Лидерлікке жағдайлық көзқарас
Ертеректегi зерттеушiлердiң басшылық стилi, қанағаттылық пен өнiмдiлiктiң арасындағы тұрақты тәуелдiлiктi табудағы қабiлетсiздiгi барлық жағдайларда бiр немесе бiрнеше қосымша факторлар әрекет ететiндiгiнiң айқын көрсеткiшi болды. Бұл факторларды табу үшiн теоретиктер өз назарын тек басшы мен орындаушыға ғана емес, тұтастай барлық жағдайға аудара бастады. Соның нәтижесiнде басқару процесiнiң күрделiлiгiн түсiнуге көмектескен төрт жағдайлық үлгi жасалды: Фидлерлiк басшылықтың жағдайлық үлгiсi, Митчел мен Хаустың «жол – мақсат» көзқарасы, Херси мен Бланшардың өмiрлiк цикл теориясы және Врум-Йеттондық басшының шешiм қабылдау үлгiсi.
Фидлер үлгiсi теорияның одан әрi дамуына маңызды үлес қосты, өйткенi ол өз назарын жағдайға аударды және басшының мiнез-құлқына әсер ететiн үш факторды анықтады. Бұл факторларға мыналар жатады:
1. Басшы мен ұжым мүшелерi арасындағы қатынас. Бағыныштылар бiлдiретiн адалдықты, олардың өз басшысына сенiмiн және орындаушылар үшiн басшы тұлғасының тартымдылығын ұйғарады.
2. Мiндеттiң құрылымы. Мiндеттiң дағдыланғандығын, оның тұжырымдалуы мен құрылымының анықтылығын ұйғарады.
3. Лауазымдық құзырлар. Бұл - оған сыйақыны пайдалануға мүмкiндiк беретiн, басшының лауазымымен байланысты заңды билiктiң көлемi, сондай-ақ басшыға ресми ұйым көрсететiн қолдау деңгейi.
Фидлердiң есептеуiнше, әрбiр жағдайға басшылықтың өз стилi сәйкес келсе де, негiзiнен, әрбiр басшының стилi тұрақты болып қалады.
Көбiне Фидлер үлгiсiне ұқсас және себептеуге жататын күту теориясымен ортақтығы көп тағы да бiр жағдайлық үлгiнi Теренс Митчел мен Роберт Хаус жасаған болатын. «Жол – мақсат»деп аталатын олардың көзқарасы да басшының жағдайға барынша сәйкес келетiн басшылық стильдi қолдану қажеттiлiгiн атап өттi. «Жол – мақсат» терминi тырысу - өнiмдiлiк, өнiмдiлiк - нәтиже, бағыныштының сыйақының сезiнген құндылығы сияқты экспектация (күту) теориясының түсiнiктерiне жатады. Негiзiнен, «жол – мақсат» көзқарасы себептеу, қанағаттылық пен бағыныштының еңбек өнiмдiлiгiне басшының мiнез-құлқы тигiзетiн әсерiн түсiндiруге тырысады. Бұл көзқарасқа сай, осы мақсаттарға жету жолдарына әсер ете отырып, басшы бағыныштыларды ұйымның мақсатына жеткiзуге түрткi ете алады.
Поль Херси мен Кен Бланшар өмiрлiк цикл теориясы деп атаған лидерлiктiң жағдайлық теориясын жасады. Бұл теорияға сай, лидерлiктiң ең тиiмдi стильдерi орындаушының жетiлуiне байланысты. Жетiлудi жас мөлшерiмен анықтамау керек. Жекелеген адамдар мен топтардың жетiлуi өзiнiң iс-әрекетi үшiн жауапкершiлiк тарту қабiлетiн, қойылған мақсатқа жету ынтасын, сондай-ақ бiлiмi мен орындау қажет нақты мiндетке қатысты тәжiрибесiн ұйғарады.
Басшылықтың тағы да бiр жағдайлық үлгiсi Виктор Врум мен Филипп Йеттон жасаған үлгiсi болып табылады. Басшының шешiм қабылдау үлгiсi өз назарын шешiм қабылдау процесiне шоғырландырады. Бұл көзқарасқа сай, қандай деңгейде бағынышты шешiм қабылдауға қатыса алатындығына байланысты басшы пайдалануы мүмкiн басшылықтың бес стилi бар:
1) АI. Қолда бар ақпаратты пайдалана отырып, сiз өзiңiз шешiм қабылдайсыз немесе мәселенi шешесiз.
2) АII. Қажеттi ақпаратты сiз өз бағыныштыларыңыздан аласыз да содан соң өзiңiз мәселенi шешесiз. Ақпаратты ала отырып, сiз өз бағыныштыларыңызға мәселе жайын айтуыңызға да, айтпауыңызға да болады. Шешiм қабылдаудағы сiздiң бағыныштыларыңыздың рөлi баламалы шешiмдердi iздеу немесе бағалау емес, қажеттi ақпаратты беру.
3) СI. Сiз қатысы бар бағыныштыларға әрқайсысына бөлек мәселе жайын айтып, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдайсыз, бiрақ та оларды бiр топқа бiрге шақырмайсыз. Содан соң сiз бағыныштыларыңыздың ықпалын ескеретiн немесе ескермейтiн шешiм қабылдайсыз.
4) СII. Сiз бағыныштыларыңыздың тобына мәселе жайын айтасыз және бар ұжым барлық идеялар мен ұсыныстарды тыңдайды. Содан соң сiз бағыныштыларыңыздың ықпалын ескеретiн немесе ескермейтiн шешiм қабылдайсыз.
5) GII. Сiз бағыныштыларыңыздың тобына мәселе жайын айтасыз. Бәрiңiз бiрге баламаларды тауып, бағалайсыздар және баламаны таңдауға қатысты келiсiмге келуге тырысасыздар. Сiздiң рөлiңiз төрағалықпен ұқсас. Сiздiң шешiмiңiздi қабылдауы үшiн сiз топқа әсер етпейсiз, тек барлық топ қолайлы деп шешкен шешiмдi қабылдағыңыз және орындағыңыз келедi.
Тарау