Дәріс №1. Нарықтық экономика жағдайындағы қаржылық талдаудың мазмұны, пәні, міндеттері

Дәрістің мақсаты:Қаржылық талдау түрлерінің маңыздылығын ашу.

Жоспар:

1. «Қаржылық талдау» пәні, мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері. Қаржылық талдауға қойылатын талаптар.

2. Қаржылық талдаудың ерекшеліктері, оның басқару талдауынан айырмашылығы және оны Қазақстан Республикасында қолданудың мүмкіндіктері.

3. Қаржылық талдаудың түрлері.

Негізгі ұғымдар: қаржылық жай-күй, табыстылық, рентабельділік, қаржылық тұрақтылық

Иллюстрациялық материал: кесте, схема

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Сонғы жылы шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шереметов «Кәсіпорын қаржысы (актитер) жағдайы қаржыны талдау, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

Профессор П. А. Русак (3) бұл ғұмыры бойынша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және де басқада қызмет түрлелі үшін қажетті қаржы ресурстары мен қамтамассыз етуімен және олардың мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен,сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді». В. М. Радионова мен М. А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалыптасуымен, тарту және пайдаланумен көрсетіледі» деп жазады.

Профессор И. Т. Балабанов «шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттігінің сипаттамасы (яғни төлем қабілеттігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану,мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабелділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капитал пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» деп жазады. (7)

С. А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын баяндайды: «кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».

Жоғары берілген анықтамалар қарастырылып отырылған ұлым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұғым тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірінғай көрсеткіштерге қарғанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарылымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді ескеру нәтижесінде және оларды жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімдіболуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәләндіруі тиіс.

Менің көзқарасым бойынша, сенімділік кәсіпорынның жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктемеге сүйене отыра, мен бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамын:

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдгі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржылық ресурстарымен қамтамассыз етілуін көрсетеді. Ал кәсіпорын қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамассыз ететін қаржының жкткілікті болуы» деп түсіндіреді... қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады (6)

Енді біреулер «өз қаражаттар есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалды емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарлы жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытында қайтаратын шаруашылық субъектілелі қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады (8).

Бұл ұғымды А. Д. Шекемет пен Р. С. Сайфулин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «қаржыоық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы».

М. В. Радинова мен М. А. Федотова бүл ұғымды келесідей түіндіреді: «кәсіпорынның тұрақты қалыптасқан табыстың шығынынан артуының өзіне тән айнасы-қаржылық тұрақтылық болып тадбылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып,оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамассыз ететін,сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәспорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтамаларды келтіреді.

«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын денгейде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны таратупайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы».

В. А. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамассыз ететін және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процессінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтанда қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі роцессінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады» (9). Ал кәсіпорынның жалпы қржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстыңшығыннан артуын қамтамассыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайнда ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айрысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның әріқарай дамуы үшін барлық есепайрысулар мен барлық міндеттерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңарту жәнеде әлеументтік клматты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Айта кету керек біз, қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарасын бөле қарастырдық, әйткенмен мен олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймын. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдалану мен анықталады».

Менің ойымша бұл ұғым А. Д. Шеремет пен В. С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу өздерінен қамтамассыз етілуі деп түсіндіреді.

Э. А. Маркарьян мен Г. П. Герасименко да осындай көзқараста (10). «Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептеу мүмкіндігі» (4) немесе «Сауда, несие және басқада төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатынкәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады» (9). Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның оның іздеу жөніндегі сұрақтар да шиеленісе түседі.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:

· Пайда болу орнына дайланысты – ішкі және сыртқы;

· Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;

· Құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі;

· әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Наши рекомендации