Инновациялардың маңызы мен жіктелуі

Нарықтық экономикадағы ғылыми қызметтің нәтижелерін пайдалану мүмкіншілігінің мол болуы, «инновация» деген экономикалық категорияны өмірге әкелді. Қоғамдық қатынастардағы пайда болған осы құбылыс «жаңалық енгізу» деген мағынаны білдіретін «инновация» сөзімен атала бастады.

«Инновация» сөзі 1440 жыл француз тіліндегі «жаңғыру және жаңа» намесе «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағынаны білдіретін «innovatіon» сөзінен пайда болған.

«Инновация» термині, «жаңалық» және «ашылым» түсініктерімен тығыз байланысты болады. «Жаңалық» түсінігі, адаммен шығарылған жаңа құралдар, механизмдер, жабдықтармен түсіндіріліеді. «Ашылым» түсінігі, бұрын белгісіз болған мәліметтерді алу үрдісі және бұрын белгісіз болған табиғи құбылыстардың көрінісімен түсіндіріледі. Инновацияға қарағанда, ашылым термині ең алғашқы сатыда жасалады және қандай да бір кіріс алу мақсатын көздемейді.

Қазіргі кезде бұл инновацияға деген көп көз-қарас бар, әркім әртүрлі анықтама берген, солардың ең алғашқысы және инновация теориясын қалыптастырушы - Й.Шумпетер болатын. 1920 жылдары Австриялық ғалым Й.Шумпетер өзінің «Экономикалық өсу теориясы» еңбегінде алғаш рет инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның ойынша экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім енгізіп сонысымен басқа кәсіпкерлерді бәсекелестікке шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден озу үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға ұмтылады және мәжбүр болады. Й.Шумпетердің айтуынша әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру арқылыда да жаңалық алуға болады деді. Й.Шумпетер теориясы бойынша жаңа комбинациялардың бес түрі бар, оларға:

· жаңа өнімді қалыптастыру;

· жаңа технология пайдалану;

· өндіріс үрдісін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;

· сатудың жаңа рыноктарыға шығуы;

· ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнар көздерін пайдалану жатады.

Й. Шумпетерден кейін Джеймс Брайен Куинн инновацияның жалпы сипаттарына тоқталып келесілерді атады: қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; ықтималды сипатқа ие; күрделілігімен ерекшеленеді; көп уақытты талап етеді; кедергінің пайда болуына, қарсыласуға, тоқтатылымға және шапшаң дамуға бейім деп атап көрсетті.

Ағылшынша-қазақша сөздікке сәйкес, «инновация» - жаңадан енгізу, жаңашылдық, өзгеріс. Дегенмен интеллектуалды еңбектің нәтижесі болып жаңашылдық табылады. Жаңашылдық, қысқа мағынада – интеллектуалды қызметтің жемісі, кең мағынасында – ноу-хаудың, ұтымды ұсыныстардың, тауар белгісінің, патенттің, өнертапқыштық, ашылымдардың бейнесінде жасалған инновациялық үдерістің нәтижесі. Егер, жаңадан енгізудің экономикалық немесе әлеуметтік құндылығы болмаса, ол инновация ретінде саналмайды, өйткені инновация болуы үшін белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үдерістің өндіріске енгізген нәтижесі болуы қажет.

Ал В.А. Макаренконың редакциясымен шыққан заманауи түсніктер мен терминдердің қысқаша сөздігінде толығырақ анықтама берілген. «Инновация (ағыл. innovation – жаңа енгізу, жаңалық, лат. innovation – қайта жаңару, жаңару) бұл:

· техникалар мен технологиялардың буынын қамтамасыз ету үшін, экономикаға қаржы салу;

· ғылыми-техникалық үдерістің нәтижесі болып табылатын жаңа техника, технологиялар ойлап табу;

· жаңа идеяларды жасау мен жинақтау, жаңа теория, модель жасау, оларды жүзеге асыру: қайталанбайтын, жеке саяси бағдарламалар;

· тіл білімінде – жаңа өскін, салыстырмалы жаңа құбылыс, әсіресе морфологияда.

Қазіргі қолданыстағы «Инновациялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы бойынша, «инновация – жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірген техникалық прогресс, жаңа ұйымдастырушылық техникалық, қаржылық – экономикалық немесе басқа да өнеркәсіп немесе қоғамды басқару салаларына прогрессивті ықпал ететін, әр түрлі қоғамдық қатынастар салаларындағы шешімдер ретіндегі жүзеге асырылынған, инновациялық қызмет нәтижелері». Ең алдымен, бұл анықтамада инновацияның құқықтық қатынастардағы түрлі көріністері көрсетілген. Екіншіден, инновация – инновациялық қызметтің нәтижесі ретінде келтірілген.

Инновация түсінігінің базалық әртүрлі анықтамалары бар. Әлеуметтік мағынасы жағынан Г. Мюлганның айтуы бойынша әлеуметтік инновация – бұл негізгі мақсаты әлеуметтік бағытты білдіретін, ұйымдардың көмегімен таралатын, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыратын қызмет көрсету және инновациялық қызмет. Аталған автор негізгі мақсаты табыс табу болып табылатын әлеуметтік және бизнес инновациялар аралығындағы айырмашылықты көрсеткен. Бірақта әлеуметтік инновацияның ұтымды үлгісін көрсететін әлуметтік кәсіпкерлік, бір кезде әлеуметтік мәселелерді шешеді және тұтынушылар мен кәсіпкерлерге табыс табуға мүмкіндік береді.

Т.А. Тумина әлеуметтік инновацияларды былай анықтайды:

· қызметтердің жаңа немесе жетілдірілген өнімдері және технологиялары, соның ішінде ең біріншіден халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге және адам капиталын дамытуға бағытталған әлеуметтік басқару технологиясы;

· осындай жаңалықтарды жасау және тәжірибеде жүзеге асыру үрдістері әдтте жобалық қызмет қағидаларына негізделеді. Бұл жағдайда әлеуметтік инновация әлеуметтік бағыттағы инновациялық қызметтің нәтижесі және үрдісі ретінде көрсетілген.

Ю.Ф. Косинцева әлеуметтік инновациямен материалды-техникалық инновацияны ажыратуды ұсынады. Ол әлеуметтік инновацияны жаңа, ойлап табумен, игерумен, қолданумен байланысты жаңалықтарды қоғамда тарату мен байланыстырды. Ю.Ф. Косинцева әлеуметтік инновациялардың топтамасын ұсынды. Мазмұны жағынан әлеуметтік инновациялар келесідей бөлімдерге бөлінеді:

· экономикалық (еңбкті әлеуметтік ұйымдастыру және материалдық ынталандыру саласындағы инновация);

· ұйымдастырушылық - басқарушылық (жаңа ұйымдастырушылық құрылымдар, еңбекті ұйымдастыру формасы, шешім қабылдау және олардың орындалуын бақылау);

· әлеуметтік-басқарушылық (ұжым ішіндегі қарым-қатынастың өзгеруі);

· құқықтық (құқық объектілері мен субъктілері арасындағы жаңалық);

· саяси (әлеуметтік топтар қарым-қатынасы саласындағы мақсатты өзгерістер).

Экономикалық мағынасы жағынан менеджмент теориясында және тәжірибеде қолданылуы жағынан инновацияның бес тобын бөліп көрсетуге болады.

Әртүрлі экономикалық анықтамалар түсінігі жаңа технологияларды қолдануда, инновациялық қызметті коммерцияландыруда, әлеуметтік жүйеде, экономикалық дамуда және әлеуметтік-экономикалық саясаттың бағыттарын қалыптастыруда қолданылады. Экономикалық мағынасы жағынан инновацияны келесідей бес топқа бөледі.

Кесте 14 - Инновацияның экономикалық мазмұны жағынан бөлінуі

Инновация ... ретінде Анықтамасы
Мақсат Инновация – шығармашылық ойды жүзеге асыру Инновация – жаңалық ашу мен жаңа ойлардың экономикалық, техникалық, әлеуметтік және де басқа салалардағы енуі. Инновация – экономикалық тиімділікті, сапаны, ұйым тұтынушыларының жаңалықтар енгізілуі арқылы қанағаттандырылуын жоғарылату
Стратегия Инновация – білімнің ақшаға айналуы Инновация – кәсіпорынның әлеуметтік немесе экономикалық әлеуетінің мақсатты өзгеруі Инновация – жаңалықтарды жасау траекториясы
Үрдіс Инновация – жаңалықтар енгізу жолымен жақсарту үрдісі Инновация – жаңа ойларды ұтымды қолдану
Нәтиже Инновация – инновациялық үрдістің соңғы нәтижесі. Инновация – жаңа ой, әдіс немесе құрал. Инновация – қызметтегі жаңа аспектіні қалыптастыратын өзгеріс.
Жүйе Инновация – ұйым және білімді өнімге айналдыру ортасы мен адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынас жүйесі. Инновация – адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесінің өзгеруі

Инновация түсінігіне басқа да ғалымдардың көзқарасы бар, солардың бірі Р. Нельсон. Ол экономикалық эволюцияда бірінші рет инновация түсінігіне байланысты екі үрдісті атады, олар өндірістік инновациялардың пайда болуын білдіретін «өзгермелілік» (variation) және бәсекеге төзімді және бейімделгіш «таңдау» (selection) үрдісі деді. Ал Л. Водачек инновацияны «Кәсіпорынның жүйе ретінде қызмет етуінің мақсатты өзгерістері» деп.

Экономикалық зерттеулердің барысында инновацияға деген екі көзқарасты байқауға болады, яғни инновация шығармашылық үрдістің нәтижесі ретінде және жаңалық енгізу үрдісі ретінде. Я. Кук және П. Майерс инновацияны нарықта жүзеге асатын, пайда болған идеядан бастап дайын өнімге дейінгі толық үрдісті айтты. Б. Твиссте инновацияны үрдіс деді бірақ ол жаңа жасалым экономикалық мазмұнға ие болатын үрдіс деді.

Инновация терминіне, алғаш рет идеяның пайда болу көзіне байланысты П. Друкер келесідей типология ұсынды:

· инновацияның негізінде күтпеген оқиға жатыр;

· инновацияның негізінде ақиқат және оны көре алу арасындағы сәйкессіздік жатыр;

· инновация, өндіріс үрдістерінің сұранысына негіз болып табылады;

· инновация, нарықтың немесе саланың құрылымының өзгерістерінің нәтижесі;

· инновация, демографиялық өзгерістер негізі болып табылады;

· инновация, құндылықтарды белгілеу және көңіл-күйдегі, қабылдаудағы өзгерістердің негізі;

· инновация жаңа білімнің негізі болып табылады.

Друкердің айтуы бойынша инновация ол жаңа білімнің негізі және өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар оның құрастырған инновация теориясының тағы бір аспектісі ғылыми-техникалық жаңалықтардың әртүрлі білімдердің негізінде жасалатындығы және ол білімнің ғылым мен техникаға қатысы болуы міндетті емес.

К. Фриман, Дж. Доси. К. Перес өздерінің зерттеу әдістемесінде экономикалық динамиканың және экономикалық өсудің негізгі қозғаушы факторлары деп келесілерді көрсетті: инновация негізінде бәсекелестік; экономикалық дамуда білім мен зияткерлік қасиет маңызды рөл атқарады және инновациялық қызметті институционализациялау оның мазмұны мен құрылымына тікелей әсер етуші фактор балып табылады.

Инновация теориясын зерттей келе біз әртүрлі көзқарастарға кездестік. Біреулер инновацияны зияткерлік қызметтің нәтижесі десе, басқа біреулер оны белгілі бір саладығы өзгерістерге теңейді, ал кейбір ғалымдар инновацияны білімді өнімге айналдыру дейді. Соңғы жылдары инновацияға бұрын нарықта болмаған жаңа немесе жетілдірілген өнім деген анықтама берілген. Сонымен халықаралық стандарттарға сәйкес инновация - (инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі) жаңа немесе жетілдірілген өнімге айналған, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс нарығына енгізілген, тәжірибе жүзінде пайдаланылатын немесе әлеуметтік қызметтерге қатысты пайдаланылатын инновациялық қызметтердің соңғы нәтижесі.

Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау нәтижесінде, инновацияның спецификалық мазмұнын өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтің негізгі функциясы өзгеріс функциясы болатынын анықтадық.

 
  Инновациялардың маңызы мен жіктелуі - student2.ru

Сурет 19 - Инновацияның негізгі мақсаттары

Біздің бұдан байқайтынымыз, осы уақытқа дейін инновация терминіне бір тұрақты анықтама берілмеген. Біз инновация түсінігіне қатысты әртүрлі көзқарастарды зерттей келе, оларды бір жүйеге келтіруге тырыстық. Мұндай талпыныс бізге инновация түсінігіне келесідей анықтама беруге мүмкіндік беріп отыр.

Инновация – адамның ақыл-ой еңбегінің нәтижесінде пайда болған, ғылыми негізделген жаңа өнім немесе қызмет түрі, сонымен қатар, белгілі бір өнімді өндіруде немесе қызмет көрсетуде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Сонымен қатар, біз инновацияның пайда болуындағы негізгі мақсаттарын атап көрсеттік. Инновацияның негізгі мақсатттары 19 -суретте көрсетілген.

Қазіргі таңда әлемнің дамыған және дамушы елдері инновацияға қатты көңіл бөлуде. Өйткені әлемдік нарықтағы жағдай көрсетіп тұрғандай инновацияға негізделген экономика ғана бәсекеге қабілетті болады. Белгілі бір салада инновацияның пайда болуы белгілі бір кезеңдерден өтеді:

· келіп түсетін идеяларды бір жүйеге келтіру;

· идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу;

· жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау;

· жаңа өнімді құру;

· нарықты тестілеу;

· өнім жөніндегі маркетинг бағдарламасы негізінде өндіріске жаңа өнімді енгізу туралы шешімді қабылдау.

Аталған кезеңдерден байқайтынымыз. инновациялық өнімді қалыптастыру және оны нарыққа енгізу өзіндік ерекшелігі бар белгілі бір кезеңдерден өтеді. Сонымен қатар, инновацияның өзіндік мақсаттары бар. Инновацияның негізгі мақсаттары 19 -суретте көрсетілген.

Қазіргі таңда әлемде көптеген елдер экономикасына инновацияларды енгізуде өзара төрт шешуші ресурс үшін бәсекелестікке түседі:

· табиғи ресурстар;

· адам ресурстары (дарындар);

· қаржылық ресурстар;

· замануаи тауарлар мен қызмет көрсетулердің жаһандық нарығы.

Аталған ресурстарды тиімді пайдаланып экономиканың бәсеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемнің дамыған және дамушы елдері экономикасын иннновацияға негіздеу барысында өздерінің ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруда. Яғни ресурстарды тиімді пайдалану үшін инновациялық өнім мен инновациялық қызмттерді дамытуы керек.

Зерттеу барысында анықталған инновацияға деген әртүрлі көз-қарас бізге инноацияны сипаттарына қарай келсідей жіктеуге негіз болды. Инновацияның жіктемесі 15 - кестеде көрсетілген.

Кесте 15 - Инновацияның жіктелуі

Жаңалық деңгейіне байланысты инновациялар келесідей жіктеледі: Пайдалануына байланысты инновациялар келесідей жіктеледі:
· Жақсартылған инновациялар – нарықтағы бар тауарлардың, қызметтердің жұмыстардың, парамертлерін анықтап жетілдіруге бағытталған; · Базистік инновациялар – нарықта бұрын соңды болмаған жаңа өнімдердің, қызметтердің, жұмыстардың пайда болуына мүмкіндік береді; · Кешенді инновациялар – бүкіл әлемдік тәжірибеде сынақтан өткен жетістіктерді жинақтап, әртүрлі салалар мен өндірістердің мүмкіндіктерін бірге пайдалануға ықпал жасау; · Радикалды инновациялар – жаңа ізденістер мен ғылыми идеяларға негізделеді, жаңа салалар мен бағыттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.   · Ғылыми инновациялар – жаңа ғылыми бағыттарды қалыптастыруға және әртүрлі салаларда ғылым жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік береді; · Ұйымдастырушылық басқарушылық инновациялар – бұрыннан келе жатқан басқару және ұйымдастыру әдістерін, еңбекті ұйымдастыру формаларын, шешім қабылдау жүйесін және т.б. жаңартуды көздейді; · Технологиялық (өндірістік) инновациялар – қолданыстағы бар техника мен технологияларды жаңартуға және ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске пайдалануға бағытталады; · Экологиялық инновациялар – қоршаған ортаның ластануын азайтып шикізатты қалдықсыз өңдейтін, зиянды қалдықтарды тазалайтын инновациялық үрдістерді қамтиды; · Рухани саладағы инновациялар – ғылымда, білімде, мәдениетте жаңа ізденістер мен туындылардың пайда болуы.
Технологиялық параметрлеріне байланысты: Жаңалық түріне қарай инновациялар:
· азық-түлік инновациялары, бұларға жаңа материалдар, жаңа жартылай фабрикаттар және әлеуетті жаңа өнім алу жатады; · үрдістік инновациялар – өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдісі (жаңа технологиялар). Үрдістік инновацияларға кәсіпорын құрамына жаңа ұйымдастырушылық құрылымның пайда болуы да жатады. · әлемдік салада жаңа; · елдегі салада жаңа; · кәсіпорынға жаңа (үлкен кәсіпорындар).  
Жүйедегі орнына байланысты (кәсіпорындағы, фирмадағы): Өзгерістердің күрделілігіне байланысты инновациялар:
· кәсіпорын кірісіндегі инновациялар (ақпаратты, жабдықтарды, машынаны, материалдарды және шикізатты қолдану мен таңдаудағы өзгерістер); · кәсіпорынның шығаруындағы инновациялар (бұйымдар, қызметтер, технологиялар, ақпараттар жән т.б.); · кәсіпорынның жүйелілік құрылымындағы инновациялар (технологиялық, өндірістік, басқарушылық).     § радикалды инновациялар - әдетте жаңа өнімдер мен технологиялар. § комбинаторлы инновациялар белгілі элементтердің жаңа үйлесімі. Комбинаторлы инновациялар тұтынушылардың жаңа топтарын тарту немесе жаңа нарықтарды игеруге бағытталған. · модификациялық инновациялар - нарықта бар өнімдерді жақсарту немесе толықтыруға бағытталған. Бұл инновациялар кәсіпорынның нарықтағы орнын сақтауға немесе күшейтуге негізделген.

Аталған инновацияның жіктемесі инновация түсінігінің экономикалық мәні мен мағынасын ашады. Сонымн қатар инновацияның мақсаттарын, жаңалық деңгейін, қоғамдық жүйедегі орнын және технологиялық параметрлерін көрсетеді. Экономикада инновация саласында жиі қолданылатын инновациялық қызмет деген түсінік бар. Бұл түсінікке толығырақ тоқталатын болсақ. Инновациялық қызмет дегеніміз – инновациялық идеяны іздеумен басталады және өнімді өндіру мен оны нарықта жылжыту мен аяқталады.

Инновациялық қызметке келесідей қызмет түрлері жатады:

· инновациялық өнімді жасау үшін ғылыми-зерттеулік, тәжірибелік-конструкторлық, және технологиялық жұмыстарды жүргізу;

· инновациялық өнімді жасау үшін кешенді жұмыстар жүргізу, яғни ғылыми-тхникалық, индикативтік жоспарлау және мақсатты бағдарламалар жасау ұйымдастырушылық және нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету;

· технологияны немесе инновациялық өнімді шығаруға өндірісті дайындау және технологиялық жабдықтау;

· инновациялық өнімді тұтынушыларға өткізу және сынақтан өткізу;

· технологияны коммерцияландыру үрдістерін басқару;

· инновациялық өнімнің ішкі және әлемдік нарыққа шығарылуы және өнімдегі интелектуалды қызмет нәтижелерінің құқығын қорғау;

· инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы және дамуы;

· инновациялық өнімді қалыптастыру, жүзеге асыру және жетілдіру бойынша кеңес берушілік (консультациялық), ақпараттық, заңнамалық сараптама жүргізу.

Инновациялық қызмет саласы үш компоненттен тұрады: жаңалықтар нарығы, инвестициялар – капитал нарығы, жаңа енгізулер (новациялар) – жаңалықтар нарығының таза бәсекесі. Осы компаненттердің жиынтығы инновациялық қызметті құрайды.

Экономиканы инновациялық тұрғыда дамыту үшін ең алдымен инновациялық инфрақұрылымды дамыту керек. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру мен байланысты.

Инновациялық инфрақұрылым – материалдық-техникалық, қаржылық, әдістемелік-ұйымдастырушылық, ақпараттық, кеңес берушілік және т.б. қызметтерді атқаратын инновациялық қызмет субъектілері мен объектілері.

ЮНЕСКО-ның ұсынысы бойынша инновациялық инфрақұрылымға кең мағынада келесі қызметтерді атқаратын ұйымдар жатады:

· ғылыми-техникалық ақпаратты тарататын (институттар, орталықтар, кітапханалар, мұражайлар, ботаникалық және зоологиялық бақтар);

· ғылыми-техникалық ақпаратты интернет арқылы тарату, соның ішінде нақты тапсырыс бойынша (жүйелі орталықтар, провацдерлер);

· ғылыми-техникалық әдебиеттерді шығару, түзету және аудару, соның ішінде электронды нұсқасында;

· пайдалы қазбаларды іздеу (географиялық, гидрологиялық, топографиялық, метеорологиялық, кадастрлық);

· әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жайлы мәлімет жинау (әлеуметтік сауалнама, маркетингтік, экологиялық сараптама);

· өнім және технология сапасын бақылау және стандарттауды, метрологияны, сертификаттауды сынақтан өткізу;

· патенттік-лицензиялық қызмет;

· техника өлшеуіштерді, ғылыми жабдықтарды лизингке және жалға алу;

· шағын бизнеске және жаңадан бастаған кәсіпкерлікке жәрдемдесу (технопарктер мен инкубаторлар);

· венчурлы қаржыландыру;

· нақты инновацияларды жүзеге асыруға және бағалауға, жобаларды, бизнес-жоспарларды дайындауға кеңес беру;

· іздестіру орталықтарының қызметі.

Аталған қызметтерді жүзеге асыру, инновациялық қызметті жүзеге асыру барысындағы шаруашылық субъектілерінің қарым-қатнасы инновациялық үрдісті қамтиды. Инновациялық үрдісті жаңашылдарды өткізу үрдісінде болатын ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ал жаңашылдарды құру, тарату және пайдалануды инновациялық цикл деп атайды. Инновациялық үрдіс белгілі бір кезеңдерден тұрады.

Инновациялық үрдістің негізгі кезеңдері:

· идеяның пайда болуы;

· идеяны өндіріске енгізу үшін оның тиімділігін негіздеу;

· инновациялық жоба жасау;

· технологиялық игеру;

· алынған өнімді жарнамалап нарыққа ұсыну;

· өнімнің нарықтағы өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз ететін шаралар жүргізу;

· құлдырау кезңіндегі инновациялық өнімді жаңарту жұмыстары

Инновациялық үрдістің өзі циклдық сипатқа ие. Инновациялық үрдістің келесідей түрлері бар:

· іргелі зерттеулер;

· қолданбалы зерттеулер;

· жасау(өңдеу);

· жобалау;

· құрылыс;

· игеру;

· өнеркәсіптік өндіріс;

· маркетингтік зерттеу;

· өнімді өткізу.

Инновациялық үздістің ең алғашқы кезеңдері көбінесе ғылыми зертеулермен және ғылыми қызметпен байланысты және де инновациялық цикл элементтерінің әрқайсысы ғылыммен толық байланыты болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибе көрсеткендей фундаменталды зерттеулердің 10% ғана тәжірибеде қолданыс табады екен, ал қалған 90% теріс нәтиже беруде. Сондықтан ғылым жетістік терін тәжірибеде тиімді жүзеге асыру үшін инновациялық менеджменттің орны ерекше. Қазіргі кездегі инновациялық менеджменттің мағынасы – инновациялық қызметтерді және үрдістрді, осы үрдіске қатысатын және инновациялық қызметпен айналысатын ұйымдық құрылымдарды және сол ұйымдардағы қызмткерлерді тиімді басқару қағидалары, әдістері және формаларының жиынтығы болып табылады. Инновациялық менеджментке өз алдына мақсат қою және стратегияны таңдау тән. Инновациялық менеджменттің өзіндік циклдық кезеңдері бар және инновацияны басқару осы кезеңдер арқылы жүзеге асырылады. Инновацияны басқару схемасы 2-суретте келтірілген:

Аталған циклдардың әрбір кезеңінде инновациялық қызметке байланысты белгілі бір мәселелер шешіледі. Нақтырақ айтсақ жоспарлау кезеңінде стратегияны жүзеге асыру жоспары құрылады. Шарттарды анықтау және ұйымдастыру кезеңінде – инновациялық циклды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды анықтап жұмысшыдардың алдына негізгі мәселелер қойылады және жұмысты ұйымдастыру жүзеге асырылады. Жоспарды орындау кезеңінде ғылыми зерттеулер мен жасалымдарды жүзеге асыру және жоспарды іске қосу. Ал басшылық ету кезеңінде атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау және талдау, негізгі іс-әрекеттерге түзетулер енгізу, тәжірибе жинақтау және т.б. жүзеге асырылады. Сонымен қатар Инновациялық жобаларды басқаруда қабылданатын шешімдерге жаңалықтарды қолдану тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.

 
  Инновациялардың маңызы мен жіктелуі - student2.ru

Сурет 20 - Инновацияны басқару схемасы

Инновациялық қызметті сәтті және тиімді басқару үшін инновацияны жете зерттеу қажет. Негізінен инновациялар ғылми техникалық прогрестің жылжуының нәтижесінде пайда болады. ҒТП өзіндік кзеңдері бар және сол кезеңдерге байланысты инновациялар ерекшеленеді және келесідей салаларда пайда болады:

· техникалық – жаңа немесе жетілдірілген қасиеттермен өнім өндірісінде пайда болады;

· технологиялық – өнімді өндірудің жаңа немесе жетілдірілген әдістерін қолдану барысында пайда болады;

· ұйымдастырушылық басқару – өндірісті, өнімді өткізуді және қамтамасыз етуді тиімді ұйымдастыру үрдісімен байланысты пайда болады;

· ақпараттық – ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қамтитын салалардағы ақпараттық қамтамасыз ету және оның негізгі ағымдарын ұйымдастыру мәселелерін шешу;

· әлеуметтік – еңбек жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Зерттеу объектісіне байланысты инновацияны келесідей қарастыруға болады:

· инновация – үрдіс ретінде (Б. Твисс, А. Койре, И.П. Пинингс, В. Раппопорт, Б.Санта, В.С. Кабаков, Г.М. Гвишиани, В.Л. Макаров және басқалары);

· инновация – жүйе ретінде (Н.И. Лапин, Й. Шумпетер);

· инновация – өзгерістер ретінде (Ф. Валента, Ю.В. Яковец, Л. Водачек және басқалары);

· инновация – нәтиже ретінде (А. Левинсон, С.Д. Бешелев, Ф.Г. Гурвич).

Сонымен инновациялық үрдіс – экономиканы жаңа өніммен немесе қызмет түрімен қамтамасыз ету барысында ғылыми-техникалық және ақпараттық ағымдарды қолдана отырып өндірісті ұйымдастыру және басқару қызмттерінің жиынтығын қамтиды.

Экономиканы инновациялық тұрғыда дамыту және бәсекеге қабілеттігін арттыру әрдайым қағамдық үрдістердің жаңалықтар негізінде дамып отыруын қажет етеді. Инновацияның пайда болуы мн дамуы қазіргі кездегі компютердердің пайда болуы және космостық жер серіктерінің дамуы, байланыс желілерінің дамуы және роботатехниканың дамуымен түсіндіріледі.

Наши рекомендации