Басқарудың корпоративтiк мәдениетi түсiнiгi
Менеджерлер жұмыс iстейтiн iшкi орта корпоративтiк мәдениеттен, ұйымдық құрылымнан, өндiрiс технологиясынан және компанияға тиесiлi үйлер мен ғимараттардан, машиналар мен жабдықтардан тұрады. Бәсекелiк артықшылық тұрғысынан барынша маңызды iшкi орта факторы корпоративтiк мәдениет болып табылады. Iшкi мәдениет iшкi ортаның да, фирма стратегиясының да талаптарына сай болуы тиiс. Мұндай сәйкестiкке қол жеткен жағдайда өз еңбегiне бүтiндей мүдделi қызметкерлер тиiмдi жұмыс iстейтiн ұйымды қалыптастырады.
Мәдениет – бұл ұйымның барлық мүшелерi бөлiсетiн негiзгi құндылықтар, сенiмдер, жария етiлмеген келiсiмдер мен нормалардың жинағы. Бұл сыртқы және iшкi мәселелерге кез болуына қарай менеджерлермен және ұйымның өзге мүшелерiмен танылатын, фирмада не және қалай iстелетiндiгi туралы жалпы құндылықтар мен ұйғарымдар жүйесi деп айтуға болады. Мәдени дәстүрлердi ұғыну ұйымның жаңа мүшелерiне дұрыс ойлауға, сезiнуге, айналасындағыларды түсiнуге мүмкiндiк бередi. Әдетте корпоративтiк мәдениеттiң үш деңгейiн ажыратады, соның өзiнде әрбiр келесiсi мейлiнше айқын болып табылады.
Ең жоғарғы, үстiңгi деңгейдi көрiнетiн объектiлер, мәдениеттiң артефактiлерi құрайды: киiну мәнерi, мiнез-құлық ережесi, физикалық рәмiздер, ұйымдық рәсiмдер, офистiң орналасуы. Осының бәрiн ұйымның өзге мүшелерiнiң мiнез-құлқын байқай отырып, көруге, естуге немесе түсiнуге болады.
Екiншi деңгей - ұйым мүшелерi саналы түрде бөлiсетiн және тарататын, олардың әңгiмелерiнде, тiлiнде, пайдаланылатын рәмiздерiнде көрiнетiн, ұйым қызметшiлерiнiң iстерi мен сөздерiнде келтiрiлген жалпы құндылықтар мен сенiмдер. Бiрақ кейбiр құндылықтар корпоративтiк мәдениетке терең бойлайтындығы соншалық, қызметшiлер оларды байқаудан қалады. Осы базалық, негiзiн қалаушы ұйғарымдар мен сенiмдер корпоративтiк мәдениеттiң мәнiн құрайды. Нақ осылар iшкi саналық деңгейде адамдардың мiнез-құлқы мен шешiмдерiн басқарады. Кейбiр ұйымдарда базистiк ұйғарымдар ретiнде одан мүмкiндiгiнше олар өз мiндеттерiн орындаудан бас тартатын болады дейтiн ұйғарым туындайтын адамдардың еңбек етуге деген туа бiткен жек көргiштiгi туралы болжам болады. Мұндай ұйымның менеджментi қызметшiлердiң iс-әрекетiн қатаң бақылайды, олардың еркiндiк дәрежесiн шектейдi, әрiптестер бiр-бiрiне күмәнмен қарайды. Барынша «көзi ашық» ұйымның мәдениетi әрбiр адам оған жүктелген мiндеттi жоғары деңгейде орындауға тырысады деген ұйғарымға негiзделедi. Мұндай компанияларда қызметкерлер үлкен еркiндiкке және үлкен жауапкершiлiкке ие, әрiптестер бiр-бiрiне сенедi және бiрлесiп жұмыс iстейдi. Базалық ұйғарымдар көбiне фирманың жоғарғы басшылығының негiзгi сенiмдерiнен туындайды.
Корпоративтiк мәдениеттiң iргелi құндылықтары олардың көмегiмен кез келген фирманың мәдениетi туралы ой толғауға мүмкiн болатын рәмiздер, аңыздар, кейiпкерлер, ұрандар мен рәсiмдер секiлдi түрлi материалдық бейнелерде келтiрiледi.
Рәмiз дегеніміз – айналадағылар үшiн мағынасы бар объект, әрекет немесе оқиға. Корпоративтiк мәдениетпен байланысты рәмiздер адамдарға ұйымның маңызды құндылықтары туралы жеткiзедi.
Аңыздар – бұл компанияда iс жүзiнде болған оқиғаларға негiзделген ұйымның барлық қызметшiлерiне белгiлi жиi қайталанатын хикаялар. Әдетте олар корпоративтiк мәдениеттiң негiзгi құндылықтарын айқын емес түрде көрсетедi.
Кейiпкер дегеніміз – оған ұйым қызметшiлерiнiң көпшiлiгi елiктеуге тырысатын тұлғаның үлгiсi, корпоративтiк мәдениет iстерiн, ерлiктерiн, сипаты мен атрибуттарын бейнелейтiн адам. Кейде сөз iс жүзiнде өмiр сүрген тұлғалар туралы болуы мүмкiн. Бiрақ көбiне символикалық қаһарман қолданылады. Кейiпкерлер жасайтын қылықтар кәдiмгiнiң шегiнен шықса да, оларды қарапайым қызметкерлер қайталай алмайтындай болмауы тиiс. Олар адамдарға жақсы iстердi қалай iстеу керек екендiгiн көрсетедi. Мәдениетi күштi компанияларда көптеген жетiстiктер қаһарман кейiпкерлердiң пайда болуына, сөйтiп корпоративтiк құндылықтарды тиiстi деңгейде сақтап тұру үшiн негiз болады.
Ұран – бұл корпоративтiк мәдениеттiң негiзгi құндылықтары қысқа түрде тұжырымдалған сөйлем.
Рәсiмдер дегеніміз – барлық қатысушылар үшiн өткiзiлетiн ерекше жоспарлы шаралар. Рәсiмдер жиналғандарға корпоративтiк құндылықтар көрiнiстерiнiң барынша айқын мысалын келтiру үшiн өткiзiледi. Бұл шаралар қызметкерлердiң компанияның құндылықтарына сенiмiн нығайтуға, олардың бiрлесуiне жағдай жасауға, қызметкерлерге маңызды оқиғаларға қатысу мүмкiндiгiн беруге, корпоративтiк кейiпкерлердi қолдауға арналған.
Корпоративтiк мәдениеттiң қандай элементтерi компанияның мәдениетiн бейнелеуi тиiс екендiгiн менеджерлер анықтайды.