Ресурстарды сақтау саясаты
Ресурстарды сақтау дегеніміз – меншіктің әр түрлі формальды және шаруашылық тетігінің ықпалымен жүзеге асатын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық мәні еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын үнемді жарату, өнімсіз және халық шаруашылығының барлық өрісіндегі шығындарды барынша жою болып табылады. Ресурстарды сақтау болашақ экономиканың дәрежесі мен сипаттамасы ретінде экономика және басқару жүйелерін қайта құруды, олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет ететді. Ресурстарды сақтау экономикалық қатынастар жүйесінің және шаруашылықты жүргізу әдістерінің қамы үшін ғана болмауы керек.
Ресурстарды сақтау саясатыорасан зор потенциалдық мүмкіндіктері бар Қазақстан үшін өте үлкен принциптікмаңызы бар. Себебі, республикада ұзақ жылдар бойы халық шаруашылығының өркендеуі экстенсивтік, жоғары шығындылық негізінде болып келеді. Шаруашылықты жүргізудің мұндай әдістері әлдеқашан өзінің сипатын жойып, өндірісті интенсивтендіруге үлкен тосқауыл жасады.
Экономикалық реформа жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ұлттық табыстың серпінінде тұтыну мен қорланудың арасындағңы қатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорында ресурстарды сақтау есебінен шаруашылық қорланудың сол бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан, практикада ресурстарды сақтау қорланудың заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет болады. Ресурстарды сақтау іс жүзінде тиімді экономикалық дамудың бірден-бір басты кезеңіне айналып отыр. Мысалы, энергия мен шикізаттарды үнемдеу шараларын іске асыруға кеткен шығындар, осындай мөлшердегі шығындарға қарағанда екі есе кем болады. Алайда, өндірісті дамытудағы ресурстарды сақтау жолына өте-мөте баяу жүргізіліп келеді. Ресурстарды сақтаудың экономикалық негізіне қаржы –несие саясаты, бағаның құрылуы және ынталандыру жатады.
Ресурстарды сақтаудың басты бағыттары -өнім бөлігінің материалдық шығындылығын кеміту, ең алдымен үнемді конструкциялық шешімдер және ресурстарды сақтау техникасын және қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану; өндірістік процестерге отын-энергетика және т.б. да материалдық ресурстардың шығындарын азайту; шикізаттардың және екінші қайтарымды жылу ресурстарының, тұрмыстық қалдықтарын толық пайдаланып, оларды қайтадан пайдаға асыру, табиғи байлықтарды, бастапқы шикізаттар ресурстарын кешенді түрде өңдеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын жұмысын жүргізудің экономикалық тетігін және оның әрбір цехтарда, әрбір еңбек ұжымдарында ресурстарды сақтаудың ынталығының ең тиімділік амалын қолданатын бөлу керек. Ресурстарды сақтау проблемасын шешуде ұдайы өндіріс процестерінің барлық сатыларын, сонымен бірге, ең алдымен шикізаттарды өндіру және шала фабрикаттарды қайта өңдеуді қамту қажет, себебі, бұл саладағы материалдық шығындар әлі де болса өте жоғары болып келеді. Мұнда бірінші орынды қалдықсыз технологияны қолдану негізінде өндірісті ұтымды ұйымдастыру жұмысы алады. Шикізаттардың қай түрі болмасын жарамды өнімдерді өңдеуде пайдалы заттардың алуан түрлерінен тұрады. Сонымен, бұл шикізаттарды өндіру және қайта өңдеу кешені тиімділігінің шешуші факторы болып табылады.
Қазірдің өзінде қалдықсыз технологияны өндіріске енгізуге техникалық мүмкіншіліктер толық жеткілікті: толық немесе толыққа жақын, өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және т.б. Қалдықсыз өндірісте кешендік үнем толық іске асады. Біріншіден,мұнда материалдық ресурстарды ұтымды пайдалануда кейбір аз байланысты шаралардың едәуір толық кәдеге жаратудың түбегейлі әдістерін қамтамасыз ететін ғылыми жүйеге өту. Екіншіден,ол ірі әлеуметтік – экономикалық кешенді проблемаларды шешуге ықпал етеді: республикадағы шикізаттар ресурстарының қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, еңбек шартын арттыру, табиғи ортаны қорғау және т.б.
Қайталау сұрақтары:
1. Кәсіпорынның экономикалық ресурстарына не жатады?
2. Кәсіпорын қандай ресурстарды пайдаланады?
3. Кәсіпорынның өндірістік ресурстарының маңызы қандай?
4. Кәсіпорында қаржы ресурстарының құрылымы мен көздері.
5. Матариалдық ресурстарды үнемдеудің халық шаруашылығындағы маңызы.
6. Кәсіпорындарда барлық ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
7. Босалқы қорларды қандай мақсатта іске асырады?