Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
Алымдар.Алымдар дегеніміз мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өтінуші-келуші белгілі бір тұлғаларға қатысты нактылы көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген құқыктар немесе арнайы рұқсатгар үшін сол занды немесе жеке тұлғалардан алынатын максатты — бағдарлы, біршама — эквивалентгі әрі міндетті ақшалай төлемдер.
Алым өзіне тән мынадай:
1) біржолғы төлем;
2) біршама-эквивалентті төлем;
3) міндетті төлем;
4) нақты тұлға үшін ерікті сипаттағы төлем;
5) ақшалай телем;
6) өтемдік сипатта болатын төлем;
7) көрсетілген қызметтің кұны есепке алына отырып жүзеге асырылатын тәлем;
8) кейде мемлекеттің материалдық мүддесі басым болып кететін төлем сияқты белгілерімен ерекшеленеді.
Казақстан Республикасында алымдардың мынадай түрлері:
1) занды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін;
2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін;
3) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құкықтарды мемлекеттік тіркегені үшін;
4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін;
Баждар. Баж — арнайы мамандандырылған уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінуші — келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс-қимыддар және берілген ресми құжатгар үшін сол занды немесе жеке түлғалардан алынатын біршама — эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.
Мемлекеттегі баждар мемлекеттік жөне кедендік болып белінгенімен жалпы сипаттамасы көптеген белгілері бойынша сәйкес келетіндіктен бажға тән қасиетгер ретінде мына:
Баж:
1) міндетті төлем;
2) мәжбүрлі төлем;
3) арнаулы пайданы мақсаттайтын телем;
4) ақшалай төлем;
5) заңи маңызы бар іс-әрекетті жасауға орай жүзеге асырылатын төлем;
6) белгілі бір кұжаттарды беруге байланысты жүзеге асырылатын төлем;
7) мемлекеттік ішкі және сыртқы кедендік шекараны әрі-бері кесіп өтіп тауарлар мен өнімдерді әкетіп, әкелуші түлғалар жүзеге асыратын төлем;
8) мемлекет кірісі болып табылатын төлем;
9) біршама-эквивалентті төлем;
10) көрсетілетін қызмет кұнына қарамастан (есепке алмай) жүзеге асырылатын төлем сияқты ерекшеліктері көрініс табады.
Казақстан Республикасында мынадай кедендік баждар мен міндетті төлемдер:
1) кедендік баждар;
2) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
3) тауарларды сақтағаны үшін кедендік алым;
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік баждар мынадай объектілерден:
1) сотка берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан, кассациялық шағымдардан, сондай-ак сотгың құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
2) нотариаттык іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ак но-тариат куәлавдырған қүжаттар көшірмелерін бергені үшін;
3) түрғылықты жерін тіркегені үшін;
Төлемақы.Төлемақы — уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келуші тұлғаларға көбінесе материалдық сипаттағы табиғи, сондай-ақ кейде өзгеше мақсатта пайдаланылатын белгілі бір объектілерді, не болмаса соларға байланысты рұқсаттарды және құкыктарды бергені үшін сол зағды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.
Төлемакының өзіне тән белгілері: міндетті төлем; ақшалай төлем; біршама-эквивалентті төлем; Салық кодексімен жөне басқа да дербес КР заң актілерімен негізделетін төлем болып табылады.
Қазақстан Республикасыңцағы мынадай төлемақылар:
1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін.;
2) жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін;
3) қоршаған ортаны ластағаны үшін;
Сонымен, салыктар экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде көрініс табады және осындай қасиетінің арқасында ұдайы өндіріс процесін ынталандыру функциясы әрі дербес экономикалық категория болып табылады. Салықтардьщ табиғаты үдайы өндіріс және экономикалық өсу зандарымен айкындалады, сондай-ақ олар ете күрделі қаржылық-экономикалық құрылымымен ерекшеленеді.
Дебиет
1 Налоговый кодекс РК от 12.06.2001
2 Найманбаев С.М Салықтық құқық: Оқулық.-А: Жеті жарғы, 2005
3 Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», - 2002, 344 с. С.
4 Налоги и налогообложение / Под ред. Романовского М.В. – М.: Юристъ, 1997.-672с.
Бақылау сұрақтары:
1 Салықтардың жалпы теориялары
2 Салықтардың жеке теориялары
3 Салық салу қағидаларының жүйесі
4 Салықтардың классификациясы
5 Салықтардың төлемдерден,жиналымдардан,мемлекеттік баждан және басқа да міндетті бюджет төлемдерден айырмашылығы