Макроэкономикалық талдаудың ерекшекліктерін түсіндіру
Макроэкономикалық талдаудың 2 түрін айырады: ex post талдауы және ex ante талдауы. Макроэкономикалық талдау ex post немесе ұлттық есеп жүргізушілік, яғни статистикалық мәліметтер талдауы экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалауға, мәселелер мен жағымсыз құбылыстарды тауып шығаруға, оларды шешу мен жеңу бойынша экономикалық саясатты әзірлеуге, әр елдердің экономикалық әлеуетінің салыстырмалы талдауын өткізуге мүмкіндік береді. Макроэкономикалық талдау ex ante, яғни белгіленген теориялық тұжырымдамалардың негізіндегі экономикалық үдерістер мен құбылыстардың болжамдық модельдеуі. Бұл экономикалық үдерістердің даму заңдылықтарын анықтап, экономикалық құбылыстар мен ауыспалылар арасындағы себеп салдар байланыстарын табуға мүмкіндік береді. Осы ғылым ретіндегі макроэкономика.
Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігі – оның ең маңызды қағидасы ретінде ойша жіктеу болып келеді. Тұтастай экономика деңгейінде экономикалық тәуелділіктер мен заңдылықтардың зерделуі мүмкін, егер жиынтықтарды немесе агрегаттарды қарастырса. Макроэкономикалық талдау агрегаттауды талап етеді. Агрегаттау – ол жеке элементтердің біртұтас, агрегатқа, жиынтыққа бірігуі. Агрегаттау әрқашан ойша жіктеуге негізделеді, яғни экономикалық үдерістер мен құбылыстардың ең маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын көрсетеді. Агрегаттау макроэкономикалық агенттерді, макроэкономикалық нарықтарды, макроэкономикалық өзара қатынастарды, макроэкономикалық көрсеткіштерді атап айтуға мүмкіндік береді. Экономикалық агенттер мінез-құлқының типтік қасиеттерін табуға негізделген агреттау 4 макроэкономикалық агентті атап көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
1) Үй шаруашылықтары – ол жеке, тиімді, оңтайлы жұмыс жасайтын агент, оның экономикалық қызметінің мақсаты – ең жоғары пайдалыққа жету.
2) Фирмалар – жеке дербес, оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның экономикалық қызметінің мақсаты – пайданың өсуі.
3) Мемлекет – экономиканы реттеуге, экономикалық процестер (үдерістер) барысына әсер ету саяси және заң құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жиынтығы. Мемлекет – ол дербес (жеке), оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның негізгі міндеті – нарықтың сәтсіздікке ұшырауын болдырмау және қоғамдық игілігін жоғарлату
4) Шетелдік сектор (бөлік) – дүниежүзінің барлық басқа елдерін біріктіріп, жеке оңтайлы әрекеттегі (қызмет жасайтын) макроэкономикалық агент. Ол осы елмен келесілер арқылы өзара әрекеттестікті іске асырады:
а) халықаралық сауда арқылы (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты);
б) капиталдардың ауысуымен (капиталдың экспорты мен импорты, яғни қаржы активтердің).