісі. Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлері болады:
1. Жеке субъектілері (жеке тұлғалар) – бұларға азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құқықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады, алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайлана және сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қатарында қызмет өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды және т.б.
2. Ұжымдық субъектілер – бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.).
Мемлекет және құқықтың пайда болуының заңдылықтары. Мемлекет және құқықтың пайда болуының әлеуметтік және экономикалық себептері.
Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс кұралдарын жасап алып, өздері шаруашылыққа кіріседі. Сөйтіп, жинау-терімшілік шаруашылығынан өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнімдерімен күнелтуден диқаншылыққа ауысады.
Диқаншылықтың нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға мал өнімі, малшыларға жер өнімі, қолөнершілерге тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға делдаддық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады.
Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де өседі. Соның нәтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырында ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі – жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының колында шоғырланады да, байлар пай-да болды. Екінші жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болды. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айрылып, құлдыра-ды. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасты. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмады.
Меншік иелерінің – байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа ру мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында кайшылықтар пайда бола бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде коғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет және құқық пайда болды.
Мемлекет пен құқықтың шығу кезеңдері:
1. Еңбек өнімділігінің өсуі;
2. Артық өнімнің пайда болуы;
3. Жеке меншіктің пайда болуы;
4. Қоғамның таптарға бөлінуі;
5. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
Экономикалық себептер:
1. Неолиттік төңкеріс терімшіліктен өндіруші экономикаға көшу;
2. Еңбектің қоғамдық төрт түрге бөлінуі:
- диханшылық;
- мал өсіру;
- сауда;
- қолөнер;
3. Еңбек өнімділігінің өсуі және артық өнімнің пайда болуы;
4. Жеке меншіктің пайда болуы.
Әлеуметтік себептер:
1. Рудың ыдырауы және отбасының пайда болуы;
2. Қоғамның таптарға жіктелінуі;
3. Таптар қайшылы-ғының пайда болуы.