Кәсіпорын түсінігі, негізгі мақсаты және міндеттері
Тақырып 1. Кәсіпорын - шарушылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде
1.1 Кәсіпорын түсінігі, мақсаты, міндеттері және элементтері
1.2 Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары
1.3 Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері.
1.4 Банкроттық түсінігі мен белгілері және кәсіпорынның банкроттығы
1.5. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорын түсінігі, негізгі мақсаты және міндеттері
Кәсіпорын – заң тәртіптері бойынша тіркеуден өткен, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы пайда табуға жүйелі түрде бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі.
Шаруашылық етудің нарықтық жүйесі жағдайында кәсіпорын оның негізгі буыны болып табылады. Ол ұлттық шаруашылықтың іскерлік белсенділігін анықтайды, осында өнім жасап шығарылады және қызметкер мен капиталдың тікелей байланысы жүзеге асырылады. Кәсіпорында білікті мамандар, кадрлар жұмылдырылған, ресурстарды үнемді пайдалану және өтімділігі жоғары техника мен технологияны пайдалану мәселелері шешіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмыс орындарын қалыптастыра отыра, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, салықтарды төлеу арқылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады.
Кәсіпорын – сұранысқа қажетті өнім өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет түрлерін көрсету үшін материалдық және ақпараттық ресурстарды пайдаланатын жан-жақты шаруашылық субъект. Ол өз қызметімен жеке дербес түрде айналысады, салықтар, басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайда мөлшерін өзі бөледі, яғни кәсіпорын жеке дербес тауар өндіруші болып табылады.
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді.
Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады.
Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.
Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен
пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың
көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді.
Салааралық құрылымы бойынша кәсіпорындар «тар» мамандандырылған, көп профилді және аралас болып бөлінеді:
· «тар» мамандандырылған – жаппай немесе ірі сериялы өндіріс өнімдерінің шектеулі ассортиментін шығаратын кәсіпорындар (шойын, ет, бидай өндірісі және т.б.);
· көп профилді кәсіпорындар түрлі жағдайда пайдаланылатын және кең ассортиментті өнімдерді шығарады. Өнеркәсіпте олар бір уақытта теңіз кемелерін, жеңіл көліктерді, компьютерлерді дайындауға мамандандырылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығында – бидай, жеміс-жидек, малдарды өсіру және т.б.;
· аралас кәсіпорындар шикізаттың немесе дайын өнімнің бір түрін параллел немесе тібектей түрде басқа түрге, үшінші бір түрге ауыстырады.
Қызмет сипатына байланысты:
· өнеркәсіптік;
· өндірістік;
· сауда;
· транспорттық;
· инвестициялық және т.б. кәсіпорындар болып бөлінеді.
Кәсіпорын экономикасы - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады. Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда:
· өндірісті қорлар мен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу;
· өндірілген өнімнің саны мен сапасы;
· өткізу көлемі;
· өткізуден түскен кіріспен пайда.
Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктің деңгейі мен сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлар айқындайды. Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:
1. Өндірісті қорлармен цамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар: ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық, аспаптар, жер, шикізат-материалдар, отын, жұмыс күші, ақпарат және т.б. жатады.
2. Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету: ғылыми-техникалық прогресс; өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру; кадрлардың біліктілігін жетілдіру; инновация мен инвестиция.
3. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің коммерциялық сапасын қалыптастыру факторлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау қызметтері.
Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:
· Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;
· Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;
· Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.
Барлық кәсіпорындар коммерциялық (пайда алу) және коммерциялық емес (қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру), жарым-жартылай пайда алу. Әр кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде қарастырылады.
Жүйе дегеніміз тұтас бірлікті құрайтын элементтердің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы. Кәсіпорын ашық жүйе ретінде қарастырылу керек. Кез келген кәсіпорынның өмірлік циклы болады: құрылуы, дамуы, жетілуі, құлдырауы.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадығы негізгі мақсаты – бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғарғы пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
· пайда алу және оны өсіру
· жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету
· қоршаған ортаны қорғау, ластамау
· сапалы өнім шығару
· жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау
· өз қызметін дамыту
Кесте 1 – Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орта элементтері
Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі элементтер: | Кәсіпорынның сыртқы орта элементтері: |
· Өндіріс қорлары · Адамдар · Ақпарат · Қаржы | · Мемлекеттік органдар · Кәсіпорындар – бәсекелестер, әріптестер, серіктестер. · Тұтынушылар · Кәсіпорын қасында тұратын халық |
Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға – экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға – еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Өнеркәсіп кәсіпорнының функциялары мыналар:
· өндірісте және жекеше тұтынылатын өнім шығару;
· тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
· өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару;
· кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
· кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;
· кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
· кәсіпкерлік;
· салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау;
· мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.