ЖабдыҚтаушылармен жӘне мердігерлер мен есеп айырысу есебі

Материалдардың өндірістік қоры жабдықтаушы мекеменің есебінен немесе жабдықтаушы өткізуші кәсіпорындар есебінен толтырылады. Мекемелер арасындағы шаруашылық қатынас келісім-шарт негізінде құрылады. Онда қаралатындары: Материалдардың (құндылықтардың) түрі, саны, бағасы; жабдықтау мерзімі; есептесу тәртібі; тасымалдау тәсілі;келісім-шартты орындамағаны үшін төленетін төлем, қабылдау тәртібі т.б.

Келісім-шарттық қатынас, мекеменің материалға деген сұранысын мына жадайда толық қамтамасыз ете алады. Материалдың керекті сапасы және белгіленген айқындалған мерзімі. Жабдықтаушы мекемелер жіберілген өнім үшін төлеу талабын, счет – фактураны толтырып оларды төлеу үшін банкіге жібереді және почта арқылы сатып алушыға жібереді.

Мекемелердің келісім-шарттық міндеттемесінің есебін жабдықтау бөлімі жүргізеді. Сондықтанда төлеу талабы 1-ші кезекте жабдықтау немесе қаржы бөліміне келіп түседі. Ол жерде келісім – шарттарға талапқа сәйкестігін тексеріп төлеу талабын тіркеу журналына тіркеп акцептейді. Төлеу талабы тіркелгеннен соң, ішкі тіркеу нөмерін алып, кәсіпорындардың бухгалтериясына төлем үшін жіберіледі, ал квитанциямен тауарлы транспортты накладной жүкті жеткізу және алу үшін экспедиция бөліміне жеткізіледі. Осы сәттен бастап кәсіпорындардың бухгалтериясында жабдықтаушылармен есептесу талабы туындайды. Жүктің қоймаға түсу сәтінен бастап кіріс ордері толтырылады. Одан соң тіркеліп бухгалтерияға тапсырылады, онда тексеріліп төлем талабына қосылып тігіледі. Банктің осы құжатты төлемнен өткізуінен бастап есеп айырысу счетындағы ақша қаражаттарының есептен шығару жөніндегі көшірмесін алады. Осымен жабдықтаушымен осы құжатпен жабдықтау жөніндегі есеп аяқталады.

Тауарлы – материалды құндылықтардың жабдықтаушыларымен, қызметтердің, мердігерлерімен есеп айырысудың синтетикалық есебі бухгалтерлік есеп шот жоспарының 3310,4110 ``Жабдықтаушыларменмердігерлермен есеп айырысу`` счетында жүргізіледі. Балансқа қатысы бойынша бұл шот пассивті.

Кредитті бастапқы қалдығы кәсіпорынның жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қарызын көрсетеді. Дебиттік айналымы – есеп беретін айдағы төленген суммаларды көрсетеді, кредит айналымы – есепті айдағы төленуге тиісті, акцептелген төлем құжаттары, және фактураланбаған түсімдер көрсетіледі.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі журнал ордер N6 жүргізіледі.

Аналитикалық есебі әрбір төлем құжаты бойынша,немесе әр кіріс ордері бойынша ұйымдастырылады.

Журнал ордер N6 ай басындағы жабдықтаушылармен бітпеген мынадай есеп айырысулар бойынша ашылады:

Төлеу мерзімі келмеген немесе ұзартылған

а) акцептелген төлеу құжаттары бойынша

б) Акцептелген төлеу құжаттары бойынша төлем ақы төленген бірақ материалдар әлі келіп түспеген

в) Акцептелген төлеу құжаттар бойынша, төлем төленбеген, материалдар келіп түспеген

г) фактураланбаған жабдықтаулар бойынша ай басындағы сальдо (материалдар келіп түскен, төлеу құжаттары әлі келмеген).

Есепті айдың ішінде кәсіпорын бухгалтериясы жабдықтаушылардың төлеу талаптарын қабылдайды, оларды акцептейді, кіріс ордерлары мен қоймалардың қабылдау актілерін, есеп айырысу счетынан банк көшірмесін алады. Соның нәтижесінде екі жақ әр қайсысы өз міндеттемелерін орындаған соң жабдықтаушылармен есеп айырысуды бітіреді.

Журнал ордер N6 көрсеткіштері жабдықтаушылармен есеп айырысу жағдайын әрбір құжат бойынша біліп отыруға мүмкіндік береді. Журнал ордер N6-да счеттың номері жазылады, тіркеме номері, жабдықтаушының аты, тағы да қойманың кіріс ордерінің номері, келіп түскен материалдардың есептеулі бағасы бойынша құны, және жабдықтаушылардың төлеу талабы бойынша бағасы Есептеулі баға бойынша суммалар келіп түскен материалдың түрінен байланыссыз жазылады, ал жабдықтаушылардың төлеу талабы бойынша суммалар әр материалдың группасына бөлек – бөлек жазылады (негізгі, көмекші, жартылай полуфабрикаттар, отын т.б.)

Банк көшірмесі бойынша әрбір төлеу құжаты бойынша төленгені туралы белгіленеді.

Фактураланбаған жабдықтаулар деп – материалдық құндылықтар келіп түскен, бірақ олар бойынша төлеу құжаттары әлі келмеген, жабдықтауларды айтады. Қоймада оларды кіріске алады, қабылдау актісін жазып, ол құжаттарды бухгалтерияға жібереді. Бухгалтерияда материалдар есепті бағасы бойынша есепке алынады, келіп түскен материалдар болып журнал ордер N6-ға жазылады, сосын сол суммада материалдар группасына жатқызылады және акцептке ``Н`` деген белгімен алынады.

Фактураланбаған жабдықтаулар журнал ордер N6-ға ай соңында тіркеледі. Олар есепті айда төленбейді, өйткені төлеу үшін негіз болып төлеу талап құжаттары болып табылады. Бұл жағдайда келесі айдың басында жабдықтаушылармен есеп айырысу бітпейді. Келесі айда осы материалдар үшін төлеу талабы түскен соң, кәсіпорын оларды акцептейді, счеттар төленеді, бухгалтерияда журнал ордер N6-ға тіркеледі, матариалдар группасы бойынша. Ал алдыңғы айда есепті баға бойынша жазылған сумма ``сторно`` ға алынады.

Осылай жабдықтаушылармен есеп айырысу аяқталады.

Жолдағы материалдар деп – төлеу талап құжаттарын кәсіпорын акцептеген, ал материалдар әлі келіп түспеген жабдықтауларды айтады. Есепке банкпен төленген төленбегенінен байланыссыз барлық акцептелген төлеу құжаттары алынады. Журнал ордер N6-да төлеу құжаттары ай ішінде келіп түспеген материалдар үшін акцептелген суммада тіркеледі. Айдың соңында бұл материалдар құндылықтарды кәсіпорын міндетті түрде балансқа кіріске алу керек, яғни шартты түрде кіріске алу керек. Бірақ келесі айдың басында бұл жабдықтаулар бойынша есеп айырысулар .аяқталмайды

Материалды құндылықтар келіп түскен соң бухгалтерия қоймалардың кіріс құжаттарын алады, қоймаға кіріске алады және материалдар группасына жазылады, бірақ акцептелмейді өйткені төлеу талап құжаттары алдын-ала келіп түскенде акцептелген. Ай соңында журнал ордер N6 жабылғанда бұл материалдар группасы бойынша түсім ``сторно`` ға алынады, себебі екі рет кіріске алынған.

ЕҢБЕК АҚЫ ЕСЕБІ

  1. Еңбекті есептеудің жалпы ережесі.
  2. Еңбек ақыны есептеу тәртібі

1.Еңбекақы есебі оның төлемінің негізгі мақсаты еңбек шығындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады.

Жұмысшы мен жұмыс беруші арфсындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтік актілермен , «Қазақсатн республикасының еңбек туралы» заңымен, жеке және ұжымдық келісімдермен реттеледі. «қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

Жұмысқа қабылдау, жұмысқа алу туралы бұйрықпен немесе еңбек келісімшарты негізінде жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісімшарты, немесе жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі жатады. Жұмысқа алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапша, олардың сурауы бойынша толтырылады.

Қызметкерлермен жұмыс бойынша басқарма жұмысқа қабылдау туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырады. Жұмысшыларды жұмыстан шығару кезінде «Еңбек келісімшартын тоқтату туралы бұйрық (өкім) » нысаны қолданылады. Жұмысшыны бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстыру кезінде «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық (өкім)» негізінде беріледі.

Еңбекақыны төлеу негізгі және қосымша деп бөлінеді. Қызметкерлерге белгіленген қызметақы бойынша жұмыс істелген уақыт үшін есептелінеді.. Қосымша еңбек туралы заңға сәйкес жұмыс істелгмеген уақытқа есептеледі: кезекті демалысқа төлем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақытына төлем т.б. Негізігі еңбекақы штат кестесінде немесе еңбек келісім шартында белгіленген көлемінде еңбек уақытымен есептеу тізімінің негізінде есептелінеді. Банктер еңбекақыны төлеу кезінде уақытпен төлеу нысанын қолданады. Осы нысына бойынша еңбекақыны есептеу күндік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады., еңбекақы көлемі істелген жұмыс уақытын белгіленген тарифтік мөлшерлемеге көбейту арқылы табылады.

Жұмыс уақытын есептеу арнайы табельде жүргізіледі. Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеріліп, одан әрі өндеуге жіберіледі. Еңбекақыны есептеу үшін бухгалтерияда еңбекақыға арналған кітап қолданылады. Онда әрбір жұмысшының еңбекақы сомасын, зейнетақы қорына жіберілген сомалар және тағы басқалар көрсетіледі.

Еңбекақы бойынша есеп айырысулар еңбекақыны төлеу үшін немесе еңбекақы және төлем тізімдемесі бойынша кітапта қолданылатын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі.

Еңбекақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгіленген күнге төленеді. Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келетін болса, онда алдын ала бір күн бұрын төленеді.

Жұмысшыларға еңбекақыдан басқа, қосымша келесілер төленеді:

- демалыс уақытына төлем, пайдаланбаған демалыс уақытына жәрдемақы;

- жұмыс сипатының өзгеруіне немесе көлемінің қысқаруына (ұйым жабылып қалған кезде, құрамның , штаттың және т.с.с. қысқаруы кезінде, сондай-ақ өндірісте жазатайым уақиғаға байланысты жұмыстан босату) байланысты босатылған жұмысшыларға демалыс жәрдемақысы;

- қызметкерлердің саны немесе штаттың қысқаруымен, ұйымның қайта ұйымдастырылуы немесе жойылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге жұмысқа қабылданған уақытқа дейін төленетін сома,

- жұмысшының орындаған жұмысына байланыссыз белгілі бір жағдайларда қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек, мысалы баланың өмірге келуінде, ақылы операция жасау кезінде және құжатпен расталған басқа да жиынтық емес сипаттағы төлемдер; өндірістік жарақат нәтижесінен еңбек қабілеттілігін жоғалтумен байланысты жәрдемақы, еңбек міндеттемелерін орындау кезінде зиян шеккен адамдарға зиянның орнын толтыру;

- уақытша еңбекке жарамсыз, екіқабат және баланы дүниеге әкелуге байланысты және т.с.с., жұмысшының денсаулығына зиян тигізу немесе жарақат алу жағдайындағы табыстың немесе басқа да шығынның орнын толтыру.

Демалыс ауқытына төленетін төлем. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы беріледі. Қызметкер 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін кезекті демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына төленетін төлем демалыс басталғанға дейін үш күн бұрын төленуі қажет. Жұмыскердің қалауы бойынша еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін.

Еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа жалақы мөлшері 12 күнтізбелік айға сәйкес жалақы есебінен анықталады. Егер қызметкер демалысқа шығар алдында ұйымда бір жылдан аз уақыт еңбек еткен болса, онда еңбек демалысы кезінде сақталған орташа жалақысы демалысқа шығар алдындағы айдан бастап жұмыс істеген күнтізбелік айларына байланысты анықталады.

Пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақы. Жеке еңбек келісімшартының қандай негізінде бұзылғанына байланыссыз жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмысшыға өтемақы төленеді.

Уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде төленетін жәрдемақы. Жәрдемаққы қызметкердің сырқаттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз кезінде, протездеу, жанұя мүшелерінің біреуі ауырған кезде қарауға кеткенде, карантин және туберкулез ауруына шалдығуына немесе кәсіптік сырқатқа байланысты басқа жұмысқа уақытша аудару кезінде, басқа жағдайларда үкімет белгілеген тәртіпте төленеді. Уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеудің және есептеудің негізі еңбекке жарамсыздық парақшасы немесе аңықтамалар болып табылады.

Еңбекке жарамсыздық парақшасы- еңбекке жарамсздығын растайтын құжат, жұмыстан босату және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша, екіқабат және босану кезінде жәрдемақы алу үшін негіз болып табылады. Еңбекке жарамсыздық парақшасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын кез-келген жұмыста істейтін тұлғаларға беріледі.жұмыстан шығарылған тұлғаларға еңбекке жарамсыздық парақшасы берілмейді.

Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған күннен бастап жұмысқа шыққан уақытқа дейін орташа жалақының 100% көлемінде немесе жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру қорына төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді.

Жәрдемақыны есептеу үшін нақты жалақыға сол объектіде бекітілген еңбекақы төлеу жүйесімен қарастырылған жалақының, ақшалай сыйақылардың барлық түрлері, үстемеақы және қосымша төлем, еңбексінірген жылдар үшін және жыл нәтижесі бойынша сыйақылар кіреді.

Азаматтарға мынадай жағдайларда жәрдемақы берілмейді: қылмыс жасау нәтижесінде жарақат алған кезде, ішімдік, нашақорлық және т.с.с. пайдалану кезінде өз денсаулығына қасақана қастандық жасаған кезде. Сонымен қатар соттың шешімі бойынша мәжбүрлі емделуге тартылған (психикалық аурумен ауратындардан басқа), олардың кінәлары анықталған кезде сот-медициналық сараптамасынан өтетін, сондай-ақ қамалудағы тұлғаларға берілмейді.

Әйелдерге жүкті болуына және бала босануына байланысты 70 күнтізбелік күн көлемінде және бала туылғаннан кейін елу алты күнтізбелік күн көлемінде демалыс беріледі. Жәрдемақы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыс кезінде жалақының 100 пайыз көлемінде белгіленеді және төленеді. Ол мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын жұмыс істейтін әйелдерге беріледі. Сонымен қатар сол банкте қанша уақыт жұмыс істегеніне байланыссыз беріледі.

Жерлеуге төленетін жәрдемақы . Сол жылғы республикалық бюджет туралы ҚР Заңына сәйкес бекітілген көлемде беріледі. Жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасына немесе жерлеуді өз мойнына алған басқа да жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Өлі бала туылған кезде жерлеу үшін жәрдемақы жалпы негізде беріледі.

Наши рекомендации