Практика бойынша есеп жасау

Пререквизиттер

Өндірістік және диплом алды практикалар туралы есеп беруді орындау үшін 5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттерінің практика материалдарын жинауға және дайындауға қажетті білім, шеберлік, дағды тізімдемесі бар пәндер тізімі:

«Қаржы менеджменті», «Салықтар және салық салу», «Мемлекеттік бюджет», «Банктік істер», «Сақтандыру», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржылық талдау», «Қаржылық-банктік статистика».

Постреквизиттер

5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттеріне арналған практика мамндарды қаржы, экономика және есеп саласында даярлау жүйесіндегі база болып табылады. Алған білім, шеберлік, дағды, құзыретті, өндірістік практикада жинаған материалдарды оқушылар кейін келесі мекемелерде жұмыс істегенде қолдана алады:

- қаржы менеджменті саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарда;

- жүйелік қаржы талдауында болжауға, жоспарлауға

мамандандырылатын фирмалар мен әкімшілік орган бөліністерінде;

- кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компанияларының аналитикалық қызметтерінде;

- қаржы департаментінің салық комитетінде;

- қазынашылық органдарында;

- сондай-ақ басқа да қаржы-несиелік кәсіпорындарында (ұйымдарда, мекемелерде).

4 Тәжірибені өту кестесі

Өндірістік практика келесі мамандықтар студенттерге арналған:

–5В050900 «Қаржы» ЖКБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т.сырттай оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген; 5В050900 «Қаржы» ЖОБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т. күндізгі оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорының бұйрығымен академиялық күнтізбеде бекітіледі. Жекелеген тапсырмалар бойынша тәжірибені өту кестесі 1 кестеде келтірілген.

Өндірістік (диплом алдындағы) практика келесі мамандықтар студенттерге арналған:

- 5В050900 «Қаржы» ЖКБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т.сырттай оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген; 5В050900 «Қаржы» ЖОБ, ОКБ негізінде 2010 ж. т. күндізгі оқу түрі 5 жұма немесе 2 кредитке есептелген, тәжірибенің басталу және аяқталу мерзімі С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорының бұйрығымен академиялық күнтізбеде бекітіледі. Жекелеген тапсырмалар бойынша тәжірибені өту кестесі 2 кестеде келтірілген.

1 Кесте - Тәжірибені өту кестесі

Тапсырма атауы Сағат саны Жұмыс күнінің саны
Практика бойынша жеке тапсырма беру
Кәсіпорынмен (ұйым, мекеме) және оның ұймдастырушылық құрылымымен танысу
Практика материалдарын жинау, атап айтқанда кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қаржы қызметі туралы ережесімен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқамаларымен, құжат айналымымен есеп айырысу құжаттарымен, салыстыру кестелері және талдауларымен танысу
Практика бойынша есеп беру мен күнделікті толтыру
Барлығы

2 Кесте - Тәжірибені өту кестесі

Тапсырма атауы Сағат саны Жұмыс күнінің саны
Дипломдық жұмыстың жоспарына сәйкес жеке жоспарды беру
Кәсіпорынмен және ұйымдастырулық құрылыммен танысу
Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша әдебиеттерді қарау. Дипломдық жұмыстың жоспарының жоба жетекшісімен және «Қаржы» кафедрасының меңгерушісімен бекітілуі.
Тәжірибелік материалды, соның ішінде қаржылық қызмет туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын жинау, құжат айналымымен, есептік құжаттармен, жинақ кестелер және талдаулармен танысу.  
Дипломдық жұмыстың 1,2 және 3 тарауымен жұмыс жасау.
Дипломдық жұмысқа түсініктемелік жазбаны ресімдеу.
Барлығы

5 Практика мазмұны

1) Өндірістік практика

Практика мазмұнының практика базасының қызмет бағытына байланысты өзіндік ерекшеліктері болады.

Қаржы департаментінің салық комитетінде практикадан өту кезінде практикадан өтуші:

- салық комитетінің құрылымымен танысуы;

- өзіндік тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға;

- салық және салық салу бойынша экономикалық жұмыс әдісін игеруі;

- қаржының бюджетке түсу есебімен танысуы;

- салық төлешілердің жеке шоттарының ашылып, уақытылы және толық жүргізілу тәртібімен танысуы;

- салық есептерін құру тәртібімен танысуы тиіс.

Есеп беруде жоғарыда көрсетілген есептер, зерделенген материал деректері көрсетіліп, талдау жасалады және тиісті құжаттар қоса беріледі.

Есеп-несие қызметкерлері мен несие мекемелері мамандарының жұмыс орнында практикадан өту кезіндепрактикант :

- Банк Жарғысымен (Ережесімен) және оның жүзеге асыратын негізгі операциялармен танысуға;

- банктің және оның бөліністерінің ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ банкті басқару құрылымын зерделеуге;

- банктің филиалдары, бөлімшелері және еншілес банктердің құқықтық қызмет ету негіздерін, банк бөліністерінің құқығы мен міндеттерін, сондай-ақ банктің қрылымдық бөліністері қызметінің үйлестіру жүйесін зерделеуге;

- банктік іс бойынша барлық нұсқамалық және нормативтік материалдарды жете зерделеуге;

- өзіндік тәжірбиелік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға міндетті.

Операциялық бөлімдестудент есеп айырысу-несие операцияларының мазмұнымен және ерекшеліктерімен танысуы тиіс. есеп айырысу операцияларын зерделеуде төмендегі тәртіппен танысуы тиіс:

- банктік шоттарды ашу және бұған қажетті құжаттамалармен, сондай-ақ банктік шоттардың нөмірленуімен;

- құжаттарды қабылдау мен тексеру және олардың ағымдағы немесе басқа шоттардан төлеуді ресімдеумен, сондай-ақ наразылықтарды қанағаттандыру кезегін сақтау тәртібін ұйымдастырумен;

- төлем құжаттарының инкассоға қабылдау, оларды өңдеу және есепке алу;

- клиенттерге чек кітапшаларын беру және чектермен операция жүргізу;

- банк Ұлттық банк мекемелерінде ашатын корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы есептерді жүзеге асыру;

- қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін ескере отырып, қарыз шоттарын ашу;

- экономиканың түрлі салаларына және жеке қарыз алушыларға несие беруде қарыз беру, төлеу операцияларын есепке алу және ресімдеу;

- қарыз бойынша шұғыл міндеттемелер карточкасын жүргізу, қарызды мерзімінде төлеу, сондай-ақ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерге пайыз есептеу мен өндіріп алуға байланысты операцияларды жүргізу;

Операциялық бөлімде практикадан өту кезінде студент қолданыстағы қолма-қол ақшасыз есеп нысаны, оларды жүзеге асыру тәртібі және қолдану саласы туралы түсінік алуы керек.

Бухгалтерияда практикадан өту кезінде студент банк төлейтін негізгі салық түрлерімен, оларды аудару,есеп жүргізу және есеп айырысу тәртібі зерделенеді.

Жоспарлау-экономикалық бөлімде студент:

- банк қызметінің құқықтық нормалары мен принциптерін;

- банктің міндетті түрде орындайтын экономикалық нормативтерін есептеу тәртібі және олардың қызметін бақылауды;

- жеке меншік қаражатының қалыптасу және кірісті бөлу тәртібін;

- банктің маркетингтік зерттеулер жүргізу әдісі, банк менеджменті негізін;

- банктің төлем қабілеттілігі мен өтімділігін реттеу әдістері, тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін жіктеуді;

- түрлі банк мекемелерінде ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін, несие әлеуетін қалыптастыру көздері;

- пассивті банк операцияларының түрлері және оларды ұйымдастыру принциптерін;

- банктің несие ресурстары аукционында қатысу тәжірибесін зерделеуі қажет.

Бағалы қағаздар және салым бөлімінде практикадан өту кезінде практикадан өтуші банктің құнды қағаздармен жұмыс істеу сипатын зерделеуі тиіс, атап айтқанда:

- қаражатты құнды қағаздарға инвестициялау әдісін;

- құнды қағаздарды шығару: құжаттама және шығару жағдайын, қағаздарды алдын ала бағалауды; алғашқы тарату таңдау тәртібін, шығару туралы есеп берушілікті құруды;

- бухгалтерлік есеп жүргізу және бағалы қағаздармен операция бойынша есеп берушілікті құру тәртібін;

- бағалы қағаздар нарығын талдау әдісі, инвестициялық кеңес беру;

- бағалы қағаздарды сақтау, күзету, тасымалдау және жіберу ерекшелік- терін;

- есептерді бағалы қағаздар бойынша жүзеге асыру тәртібін;

- несиені бағалы қағаздармен ұсыну және алу тәртібін;

- вексельдерді есептеу және қайта есептеуді;

- бағалы қағаздарды кепілге қою, құжаттамалық ресімдеу, кепілді тіркеу, міндеттемелер орындалмаған жағдайда оны іске асыру тәртібін;

- бағалы қағаздарды сақтандыруды және олардың операциясын, сақтандыру келісімдері бойынша есеп жүргізу тәртібін;

- бағалы қағаздар құнын құнын өтеу мерзімі болғанда, өндіріп алу және төлеу тәртібін, пайыздар мен дивиденттерді төлеуді;

- халық салымдарының негізгі түрлерін, олардың шарттары және осы салымдарды қабылдау операцияларын;

- салымдар бойынша пайыздар және басқа да кірістерді аудару тәртібін;

- салымдар бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін;

- банктің депозиттік операцияларын жүзеге асыру ерекшеліктерін; депозиттік келісімшарттардың нысандары мен түрлерін, келісімшарт жасау тәртібі мен шарттарын, депозиттік пайыздарды есептеу тәртібін.

Несиелеу бөлімінде студент заңды және жеке тұлғаларға несие беру тәртібі туралы толық, анық түсінік алуы керек, яғни:

- берілетін несие мөлшерін анықтау және банктің заңды және жеке тұлғалармен несие келісімшартына отыру тәртібін, бұл келісімшарттар мазмұнын, атап айтқанда тараптардың құқығы мен міндеттерін, несие келісімшартын бұзған үшін санкцияны игеруі керек, кепілдік құқықты ресімдеу және оны пайдалануды тексеру тәртібіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс;

- қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігі дәрежесін бағалау әдісін игеру, салық ерекшеліктерін клиенттің меншік нысаны мен несиенің мақсаттылығын ескере отырып, клиенттің несие тлей алу қабілеттілігін бағалау тәртібі және критерийлері;

- несиелеу ерекшеліктерін контокоррент (несие мөлшерін пайдалану тәртібі) бойынша толық зерделеу. Жалпы практикадан өтуші несиелеу әдісінің объектілік несиелеуден айырмашылығын түсіне алуы керек;

- несиелеу объектілерін және олардың бағаларын, материалдық құндылықтар мен өндірістік шығындарды несиелеу шарттары мен мерзімдерін анықтау;

- несие түрлерімен, оларды беру тәртібі және қарызды өтеу тәсілдерімен, қарыз деңгейін реттеу әдістерімен, несиені қамтамасыз ету нысандары және түрлерімен,клиенттің заңды мәртебесіне байланысты несие принциптерінің сақталуын бақылаумен танысу;

- банктің сенімгерлік, тауарлық-комиссиялық, қоймалық және лизинг сияқты басқа да операцияларын (егер олар практикадан өту орындарында жүзеге асырылса) зерделеу;

- инвестицияны қаржыландыру және несиелеу тәртібін зерделеу;

- тәуекел несиелерін беру тәжірибесін зерделеп, оларды сақтандыру әдісін игеру.

Несиелеу бөлімінде практикадан өткен кезде студенттің банк қолданатын қарыздар туралы, оларды жүзеге асыру тәртібі мен қолдану саласы жөнінде түсінігі, жеке несиелеу объектілеріне түрлі несиелер беруде тәжірибелік дағдылары болуы керек.

Халықаралық есеп беру және валюта операциялары бөлімінде практикадан өтуде практикадан өтуші:

- валюта операцияларын жүзеге асыруға ішкі лицензиямен және банктің ішкі экономикалық қызметіне бас лицензиямен танысуы;

- саудаға түспейтін операциялардың жүзеге асырылу тәртібін зерделеу;

- айырбастау пунктерінің жұмысымен танысу;

- халықаралық есептердің ұйымдастырылуы тәртібін, жақын және алыс шет елдердімен қолданыстағы халықаралық есептер нысанын зерделеуі;

- шетел банктерінде корреспонденттік шот ашу тәртібін жәнебанктер арасындағы өзара қатынас құрылымын зерделеуі;

- сауда операцияларын жүргізу тәртібін зерделеу;

- несиені шетел валютасымен беру тәртібімен танысу, егер бұндай тәртіп болса;

- несие желісін шетел валютасымен ашу тәртібін зерделеуі тиіс.

Есеп беруде зерделенген материалдың жоғарыда көрсетілген мәліметтері көрсетіліп, есеп, талдау жүргізіледі және қажетті құжаттары қоса беріледі.

Кәсіпорын мамандарының жұмыс орындарында практикадан өту кезінде практикадан өтуші міндетті:

- кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанын және оның мәртебесін, кәсіпорынның жарғысын, оның қызметінің негізгі бағыттарын, жарғы қорын қалыптастыру тәртібін зерделеуге;

- кәсіпорынның, оның бөліністерінің ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ кәсіпорында басқару құрылымын зерделеуге;

- субъекті қызметінің құқықтық негіздері – оның бөліністерінің құқығы мен міндеттерін, сондай-ақ кәсіпорынның құрылымдық бөліністері қызметінің үйлестіру жүйесін зерделеуге;

- кәсіпорын қаржысын басқаруды реттейтін нормативтік-заңнамалық актілерді жете зерделеуге;

- кәсіпорынның құрылымдарын есепке ала отырып, практикадан өтудің күтізбелік жоспарына сәйкес кәсіпорынның әр бөлімінде практикадан өтуге;

- өзіндік тәжірибелік жұмыс дағдыларын қалыптастырып, субъектінің барлық учаскелерде жұмыс істеуінің экономикалық әдістерін игеру.

Маркетинг бөліміндестудент-практикадан өтуші мыналарды зерделеуі қажет:

- баға қалыптасу үрдісін және кәсіпорында қабылданған баға қалыптасу әдістерін;

- сұраным пен ұсынымдарды бағалау әдісін;

- клиенттерді тарту үшін сатуда шегерімдер беру және басқа да жеңілдіктер тәртібін;

- жарнамалық-ақпараттық қызметті;

- дайын өнімді есептеу және оны сату тәртібін.

Кәсіпорын бухгалтериясындапрактикадан өткенде практикант:

- кәсіпорында қабылданған есеп саясаты және кәсіпорын қызметінің ерекше қасиетіне және басқа да себептеріне қарай (өтелім аудару әдістемесі, өндіріске кеткен шығынды есептеу әдісі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, материалдық құндылықтарды, атап айтқанда өндірістік қорды бағалау әдісі) оның ерекшеліктерімен танысуы;

- бухгалтерия құрылымымен (қаржы және басқару бухгалтериясына бөліну) танысуы;

- кәсіпорынның қаржылық есеп берушілігін құру тәртібі және техникасы – активтер және олардың қалыптасу көздерінің құрылымымен, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртібімен (кіріс пен шығыстарды өлшеу), балансты қаржылық есеп берушіліктің басқа нысандарымен байланыстыруды зерделеуі;

- субъектінің қаржылық есеп берушілігін, ақшалай қаражат айналымын (ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп негізінде) бағалаудың негізгі критерийлерін игеруі;

- кәсіпорынның қаржылық есеп берушілігін пайдаланушылармен танысуы;

- субъекті табысын бөлу тәртібімен және әдістерімен танысуы тиіс.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық бөлімінде студент кәсіпорыннның қаржыны ұстауы және оларды басқарудың негізгі принциптері мен элементтері туралы толық және анық түсінік алуы керек, атап айтқанда:

- кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау принциптері мен кезеңдерін зерделеу: шаруашылық (коммерциялық) есебі;

- қаржылық қатынастардың құқықтық қамтамасыз етілуін зерделеу: реттеу әдістері және нормативтік, құқықтық актілері;

- кәсіпорынның қаржылық жоспарын немесе негізгі бюджетін құрастыру және қамтамасыз ету тәртібі;

- кәсіпорынның қаржы-шаруашылық бағалары, оның ақшалай қаражат ағымы негізінде кәсіпорынның қаржылық стратегиясының негізгі бағыттары мен әдістемелерін зерттеу;

- кәсіпорын бюджетін құру, оның сыртқы қаржыландыруда дамуы мен шығынын, қажеттілігін болжау және болашағын бағалау үшін қаржылық көрсеткіштерді (пайдалылығық, беріктіктің қаржылық қоры, қаржылық және өндірістік иінтірек) есептеу әдістемесімен тәжірибеде танысу және игеру;

- субъектінің инвестициялық саясатымен және инвестициялық шешім қабылдау критерийлерімен; инвестициялық жобаларды таңдаудың негізгі әдістерімен; құнды қағаздарды сатып алумен, сақтаумен және сатумен қаржылық тәуекелдікті бағалау әдістерімен танысу;

- кәсіпорындағы қаржылық бақылаудың негізгі әдістерін, түрлерін және нысандарын игеру;

- кәсіпорындағы қаржылық және кассалық жоспарларды орындауды қаржылық бақылауды қамтамасыз ету тәртібін зерделеу.

Кәсіпорынның қаржылық бөлімінде тәжірибеден өткенде студент қаржымен басқару саласы туралы анық мәлімет алуы керек және негізделген, таразыланған шешім қабылдауға тәжірибелік дағдылануы керек.

Есепте зерделенген материалдың жоғарыда санамаланған деректері көрсетіледі, есеп айырысулар мен талдаулар жасалады, сонымен қатар сәйкес құжаттар қоса беріледі.

Қазыналық органдар мамандарының жұмыс орындарында практикадан өту кезінде практикадан өтуші мыналарды зерделеуге және талдауға міндетті:

- қазынашылық орган жүйесін, олардың міндеттері мен қызметін;

- қазынашылық органдардың аумақтық құрылымдары, олардың сипаттамасын және бөлімдердің қызметтік сипаттамасын;

- республикалық және жергілікті бюджеттердің (қазынашылық органдармен жергілікті және бөліп тұратын салықтарын түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында бөлінуін талдау; республикалық және жергілікті бюджетке кіріс түсімін талдау) кіріс бөліктерін орындау бойынша қазынашылық органдардың жұмыс істеу механизмі;

- бюджеттердің шығыс бөлігін атқару бойынша қазынашылық органдардың жұмыс істеу механизмі;

- қазынашылық органдардың бақылау қызметі (мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуын бақылау);

- республикалық және жергілікті бюджет шығыстары мен кірістері туралы есеп және есеп жүргізу жүйесі;

- қаржылық және қазынашылық аумақтық органдар есеп жүргізуіндегі айырмашылықтарды салыстыру және келісу түрлері.

- Бюджет шығыстары мен кірістеріне есеп жүргізу бойынша операцияларды жүргізуді автоматтандыру.

Практиканы қаржымен басқарудың басқа аумақтық органдарында өту кезінде практикадан өтуші төмендегілердіі зерделеуге және талдауға міндетті:

- қаржымен басқарудың аумақтық органдарының құрылымын, олардың қызметін, жұмысты ұйымдастыруын;

- аудан (облыс, қала) экономикасының сипаттамасы, бюджетаралық қатынас ерекшеліктері;

- бюджет жобасын әзірлеу әдістемесі (облысытық, қала және аудан);

- нарықтық жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару жағдайында бюджетті қалыптастыру ерекшеліктері. Бюджеттің бекітілетін және бөлінетін кірістері құрамы мен құрылымында болатын өзгерістерді талдау;

- бюджеттік жүйе ішіндегі кірістерді шектеу әдістері (мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша салық түрлері (республикалық, аумақтық және жергілікті); салықтардан түскен кіріс түсімдерін басқарудың әр деңгейіне бекіту жолымен салудың бірыңғай мөлшерлемесі шеңберінде нақты үлесті бөлу (үлестеу);

- трансферттер мен субвенцияларды (жәрдем қаржы) бюджеттік қаражаттарды қайта бөлу түрі ретінде қолдану. Бюджеттің қарызға алынған қаражатын пайдалану: пайыздық және пайыссыз қарыздар; коммерциялық банктердің, жоғары тұрған қаржы органдарының несиелері;

- соңғы үш жылдағы бюджет орындалуының талдауы. Ағымдағы жылдың өткен жылдың осы кезеңімен салыстырып, жалпы бюджет бойынша, сонымен қатар оның кірістері мен шығыстары баптары бойынша кірістер мен шығыстардың сомаларының негізгі өзгерістерін сипаттау;

- бюджеттік қаржыландыруға жататын мемлекеттік мекеменің бюджеттік бағдараламасы төлқұжатын құрастыру және бекіту тәртібі; шығындардың жартысын бюджет жабатын шаруашылық есептегі (аралас) қаржыландыруды.

2) Өндірістік (диплом алдындағы) практика

Әрбір студент дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты салықтық, бюджеттік, банктік жүйені оқуы қажет, жоспарлау жүйесімен танысуы, кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің), банктің немесе салықтық қызметтің дипломдық жұмыстың жетекшісімен келісілген белгілі бір көрсеткіштері бойынша жұмысын талдауы тиіс. Дипломалды тәжірибені өту кезінде студент зерттеу объектісінің сипаттамасын құрастыруы керек, оның есептік саясатымен, ұйымдастырушылқ және қаржылық ерекшеліктерімен танысып, дипломдық жұмыстың аналиткалық бөлігін орындауы қажет.

Студент тәжірибені тәжірибе объектісімен, оның қызметінің технологиясы мен ұйымдастырылуымен танысудан бастайды.

Студенттің жұмысы тәжірибені өту кезінде дипломдық жұмыстың аналитикалық бөлігі жазылатындай, жобалық бөліктің мазмұнын құрайтын негізгі мәселелер анықталатындай етіп ұйымдастырылуы қажет. Студент жобалаудың объектісіне критикалық тұрғыдан келіп, кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қызметінің қаржылық-шаруашылық жүйесіндегі негізгі кемшіліктерін дипломдық жұмыстың тақырыбына сай Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіре отырып ашуы тиіс. келесілерге аса маңызды назар аудару қажет:

- дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қаржылық-шаруашылық қызметінің ақпараттық жүйелерін енгізу мен жетілдіруге;

- қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыруға.

Студент зерттелетін мәселе шеңберінде кәсіпорынның қызметін дамытуға бағытталған нақты шараларды жасап шығаруға міндетті.

6 Практика тарауларын орындау жөніндегі нұсқаулар

1) Өндірістік практика

Студент практиканы практика объектісімен, оның қызметінің ұйымдастырылуымен және технологиясымен танысудан бастайды. Одан басқа, кәсіпорындағы (ұйым, мекемедегі) қаржылық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жете зерделеуі қажет.

Одан әрі студент кәсіпорын (ұйым, мекеме) жарғысымен (ережелерімен) танысады, кәсіпорындағы (ұйым, мекеме) қаржылық менеджменттің құрылу негіздерін және оның негізгі элементтерін зерделейді: ұйымдастыру, жоспарлау, есеп жүргізу, талдау және қаржылық ағындарды бақылау. Қаржылық менеджмент қызметі құрылымын зерделеу үшін студенттер оны құрайтын әр бөліктің жұмысын зерделейді. Кәсіпорынмен (ұйым, мекеме) танысу материалдары бойынша студент кәсіпорынды (ұйым, мекеме) басқару аппаратының сұлбасын, өндірістік үрдістердің бірізділігі сұлбасын жасайды, кәсіпорындағы (ұйым, мекеме) қаржымен басқаруды ұйымдастыруға баға беріп, сипаттайды, қаржылық және басқару бухгалтериясын және кәсіпорында қолданылатын есеп жүргізу технологиясын, әдістері мен нысандарын қоса есеп жүргізу аппараты құрылымын зерделейді.

Ерекше назар кәсіпорынның (ұйым, мекеме) базасында кәсіпорынның (ұйым, мекеме) қаржылық жағдайы талдануы тиіс өткен екі-үш жылының қаржылық есеп жүргізілуін зерделеуге аударылу керек және маңызды аналитикалық көрсеткіштер есепке алынуы керек.

Жоғарыда баяндалған практиканың барлық элементтері практика жөніндегі есепте көрініс табуы керек, есепті ресімдеудің түрі мен тәртібі осы бағдарламаның төменгі жағында баяндалған.

Студенттің өндірістік практикадан өтуінің жеке жоспары (тапсырма) университеттегі өндірістік практика жетекшісімен анықталады (А қосымшасы).

2) Өндірістік (диплом алды) практика

Әрбір студент дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты салықтық, бюджеттік, банктік жүйені оқуы қажет, жоспарлау жүйесімен танысуы, кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің), банктің немесе салықтық қызметтің дипломдық жұмыстың жетекшісімен келісілген белгілі бір көрсеткіштері бойынша жұмысын талдауы тиіс. Дипломалды тәжірибені өту кезінде студент зерттеу объектісінің сипаттамасын құрастыруы керек, оның есептік саясатымен, ұйымдастырушылқ және қаржылық ерекшеліктерімен танысып, дипломдық жұмыстың аналиткалық бөлігін орындауы қажет.

Студент тәжірибені тәжірибе объектісімен, оның қызметінің технологиясы мен ұйымдастырылуымен танысудан бастайды.

Студенттің жұмысы тәжірибені өту кезінде дипломдық жұмыстың аналитикалық бөлігі жазылатындай, жобалық бөліктің мазмұнын құрайтын негізгі мәселелер анықталатындай етіп ұйымдастырылуы қажет. Студент жобалаудың объектісіне критикалық тұрғыдан келіп, кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қызметінің қаржылық-шаруашылық жүйесіндегі негізгі кемшіліктерін дипломдық жұмыстың тақырыбына сай Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіре отырып ашуы тиіс. келесілерге аса маңызды назар аудару қажет:

- дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қаржылық-шаруашылық қызметінің ақпараттық жүйелерін енгізу мен жетілдіруге;

- қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыруға.

Студент зерттелетін мәселе шеңберінде кәсіпорынның қызметін дамытуға бағытталған нақты шараларды жасап шығаруға міндетті.

Студенттің дипломалды практикадан өтуінің жеке жоспары (тапсырма) университеттегі өндірістік практика жетекшісімен анықталады (Ә қосымшасы).

7 Практика жетекшісі және студенттердің міндеттері

7.1 Университеттегі практика жетекшісінің міндеттері

Университетпен тағайындалған жетекші міндетті:

- кәсіпорынмен тағайындалған практика жетекшісімен бірге және практика бағдарламасына сәйкес әр кәсіпорындағы студенттер жұмысының күнтізбелік графигін әзірлеуге;

- практика мәселелері, күнделіктер жүргізу және жасалған жұмыстар туралы есеп жасау бойынша студенттерге кеңес беруге;

- бекітілген уақытта практика орнына баруға;

- кәсіпорын басшылығы арқылы практика өтуге қажетті жағдай жасауға шаралар қолдануға;

- студенттер жұмысының сапасын тексеруге және күнтізбелік графиктерінің орындалуын бақылауға.

7.2 Кәсіпорындағы практика жетекшісінің міндеттері

Кәсіпорындағы практика жетекшісі міндетті:

- университетпен тағайындалған практика жетекшісімен бірге және практика бағдарламасына сәйкес студенттер жұмысының күнтізбелік графигін әзірлеуге;

- әрбір студентті жұмыс орнымен, сонымен қатар жұмыс орындарында білікті жетекшілермен қамтамасыз етуге. Практикадан өтушілерге қажетті түсіндірмелер беруге және олардың тапсырылған жұмысты сапалы, уақытылы орындауларын талап етуге;

- бекітілген бағдарламаға және студенттердің жеке жоспарларына сәйкес практикаға жетекшілік етуге;

- Практика аяқталғаннан кейін әр практикадан өтушінің жұмысы туралы жазбаша мінездеме беруге және студенттің жасаған есебін растауға;

- Практика жетекшісі жұмыс орнында студенттер жұмысына күнделікті басшылық етуге, қажетті түсініктер беруге, тапсырылған жұмысты сапалы және уақытылы орындауларын талап етуге және студенттердің практика өту күнделіктерін дұрыс толтыруларын бақылауға міндетті.

7.3 Студенттің міндеттері

Студенттер практикаға шығар алдында өз кафедраларынан төмендегілерді алуға міндетті:

- бағдарламаны;

- жеке тапсырманы;

- толтырылған бағыттармен күнделікті,

- толық нұсқаулықты.

Оқушы практика өтуде мыналарды атқаруы тиіс:

- практика бағдарламасын толық орындау, бекітілген нысанға (ПМУ ҰС Н 7.05.3/02, ПМУ ҰС Н 7.05.3/03, ПМУ ҰС Н 7.05.3/04) сәйкес практика күнделігін жүргізулері;

- кәсіпорында (ұйым, мекеме) қолданылатын ішкі күн тәртібі ережелеріне бағынулары;

- еңбек қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және зерделеуге;

- сәйкес кафедра тапсырмалары бойынша жедел жұмысқа қатысу;

- кәсіпорын (мекеме, ұйым) өміріндегі қоғамдық өмірге белсене араласу;

- практика жетекшісіне бекітілген нысанмен барлық тапсырмалар орындалғаны жайлы практика базасы жетекшісі қол қойған жазбаша есеп, күнделікті уақытында тапсыру.

8 Есепке қойылатын талаптар

Практика күнделігін жүргізу

Әрбір студент алғашқы күннен бастап күні бойы істеген жұмысын жазып күнделік жүргізеді. Күнделікте студенттің қай күндері қай жерлерде жұмыс істегені көрсетілуі керек. Күнделіктен, сондай-ақ, жұмыстың неден тұрғаны, өздігінен жүргізілді ме, мүмкіндігінше, қандай көлемде орындалғаны көрініп тұруы керек. Күнделік күн сайын мұқият толтырылады. Күнделіктегі жазбаларға күн сайын жазылған жұмысты бақылаған кәсіпорындағы практика жетекшісі растап қол қояды.

Жұмысты аяқтағаннан кейін кәсіпорындағы практика жетекшісі жұмыс орнында студенттің тәжірибелік дағдыларды игеру деңгейін тексереді және күнделікке бағасын қойып, студент жұмысы туралы ескертулерін жазады.

Практика аяқталған соң күнделік практика жетекшісінің қолымен және кәсіпорын мөр таңбасымен расталады. Практика нәтижелері туралы практикадан өтуші студент есеп жазады. Бұл есеп әр тарау бойынша, практика соңында есеп құрастыру да аяқталатындай, практика өту үрдісінде дайындалады.

Есепке практикадан өту күнделігі қоса беріледі. Күнделіксіз есеп кафедраға қабылданбайды.

Практика бойынша есеп жасау.

Есеп тақырыптық жоспарда баяндалғанның ізімен жасалады. Есеп материалы мәтіндік және графикалық ресімдеу талаптарына сәйкес ресімделеді.

Практика соңында студент таңдаған дипломдық жұмысы тақырыбына сәйкес есеп жасайды, ішінде дипломдық жұмыс жоспары және тақырыптарының атауы болуы керек. Сонымен қатар есепте барлық қажетті есеп айырысулар, сандық деректер және зерттеу үшін таңдалып алынған кезеңдегі зерттеу обьектісі бойынша есептік деректер келтірілуі керек.

Практика бойынша аналитикалық есеп дегеніміз көлемі машинамен жазу мәтінімен 15-20 бет болатын (бұл көлемге қажетті иллюстрациялық, графикалық, кестелік және басқа материалдар енбейді) жазба.

Есепке студент, кәсіпорындағы практика жетекшісі және университеттегі практика жетекшісі қол қояды.

Есепті ресімдеуге қойылатын талаптар «Құжаттарды ресімдеудің әдістемелік нұсқауларына» сәйкес болуы керек («Құжаттарды ресімдеудің әдістемелік нұсқауларының» электрондық нұсқалары «Қаржы» кафедрасында беріледі).

Есеп құрылымы

Есеп келесі тараулардан тұруы керек:

- практика орнының жалпы сипаттамасы көрсетілетін кіріспе;

- практика орнының қысқаша сипаттамасы, соңғы 2-3 жылдағы оның сыртқы ортасының талдауы. Практика орнын сипаттауда оның ұйымдастырушылық құрылымы, сонымен қатар студент жұмыс істеген бөліністің барынша егжей-тегжейлі ұйымдастырушылық құрылымы осы бөліністің міндеттері мен қызметтерін сипаттаумен келтіріледі;

- соңғы 2-3 жылдағы кәсіпорын қызметінің жедел-талдауы;

- дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес соңғы 2-3 жылдағы шаруашылық жүргізетін субъектісінің қаржылық-шаруашылық қызметінің тереңдетілген талдауы;

- практика барысында студенттің жүргізген жұмыстарының барлық спектрі талданатын қорытынды;

- есепке қосымшалар (есеп жазу үшін практика барысында жиналған материалдар мен деректер тізімдемесі, мысалы, қаржылық есеп жүргізу нысандары, кәсіпорын жарғысы (ереже), келісімшарттар түрлері және т.б.).

9 Практика қорытындысын шығару тәртібі

Практика қорытындысы бойынша студент есеп жазады, оны кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Студенттер қорғайтын барлық практика бойынша есептер жүз балдық жүйеде бағалануы мүмкін.

Білімді бағалау критерийлері.

90-нан 100-ге дейінгі баға «үздік» деген бағаға сәйкес келеді және есеп практика бағдарламасы және студенттің жеке тапсырмалары талаптарына сәйкес, қатесіз, оқу құжаттарын ресімдеу ережелерін сақтап толық орындалғанда және сәйкесінше қорғалғанда қойылады.

75-тен 89-ға дейінгі балмен бағалау «жақсы» деген бағаға сәйкес келеді және студент есепті жазуда және ресімдеуде немесе сұлбалар, графиктер құрастыруда өзі түзеткен елеусіз қателер және принципиалды емес дәлсіздіктер жіберген жағдайда қойылады. Бұл баға оқушы практика бағдарламасын 75 % меңгерген жағдайда қойылады.

50-ден 74-ке дейінгі балмен бағалау «қанағаттанарлық» деген бағаға сәйкес келеді және студент есеп жазуда, сұлбалар, графиктер құрастыруда қателіктер жіберіп, оларды практика жетекшісінің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады. Бұл баға студент практика бағдарламасын 50% кем емес деңгейде меңгерген жағдайда қойылады.

0-ден 49-ға дейінгі балмен бағалау «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға сәйкес келеді және студент есеп жазуда немесе сұлбалар, графиктер құруда елеулі қателер жіберген, практика бойынша жеке тапсырманы орындамаған жағдайда қойылады.

Практикадан өту нәтижелері бойынша қорытынды балл студентті курстан курсқа өту кезінде үлгерімділігінің (GPA) орта балын шығаруда және академиялық рейтингісін анықтау кезінде есепке алынады.

Шәкіртақы тағайындау кезінде (негізгі оқу үрдісінен бөлініп алынған) практика бойынша қорытынды баға келесі академиялық кезеңде есепке алынады.

Оқу практикадан себепсіз өтпей қалған студенттер немесе қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер практикадан ақылы негізде ректор бұйрығымен бекітілген, шығарып жатқан кафедра белгілеген мерзімде өтеді.

10 Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі

1.www.afh.kz/

2. www.kase.kz/

3. www.nationalbank.kz/

4. www. dfo.kz/

5. «Деловая неделя», «Панорама», «Казахстанская правда» және басқа газеттер.

6. Соңғы 3 жылдағы «Банки Казахстана» журналы

7. Соңғы 3 жылдағы «Рынок ценных бумаг Казахстана» журналы

Қосымша

8. Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы: ҚР 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444/ Заңы «Заң»/Медиатека ПМУҚұқықтық жүйесі

9. қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы: ҚР 2003 жылғы 4 шілдедегі №474/ Заңы «Заң»/Медиатека ПМУҚұқықтық жүйесі

10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы: ҚР 1995 жылғы 30 наурыздағы №2185/ Заңы Заңы «Заң»/Медиатека ПМУ Құқықтық жүйесі

11. зейнетақылық қамтамасыз ету туралы: ҚР 1997 жылғы 20 маусымдағы / Заңы «Заң»/Медиатека ПМУҚұқықтық жүйесі

12. Бағалы қағаздар нарығы туралы: ҚР 2003 жылғы 2 шілдедегі №461/ Заңы «Заң»/Медиатека ПМУҚұқықтық жүйесі

13. Сақтандыру қызметі туралы: ҚР 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126/ Заңы «Заң»/Медиатека ПМУҚұқықтық жүйесі

14. Акционерлік қоғамдар туралы: ҚР 2003 жылғы 13 мамырдағы / Заңы «Заң»/Медиатека ПМУҚұқықтық жүйесі

15. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы:ҚР 2004 жылғы 7 шілдедегі/ Заңы «Заң»/Медиатека ПМУҚұқықтық жүйесі

16. Әлімбаев А.А. экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. 1999.-320-б.

17. Баймұратов У. Қазақстан қаржысы// 2 том. Таңдаулы ғылыми еңбектер. - Алматы: БИС, 2005. - 320с.

18. Балабанов И.Т. Сақтандыру. - Спб.: Питер, 2003. - 256с.

19. Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А.Қаржы нарықтары мен делдалдар: Оқулық – Алматы: Экономика, 2005. – 298с.

20. Мельников В.Д.Қаржы негіздері: Оқулық. – Алматы: «Издательство LEM» ЖШС, 2005. – 560-б.

21. Бағалы қағаздар нарығы: ЖОО арналған оқулық/. В.А. Галанова, А.И. Басова редакциясы. – М.: Қаржы және статистика. 2000. – 350-б.

22. Сахариев С.С., Сахариева А.С., Сахариев А.С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: Заң әдебиеті, 2004. – 450-б.

Ә Қосымшасы

5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттерінің өндірістік практика базалары

Өндірістік практика базалары:

- «Қазахстана Эксимбанкі» АҚ ПФ;

- «Цеснабанк» АҚ ПФ;

- «БанктұранӘлем» АҚ ПФ;

- «Данабанк» АҚ ПФ;

- «Народный Банк Казахстана» АҚ ПФ;

- «KaspiBank» АҚ ПФ;

- «Казкоммерцбанк» АҚ ПФ;

- «БанкЦентрКредит» АҚ ПФ;

- «Альянс Банк» АҚ ПФ;

- Қаржы департаментінің салық комитеті;

- Сақтандыру компаниялары;

- Барлық меншік нысанындағы мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар.

А Қосымшасы

Өндірістік практикаға жеке тапсырма (5В050900 Қаржы):

1. Кәсіорынның (мекеменің, ұйымның) жарғысымен (ережесімен), өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымымен танысу. Басқарма аппаратының, қаржы бөлумен экономикалық қызмет құрылымының сұлбасын жасау.

2. Практика материалдарын жинау, атап айтқанда кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қаржы қызметі туралы ереже, қызметкерлердің лауазымдық нұсқамаларымен, құжат айналымымен есеп айырысу құжаттарымен, салыстыру кестелері және талдауларымен танысу.

3. Кәсіпорын (ұйым, мекеме) соңғы 3 жылдық қызметін экспресс-талдау.

4. Практика нәтижелері бойынша оқушы кафедраға практика күнделігін, мінездемесін және есебін тапсырады, оны практика жетекшісі тексереді, кейін кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады.

Б Қосымшасы

Өндірістік (диплом алдындағы) практикаға жеке тапсырма (5В050900 Қаржы):

1. Тақырыпты түзету, кафедра меңгерушісінен дипломдық жұмыстың жоспарын құрастыру және бекіту.

2. Дипломдық жұмысты жазу барысында әдебиеттер тізімін құрастыру.

3. Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша керекті материалдарды жинау және өңдеу.

4. Кәсіпорынның ақша ағындарының мінездемесі және сыртқы ортаның талдамасы (мекеме немесе ұйым).

5. Соңғы 3 жылдағы кәсіпорын іс-әрекетінің шұғыл-талдамасын өткізу.

6. дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес соңғы 2-3 жылда шаруашылық субьектінің қаржылық-шаруашылық іс-әрекетінің тереңдетілген талдамасы;

7. Тәжірибе соңында оқушы кафедраға тәжірибе бойынша күнделікті, сонымен қатар тәжірибе жетекшісімен тексерілетін және кафедра меңгерушісі ұйғарымымен құрылған комиссияның алдында қорғалатын мінездеме мен есепті тапсырады.

В қосымшасы

5В050900 «Қаржы» мамандығының өндірістік практикасы мерзімі мен ұзақтығы

Оқыту нысаны Студенттердің 1 аптадағы жұмыс істеу көлемі Курс бойынша бөлу
Семестр
ОКБ базасындағы сырттай бөлім 2010 ж.т.           *        
ЖКБ базасындағы күндізгі бөлім 2010 ж.т.           *        
                             

5В050900 «Қаржы» мамандығының өндірістік (диплом алдындағы) практикасы мерзімі мен ұзақтығы

Оқыту нысаны Студенттердің 1 аптадағы жұмыс істеу көлемі Курс бойынша бөлу
Семестр
ОКБ базасындағы күндізгі бөлім 2010 ж.т.           *        
ЖОБ базасындағы күндізгі бөлім 2010 ж.т.                 *    
                             

Наши рекомендации