Рт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындардағы өрттер мен авариялар
Аса қауіпті, алдын ала болжауға болмайтын, ауыр зардапты өрттер мен жарылыстар өрт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындарда орын алады. Өрт және жарылыс қауіпі бар заттарды сақтайтын орын мен қоймаларда төтенше жағдайлар жиі орын алады. Өрт және жарылыс қауіпі бар заттарды көп көлемде сақтайтын қандай да бірқоймалардың зақымдануы жаппай өрттермен қатар жүріп,кәсіпорынның өндірістік және материалдық қорының 80-90% -ын жоюы мүмкін.
Қирау.Ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік тораптардың қирауы бейбіт кезеңде төмендегі себептерге:
· ескіру мен материал құрылыстарының коррозияға ұшырауына алып келетін табиғи факторлардың және олардың физика – механикалық сипаттамаларының төмендеу: әуе кеңістігінің, атмосфералық ылғалдықтың, жер асты суларының, жердің сортандануы мен отыруы, ауаның жағымсыз температурасы, жер қыртысындағы қаңғыма тоқтар, бөрененің шіруі және т.б. алып келетін биологиялық факторлар әсеріне;
· қирауға алып келетін: дауылдар, құйындар, цунамилар, нөсерлер, су тасқындары, су басулар, жер сілкіністері, опырылмалар, сел тасқындары, қардың құлауы және т.б. апаттарға;
· құрылыстар мен техникалық жүйелердің өндірістік – жобалаудағы ақауларынына: қарастыру мен жобалау кезіндегі қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізудің немесе құрылыс материалдарының және конструкциялардың сапасыздығына;
· материалдарға және конструкцияларға технологиялық процестердің: қосымша жүктемелер, жоғарғы температуралар, дірілдер, тотықтырғыштар, булы газдық және сұйық агрессивті орта, минералды майлар мен эмульсиялардың әсеріне;
· құрылыстардың, техникалық жүйелердің пайдалану ережелерінің бұзылуы және осының салдарынан бензин буының, химиялық заттардың, газдың, дән элеваторларындағы және т.б. пайда болатын өрттер мен жарылыстар салдарына байланысты болады.
Құрылыстардағы ірі қираулардың сараптамасы көрсеткендей аварияның басты себебі – монтаждық – құрылыс жұмыстардың төменгі сапасы.Сондай – ақ металл және темірбетон конструкцияларының монтаж ережесінің бұзылуы, материалдарды басқа бір материалдармен алмастыру, ғимаратты (құрылысты) ірі ақауларымен пайдалануға беру, беріктік қорының жетіспеушілігі аварияға жиі алып келеді.
Ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың кенеттен қирауы үлкен материалдық шығынға алып келеді, кей жағдайларда адамдардың құрбан болуымен қатар жүреді.
Транспорттагы төтенше жағдайлар. Транспорттық оқиғаларды топтастыру. ҚР трнспорт және коммуникация министірлігі бекіткен Транспорттық оқигалардың тергеуін сотпен жүргізу Ережесіне сәйкес ішкі су жолдарындағы транспорттық оқиғалар авариялар және эксплуатациялық оқиғаларға бөлінеді:
Аварияға жататындар:
· нәтижесінде адамдар қаза тауып немесе ауыр дене жарақатын алған транспорттық оқиғалар;
· толық конструкциялық қирау, құтқарумен бірге жүретін кемелердің суға батуы;
· бірінші кеме кірген кезден бастап, тап сол аймақтағы жолда немесе шлюзде 72 сағат және одан аса қозғалыстың тоқтауын алып келген, немесе кеменің гидротехникалық құрылыстың зақымдауы;
· транспорттық оқиға кезіндегі мұнайдың, мұнай өнімдерінің 10 тоннадан астам төгілуі;
· кеменің баска кемені зақымдауы.
Экстуатациялық оқигаларга жататындар:
туындаған салдарына тәуелсіз транспорттық оқиғалар, адамдардың өлімі мен ауыр жарақаттарынан болмауы, басқа кемелерге көмек көрсету, күшті зілзала әрекеттерінің нәтижесінде, мұзды жағдайда кемелердің жұмыстары кезінде.
Транспорттық авария - өзімен бірге адам өліміне, зардап шеккендерге ауыр дене зақымдануына соғатын, транспорттық құралдар мен ғимараттарды зақымдауға және жоюға немесе қоршаған табиғи ортаға шығын әкелетін транспорттық авария.
Қауіпті жүк - өздеріне тән құрамына сәйкес, тасымалдау немесе тиеу кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыру, қоршаған табиғи ортаны, транспорттық ғимараттарды, құралдар мен басқа да заттарды зақымдау және құрту мүмкіндігіне ие қауіпті заттар, материал, өнім мен өңдіріс қалдықтары.
Авиацияльқ транспорттагы төтенше жағдайлар. Авиациялық транспорттағы төтенше жағдайлар деп әуе кемелерінің ішінара немесе толық қирау жағдайын айтады. ТЖ басты себебі «адамдық фактор», авиапарктің, техниканың ескіруі болып табылады.
Авиациялық апат – адамдардың өлімі мен із – түссіз жоғалуына, зардап шегушілердің дене жарақатына немесе кеменің және ондағы тасымалданатын материалды құндылықтардың зақымдануына алып келетін, ұшу немесе пайдалану кезіндегі әуе кемесіндегі қауіпті оқиға.
Авиациялық авария деп адам шығынынсыз, алайда әуе кемесінің айтарлықтай зақымдануына алып келген авиа оқиғаны айтады.
Авиациялық сыну деп ұшу қауіпсіздігін төмендететін жағдайды айтады.
Теміржол транспорттпарындағы төтенше жағдайлар.Теміржол көлігіндегі ТЖ себептерінің қатарында алдыңғы қатарда (25%) келе жатқаны релстен шығып кетуболып отыр. Теміржолдағы апат пен авариялардың 25% - ы поездардың күтпеген жерден автомобиль және жүк транспорттары, велосипедшілермен соқтығысуы салдарынан орын алады. Мұндай жағдайкөбіне темір жол үстінен өтетін жерлерде болады. Мұндай ТЖ – ға тән сипат ретінде транспорттық құралдардың темір жол өтетін жерді кесіп өтуережелерін дұрыс сақтамауы себеп болады.
Темір жол қозғалысын басқару жүйесіндегі тәртіптің бұзылуы составтың бос емес жолға түсуіне және соғысуынаалып келеді. Мұның себебі аса күрделі темір жол авариясы мен апатына алып келетін станция жолдарындағы маневрлік жұмыстар тәртібінің бұзылуы болуы мүмкін.
Қауіпті жүктер, әсіресе ҚӘУЗ бар қозғалыстағы составтыңсоғысуы мен шығып кетуіжыл санап өсуде.Мұндай ТЖ алып келген шығын, әдетте өте жоғары болып келеді,өйткені апат салдарын жоюдан басқа, қосымша зақымдаушы факторларымен декүресуге тура келеді.
Темір жолтранспорттарыңдағы көптеген ТЖ себебі жарылыстармен өрттерболып келеді.
Жол жүру бағытындағы жолаушы поездарында орын алатын өрттер айтарлықтай материалдық шығын алып келеді. Аса үлкен қауіпті вагондардағы өрттер тудырады. Мұндай өрттер көбіне қызмет көрсетуші персонал мен жолаушылардың отты абайсыз пайдалануынан туындайды. Өрттердің 26% жағдайы электр құрылғыларындағы ақаудан, ал аса ауыр зардаптарға алып келетін өрттер, өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзудың салдарынан орын алады. Бұл жағдайда ең үлкен қауіп, вагондағы жалпы тұтанудың пайда болу немесе жанғыш сұйықтықтың жану, шыға берістің отпен немесе жанғыш заттармен қоршалуы, сөндіру құралдарының аз нәтижелілігі және жолаушылар арасындағы үрей нәтижесінде орын алатын қуатты тұтану ошағының болуында жатыр.
Темір жол авариялары мен апаттары кейде дауыл, қарлы және құмды боран, опырылма және сырғыма, су басу, нөсерлі жауын – шашын, жер сілкінісі сияқты табиғат құбылыстарының салдарынанда орын алады. Олар жолдарды зақымдайды, электр желілерін үзеді, көпірлер мен бөгеттерді қиратады, көру мүмкіндігін төмендетеді. Осының барлығы қозғалыс қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді.
Поездың апатқа ұшырауы – жолаушы немесе жүк поезының басқа поезбен немесе қозғалмалы составпен соғысуы, поездағы қозғалмалы составтың екі аралықта және станцияда шығып кетуі салдарынан адамдардың қаза табуы мен жаралануы, локомативтің сынуы немесе вагондардың мүлік тізімінен шығуына дейін баруы, болмаса сол аумақтағы қозғалыстың толық тоқтауы соғысудың немесе қозғалмалы составтың шығып кету салдарын жоюдың нормативті уақытынан асып кетуі.
Темір жол авариясы – бір немесе бірнеше темір жол қозғалмалы составының күрделі жөндеуден өтуге дейінгі деңгейде зақымдалуы мен бір немесе бірнеше адамның қаза табуы, зардап шеккендерге әр түрлі сипатта дене жарақатын, не болмаса нормативтік уақыттан асатын уақытта қозғалыстың толығымен тоқтап қалуына алып келген темір жолдағы авария.
Автомобиль транспорттарындағы төтенше жағдайлар. Әлемде автомобильді жол – көлік ТЖ салдарынан жыл сайын 300 мыңға жуық адам қаза тауып, 8млн. адам жарақат алады. Автожолдық жарақат әлемдегі халық арасындағы өлім себебінің үшінші орнын алады.
Жол - көлік апаты деп(ЖКА) механикалық транспорт құралдарының қозғаласы кезінде орын алған және өзімен бірге адамдардың қаза табуы мен дене жарақатын, транспорт құралдарының, ғимараттардың, жүктердің зақымдануын немесе басқа да материалдық шығын алып келген оқиғаны айтамыз. Механикалық транспорт құралдарына жататындар: автомобильдер, мотоцикльдер, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар және басқа да өзі жүретін механизмдер.
Жол – көлік апатын бірнеше негізгі түрге бөледі.
Соқтыгысу – қозғалыстағы механикалық транспорт құралдары өзара немесе темір жол составымен соқтығысуы кезіндегі оқиға.
Аударылу – қозғалыстағы механикалық транспорт құралы тұрақтылығын жоғалту және аударылу кезіндегі оқиға.
Автотрансторттағы ТЖ басты себептерініңқатарына жататындар:
· қозғалыс ережесінің бұзылуы;
· жылдамдықты жоғарылату;
· автокөлікті мас күйінде жүргізу;
· жолдың нашар жағдайы, метеожағдай;
· автокөліктегі ақау.
Ең үлкен қауіпті жолаушылардың қозғалыс жылдамдығын жоғарылатуы салдарынан орын алған ЖКА тудырады. Аталған статистика көрсетуі бойынша 115 км/сағ жылдамдықпен соғысу – жүгізушінің 100% қаза табуына алып келеді.