V. пойыз жӘне маневрлік жҰмыстардыҢ Қауіпсіздік кӨрсеткіші

Төмендегі жағдайларда маневрлерді түртіп итеру және дөңестерден тарқату арқылы жүргізуге тыйым салынады: - жүктерді тіркескен жолсеріктері (командалары) бар вагондардан басқа адамдары бар вагондарды; - жүктерді теміржолдармен тасымалдау ережелерінде және теміржол- дармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде атап өтілген жекелеген категориялардағы жүктері бар вагондарды; - 4-ші, 5-ші, 6-ші дәрежелі бүйірлік және төменгі габаритсіздігі және 3-ші дәрежелі жоғарғы габаритсіздігі бар жүктермен тиелген платформалар мен үсті ашық вагондарды, жүк тиелген транспортерлерді; - жұмыс істемейтін күйіндегі локомотивтер, моторвагонды жылжымалы құрам, тоңазытқыштық поездардың құрамдары, жолаушы вагондары, теміржол жүрісіндегі крандарды; - «Дөңестен түсіруге болмайды» трафареті бар вагондарды және арнайы жылжымалы құрамды.

Аталған жылжымалы құрам сұрыптау дөңесі арқылы тек маневрлі локомотивпен бірге ғана өткізілуі мүмкін. Сұрыптау дөңестері арқылы: - 12 немесе одан астам осьтері бар жүк тиелген және бос транспортерлерді; - жүккөтергіштігі 120 т іліністік типтегі жүк тиелген транспортерлерді ілінісінде бір немесе екі аралық платформалары бар кезінде, сондай-ақ «Дөңестен өткізуге болмайды» трафареті бар жылжымалы құрамды өткізуге тыйым салынады.

Станциялық жолдарда локомотивсіз тұрған поездар құрамдары, вагондар және арнайы жылжымалы құрам орнынан жылжып кетпеуі үшін тежегіш табандықтармен, вагондарды бекітуге арналған тұрақты құрылғылармен, қол тежегіштерімен немесе «ҚТЖ» ҰК» АҚ белгілеген бекіткіш құралдармен мұқият бекітілуі тиіс. Вагондарды және құрамдарды бекіту тәртібі поездар қолзғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді және жергілікті жағдайларды ескере отырып станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі. Станцияда тұрған, жүк операцияларына тартылмаған және тазалауға зарарсыздандыруға және жөндеуге қойылмаған вагондардың есіктері жабық болуы тиіс.

Темір жолдар мен жүк тасымалдау ережелерінде және теміржолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген категориялардағы жүктері бар вагондардың маневрлер жүргізілуі кезінде қатты отынмен істейтін паровоздан қауіпсіз жүгі бар вагондардан немесе бос вагондардан тұратын тиісті қорғағыш қоршауы болуы тиіс. 58 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондар және парктердің сұрыптау жолдарында жинақталып қойылғандарынан басқа сұйытылған газы бар цистерналар станцияларда поездардан тыс тұрақта тұрғанда ерекше жолдарға орналастырылуы тиіс. Мұндай вагондар бір-біріне тіркеулі, жылжып кетуден мұқият бекітілуі және тасымалды тұрақтау сигналдарымен қоршалуы тиіс.

Осындай вагондардың тұрақтау жолдарына қарай бастайтын стрелкалар бұл жолға кірудің мүмкіндігіне жол бермейтіндей қалпына қойылады. 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондар және сұрыптау парктерінің жолдарында жинақталуға қойылған сұйытылған газы бар цистерналар тұрған кезде теміржолдарда жүк тасымалдау ережелерінде, темір- жолдарда қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде және поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген сақтанудың ерекше шаралары қолданылуы тиіс. Маневрлерді жөргізетін локомотивтің қозғалысын басқаруды — олардың дөрыс орындалуы өшін жауапты болатын маневрлерді басқарушы (поездарды қөрастырушы) — бір ғана қызметкер жөргізуі тиіс.

Маневрлерді басқарушының міндеттері төмендегідей: - маневрлік жұмыстар тапсырмасын дәл және дер кезінде орындау; - маневрлерді жүргізуге қатысатын барлық қызметкерлердің, оларды алдағы маневрлік жұмыстардың жоспары мен оларды орындау тәсілдерімен таныстыру негізінде дұрыс орналастырылуын және әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету; - поездарды осы

Ережелердің, тиісті нұсқаулықтар мен нұсқаулардың талаптарына дәл сәйкестікпен қалыптастыру; - маневрлік жұмысты, қозғалыс қауіпсіздігі, маневрлерде қамтылған жұмыскерлердің жеке қауіпсіздігі, жылжымалы құрам мен жүктің сақтанымдылығы қамтамасыз етілетіндей дәрежеде ұйымдастыру. Адамдары бар, габариттен тыс және 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондардың маневрлерін ерекше сақтылықпен жүргізуі тиіс. Станцияларда, жолдық дамуына, маневрлік жұмыстың сипаты мен көлеміне байланысты жолдар маневрлік аймақтарға бөлінеді. Аралық станцияларда маневрлік жұмыс бас кондуктордың немесе оның міндетін атқаратын қызметкердің басшылығымен жүргізіле алады.

Құрастыру бригадасы немесе бас кондуктор қызмет көрсетпейтін локомотивтің қозғалыстарын осы аймақта маневрлердің жүргізілуін басқару құқығы бар қызметкер немесе оның нұсқауы бойынша сигналшы (стрелкалық қосынның кезекшісі басқарады). Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның станциялық жолдар бойынша маневрлік қозғалыстары, поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Маневрлік қозғалыстарды жүргізуі кезіндегі локомотивтік бригаданың міндеттері төмендегідей: - маневрлік жұмыстар тапсырмасын дәл және дер кезінде орындау; 59 - берілетін сигналдарды мұқият қадағалау, сигналдарды және қозғалыстар жөніндегі нұсқауларды дәлме-дәл және дер кезінде орындау; - жол бойындағы адамдарды, стрелкалардың қалпын және жылжымалы құрамның орналасу жағдайын мұқият қадағалау; - маневрлерді жүргізудің қауіпсіздігін және жылжымалы қүрамның сақтанымдылығын қамтамасыз ету.

ҚОРЫТЫНДЫ

Айтылған мәліметтер теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі әртүрлі сұрақтарды қарастырмайды. Тасымал үрдісін қамтамасыз етуде бұл мәселе әртүрлі шаруашылықты ұйымдастыруда оның ерекшеліктері өте кең және көп түрлі. Сонымен қоса осы оқу құралы «Техникалық пайдалану ережелері немесе теміржол өлігінде қозғалыс қауіпсіздігі негіздері» пәнінің бағдарламасына сай келеді.

Осымен қатар айтылған мәліметтер 5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының студенттері мен институтта біліктілігін жоғарылататын тыңдаушыларға бағытталған, сондықтан осы оқу құралының басты бағыты теміржолда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұйымдастырылған технологиялық іс-шаралар болған.

Әрбір теміржолшының қозғалысқа байланысты бірінші міндеті сөзсіз қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымалданатын жүктің, багаж және жүк багаждың сақталуы, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау болып табылады. Қозғалыстың үлкен жылдамдылығы мен үлкен қарқындылығында апатсыз жұмыс әрбір қызметкердің техникалық құралдар мазмұны мөлшерін сақтауға кепілді болуы және өзінің міндеті шеңберінде бекітілген қауіпсіздік ережесін орындауы мүмкін.

Азаматтық фактор қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты орын алады. Қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы әртүрлі себептерден болуы мүмкін: ситуациялық жағдайлар, туындаулар, жолдың, жылжымалы құрамның, байланыс желісінің сыртқы түзетілген бөлігінің ойда жоқта зақымдануы техникалық құралдардың моральдық тозуы, бірақ бәрінен де пойыз қозғалысына қатысты қызметкерлердің қателік жіберулерінен.

Тасымал жұмысындағы апат пен пойыздарды бос емес жолға қабылдаудан, бос емес аралыққа жіберуден, басқа маршрутқа қабылдау немесе жіберу, «кетерде» аралықта табылмаған вагондардан, жылжымалы құрамның маңында бағыттамаларды бұрудан, сұрыптау төбешігінде баяулатқышты ағытпаны ұстап тұру ағытпаның соқтығысуына әкеп соғатыны, габариттердің бұзылуы және т.б. салдарынан болады.

Теміржолда қауіпсіздік жағдайын талдау көрсеткендей тәртіптің, бұзылуының ең көп саны аралықта және қабылдау-жөнелту маршруттарында вагондардың бекітілмеуінен болады. Көп жағдайларда тәртіп бұзушылықтың ең басты себебі қызметкерлердің тәртіп сақтамауы, олардың ережелер мен өз міндеттерін білуіне, білімінің жетіспеушілігі, жоғары тұрған басшылардың жағынан талап етуінің әлсіздігі болып табылады.

Барлық апаттардың ең қайғылысы адамдардың зардап шегуі болып табылады. Тіпті күтпеген жағдайда жол қызметкерлердің біліктері мен шешуші іс-әрекеттері ауыр жағдайға әкеп соғады. Теміржол көлігіндегі барлық ақаулар 69 мен апаттардың болмауы әрбір қызметкердің өзінің қызметінің міндеттерін қатаң сақтағанына байланысты.

Теміржол көлігінде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кеңейтілген кешенді іс-шаралар өтіп отырады. Осындай іс шаралардың бірі пойыз қозғалысымен байланысты адамдарды жұмысқа қабылдау кезінде толық бақылап таңдау болып табылады. Бұл жұмысқа тек 18-ге толған және бекітілген тәртіп бойынша медициналық байқаудан өткен тұлғалар ғана жіберіледі. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең қажетті шарты болып тәртіп, аңғарымпаздық, нақты сөйлеу, тапсырылған жұмысқа деген үлкен жауапкершілік сезімі болып табылады. Пойыздарды қабылдау және жөнелту оталарын орындау маневрлік жұмыс кезінде бір уақытта бірнеше жұмыскерлер қатысады (станса бойынша кезекші, құрастырушы, машинист, бағыттама бекеті кезекшілері және т.б.).

Сондықтан да олардың бірінің қате әрекеті басқа жұмысшыға ескертілуі мүмкін. Стансадағы қауіпсіздік шарасының өркендеуі – пойыздық және маневрлік радиобайланыс, қатты сөйлегіш байланыстың енуі. Тиеу стансасындағы қауіпсіздіктің кепілі техникалық және коммерциялық байланыстағы вагондарды сараптау, ашық жылжымалы құрамда аса қауіпті габаритсіз жүктерді тиеу және бекіту ережесін қатаң сақтау болып табылады. Бекітілген қауіпсіздік ережесін бұлжытпай сақтау пойыздарды құрастыру кезінде, әсіресе жолаушы пойыздарында автоматтық тежегіштерді қосу сигналдарды белгілеу кезінде жүзеге асуы керек.

Стансада апат жағдайының тууы кезінде мүмкін жағдайды қалыптастыру және қалпына келтіру мен өртке қарсы құралдарды тез арада шақыру шаралары қолданылуы керек. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің талаптары нұсқау құжаттарында нақты көрсетілген. Сондықтан пойыздық және маневрлік жұмыстағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің деңгейін көтеру мақсатына жету қозғалыс қызметінің нормативті техникалық құжаттарының талаптарын сөзсіз орындау, нақты білуге, жолаушы және жүкті тасымалдауды барлық деңгейде басқару қызметін орындаушылардың әрекеттерін бақылауды, қарастырылған ескертпелі профилактикалық шараларды жүзеге асыруға байланысты.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Балалаев С.В. Безопасность движения на железных дорогах: учеб. пособие. Ч. 2: Практические расчеты. – 2-е изд., испр. и доп. / С. В. Балалаев. – Хабаровск: Изд-во ДВГУПС, 2002. – 116 с.

2. Гапеев В.И. Безопасность движения на железнодорожном транспорте / В.И. Гапеев, Ф.П. Пищик, В.И. Егоренко. – МН.: Полымя, 1996. – 360 с.

3. Лисенков, В.М. Статистическая теория безопасности движения поездов: учеб. для вузов / В.М. Лисенков. – М.: ВИНИТИ РАН, 1999. – 332 с.

4. Малыбаев С.К., Дедов А.Н., Балгабеков Т.К. Общий курс транспорта: Учебное пособие. - Караганда: КарГТУ, 2005. - 82 с.

5. Правила технической эксплуатации железных дорог Республики Казахстан. - Алматы: ТОО”Медиа Транспорт”, 2006. -240 с.

6. Инструкция по движению поездов и маневровой работе на железных дорогах Республики Казахстан. - Алматы: ТОО”Медиа Транспорт”, 2006. -408

7. Общий курс и Правила технической эксплуатации железных дорог: Учебник для учащихся техникумов ж.-д. трансп./ М.А. Буканов, А.К. Второв, В.Б. Кантор и др.; Под ред. М.Н. Хацкелевича.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Транспорт, 1984.-400 с.: ил., табл.

8. Техническая эксплуатация железных дорог: Пособие для изучения ПТЭ/ Б.Д. Никифоров, С.А. Пашинин, В.С. Скабалланович и др.; Под ред. К.В. Кулаева. - М.: Транспорт, 1982.- 343 с.: ил. 168, табл. 20.

9. Железнодорожный путь/ Т.Г. Яковлева, Н.И. Карпущенко, С.И. Клинов, Н.Н. Путря, М.П. Смирнов; Под ред. Т.Г. Яковлевой. 2-е изд., с измен. и дополн. – М.: Транспорт, 2001.- 407 с.

Наши рекомендации