Мен бос уаҚытымды Қалай Өткіземін?

Мен университетке аптасына алты күн барамын, сондықтан менде тек бір күн ғана демалыс – жексенбі. Жексенбі күні басқа күндерге қарағанда кешірек тұрамын.

Қыста мен таңертеңгі астан соң-ақ шаңғы тебуге кетемін. Мен шаңғыны үйімнің жанындағы паркте тебемін. Мен серуеннен түскі асқа бір ақ ораламын. Түскі астан кейін дем аламын.

Күнде кешке жолдастарыммен кездесіп тұрамын. Біз музыка тыңдаймыз немесе бейне таспа көреміз.

Көктем мен жазда мен демалысымды таза ауада өткіземін. Сенбі күні кешке мен ата-анам тұратын саяжайға кетемін. Онда үйдің жанында өзен бар, мен сонда жүземін. Өзеннің қос жағалауында тоғай бар, мен сонда барып саңырауқұлақ, жидек теремін. Егер көшеде жауын жауып тұрса, мен үйден шықпай, кітап оқып, теледидар қараймын.

Күздің басында мен бірге оқитын жолдастарыммен серуенге шығамын. Біз күндіз сенбі күні кетіп, жексенбінің кешінде ораламыз.

Біз орманда от жағуды, тамақ пісіруді үйренеміз, орманнан су іздейміз. Біз шатырда түнейміз, келесі күні үйге жаяу ораламыз.

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздерді оқып, сөз тіркесінде қолданыңыздар.
  2. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
  3. Мәтіннен сын есім сөздерді тауып оқыңыз.
  4. Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.
  5. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.
  6. Бос уақытыңызды қалай пайдаланатыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.
  7. Төмендегі сөздердің синонимдерін тауып жазыңыз.

1. Жұмыс _______________________________________________

2. Міндет_______________________________________________

3. Мекеме ______________________________________________

4. Қолдану______________________________________________

5. Шағын ______________________________________________

6. Тәулік ________________________________________________

7. Құны _________________________________________________

8. Қызметкер _____________________________________________

9. Қазіргі________________________________________________

10. Халық _______________________________________________

8. Мына суреттер бойынша әңгімелеңіз.

мен бос уаҚытымды Қалай Өткіземін? - student2.ru мен бос уаҚытымды Қалай Өткіземін? - student2.ru

9. Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар.

а) Уақытты басқару дегеніміз не?

ә) Уақытты меңгеру не үшін қажет?

б) Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз?

10. Мына өлеңді жаттап алыңыз:

Көкжиектен күн аунап барады әні,

Қызарғаны – қоштасып қарағаны…

Осылайша өтеді қайран уақыт,

Сені мәңгі қоймайды сайрандатып,

Күз де келер, кем-кемдеп тартыларсың,

Қыс та келер, біржола сарқыларсың.

Ақ бұлақтар!

Алқынған Ақ бұлақтар!

Қазір көктем, алдың – жаз, шапқылап қал!.. (Ж.Әбдірәшев)

Даналар сөзін тыңдайық

  • Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені – ең дұрыс жол.

В.Г. Белинский

Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен

Ымбат. А.В. Суворов

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2. 3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

3. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

4. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СОӨЖ 1. Уақыт, мезгіл, шаққа байланысты өлеңдерден жатқа айту.

Мысалы, Абай өлеңдері

2. Уақытты бағалау. Сұхбат.

3. Менің сүйікті ісім. Әңгімелеу.

СӨЖ: «Мен бос уақытымды қалай өткіземін» тақырыбына әңгіме жазу.

Тақырып. Ұлы іс отаншылдықтан туады.

А) Атамекен

Наши рекомендации