Азіргі кезде несиелік тәуекелдерді төмендету жолдары
Коммерциялық банктерде тәуекелдерді басқару стратегиясы интеграцияланған түрде құрылуы тиіс, ол тәуекел аспектілерінің барлығын қамтитын , әсіресе нарықтық, несиелік, өтімділік, операциондық , заңгерлік тәуекелдерімен байланысты және банк абыройымен және қызметшісімен байланысты тәуекелдердің басқару деңгейінен операциондық деңгейлерге төмен түсетін міндеттер мен қызметтерінен тұрады . Бұл құрылымның құрамына ақырғы жауапты орган ретінде Басқарудың өзі , комитеттер, тәуекелдерді басқару бөлімі , сонымен қатар басқа да әртүрлі демеу және бақылау бөлімдері куіреді . Олардың барлығында айқын түрде белгіленген міндеттері мен есептілік реттері болады .
Күнделікті тәуекелді бақылау , бағалау және тәуекел деңгейін анықтау жауапкершілігі банктің арнайы құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі . Оның ең басты мақсаты тәуекелдердің , әсіресе несиелік және өтімділік тәуекелдерінің басқару принциптерін енгізу және тәуекелдерді бағалау әдістемесін жасау. Банктің аналитикалық бөлімі осы барлық тәуекелдерді бекітілген лимиттердің шегінде қалуын ,операция жүргізілердің алдында дұрыс түсінілуін және бағаланылуын , тұрақты негізде қадағаланылуын және осылар бойынша басшыларға есеп берілуін қамтамасыз етеді.Ұйымдарда банктік тәуекелдерді басқару мен бақылау үшін аналитикалық бөлім тәуекелді басқару және бақылаудың әмбебап,тиімді жүйелерін құру үшін маңызды танымал берік факторларға сүйенуі тиіс.
Бірінші . Тәуекелдерді басқару істің жүргізіулуіне толық жауапты адамдардан шығып , жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі . Тәуекелді басқарудың ақырғы жауапкершілігі - банктің басшылығында болады.
Екінші . Басқару және атқарушы басшылық тәуекел үлгілерінің кең қатары бар екенін мақұлдайды және өлшеуге берілуі жай - операциялық , заңгерлік тәуекелдер , фирманың қанауымен байланысты немесе оның қызметшісімен байланысты тәуекелдерді қоса алғанда парабар қамтитын бақылау құрылымын қамсыздандырады .
Үшінші . Қамтамасыз ету және бақылау бөлімдері - ішкі аудит , заңгерлік бөлім , ақпараттық технологиялар бөлімі – бұлар тәуекелдерді басқарудың жалпы құрылымының құрама бөлігіне кіруі тиіс.
Төртінші . Тәуекелдермеді басқару мақсаттары мен принциптері банктің жалпы стратегияларының ең басты қызметі болып табылады.Оларды қосалқы операциондық процедуралар және бақылау әдістері арқылы енгізу керек .
Несие берілгенгеннен соң клиентпен жұмыс тоқтатылмайды . Бір жағынан ақпараттық орталықта клиенттің көрсетілген ақпараттық көздері туралы ақпарат талданады , ал екінші жағынан , берілген қарыздың қайтарылуына жауапты несие беруші қызметкер , несие жүргізу барысында арнайы бланкіні қолдана отырып , Орталыққа кез келген нақты сұрақты қоюға әрқашан мүмкіндігі болады . Осылайша клиентті тексеру екі жақты жүреді.
Қажетті мәліметтерді арыз беруші араласқан банктерден және қаржылық ұйымдардан алуға болады . Банктер , инвестициялық және қаржылық компаниялар осы компанияның депозиттерінің мөлшерлері туралы өтелмеген қарыздары туралы , шотардың төленуінің ұқыптылығы туралы материалдарды бере алады .
Банктің несие беру бөлімі мамандандырылған несие агенттіктеріне хабарласып, кәсіпорынның немесе жеке тұлғаның қаржылық есебі туралы мәлімет ала алады .
Сонымен , несиелік тәуекел – бұл клиенттің несиелік келісім шартта көрсетілген алғашқы талаптарын сақтамау ықтималдылығы . Ол ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болады .
Несиелік саясат активтердің өсуі және олардың сапасының өсуінің мақсатты шегіне жетуімен сипатталады .
Банк стратегиясы – бұл банктік саясатты жүзеге асыру үшін арнайы құралдар мен әдістерді қолдану тәсілі .Несиелік стратегия талдау кезінде келесі бағыттармен сипатталуы мүмкін :
• несиелік портфельдің құрылымын бақылау және бағалау ;
• тәуекел дәрежесінің есебі ;
•банк операцияларының диверсификациясы : экономика секторларымен , жалпы несиелік тәуекелді төмендету үшін операциялар және қызметтер түлерімен;
• несиелік шығындарды жабу үшін резервтер құру;
• проблемалық ссудаларды мұқият қадағалау және бақылау.
Несиелік процесс екі кезеңнен тұрады . Бірінші кезеңде , несиелік өтініштерді мұқият талдау жүзеге асырылады. Несие бергеннен кейін екінші кезең басталады – ол несиелік портфельдің мониторингі .
Банктен несие алу жөнінде келісетін клиент несие алумен байланысты :мақсаты , несие мөлшері , түрі және ссуда мерзімі көрсетілген өтініш береді .
Банк өтінішке қосымша құжаттар және қаржылық есеп берулерді талап етеді . Бұл құжаттар өтініштің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады . Олардың талдауы банк өкілі өтініш берушімен интервью жүргізген соң жүзеге асырылады.
Банкке өтінішпен бірге келесі құжаттар тапсырылады:
1. Қаржылық есеп беру нәтижесі , оған банк балансы және соңғы 3 жылдағы кірістер мен шығындар есебі кіреді ;
2. кассалық түсімдердің қозғалысы туралы есеп беру;
3. ішкі қаржылық есеп ;
4.ішкі басқарылатын есеп беру ;
5.қаржыландыруды болжау;
6.салық декларациясы;
7.бинес-жоспар .
Банктік құрылымда және кеңес беруші компанияларда төмендеу технологияларын дәл және толық суреттеу және несиелік тәуекелдерді басқарудың көпшілігі know how болып келеді .
Ең көп таралған үлгі Chase Manhattan Bank мамандарымен жасалған Risk Management технологиясы болып табылады .
Несиелік тәуекелдерді басқару жүйесінде сақтандыру ерекше орынға ие .
Хеджирлеу операциясында несиелік тәуекелді басқарудың тиімді инструменті – несиелік деривативтер .Несиелік дериваторлар - несиелік тәуекелді басқаруға арналған туынды құрал .
Олар нақты инструментке қатысты барлық тәуекелдерден несиелік тәуекелді бөліп алуды рұқсат етеді . Ондай инструменттерге – ерекше құрастырылған своптар , несиелік тәуекелдерге байланысты бағалы қағаздар және т.б. жатады .
Банктерде несиелік дериваторларды қолдану ең алдымен несиелік тәуекелдерді бөлуге бағытталады .
Орытынды.
Соңғы жылдары Қазақстанның екінші деңгейлі банктері үшін «тәуекел» категориясының мәні мен мазмұны артуда. Қазақстан өз тәуелділігін алған күннен бастап бүгінгі таңға дейін көптеген коммерциялық банктер тәуекелді дүрыс басқармау нәтижесінде банкроттыққа ұшырады. Осыған орай, қазіргі кезде тәуекелді басқару мен бағалаудың жеткілікті әдістері мен тәсілдері қалыптасқан.
Әр банк өзінің қызмет ету саласына байланысты өзіне тән тәуекелдің түрлерін, оларды бағалаудың оптималды әдістерінің жиынын анықтайды. Банк үшін тәуекелдердің түрлерін анықтау және оларды бағалау қиынға соғады. Осы мәселені шешу үшін банк алдын ала болашақта пайда болуы мүмкін барлық тәуекелдердің түрін және оларға төтеп беру мүмкіндігін анықтап алады. Егер де тәуекел жеткіліксіз дәрежеде анықталып талданса. нэтнжесінде банктің банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі артады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тәуекелді басқарудың, талдаудың, бағалаудың маңызы өте зор.
Банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келеді. Өйткені кез-келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл кызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыкқа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты.
Банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтаймыз:
1. коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы; 2.банктік тәуекелдің пайда болу немесе ыкпал ету аясы; 3.банк клиенттерінің құрамы;
4.тәуекелділікті есептеу әдістері;
5.банктік тәуекелдің деңгейі;
6.тәуекелді уақыт түрғысынан үлестіру;
7.тәуекелді есепке алу сипаты;
банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.
Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез-келген банк өзінің каражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.