Абсалютті айырма әдісі арқылы өндіріс көлемін факторлы талдау
Көрсеткіштер | Есептеу формуласы | Есептеу | Факторлар әсері, теңге |
Кезеңдегі өндіріс көлемінің R факторымен алғандағы өзгерісі | (R1–Ro) xWoxTo | (25-20)x146x7,86 | 5737,8 |
Кезеңдегі өндіріс көлемінің W факторымен алғандағы өзгерісі | R1x(W1 -Wo)xTo | 25x(136-146)x7,86 | -1965 |
Кезеңдегі өндіріс көлемінің T факторымен алғандағы өзгерісі | R1xW1x(T1 -To) | 25x136x(7,97-7,86) | |
Жалпы өндіс көлемінің өзгеруі, ΔV | V1xVo | 27098-22951,2 | 4146,8 |
Салыстырмалы айырма әдісі – қорытынды көрсеткіштің өсуіне әсер ететін факторларды өлшеу үшін қолданылады.Мультипликативті және аралас модельдерде есептеледі, y=(a-b)c % түрінде өзгеруін көрсетеді.
Салыстырмалы айырма әдінің қолданылуы:
. A%=a1-ao/ao*100%
. B%=b1-bo/bo*100%
. C%=c1-co/co*100%
Осыдан қорытынды нәтижесінің әрбір көрсеткіштерінің өзгеруі шығады:
. Ya= yo* . a%/100
. Yb=(yo+ . ya)*b%/100
. Yc=(yo+ . ya+ . yb)*c%/100
Салыстырмалы айырма әдісіне мысал:
Салыстырмалы әдіс арқылы факторлық талдау жасау, яғни
ΔR%=R1-R0/Ro*100%=25-20/100%=25%
ΔW%=W1-W0/W0*100%=134-146/146*100%=-6,85%
ΔT%=T1-T0/T0*100%=7,97-7,86/7,86*100%=1,4%
Қорытынды көрсеткіштің әр фактор әсерінен өзгеруі:
ΔVr=22951,2*25%/100=5737,8;
ΔVw=(22951,2+5737,8)/100*(-6,85)=-1965;
ΔVt=22951,2+5737,8+(-1965)/100*1,4=374.
Тізбекті айырма әдісі бойынша есептегендей, қорытынды көрсеткіш 4146,8=5737,8+(-1965)+374.
Интегральді әдіс – тізбекті алмастыру әдісінің кемшіліктерін тауып, оларды болмауын қадағалау әдісі. Негізінен жалпылама түрде жүріп, қорытынды нәтиженің толықтай дерлік орындалуын қажет етеді. Бұл әдісте мультипликативті, аддитивтік, қатынас модельдер қолданылады.
1)Δ Y=a*b модель түрі:
Δ Y(a)=bo* . a+1/2 . a* . b;
ΔY(b)=ao* . b+1/2 . a* . b;
2) Y=a*b*c модель түрі:
Δ Y(a)=1/2 . a* (boco+b1co)+1/3 . a* . b* . c;
ΔY(b)=1/2 . b*(aoc1+a1co)+1/3 . a* . b* . c;
ΔY(c)=1/2 . c*(aob1+a1bo)+1/3 . a* . b* . c;
Сонымен, экономикалық талдау жүргізгенде берілген деректер бойынша көрсекіштер мен нәтижелерді нақты көрсету үшін, дұрыс әдіспен соған сай модельді таңдап алуымыз керек. Өйткені, кәсіпорынның қызметі болашағы үшін қай фактор, қалай әсер ететінің білуіміз қажет.
Тақырып:«Өндірістің қызметің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізгі әдістемелері».
Технико-экономикалық көрсеткіштер |
Қаржылық шаруашылық қызметін талдау |
Қаржылық талдау |
Басқарушылық талдау |
Кәсіпорын қызметінің тиімділігінің көрсеткіштері |
Қорытындылаушы көрсеткіштері |
Шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды.
Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі.
Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Қорытындылаушы көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, материалдар қайтарымы жатады.
Техника-экономикалық топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады, жеке жұмыс өнімділігі және т.б.
Еңбек өнімділігі өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізім санының арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді. Кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшығы шаққандағы орташа өндірілген өнім мен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағына байланысты. Еңбек өнімділігін талдағанда, істегеніне қарай еңбекақы алатын жұмысшылардың өнім өндіру нормасын орындауы туралы мәселені айналып өтуге болмайды. Еңбек ресурстарын, еңбек шығындарын азайта отырып тиімді пайдалану қажет, ең бірінші кезекте, қол және ауыр дене еңбегін қысқарту, еңбекті ұйымдастыру мен технологияны жақсарту, өндірістік процесті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін көтеру керек.
Қор қайтарымы ол негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші болып табылады. Ол талдау кезеңінде өнім сатудан түскен табыстың (ақша) негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құнына қатынасымен анықталады. Қор қайтарымын анықтағанда өнімнің көлемі құндық, заттай және шартты өлшемдермен есептелуі мүмкін. Қор қайтарымына әсер ететін негізгі себептердің бірі, кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалану болып табылады.
Материал қайтарымы туар өнімі құңының жұмсалған материалдық ресурстар құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті анықтау үшін қаржылық есеп беру мәліметтерінен алымында өнімді сатудан түскен табыс, ал бөлімінде материалдың орташа құны алынады.
Сөйтіп, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді жан жақты қарастырдық.
Оларды дұрыс есептей білу, әр түрлі себептердің олардығ деңгейінің өзгеруіне әсерін кеңірек ашуға, табылған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар жасауға, оның қаржылық жағдайының жақсарып, бекуіне мүмкіндік береді.
Тақырып:«Ұйымның табыстылығын талдау».
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасын-дағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :
Д = Д - Р
Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;
Д - жалпы табыс;
Р - кезең шығындары.
Кесте-6
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер.
Көрсеткіштер | Жыл соңы жжжжжжжжылжыл | Жыл басы | Өзгеріс |
Сатудан түскен түсім | 377 085 | 364 805 | +12 280 |
Өзіндік құн | 376 690 | 356 350 | +20 340 |
Жалпы табыс | 8 455 | -8 060 | |
Таза табыс (шығын) | -1 065 | -2 025 | +960 |
Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 3,4%-ға, яғни 12280 мың теңгеге өскеніне қарамастан, кәсіпорынның жалпы табысы 95%-ға немесе 8060 мың теңгеге азайған. Сонымен қатар кәсіпорын өткен және ағымдағы кезеңдердегі таза табыс таппай отыр. Алайда шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 960 мың теңгеге азайған және ол 1065 мың теңгені құрады. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен өндірістік шығындардың өсуін білдіреді.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,005 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,003 болды.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д = Д / Т
Мұнда: Т - ағымдағы активтер.
Д - таза табыс.
Д - ағымдағы активтердің табыстылығы.
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,012 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,009 болды.
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:
Д = Д / С
Мұнда: Д - меншікті капиталдың табыстылығы;
Д - таза табыс;
С - меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады.
Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.
Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,007 пунктке өскен болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д = Д / Т
Мұнда: Т - ұзақ мерзімді активтер;
Д - таза табыс;
Д - ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,009 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / З
Мұнда: Д - Өндірістік қорлардың табыстылығы;
Д - Таза табыс;
З - Өндірістік қорлар.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,04 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,02 пунктке азайып отыр.
Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / Д
Мұнда: Д - Сату көлемінің табыстылығы;
Д - Жалпы табыс;
Д - Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
Сату көлемінің табыстылық деңгейі жыл басында – 0,023 болса, ал жыл соңында оның мәні – 0,001болды.
Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қызметі шығынды болып табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішкене болса да жақсаруда.
Тақырып:«Ұйымның қызметінің тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау».
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсендетеді.
Қаражыттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:
1.Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:
К = Д / А
Мұнда, К - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
А - авансталған капитал.
Біздің кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жыл басында – 0,99 рет; жыл соңында– 1,05 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 99 тиын, ал жыл соңында 1теңге 5 тиын келтірді.
2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың шамасына бөлу арқылы есептейді.
Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.
Біздің кәсіпорын үшін негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті жыл басында – 2,47 рет; ал жыл соңында – 1,79 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында негізгі құралдардың әрбір бірлігі 2 теңге 47 тиын келтірсе, жыл соңында 1 теңге 79 тиын келтірді.
3.Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады:
К = Д / С
Мұнда: К - меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
С - меншікті капиталдың шамасы.
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншікті иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жаңдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 1,21 рет, ал жыл соңында – 1,26 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.Егер жыл басында кәсіпорында меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігі 1 теңге 21 тиын, ал жыл соңында 1 теңге 26 тиын келтірді.
4. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэф-фициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағыактивтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д / Т
Мұнда: К - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Т - ағымдағы активтер.
Ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.
Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында –3,34 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2 теңге 32тиынал жыл соңында 3 теңге 34 тиын келтірді.
5.Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынныңталдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:
К = S / З
Мұнда: К - материалдық айналым құралдарының айналымдылық
коэффициенті;
S - сатылған өнімнің толық өзіндік құны;
З - өндірістік материалдық қорлар.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында – 6,52 рет; жыл соңында – 6,65 рет болды.
6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д / Д
Мұнда: К - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Д - дебиторлық борыш.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыш-тың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген ком-мерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті жыл басында – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет болды.
7.Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудантүскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың шамасына қаты-насыменанықталады:
К = Д /К
Мұнда: К - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
К - кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэф-фициенті жыл басында – 8,23 рет; жыл соңында – 9,01 рет болды.
Тақырып:«Кәсіпкерлік тәуекелдік және ұйымның болашақ банкротқа ұшырауын талдау».
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
· Экономиканың реформалаудың нормативті және заң шығаратың базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүелерінің жетілмегендігі;
· Инфляцияның аса жоғары денгейі;
· Фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
· Бәсекелестіктің жоғары деңейі және соның нәтижесінде пайда болған сійкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнәм бағасының төмендеуі.
2.Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
· Банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау
· Жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
· Өндіріс көлемінің төмендеуі;
· Ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
· Аталмаған жоғарышығындар;
· Өнімнің төменгі рентабнльділігі;
· Өндіріс циклының өте көлемді болуы;
· Үлкен қарыздар мен өзара төле алмаулар;
· Ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвеститциялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін тандай алмауы.
Банкроттық жайында кридитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады.Егер борышкер өзінің міндеттемелерін үш ай ішінде орынай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кридитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорының экономикалық «ауруын» және одан «арылу» жолдарын тандауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорының банкротылығын болжау бойынша құралдады кең пайдалана отырып, кәсіпорының дағдарыс жаңдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жағдайды болжау – перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметтін қаржылық нәтижесін зерттеу негізінде, болашақ міндеттерін анықтау, страиегиялык басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз етуге тиіс. Мақсатқа сайкес талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа (2-3жыл) және ұзақ мерзімді болашаққа негізделуі керек.
Қазіргі экономикалық ғылымның өз қаралуында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Көсіпорының банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың төрт негізгі тәсілін қарастырамыз:
а) Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
ә) Формаланған және формаланбаған белгілердің жуйесін қолдау;
б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
в) қаржылық ағымның құйылуын талдау.
А. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.
Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдәсә мен экономика-математикалық моделдеу қолданылуы мүмкін. Экономика-математикалық моделдеу көрсеткіштер динамикаын келешекте қаржылыұ процестердің дамуына тигізетің факторлар әсеріне байланысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорының тұрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын танду, сонымен қатар, оның тәуекелділігін анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалык-математикалық модельдер қолданылады.
Нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде кәсіпорының банкроттыұ ықтималдылығын болжау үшін жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын болансының негізінде есептелетін Э.Альтманың көп факторлы моделі кеңінен қолданылады.1968 жылы ол болжаудың бес факторлы Z моделін үсынған.Ол мыына түрде корсетіледі:
Z=1,2+K1+1,4xK2+3,3Xk3+0,6xK4+1,0xK5.
Мұндағы: K1-K5 келесі түрде есептеледі:
K1=Меншікті айналым қаражаттары / Барлық активтер
K2=Бөлінбеген табыс/Барлық активтер
K3=Пайыз бен салық төлеуге дейінгі табыс /Барлық активтер
K4=Меншікті(акционелік) капиталдың нарықтық бағасы (жай және айрықша акциялар)/Қатыстьырылған капитал (баланс бойынша заем қаражаттарының сомасы)
K5=Өткізуден түскен табыс/Барлық активтер
Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э.Альтманың есептеуінше 2,675 болады. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін есептеолген несие қабәлеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2-3ж) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (Z<2,675) және (Z>2,675) басқаладың қаожылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
Кестеде Z-шотының мәні мен банкроттық ықтималдылығы көрсетілген.