Бап. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ пайда болған кезде қатер қауіпін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:

· сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;

· гидротехникалық және инженерлік геологиялық қорғану шаралары;

· көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлікте ТЖ болғызбау үшін коммуникациялар жүйелерін жетілдіру;

· қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану шаралары;

· өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;

Йымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатеріне байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуға тиіс.

ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңыңда экологиялық жағдайдың күрт өзгеріп кетуі, апаттар және басқа да табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, эпидемиялар мен эпизоотиялар Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне келетін қауіп – қатерлерге жатқызылған.

1996 жылы 5 шілдеде Қазастан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» Заңы қабылданды, онда халықты, қоршаған орта мен шаруашылық нысандарды төтенше жағдайдан және оның зардабынан қорғау – мемлекеттік саясаттың басым салаларының бірі екендігі анық көрсетілген.

ҚР Үкіметінің 1997 жылдың 28 тамызындағы № 1298 Қаулысымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылды (ТЖМЖ) және ол туралы ереже (25.12.2006ж. енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге) бекітілді.

Зін өзі тексеру сұрақтары

1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты

2. ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар

3. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары

Дәріс №2. Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері

Жалпы сұрақтар

1. АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.

2. ҚР ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы.

АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.

Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-қимылы жөніндегі міндеттемелері. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануынан қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі « Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР заңымен белгіленген.

Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс мәселелері мына деңгейде шешіледі:

Республикалық деңгейде- - республикалық Үкімет, орталық атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламаларды, Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру және материалдық қамтамасыздандыру тәртібін, соғыс қауіпі мен төтенше жағдайлар кезіндегі Азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі жүргізеді.

Жергілікті деңгейде- жергілікті өкілді және атқарушы органдар ведомствлық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғанысқа басшылық етеді, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауынұйымдастырады. Хабарландыру құралдарын, басқару нүктелерін тұрақты дайындықта ұстайды. Азаматтық қорғаныс мүлігін, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жинауды, сақтауды ұйымдастырады, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру шараларын, авариялық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырып өткізеді.

Азаматтық қорғаныста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы үшін іс-жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көпшілі тән.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан жер сілкінісі, селді, сырғымаларды, тасқынды, боранды, қума желді, қатты аязды, орман және дала өртін, құрғақшылықты және басқаларды атап өтуге болады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар арасынан халықтың тығыздығы жоғары қалаларда, өнеркәсіпорталықтарында, көлік коммуникацияларында, газ және мұнай құбырларында, тіршілік және коммуналдық объектілерінде, радиациялық қауіпті объектілерде (республикада 100-ден астам радиациалық қауіпті объекті және 100 мыңға жуық бета, гамма, рентгендік жіне нейтрондық сәулеге ұшырататын радиоактивті көздер бар) өндіріс пен тұрғын үй секторында болатын өрттер ерекше қауіпті.

Халық пен ұйымдарды қорғау Азаматтық қорғаныстың басты міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда залалды азайту үшін аумақтар мен ұйымдарды дер кезінде әзірлеу арқылы әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныстың негізгі мңіндеттері мыналар:

· Басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру, дамыту және қолдау;

· Төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау;

· Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау және халықты оқыту;

· Радиациялық, химиялық, бактериологиялық ахуалды қадағалау және лабораториялық бақылау;

· АҚ құрамалары жауынгерлерінің жұмылдырушылық даярлығын қамсыздандыру;

· Қорғаныс ғимараттарының, жеке қорғаныс құралдарының және артық қорын, Азаматтық қорғаныстың басқа мүлігін жинау және әзірлікте ұстау;

· Халыққа, орталық және атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қаіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тіәртібі туралы хабарлау; іздеу-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оны қауіпті аймақтан көшіруді ұйымдастыру;

· Азық-түлікті, суды, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, бактериологиялық зақымданудан сақтау.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін мынандай органдар құрылады:

· ҚР ТЖ жөніндегі Агенттігі және олардың құрылымдық аумақтық органдары;

· Орталық және жергілікті атқарушы органдарда АҚ басқармалары, бөлімдері;

АҚ құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қауіпі туындаған кезде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізеді. АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принцп бойынша облыстарда, қалаларда, аудандар мен ұйымдарда меншіктік нысанына қарамастан құрылады, аумақтық және объектілік болып бөлінеді. АҚ аумақтық құрылымдары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал объектілік құрылымдар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйрықтарымен құрылады.

АҚ объектілік құрамаларына:

· Барлаушы буын;

· Құтқару командасы;

· Инженерлік команда;

· Санитарлықдружина;

· Қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ;

· өрт сөндіру командасы;

· байланыс командасы; қоғамдық тәртіпті қорғау командасы;

· жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б кіреді.

Республикамыздың әрбір азаматы АҚ пен ТЖ шараларын өткізуге белсенді қатысуға міндетті. Халықты АҚ міндеттерін іске асыруға және тосын жағдайлардағы сауатты іс-әрекеттерге даярлау кешенді шаралардан тұрады. Олардың ішінде халықты тікелей қорғауға бағытталған ең маңыздылардың бірі халықты қорғаныс пен өз-өзіне көмек көрсетуге және көмек шараларына, құтқару мен зақымдалу ошақтарындағы кезек күттірмейтін жұмыстарға және зілзала, авариялар мен апаттар салдарын жоюға үйрету болып табылады.

Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер жөніндегі міндеттері қандай?

Біріншіден, АҚ пен ТЖ саласындағы ҚР заңдарын мүлтіксіз орындауға тиіс. «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР заңы бойынша азаматтар заңда белгіленген тәртіппен соғыс уақытында және ТЖ АҚ міндеттерін орындау үшін өзінің жеке көлік құралдарын, аспаптарымен қондырғыларын беруге міндетті. Азаматтар тиісті органдарға төтенше жағдайлардың тууына алып келуімүмкін апаттар қаупі туралы хабарлауға міндетті.

Екіншіден, халық АҚ пен ТЖ бойынша қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды игеруге, АҚ шараларына қатысуға және орындауға міндетті. Осындай білімдер мен дағдылардың жиыны АҚ пен ТЖ мәселелері бойынша халықты оқыту бағдарламасында белгіленген. Әрбір азамат «Баршаның назарына» дабылы бойынша іс-әрекеттер тәртібін, қорғаныстың ұжымдық және жеке құралдарын пайдалану тәртібін, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдісі мен қорғаныс тәсілін білуге және орындауға міндетті. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР заңында азаматтардың төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі өткізілген жаттығуларға қатысу, халықты қорғау құралдарына, қоршаған ортамен ұйымдарға мұқият қарау міндеті айтылған.

Үшіншіден, ересек халықтың басты міндеттерінің бірі балаларды қорғау. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға тосын жағдайларда өзін-өзі ұстау тәртібі туралы айтылып, ал оқушылар сабақ барысында тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен танысса да, бұл ересектерді балаларды қорғау жөніндегі міндеттерден босатпайды.

Жоғарыда тізбеленгендер халықтың АҚ пен ТЖ іс-әрекеттері бойынша негізгі міндеттері ғана, осы және басқа да міндеттерді мүлтіксіз және дәл орындау АҚ нығайтуға ТЖ санын төмендетуге ықпал ететін болады.

Наши рекомендации