Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (олжалау) (287-бап)
Қылмыстың объектісі табиғи жағдайда мекендейтін судың тірі ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың затына әр түрлі балык тұқымдары: теңіз немесе тұщы су жануарлары; теңіз аңдары, өзге де су жануарлары, су өсімдіктер (теңіз капустасы).
Қылмыс объективтік жағынан: балықты, теңіз аңдарын және өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу; а) бұл әрекет ірі зиян келтіре отырып, б) өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралын немесе жарылғыш және химиялық заттарды, электр тоғын, не аталған су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де әдістерін қолдану арқылы; а) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында; г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалу арқылы сипатталады.
Заңда белгіленген ережені бұзып балықты, теңіз аңдарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерді өз бетінше, рұқсатсыз, лицензиясыз, тыйым салынған жерлерден, тыйым салынған уақытта, сондай-ақ оларды аулауға колдануға тыйым салынған құралдар мен тәсілдерді пайдаланып занда көрсетілген заттарды алу заңсыз алу деп танылады.
Осы бап бойынша жауапқа тарту үшін осы баптың диспозициясында тізбектелген іс-әрекеттердің біреуін бұзудың өзі жеткілікті. Бапта көрсетілген норма бланкеттік диспозицияға негізделген. Мысалы: Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын балық қорын қорғау және сулардан балық ұстауды реттеу туралы арнаулы Ереже бар.
Су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз алу орны — Қазақстан Республикасының аумақтық сулары, оның ішінде теңіз, көл, тоспа су коймалары және басқа да су көздері.
Су жануарлары мен өсімдіктер дүниесін заңсыз алу мына төмендегі іс-әрекеттерді істеген жағдайда ғана қылмыс болып табылады:
а) ірі зиян келтіру арқылы. Ірі зияннын мөлшері алынған заттың құнына, экологиялық құндылығына, санына, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне келтірілген зиянның көлеміне байланысты анықталады. Ірі зиянға Қазақстан Республикасының қызыл кітабына жазылған жануарлар дүниесін жою, балықтың ұрық шашу орындарын жою, майда шабақтарын қырғынға ұшырауы да жатады;
б) өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралын немесе жарылғыш және химиялық заттарды, электр тоғын, не аталған су жануарларын және өсімдіктерін жаппай жоюдың өзгеше де
әдістерін қолдану. Бұларға катерлерді, моторлы қайықтарды,
басқа шағын жүзгіш құралдар мен қондырғыларды пайдаланып балықты, басқа да су жануарларын, өсімдіктерді заңсыз алу әрекеттері жатады. Бұдан басқа көрсетілген заттарды заңсыз алу үшін атылатын, жарылатын қару, кесетін немесе тесетін басқа да құралдар пайдаланылуы мүмкін;
в) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында. Ұрық шашу, балықты кебейту, оларды сақтау, қорғау су объектілерінің тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Осы ережеде ұрық шашу, оларға бару жолдары да айқындалады. Осы орындардағы су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу — қылмысқа жатады;
г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық жағдай аумақтарында істелген осы әрекеттер (мұның түсінігіне Қылмыстық кодекстің 281-бабының 2-тармағына талдау жасағанда тоқталғанбыз).
Қылмыстық кодекстің 287-бабының 1-тармағында көрсетілген балықты, теңіз аңдарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін ірі зиян келтіре отырып заңсыз алу кылмысы материалдық құрам. Іс-әрекет пен одан пайда болған ірі зиянның арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы керек.
Ал Қылмыстық кодекстің 287-бабының 1-тармағындағы басқа іс-әрекеттер формальдық. құрамға жатады. Қылмыс бұл ретте су жануарлары мен өсімдіктерді алмағаннын, өзінде, заңда көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналық арқылы сипатталады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-тармағында осы қылмьістың ауырлататын түрі: адамның өз қызмет бабын пайдаланып, не адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет үшін жауаптылық көзделген.
Қорықтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғайтын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қызмет бабын пайдаланып 287-бапта көрсетілген заңсыз іс-әрекеттерді істеуі мүмкін. Ұйымдасқан топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабында берілген.
Заңсыз аңшылық (288-бап)
Қылмыстың объектісі — жануарлар дүниесін корғау және тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар.
Қазақстан Республикасында аңшылықтың заңдылығы мына құжаттармен Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы" Заңымен; Қазақстан Республикасындағы аңшылык және аңшылық шаруашылықтар жөніндегі Ережемен, басқадай нормативтік-құқықтық актілермен, арнаулы нұсқаулармен реттеледі.
Қылмыстың заты — табиғи бостандық жағдайында мекендейтін жануарлар дүниесі болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан заңсыз аңшылық әрекетін жасау арқылы көрініс табады.
Қылмыстық кодекстің 286-бабына сәйкес:
а) ірі зиян келтіріп;
б) механикалық көлік құралын немесе әуе көлігін, жарылғыш заттарды, газдарды және құстар мен аңдарды жаппай қырып-жоюдың өзге әдістерін қолданып;
в) аулауға толық тыйым салынған құстар мен аңдарға. қатысты;
г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалған әрекет заңсыз аңшылы деп саналады.
Осы баптың ескертуіне сәйкес қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен үш жүз есе асып түсетін залал ірі көлемдегі залал (зиян) деп танылады. Заңсыз аңшылық, арқылы алынған жануарлар дүниесінің құны арнаулы заңда белгіленген кесімді баға арқылы немесе сарапшылық арқылы анықталады.
Механикалық құрамдарға — мотоциклдер, автокөліктер, өздігінен қозғалатын жол, құрылыс, ауылшаруашылық машиналары, моторлы қайық, катер, ал әуе көлігіне — кез келген түрдегі және бағыттағы ұшу аппараттары жатады.
Аңшылықта қолдануға тыйым салынған қарулар мен әдістердің тізбегі аңшылық ережелері туралы нормативтік актілерде көрсетілген.
Аңдарды қырып-жоюдың өзге әдістеріне — улы химикаттарды қолдану немесе өрт қою, басқа да қауіпті тәсілдер қолданулар жатады.
Аулауға тыйым салынған құстар мен аңдардың тізімі Қазақстан Республикасының арнаулы нормативтік актілерінде көрсетілген. Казақстан Республикасының қызыл кітабына енгізілген.
Қылмыстық кодекстің 288-бабының "а" тармақшасында көрсетілген құрам материалдық, ал қалған тармақшалардағы (б, в, г) қылмыс формальдық құрамға жатады.
Кылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыс субъектісі - 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 288-бабының 2-тармағында осы қылмыстың кауіптірек түрі: адам өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет үшін жауаптылық көзделген.
Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-бап)
Қылмыстың объектісі — ормандар мен бұталарды қорғау және тиімді пайдалану аясындағы қатынастар.
Қылмыстың заты — барлық топтағы орман ағаштары мен бұталары, орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталар.
Орманның құқықтық ережелері Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Орман кодексінде белгіленген. Барлық ормандар және орман шаруашылығын жүргізуге берілген жерлер Қазақстан Республикасының орман қорына жатады.
Орман қорына ауыл шаруашылық, жерлерін корғайтын орман қондырғылары немесе басқадай ағаштар мен бұталар; темір жол, автомобиль жолы және каналдарды қорғап тұратын орман белдеулері, елді мекендер мен қалаларды көгалдандыратын ағаштар, үй іргесіндегі, саяжайлардағы және саяжай учаскелеріндегі ағаштар кірмейді.
Қазақстан Республикасында атқаратын экологиялық, генетикалық, әлеуметтік-экономикалық қызметтері мен орналасқан жерлеріне қарап орман қорлары екі топқа белінеді.
Бірінші топқа суды қорғайтын ормандар (өзен, көл, бөгет және басқа су қоймаларының жағалауларын қорғайтын орман белдеудері); санитарлық-гигиеналық және сауықтыру дары, қорықтар мен қорықтық аймақтар, ұлттық және табиғи парктердегі ормандар, ерекше құнды орман алқаптары ғылыми маңызы бар ормандар, генетикалык резервтер мен табиғи ескерткіштер, жаңғақ кәсіпшілігі аймағының ормандары жеміс-ағаш екпелері, биік таулардағы ормандар жатады.
Екінші топтағы ормандар қатарына таулы аудандардағы пайдаланылу маңызы шектеулі ормандар жатады.
Қылмысты іс-әрекет объективтік жағынан алғанда барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуін тоқтату үшін зақымдау, бұл әрекеттер елеулі зиян келтіру арқылы сипатталады.
Орман ағаштары мен бұталарын, сондай-ақ оларға кірмейтін басқа да ағаштар мен бұталарды немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды кесу арнаулы рұқсат құжаттардың: лицензияның, ағаш кесу билетінің, ордердің, орман билетінің негізінде жүзеге асырылады.
Ағаштар мен бұталарды рұқсатсыз кесу заңсыз деп танылады, сондықтан тиісті рұқсат құжаттары болғанның өзінде рұқсат етілмеген жерден, рұқсатта көрсетілген санға және сапаға сәйкес келмейтін түрде ағаштар мен бұталарды кесуде заңсыз деп саналады.
Қылмыс құрылысы жөнінен материалдық құрамға жатады. Ол занда көрсетілген әрекеттер елеулі зиянға әкеліп соққан жағдайда аяқталған деп саналады. Қылмыстық кодекстің 288-бабының ескертуіне сәйкес қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін залал мөлшері елеулі залал деп танылады. Іс-әрекет пен келтірілген осы залалдың арасында себепті байланыс болуы қажет.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың объектісі — 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 291-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: барлық топтағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуін тоқтату үшін зақымдау, егер бұл әрекеттер: а) әлденеше рет; б) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып; в) ірі көлемде жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Әлденеше рет қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстін 11-бабында, ірі көлемнің түсінігі ҚК-тің 290-бабының ескертуінде берілген. Адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып істегендегі жауаптылығы ҚК-тің 287-бабының 2-тармағы бойынша шешіледі.
Ормандарды жою немесе зақымдау (292-бап)
Қылмыстың объектісі - ормандарды қорғау жөніндегі қоғамдық катынас.
Кылмыстың заты — орман қорына жататын барлық орман топтары, сондай-ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштары.
Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыстың объективтік жағы отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды жою немесе зақымдау арқылы көрініс табады.
Отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары кездерді ұқыпсыз қолдануға (өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, қазба байлықтарды ашу, құрылыс салу, құбыр жүргізу, электр қуатын беретін линиялар жүргізу, ормандарды агрохимикаттармен өңдегенде сақтандыру шараларын қолданбау) әрекеттері жатады.
Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісіне қылмыстың зардабы (ормандарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды жою немесе зақымдау) жатады. Іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы кажет.
Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-тармағында кылмыс субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық түрі арқылы жасалады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыстың объективтік жағы ормандарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды өртеу, өзге де жалпы Қауіпті әдіспен не зиянды заттармен, қалдықтармен немесе Қоқыстармен ластау салдарынан касақана жою немесе зақымдау арқылы сипатталады.
Мұндағы ормандарды жою мен бүлдірудің тәсілдеріне — өртеумен бірге өзге де қауіпті әдіс (жарылыс жасау, су жіберу) қолдану немесе зиянды заттармен, қалдықтармен, қоқыстармен ластау жатады.