Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі

Ол үшін тауарлар мен ресурстар нарығын да жетілген бәсеке жағдайында деп есептейік. Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

1. Белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде тауарлар нарығында бір-бірімен бәсекелестікке түсетін фирмалар саны өте көп.

2. Бірдей еңбек түрін ұсынатын біліктілігі бірдей жұмысшылар саны өте көп және олардың әрқайсысы еңбек нарығында өз қызметін ұсынады. Бұл уақытта олар бір-біріне тәуелді болмайды.

3. Жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақы мөлшеріне бақылау жасай алмайды, оған әсер етпейді және олар еңбекақыны өздері белгілей алмайды.

Енді еңбекке деген сұраныс пен оның ұсынысына тоқталып кету керек. Фирма өндірісте тек қана еңбек ресурсын қолданатын болса, онда шекті өнімділіктің азаю заңына байланысты MPL белгілі бір нүктеден кейін төмендей бастайды. Тауардың бағасы тұрақты, себебі тауар нарығы – жетілген бәсекелес нарығы. Сондықтан, еңбектің шекті өнімділігінің (MPL) азаюына байланысты шекті түсімділік (табыстылық), яғни шекті өнімділіктің ақшалай мөлшері (MRPL) төмендейді. Қосымша бір жұмысшыны жалдағаннан түсетін қосыша түсім еңбектің шекті түсімділігі (табыстылығы) деп аталады (MRPL) және ол төмендегідей формуламен анықталады:

MRPL = MR . MPL,

мұндағы MR – шекті түсім, MPL – еңбектің шекті өнімділігі.

Жетілген бәсеке нарығының шарты бойынша шекті түсім бағаға тең: MR = P, олай болса

MRPL = Р . MPL.

Еңбектің шекті түсімділігің қисығы (MRPL) – жеке фирманың еңбекке деген сұраныс қисығы болып табылады (Сурет 10.3).

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru W

W* SL = MRC

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru

DL = MRPL

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru L

Сурет 10.3 Еңбек нарығындағы жетілген

бәсекелес фирманың тепе-теңдігі

Суреттен көріп отырғанымыздай, кез келген жетілген бәсекелес фирма үшін еңбек ұсынысы өте икемді, ұсыныс қисығы айнымалы фактор (L) орналасқан координата осіне параллельді түзу сызық болып келеді. Еңбектің әр бірлігіне бірдей мөлшермен ақы төленіп, ал осы еңбекақы жалданған жұмысшылар санына тәуелсіз блғандықтан, бұл түзу фирманың айнымалы факторының шекті шығын қисығы да бола алады.

Әрбір фирманың басты мақсаты – пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізу. Олай болса, пайдасын мейлінше арттыратын фирма жұмысшыларды еңбектің шекті түсімділігі еңбекақыға тең болғанға дейін жалдайды, яғни түсім шығынға тең болады:

MRPL = w;

w = P . MPL;

MPL = w / P,

мұндағы w – атаулы еңбекақы, P – тауардың бағасы, w / P – нақты еңбекақы.

Сонымен, пайданы мейлінше арттыру шарты – еңбектің шекті өнімділігі мен нақты еңбекақының теңдігі болып табылады. Яғни, еңбек нарығындағы жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдігі жоғарыдағы 10.3 – суреттегіге сәйкес сипатталады.

Еңбек нарығындағы монопсония. Еңбек нарығының көпшілігіне жетілмеген бәсекенің қасиеттері тән болады. Жетілмеген бәсекенің бір түрі – монопсония. Монопсония кішігірім қалаларда, ауылдарда кездеседі. Мысалы, кішігірім қалада жұмысшыларды жалдайтын бір ғана кәсіпорын бар және бұл қаланың тұрғындары осы кәсіпорында жұмыс істейді деп есептейік. Олай болса, кәсіпорын – еңбек нарығындағы басты жалғыз ғана сатып алушы және оның еңбекақы деңгейіне әсер етуге мүмкіндігі бар. Кәсіпорын жұмысшыларының санын қысқартып, сол арқылы жалақы мөлшерлемесін төмендетеді.

       
  Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru
    Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru
 

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru WL MCMHC

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru LS = ACMHC

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru WL*

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru WLMHC LD = MRPLMHC

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru LMHC L* L

Сурет 10.4 Еңбек нарығындағы монопсония моделі

10.4 – суретін қарастырамыз. Мұндай нарықта монопсонияның нарықтық сұраныс қисығына оның шекті түсімділігінің қисығы (MRPLMHC) сәйкес келеді. Монопсонияның нарықтық ұсыныс қисығы тауарды сатып алуға кететін орташа шығындармен беріледі, себебі оның әрбір нүктесі еңбектің әр түрлі мөлшерін қандай бағамен сатып алуға болатынын анықтайды. Өзінің тепе-теңдік нүктесін табу үшін монопсония шекті шығындар қисығын тұрғызуы керек, ал оның MRPLMHC қиылысқан нүктесі, монопсонияның өз пайдасын мейлінше арттыру үшін қанша еңбек жалдауы керек екенін анықтайды.

Монополистің ұсыныс функциясы болмайтын тәрізді, монопсонияның сұраныс функциясы болмайды. Монопсонияның тепе-теңдік нүктесінде оның әртүрлі ұсыныс қисықтарына сәйкес келетін, сатып алынатын еңбектің бірнеше шекті шығындар қисықтары бір уақытта қиылысуы мүмкін. Нәтижесінде, тепе-теңдік нүктесінен түсірілген перпендикуляр пайданы мейлінше арттыратын еңбек күшінің бірдей шамасын сатып алуға болатын әртүрлі бағаларының бірнешенуін (WLMHC, WL*MHC) көрсетеді. Осылайша монопсония жағдайында сұраныс көлемі мен бағаның арасында бір мағыналық байланыс жоқ екенін көреміз (Сурет 10.5).

MCMHC Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru MC*MHC

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru WL

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru LS

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru

L

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru WL*MHC

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru WLMHC MRPMHC

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru LMHC L

Сурет 10.5 Монопсонияның сұраныс қисығының болмауы

Еңбек нарығындағы кәсіподақтардың рөлі.Еңбекті ұсынудың жағында жұмысқа жалданушылар атынан кәсіподақ тұратын жағдайда, еңбек нарығында монополия туындайды. Бұл жағдайда кез келген монополияланған нарықтағы сияқты баға тек қана сұраныс пен ұсыныстың функциясына ғана емес, сонымен қатар кәсіподақтың шығындары мен сұранысына байланысты болады. Егер кәсіподақ еңбек нарығында монополиялық билікке ие болса, онда ол еңбекақы деңгейін жоғарылату мақсатында еңбек ұсынысын шектеуге тырысады. Кәсіподақтың монополиялық билігі жұмысшылар санын азайтып, еңбекақы мөлшерлемесін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Кәсіподақтың «пайдасын» мейлінше арттыратын жалақы мөлшерлемесін анықтайтын үрдісті төмендегі 10.6 – суретінен көруге болады. Кәсіподақтың шекті түсімінің қисығы еңбектің сұраныс қисығынан гөрі тікше болғандықтан, қарастырып отырған жағдайды еңбек нарығындағы жетілген бәсекемен салыстырғанда мұнда еңбекақы мөлшерлемесі жоғары, ал жұмыспен қамтамасыз ету төмен болып, нәтижесінде жұмыссыздық пайда болады (Lпр L). Мұндай еңбекақымен жұмыс істеуге ынталанатындардың бәрі бірдей жұмыс таба алмайды.

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru WL

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru LS = MCПР

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru WLпр

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru W*L

LD = ARПР

MRПР

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru

LПР L* L1 L

Сурет 10.6 Еңбек нарығындағы монополия

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы екі жақты монополия.Екі жақты монополияның (билатеральды монополияның) жорамалы бойынша сатып алушы-монополистке қарсы сатушы-монополист тұрады, яғни фирма-монопсония мен кәсіподақ-монополия еңбек нарығында өз мүдделерін жүзеге асырғысы келеді. Мұндай жағдайды талдау үшін екі графикті: монопсония үлгісін және кәсіподақтың монополиялық билігін біріктіру қажет.

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru W MCL

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru W2

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru SL

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru DL

E1

MR

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru W1

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru L1 L2 L3 L

Сурет 10.7 Еңбек нарығындағы екі жақты монополия моделі

Жетілген бәсеке жағдайында тепе-теңдік Е1 нүктесінде орналасады, жұмыспен қамтылғандар саны L3, еңбекақы мөлшерлемесі W3 болады. Монопсонист-фирма еңбекақыны W1 деңгейіне дейін төмендетуге тырысады және осы мақсатын жұмыспен қамтылғандар санын L3-тен L1-ге дейін азайту жолымен жүзеге асырғысы келеді. Кәсіподақ еңбекақыны W2 деңгейіне дейін көтеруге ұмтылады, бірақ бұл кезде жұмыспен қамтылғандар саны жетілген бәсеке нарығындағыдан төмен болады.

Екі жақты монополия нарығының моделі тәжірибе жүзінде сирек кездеседі. Соған қарамастан, екі жақты монополия жағдайы кәсіподақтар мен кәсіпкерлер ассоциациясының арасында немесе кәсіпқой спорт саласында кездеседі.

Еңбек нарығындағы экономикалық рента.Жұмысшылар табысының әртүрлі болуы олардың біліктілігіне байланысты болады. Біліктілігі жоғары жұмысшылар тұрақты артық – экономикалық рента ала алады. Экономикалық рента – бұл ұсынысы қатаң шектелетін ресурстарға төленетін төлемақы. Бұл ерекше ресурстардың қызметіне төленетін нақты төлемақы мен осы ресурстың иесі сататын төменгі деңгейдегі бағасының арасындағы айырма.

       
  Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru   Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru

W a) W ә)

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru S

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru SL

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru E E­2

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru W* W2 D2

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru E1

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru W0 DL W1 D1

       
  Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru   Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі - student2.ru

0 L* L 0 L* L

Сурет 10.8 Экономикалық рента

Жоғарыдағы 10.8 a) суретінде экономикалық рентаның жалпы жағдайы келтірілген, экономикалық рента W*EW0 үшбұрыштың ауданына тең. Өте ерекше адамдар өз ресурстарын ұсынған кезде еңбек ұсынысы вертикальді түзу болады, себебі мұндай ресурстарды иемденуші адамдардың саны шектеулі болады (сурет 10.8 ә)). Мысалы, ұлы ғалымдар, эстрада жұлдыздары, атақты киноактерлер, даңқты спортшылар, танымал футболшылар (Қ. Сәтпаев, Р. Рымбаева, А. Әшімов, Б. Сарсекбаев, С. Смақов). Мұндай жағдайда еңбек ұсынысы өте икемсіз болады. Сондықтан, сұраныстың өсуі еңбектің бағасын өсіреді, яғни еңбекақы өседі. Мысалы, әртістің танымалдылығы сұранысты жоғарылатады, сұраныс қисығы D­1-ден D2-ге жылжиды, ал әртістің төлемақысы W1-ден W2-ге өседі. W1 W2 E2 E1 төртбұрышының ауданы экономикалық рентаға тең (сурет 10.8 ә)).

Орытынды

1. Өндірістің әрбір факторы (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет) өз иелеріне табыс әкелерліктей (жалақы, пайыз, рента, пайда,) қабілеттерге ие.

2. Өндіріс факторлары нарықтарында факторларға деген сұранысты фирмалар қалыптастырады, ал олардың ұсынысын үй шаруашылықтары жасайды. Өндірістің факторларына баға белгілеу игіліктер нарығындағы сияқты принциптермен жүзеге асырылады, яғни факторлардың ұсынысы мен оларға деген сұраныстың арақатынасы негізінде қалыптасады.

3. Өндіріс факторларының иелері факторлық табыстарды алып отырады, ал ол табыстардың мөлшері факторлардың бағалары мен олардың сатылған көлеміне байланысты болады.

4. Өндіріс факторына деген сұраныс фирманың өндіретін өніміне деген сұраныстан туындайды. Фирманың өндіретін өніміне деген сұраныс неғұрлым көп болса, соғұрлым фирманың өндіріс факторларына деген сұранысы да көп болады. Фирманың ресурстарға деген сұранысын анықтайтын фактор ретінде сол ресурсты пайдалануды арттыру нәтижесінде алынатын жалпы табысының өсуі қарастырылады.

5. Фирманың ресурсқа деген сұраныс қисығы шекті факторлық табыс қисығы болып табылады, ал шекті факторлық табыстың шамасы өнімді сатудан түсетін шекті табыс пен ресурстың беретін шекті өнімінің көбейтіндісі ретінде есептеледі және оның қисығы кемімелі болып келеді.

6. Фирманың сатып алғысы келетін ресурстарының құрылымы мен көлемін таңдау жайындағы шешімі шекті факторлық табыстың берілген ресурстар бойынша шекті шығындармен арақатынасына байланысты болып табылады, осы шекті факторлық табыс пен шекті шығындардың арақатынасы тең болғанда ғана фирма үшін сол ресурстың көлемін пайдалану тиімді болады.

7. Пайдасын максималдайтын фирма үшін әрбір ресурс бойынша шекті факторлық табыс сол ресурсты қолданудың шекті шығынына тең болған кездегі факторлар жиынының құрылымы оңтайлы деп саналады.

8. Фирманың ресурс туралы шешім қабылдауы ресурстар мен игіліктер нарықтарының ұйымдастырылу типіне және олардың арасындағы үйлесімділіктерге байланысты болады.

9. Ресурсқа деген нарықтық сұраныс жекелеген фирмалардың сұраныс қисықтарын көлденеңінен қосу арқылы алынады және ол сол ресурстың бағасына, бағалық емес параметрлерге де байланысты болып табылады.

10. Ресурстың ұсыныс қисығы ресурс иесі ие бола алатын минималды табыс қисығы ретінде сипатталады және сол ресурстың иелері одан сол бір минималды табысты алуы үшін оны нарыққа шығаруға келіседі.

11. Ресурстардың нарықтық ұсынысы жекелеген ұсыныс қисықтарын көлденеңінен қосу арқылы есептеледі, ал ресурстың бағасы оның ұсыныс көлемін анықтайтын фактор болып табылады.

12. Өндіріс факторлары нарығындағы нарықтық тепе-теңдік ресурстың тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік көлемін анықтайтын нарықтық сұраныс пен ұсыныстың теңесуі кезінде қол жеткізіледі.

13. Экономикалық рента – бұл факторлық табыстағы ресурс иелерінің сол ресурсты сату кезіндегі үстеме құн ретінде ала алатын ұтымы. Экономикалық рентаның мөлшері фактордың бағасы мен оның ұсынысының икемділігіне тәуелді болып табылады.

14. Еңбек нарығындағы ұсыныс жұмыскерлердің талғамына және еңбектің бағасына тәуелді болып табылады, ал еңбек бағасы ретінде еңбекақы мөлшерлемесі қарастырылады. Орташа еңбекақы мөлшерлемесі еңбектің тепе-теңдік бағасының көрсеткіші болып табылады, ал оның шамасы еңбек нарығының ұйымдастырылу типіне байланысты болып табылады.

15. Еңбек нарығының ұйымдастырылуының мынадай типтері бар:

А) Жетілген бәсекелі еңбек нарығы, бұл нарықтың типінде жалақының тепе-теңдік мөлшерлемесі еңбекке деген сұраныс пен оның ұсынысының әсері арқылы қалыптасады;

Ә) Монопсонистік еңбек нарығы, нарықтың мұндай типінде еңбекті жалғыз ғана сатып алушы істейді, ол монополиялық билікке ие бола отырып, еңбектің бағасын жетілген бәсекелес нарықтан төмен етіп тағайындайды;

Б) Монополиялық еңбек нарығы, мұнда сатушылар монополиялық билікке ие бола отырып, кәсіподақтар ретінде жұмыс істейді. Кәсіподақтар еңбек күшін жалғыз ғана сатушы ретінде еңбектің тепе-теңдік көлемін қысқарту есебінен еңбектің бағасын, яғни жалақы мөлшерлемесін арттыруды мақсат етіп қояды;

В) Еңбек нарығындағы екі жақты (билатералды) монополия, мұнда еңбек күшін жалғыз сатушы мен еңбек күшін жалғыз ғана сатып алушы кездеседі, яғни еңбек нарығындағы монополист пен монопсонисттің мүдделерінің түйісуі орын алады.

Наши рекомендации