Еуроодақ негізіндегі сауда экономикалық ынтымақтастықтарға сипат бере отырып қызмет ету аясына талдау жүргізіңіз

Еуропа одағының әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мұндағы әлеуметтік саясаттың ең басты ұйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеуметтік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық құра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жұмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жұмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО құзырына кіретін элементтердің құрамдас бөлігі "жұмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) ұстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әйелдер мен ерлердің тең құқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы). Сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында мына деңгейлермен қызмет атқарады:

Бірінші деңгейдемемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады.

Екінші деңгейіндемемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтінеркін сауда аймағын (ЕСА)құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.

Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді.Еуропалық Одақ – Еуропалық континентте орналасқан интеграциялық бірлестік болып табылады. Еуро Одақ жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люсенбург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Филиандия, Швеция елдерінің қатысумен 1993 жылы құрылған. Еуропалық Одақ Еуропалық қауымдастық атап айтқанда Еуропа көмір мен болат қорыту бірлестігінің 1951 осы ұйым Еуропалық ұйымдастырушылық негізінде қаланды, Еуропалық экономикалық қауымдастық, 1957жылы Рим келісім-шарты бойынша құрылған бұл ұйым " ортақ рынок" деп те аталады, сондай-ақ Атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастық 1957 жылы құрылған қарым-қатынасы негізінде жұмыс істейді. Еуропалық Одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаты Бірегей европалық актіде ( 1987), Мастрик келісім-шартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) айқындалған. Соңғы жылдары Еуропалық Одақ мынандай бағыттарда:

1. Ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту.

2. Кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру

3.Бірегей сыртқы саясатқауым саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру.

Жерорта теңізінің жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрылығыаймақтық саясатты жандандыру, әлеуметтік саладағы үйлесімділік туралы айтырып, құқық қорғау және ішкі тәртіп сақтау әртекті байланысты өрістету мақсатында қызмет етіп келеді.

Еуропалық Одақ / ЕО/ әлемдік саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады.

Қазіргі уақытта Еуропалық Одаққа қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. 370 млн. адамы бар біртұтас ішкі рынок жағдайында Еуроодақтың ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең. Еуропалық Одақ / ЕО/ тауарлардың әлемдік саудасының 40 пайызы және қызмет көрсету саудасының 30 пайызы шығырланған, ғылыми- техникалық және қаржылық әлеуеті АҚШ-тан кейін екінші орынды алады.

Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу , еропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту процесіндегі Еуропалық Одақтың өсе түсіп отырған ролі Еуропалық Одаққа қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болыуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды. 1993 жылы желтоқсанда Бруссельдегі Еуропалық Одақ жанынан Қазақстанның өкілдігі ашылды. Еуро Одақ Еуропа елдерінің экономикасын көтеруде басқа дамыған елдерге қарағанда едәуір алда. Еуро Одақтың әлем нарығындағы орыны өте жоғары, ақша бірлігі - еуро құнының құндылығы да көп елдер арасында жоғары, көптеген экспорттық импорттық операциялар осы валюта негізінде жүргізіледі. Еуро Одақ ұстанған саясат өзінің ішкі құпиялылығымен де ерекшелінеді.

Азақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы тұрғысынан сараптама жүргізіңіз

Наши рекомендации