Менеджменттің мәні мен түрлері
Менеджмент әлеуметтік-экономика аясында жүйелердің қызмет істеуін қамтамасыз етеді. Өндірістік үдерісті дұрыс ұйымдастыру арқылы тиімділік пен табыстылықты қамтамасыз етеді. Менеджмент фирманың табысты болуы оның бар болғандығынан емес, дұрыс жұмыс істегенінен екендігінде болатын жағдай жасайды. Нарық жағдайы ылғида згеріп отырады, ал бұл түбтің түбінде тәекелдікті күшейтеді. Менеджменттің мақсаты фирманың бәмсекелестік жағдайында күн көруіне қажет қауіп-қатерді азайтады.
Менеджменттің негізгі мақсаты – ұйымның үйлесімлі дамуын қамтамасыз ету, яғни оның барлық сыртқы және ішкі элементтерінің өзара сәйкес және тиімді жұмыс істеуінде.
Менеджменттің маңызды міндеті болып қолдағы бар материалды және адам ресурстарын есекеріп, ұйымның рентабелді жұмыс істеуін және оның нарықтағы жағдайы қалыпты болуын қамтамасыз ете отырып, тұтынушылардың кең сұранысын өтейтін тауар мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Сөйтіп, нарықты экономикада менеджмент қазіргі басқару жүйесі ретінде тиімді жұмыс істеуі үшін өндірістік-шаруашылық барысында оған тиісті жағдай жасамақ. Сөз басқару жүйесінің нарықтық шаруашылық қатынаста болатын объективті қажеттілік пен заңдылықтан туындайтын нарықтың, жеке тұлғалардың сұранысы мен талаптарына бағдары; ақырғы оң жоғары нәтижелерге қарайтын қызметкерлердің сұрамдары; ғылыми-техникалық жетістіктерді кең пайдалану; қарым-қатынастарды ретеу туралы болып отыр.
Басқару ғылымы тәжірибе барысында зерделенген теорияларды тексеріп және дамытып отыруға бағытталған. Басқару ғылымы осы ғылымдар жүйесінің бөлінбес бөлшегі болмақ.
Барлық басшылар басқарушылық іспен айналысады. Олардың барлығы әр еңбек саласында жұмыс істейді. Бұл дегеніңіз, басқарудың түрлі дейгейі мен түрлері бар деген сөз. Көбінесе басқарудың деңгейін білдіретін, тік буындардағы еңбек бөлісуді айтады:
1) техникалық деңгей – басқарудың төменгі буыны;
2) басқарушылық деңгей – басқарудың орта буыны;
3) институционалдық деңгей – басқарудың жоғарғы буыны.
Пирамиданың бұндай түр әр басқарудың дейгейінде бұрынғысымен салыстырғанда адамдар саны аз екендігін көрсетеді. Басқарудың жоғарғы түрі, әдетте, президент, директорлар кеңесінің төрағасы немесе басқармадан тұрады. Басқару қызметкерлерінің бұл тобы акция иегерлерінің қызығушылығы мен қажеттіліктерін орындауды қамтамасыз етеді, ұйымның бүкіл қызметін түрін анықтайды және атқарады оны орындайды.
Орта буын басшылары – ұйымның әр орындағы жұмысның орындалуын қамтамасыз етеді. Олар бөлімшелердің егжей-тегжейлі шаруларының орындалуына жауап береді және ұйымның жоғарғы буын басшылары жасайтын жоспарына сай ұйымдастырушы-лықжұмыстар жүргізеді. Бұлар үлкен ұйымдардың кейбір кәсіпорындарының басшалары.
Басқарудың төменгі буыны кіші бастықтардан тұрады. Олар орта буын басшылары анықтаған жұмыстардың орындалуын бақылайды.
Уақыт бюджеті де әр түрлі бөлінеді, мысалы, әр түрлі басқару деңгейіндегі басшылар шешеім қабылдауға әр түрлі уақыт көлемін жұмсайды. Басқарудың бәрлық деңгейлері қорыта келе басқару қатынастарын анықтайды.
Еуропа елдерінде менеджмент бизнес түсінігімен қатар келеді. Бизнес – белгілі бір өнімді және қызмет көрсетуді жасап және сатып пайда әкелетін іс. «Бизнесті басқару» – коммерциялық, шаруашылықұйымдарды басқару (business management). «Іскерлік әкімшілік жүргізу» есебінде аударылатын ”business administration” деген сөздің синонимы ретінде пайдаланылады. “Менеджмент” терминікезкелген ұйым түрлеріне қолданыла береді, бірақ мемлекеттік органдарға дұрысы ”public administration” – “мемелекеттік басқару” терминін қолданған дұрыс.
Бизнесмен және менеджер – бұл бірдей сөздер емес. Бизнесмен – бұл пайда әкелетін айналыста жүрген «ақша жасайтын» капиталдың иесі. Менеджер болса, қарамағында адамдары бар тұрақты қызмет иесі.
Жалпы кәсіпорынның даму қағидасы бойынша олардың маңызды бөліктерін атап кетуге болады:
- тұтынушылар туралы ақпаратқа, нарық жағдайына, оның даму бағытына байланысты өндірістік қағида;
- қаржылық ресурстар қозғалысының негізгі аспектісін ескеретін қаржы-экономикалық қағида;
- адамның қажетін қанағаттандыратын және оны дамытатын әлеуметтік қағида.
Операциялық жүйеөзіне ұйымның сыртқы ортаға шығару арқылы тауарлар өндіру мен қызмет көрсетуді орындайтын жұмыстарды кіргізеді. Ұйымның өндірістік қызметінің толық жүйесін операциялық жүйе деп атайды, оның үш жүйешелері бар:
- өңдеуші жүйеше,кірген дүниені нәтижелі етіп шығаратын өндірістік жұмыстар жүйешесі;
- көмектесуіші жүйешеөндіріспен тікелей байланысты емес, бірақ өңдеуші жүйешенің жұмыстарының орындалуына жағдай жасайды.
- жаспарлау және бақылау жүйешесіөңдеуші жүйешеден ақпарат алып, жүйенің жағдайын және аяқталмаған өндіріс барысын біліп отырады. Мақсаттар, саясат, негізгі бағыттар және басқа да параметрлар туралы ақпарат ұйымның ішкі ортасынан келіп түседі. Өнімге сұраныс, ресурстардың құны, техологияның даму бағыттары, үкіметтің нормативтік алтілері жане де басқа факторлар жөнінде ақпарат ұйымның сыртқы ортасынан түседі. Бұл жүйеше осы түскен ақпараттар көлемін сараптап, өңдеуші жүйешенің қалай жұмыс істеу керектігіне шешім шығаруғы мүмкіндік береді.
Менеджердің көптеген міндеттерін негізгі үш топқа бөлуге болады:
· ұйымныңоперациялық қызметініңжалпы стратегиясы мен бағыттарын жасап, оны іске асыру;
· ішіне өндірістік үдерісті, өндіріс қуаттарын қайда орналастыру туралы шешімдерді, кәсіпорынды жобалауды, өнімді жобалауды, орындалатын стандарттар мен жұмыс мөлшері де кіретін операциялық жүйені жасау және іске онгізу;
· жүйенікүнделікті қаржыландырудыжоспарлау мен бақылау.
Операциялардың тиімділігі– ол шығардағы өндірілген дүниенің нарықтық құнын сол ұйымның кіргендегі дүниеге кеткен жалпы шығындарына бөлгендегі өлшем. Шыққандағы дүниенің нарықтық құны өндірілген заттардың шаққандағы ұзын санымен де, сол сияқты басқада көптеген фақторлармен анықталады:
- шығарылған өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің түрлері бар сұранысқа сәйкес келуі;
- өнімнің уақытылы шығуы, сұраныстың сипаттамаларын есепке алу және оны жеткізуді өз мойнына алу;
- жекеше тұтынушылардың түрлі сұраныстарын орындауда өндірістік жүйенің иілмелі болуы.
Ұйымның басқару аппаратының міндеті –қойылған мақсатқа қодағы бар құралдармен ең тиімді әдіспен жету. Қойылған мақсаттарға уақытылы жеткен менеджер – сол тиімді жұмыс істейтін басшы болмақ. Ал тиімділікті бағалаудың басты мәселесі жұмысты басқа жолдармен салыстыру арқылы шығатын өлшем.
Пайдаланған құралдардың тиімділігі мен ұтымдылығын анықтағанда біз әр қайсысы маңызды болып келетін оның көптеген стандарттармен өлшенетінін ескеруіміз керек.
Басқарушының шын мәні оның жұмысының тиімділігінде. Басқару жұмысының тиімділігі көбінесе басқарушыға, оның қабілетіне байланысты.
Басқару тиімділігі дегеніміз, кең мағынада айтсақ – ол ұйымның, мекеменің басқару ісі нәтижесінің басқаруға кеткен немесе кеткен барлық шығындарға қатынасы, ал шамалап айтсақ, орган-дардың, бөлімшелердің, басқару қызметкерлерінің (қабылданған шешімдердің, есептеулердің, т.с.с.) шығындарының соған кеткен шығындарынң нәтижеге қатынасы.
Тиімділіктің үш түрі бар:
- экономикалық – ұйымның, мекеменің экономикалық нәтижесінің соны орындауға кеткен шығындар қатынасы;
- әлеуметтік – ұйымның, мекеменің әлеуметтік нәтижесінің соны орындауға кеткен шығындар қатынасы;
- әлеуметті-экономикалық– үйымның, мекеменің экономи-калық және әлеуметтік нәтижелерің соны орындауға кеткен шығындар қатынасы.
Менеджмент түрлері– белгілі бір менеджменттің қойған міндеттерін орындауға байланысты арнайы саладағы басқару қызметі.
1. Нысандық белгілері бойынша мынадай болып бөлінеді:
а) ұйымды немесе жеке шаруашылық бөлімшелерін басқаратын жалпы (негізгі) менеджментке.
б) ұйымның немесе оның буындары саласындағы белгілі бір қызмет түрлері (арнайы) бойынша менеджментке.
2. Мазмұны бойынша мынадай болып бөлінеді:
а) нормативті менеджментке;
б) стратегиялық менеджментке;
в) жедел менеджментке.
3. Мақсаты мен бағыты бойынша мынадай болып бөлінеді:
а) өндірістік;
б) қаржылық;
в) инвестициялық;
г) халықаралық және де басқаларға.
4. Қызмет істеу аясы бойынша мынадай болып бөлінеді:
- өндірістік;
- білім беру;
- медициналық және басқалар болып.