Ақша-қаражаттарының есебі мен қаржылық инвестиция есебі және аудиті
Ақша қаражаттары туралы ақпарат 1000 шот бөлімінде көрсетілген. Ақша қаражаттар есебін қазына бөлімшесі жүргізеді. Ақша қаражаттар бойынша негізгі бастапқы құжаттар кассалық ордірлер болып табылады.
Қолма-қол ақшаларды кассаға қабылдау КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері, ал беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері бойынша бас бухгалтер қолымен бекітіліп жүргізіледі. ККО және ШКО кассаға берілгенге деін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында тіркелінеді. Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир №4 нысанындағы касса кітабына жазады.
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептеу 2 нысанда жүзеге асырылады:
1. Банк жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен;
2. Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
Касса қолма-қол ақшалар мен өзгеде құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
· ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;
· шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
· бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
· республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
· Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса — есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбек-заңы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма-қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
· Қолма-қолсыз ақша аудару жолымен және қолма-қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу;
· Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету;
· Бөлінген лимиттерге,қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау;
· Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу.
· Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру;
· Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау;
Есеп айырысу — төлем тәртібінің сақталуына,материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеу мен есептеу
Кассалык операциялар қолма-кол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетгі тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен (ККО) (ф. № КО-1) ресімдейді.
Ұйым кассасына колма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін қолмен өңдегенде де, акпаратты компьютерде өңдегенде де қолданылады. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол кояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша таныстырушынын қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.
Қолма-қол акша берумен байланысты операциялар шығыстык кассалық ордермен (ШКО) № КО-2 ф. немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискальды коды бар бақылау-кассалық аппаратгар арқылы жургізіледі.
Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін (ЖКО) қолмен өндеуде де, ақпаратты компьютерде өндегенде де қолданылады. Бухгалтерия қьгзметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО, ІІІКО және оларды ауыстыратын кұжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (қызыл мен жасыл түстен басқасымен) анық, түсінікті толтырылуға тиісті, не болмаса машинкада басылады. Бұл күжаттардың түзетілген жері, тузетуі болмауы керек. ККО, ШКО-лерінде оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады.
ККО. ШКО кассаға тапсырылуға дейін бухгалтерияда кірістік және шығыстық құжаттарды тіркеу журналында (№ КО-3 ф.) тіркеледі.
Кассалык ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні .болады. ККО, ШКО-лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:
• кұжаттарда бас бухгалтердің қолы бар - жоқтығын, растығын; ал ШКО-да басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру;
• кұжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;
• кұжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын.
Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттардыбух-галтерияға қайтарады.
Түсу мен жұмсау бойынша барлық оиерацияларды кассир 1 жылға ашылатын (Ж0-4 ф.) кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары нөмірленіп, жіппен қайымдалуы (ирошнуровано) тиіс және парақтардың жалпы саны кассалык кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен (печать) мөрленіп, бас бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. ККО, ШКО жазбалары басталмас бұрын кассалык кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшанын қалған қалдығын шығарады. Кассалык кітап беттерінің екінші даналары жыртылады яғни кассирдің есебі болып қызмет етеді. Егер оған тіркелген бастапқы құжаттармен (Ш). ШКО) бірге бухгалтерияға тапсырылады. Егер кәсіпорында күніне көп емес бірақ операциялар атқарылса, онда кассалық есептер 3-5 күнде 1 рет жасалады. Кассирден қабылданғап есеп пен құжаттарды бухгалтерия қызметкерлері гексереді, ал кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бас бухгалтер бақылайды. Алушының ШКО-нда қолхатпен расталмай, кассадан ақша берілуі табылса, бұл сома кем шығу деп саналады және кассирден төлеттіріп алынады, мұндайда кассирдің атына шығындық кассалық ордер жазылады. Егер қолма-кол ақша сомасы кірістік кассалық ордермен кіріске алынбаса, онда ол касса артығы деп саналады және кірістік кассалық ордер көшірмесі жолымен субъект кірісіне есептеледі.
Шетелдік валютамен операциялар жөніндегі бухесептегі жазбалар операция атқарылған күнгі ҚР ұлттық банкінің бағамы бойынша саналған ҚР валютасымен бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі тиіс.
Кассадағы акшаның кірісі мен шығысы бойынша топтастырылған кассалық есептердін корреспонденттелетін шоттар тұрғысынан күн сайын немесе 3-5 күнде бір рет кассир есептерінің негізінде №1 журнал-ордерге (шығыс) және №1 тізімдемеге (кіріс ) жазылады.