Коммерциялық банктердің тәуекелдерді басқару және несиелік тәуекелді бағалау әдістері

Банк үшін тәуекелдерді басқару өте маңызды болып келеді. Стратегиялық басқару мен жоспарлау болып табылады. Осы арқылы банк өзіндегі бар ресурстар мен мақсаттардың сәйкестігін қамтамыз етеді. Стратегиялық жоспарлау мен басқарудыңн егізгі мақсаты - операциялардың көлемін, табыс деңгейін жоғарлату, акциялардың нарықтық кұнын жоғарылату мақсатында банктік қызметтердің жаңа түрін енгізу.

Тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталатын банк қызметтерінің түрлерінде банк табысқа ие болу үшін шешім қабылдаудың ерекше механизмін дамытады. Банктер тәуекелдің мүмкін болатын деңгейін анықтап, оның табысты қандай дәрежеде ақтайтынын есептейді. Осының негізінде банк тәуекелдерді анықтауға өзгертуге, бақылауға деңгейін төмендетуге байланысты іс-шараларды дайындап жүзеге асырады. Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі төмендегі суретте көрсетілген элементтерден тұрады.

Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады. Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады. Олардың ішінде жиі кездесетіндер:

1. диверсификация;

2. нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды алу;

3. лимиттеу;

4. өзін-өзі сақтандыру;

5. хеджирлеу;

6. сапаны басқару;

1.Диверсификациялау арқылы банктік операциялардың бір түрінебайланысты тәуекелділікті жояды немесе төмендетеді. Банк өзінің портфелін төменде көрсетілген бағыттарға байланысты жиі диверсификациялау керек:

а) Тартылған қаражаттың диверсификациясы:

• мерзімі бойынша ;

• тартылу түрлері бойынша (заңды тұлғалардың депозиттері, жеке тұлғалардың депозиттері, банк аралық несие, халықаралық карыздар);

• тартылу көздері бойынша (сала, клиенттердің топтары бойынша);

б) қолданылатын құралдардың диверсификациясы:

• активтер портфелінде төлем қүралдары көп болу керек; с) қалыптастырылған портфельдің диверсификациясы:

• мерзімі бойынша: көбінесе ұзақ мерзімді және қысқа мерзімдіболып бөлінеді;

• қарыз алушылар бойынша: ссудалық портфельде қарыздың аз мөлшерде бірақ көп тұлғаларға берілуі керек.

2. Сақтандыру. Мейлінше, тәуекел деңгейі бар банк активтерінің
барлық түрлері сақтандырылуы керек;

3. Хеджирлеу. Қаржылық құралдарды сату-сатып алу бойынша ашық
позициялар кері мәмілелер арқылы хеджирлену керек;

4. Өзін-өзі сақтандыру. Банктің ссуда бойынша үмітсіз карыздарды
есептен шығару және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін мемлекеттен немесе құрылтайшылардан қосымша алған құралдар немесе банктің пайдасынан құрылған резервтік қоры болуы керек.

5. Лимиттеу-банктік тәуекелдерді шектеу мақсатымен партнерлар,
құралдар және көлемдері бойынша банктік операцияларды зерттеуді шектеу.
Шектеудің келесідей көп тараған түрлері бар:

• әр контрпартнерлармен операциялар бойынша лимиттер;

• әр құрал, актив түрі, нақты бөлімше немесе дилерге лимиттер;

• бір қарыз алушыға минималды қарыз мөлшері;

• баланстан тыс міндеттемелердің минималды мөлшері;

• келесі күнге қалдыруға мүмкін ашық позицияның минималды мүмкін мөлшері ;

• банктің әр бөлімшесі, әр құралы , әр позициясы бойынша пайда мен шығындар лимиті.

6. Нәтижелер мен таңдаулар туралы қосымша ақпараттарды алу практикада келесі шаралардың көмегімен жүзеге асады:

• банктің клиенттері, банктің қауіпсіздік бөлімшесінің материалдары

және мерзімдІ басылымдар бойынша ақпараттарды іздестіру; • Блумберг , Телерейтер, Рейтер. Интернет сиякты маманданған фирмалардан электрондық және ақпараттық кызметтерді алу және аналитикалық агенттіктердің мерзімді басылымдарына жазылу;

7.Сапаны басқару - тәуекелді басқарудың қазіргі уақытқа ең көп қолданылатын түрі. Оның негізгі мәні болып банк басқармасының тарапынан тәуекелдердің алдын алу болып табылады. Мұндай тәсілмен басқару үшін банкке маманданған қызметкерлер керек.

Несиелік тәуекелді басқару. Банк үшін несиелік тәуекелді басқарудың маңызы зор болып табылады. Несиелік тәуекел - негізгі қарызды және; берілген қарыз бойынша есептелген проценттерді қайтармауға байланысты туындайтын тәуеклдің түрі. Несиелік тәуекелдің бірдей дәрежеде клиентке және банкке қатысы бар. Ол мынадай факторлармен байланысты туындауы мүмкін: кәсіби белсенділіктің төмендеуі , сұраныс деңгейінің төмендеуі, келеңсіз жағдайлар және тағы да басқа факторлар.

Банктердің несиелік тәуекелі негізінен екі тәуекелден тұрады: несиелік тәуекел және контрпартнер тәуекелі. Несиелік тәуекел несиені уактылы емес немесе ішінара қайтаруға байланысты туындайды, алконтрпартнер тәуекелі контрпартнердың қаржылық жағдайының нашарлауымен немесе банкроттыққа ұшырауымен байланысты туындайды.Несиелік тәуекел немесе негізгі соманың кайтарылмау тәуекелі келесідей өндірістік мәселелермен түсіндіріледі : өндірістің кұлдырауы, өнімге деген сұраныстың төмендеуі және жеке өндіріс саласындағы кризистік жағдай.

Банктегі несиелік тәуекелдің деңгейі келесідей факторларға байланысты:

• Ұзақ мерзімді приоритеттердің болмауы немесе банктің несиелік

саясатының жиі өзгеріп отыруы;

• Банктердің жаңадан пайда болған клиенттерінің арасында несиенің үлкен бөлігін орналастыруы;

• Жағымсыз конъюнктуралық өзгерістермен сипатталатын географиялық

аймақтар мен салалардағы банк клиенттерінің көп шоғырлануы;

• Қамтамасыз етілмеген несиелер, күмәнді несиелер, қаржылық жағдайы

нашар клиенттерге берілген несиелердің үлес салмағының көп болуы;

• Нарықтың жаңа сегменттеріндегі банк іс-әрекетінің тығыздығы.

Әр банк өзінің несиелік саясатын жеке құрастырады. Сондықтан да, әр банкте несиелік процессті ұйымдастырудың, қарыз сомасы мен есептелген проценттерді өтеу ерекшеліктері бар.

Банктің несиелік саясаты үш бөліктен тұрады: несиелеу туралы ұсынысты алдын ала талдау, несиелеу процесінде қарыз алушының қаржылық жағдайын анықтау, несиенің қайтарылу процесі. Потенциалды қарыз алушыны алдын ала талдау келесідей тексеру кезеңдерінен тұрады:

• Қарыз алушының әрекет қабілеттілігін тексеру. Әрекет кабілеттілігі мемлекеттік тіркеу құжаттарымен тексеріледі.

• Қарыз алушының репутациясын тексеру, яғни карыз алушының партнерлармен және несие берушілермен кем дегенде біржылдың ішіндегі қарым-қатынасын тексеру. Ол каржылық есеп және банктің қауіпсіздік кызметінің материалдары негізінде жүргізіледі.

• Кәсіпорынның меншікті капиталының келемі. Дамыған мемлекеттерде карыз алушы жоспарланған инвестициялық жобаға өз капиталын белгілі деңгейде жұмсамаса, ешкандай банк мұндай жобаға қатыспайды. Көбінесе, меншікті қаражаттар мен тартылған каражаттардың ара катынасы 70% / 30%-ға тең.

• Нарықтық конъюнктураның жағдайы. Ұзақ мерзімді несиелендіру кезінде банк қарыз алушының конъюнктурасын толығымен анықтау керек , яғни несие алушының өндіретін тауарына нарықтағы сұраныс пен ұсыныс қатынасы.

• Міндетті түрде қарыз алушының негізгі қаржылық коэффиценттері анықталады және кепілдік объектісі бағаланады. Банк әрқашан кепілдіктің сапасын, өтімділігін, оның нарықтық бағасының несие көлеміне қатынасын реттеп отырады.

Несиелендіру процесінің екінші кезеңі клиент іс-әрекетінің тиімділігін периодты тексерумен сипатталады, яғни осыны тексеру арқылы банк клиенттің ағымдағы қаржылық жағдайын анықтайды. Клиенттің ағымдағы төлем кабілеттілігіне талдау жүргізу үшін келесідей акпараттар керек:

а) Жылдық, тоқсандық және айлық қаржылық есептері;

b) Тауарлы материалдық қорлардың, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың құрылымдары немесе үлес салмағы;

с) Қарыз алушының өндірген өнімінің өткізілу дәрежесіне талдау жасау;

d) Қарыздың толығымен өтелуіне дейін қарыз алушының ақша қозғалысын талдау.

Үшінші кезеңде қарыз алушы несиені өтейді. Жоғарыда айтылып өткен кезеңдердің әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді.

Несиелік тәуекелді басқарудың тәжірибеде ең көп тараган тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады:

• Банк , клиент іс-әрекеті туралы статистикалык ақпараттарды талдау аркылы қарыз алушыға байланысты тәуекелдерді бағалау. Осы үшін коммерциялық банктерде тәуекелдің деңгейін талдау жұмыстарымен айналысатын және табыстарды баскаратын бөлімше кұрылады;

• Қарыз алушының жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып тәуекелдерді бағалау;

• Қарыздың нақты сомасы мен қайтарылу мерзімін анықтау;

• Нарықтық конъюнктураның жағдайы. Ұзақ мерзімді несиелендіру кезінде банк қарыз алушының конъюнктурасын толығымен анықтау керек , яғни несие алушының өндіретін тауарына нарықтағы сұраныс пен ұсыныс қатынасы.

• Міндетті түрде қарыз алушының негізгі қаржылық коэффиценттері анықталады және кепілдік объектісі бағаланады. Банк әрқашан кепілдіктің сапасын, өтімділігін, оның нарықтық бағасының несие көлеміне қатынасын реттеп отырады.

Несиелендіру процесінің екінші кезеңі клиент іс-әрекетінің тиімділігін периодты тексерумен сипатталады, яғни осыны тексеру арқылы банк клиенттің ағымдағы қаржылық жағдайын анықтайды. Клиенттің ағымдағы төлем кабілеттілігіне талдау жүргізу үшін келесідей акпараттар керек:

а) Жылдық, тоқсандық және айлық қаржылық есептері;

b) Тауарлы материалдық қорлардың, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың құрылымдары немесе үлес салмағы;

с) Қарыз алушының өндірген өнімінің өткізілу дәрежесіне талдау жасау;

d) Қарыздың толығымен өтелуіне дейін қарыз алушының ақша қозғалысын талдау.

Үшінші кезеңде қарыз алушы несиені өтейді. Жоғарыда айтылып өткен кезеңдердің әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді.

Несиелік тәуекелді басқарудың тәжірибеде ең көп тараған тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады:

• Банк , клиент іс-әрекеті туралы статистикалык ақпараттарды талдау аркылы қарыз алушыға байланысты тәуекелдерді бағалау. Осы үшін коммерциялық банктерде тәуекелдің деңгейін талдау жұмыстарымен

айналысатын және табыстарды баскаратын бөлімше кұрылады;

• Қарыз алушының жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып

тәуекелдерді бағалау;
• Қарыздың нақты сомасы мен қайтарылу мерзімін анықтау;

• Несиені сақтандыру;

• Қайтарылмаған қарыздарға байланысты арнайы резервтер құру;

• Тәуекел деңгейі жоғары болса , қарыз беруден бас тарту;

• Несиелік тәуекелді диверсификациялау;

• Несие беруге байланысты келісім шартты заңға сәйкес кұрастыру.

Несиелік процесс кезінде қарыз алушының несие қабілеттілігі мен төлем қабілеттілігін алдын ала талдау өте маңызды болып келеді. Бұл процессті тәжірибеде алты әдіспен зерттеуге болады. Олар:

1 . қаржыландыру бағытын талдау ;

2. несиені өтеу кезеңдерін талдау;

3. тәуекелдерді талдау;

4. менеджмент деңгейін талдау;

5. қаржылық тұақтылығын талдау: коэффиценттерді талдау және ақша қозғалысын талдау

6. кепілдіктің жеткіліктік дәрежесін талдау.

Несиелік тәуекелді бағалаудың қорытынды нәтижелері болып мыналар табылады - күтілген шығындар және күтілмеген шығындар. Несиелік тәуекелге байланысты күтілген шығындар кұралған резервтердің негізінде орнын толтырады, ал күтілмеген шығындар банктің меншікті қаражаттарының есебінен орнын толтырады.

Несиелік тәуекел бойынша жеке бір операция бойынша күтілетін шығындардың сомасы мына формуламен есептеледі:

ЕL = СЕ*РD*SL , мұндағы

ЕL - күтілген шығындар;

СЕ - тәуекелмен байланысты сома;

РD - дефолттың ықтималдығы;

SL - дефолт кезіндегі шығындардың көлемі.

Несие беруге байланысты күтілмеген шығындар сомасы:

UEL = CE * SL

UEL — күтілмеген шығындар;

СЕ — тәуекелмен байланысты сома;

SL - дефолт болган жағдайдағы шығындар;

Әлемдік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалаудың екі негізгі әдісі бар. Олар жеке және бір-бірімен қолданылуы мүмкін:

· несиелік инспекторлар мен сараптаушылардың субъективті

қорытындысы;

· автоматтандырылған скоринг жуйесі.

Скоринг математикалық немесе статистикалық модель болып табылады. Осы модельдер арқылы банк бұрынғы клиенттерге талдау жүргізудің негізінде потенциалды клиенттердің қарызды уақытында қайтару немесе қайтармау ықтималдығын есептейді.

Коммерциялық банктік несиелік тәуекелін есептеу келесідей түрде көрінеді:

К3=Кp* (R1+R2+…+Rn)*Е:К сал

Мұндағы,

К3 - банктің жеке клинтінің тәуекелділік коэффициенті;

Кр - клиенттің несиелік қабілетін, нарықтағы дәрежесін , өндіріс потенциалының деңгейін , еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, акционерлерінің құрамын , басқарушының ұйымдастырушылық қабілетін резервтік қорлары мен жеке құрал жабдықтарының жеткіліктілігін, өткен кезеңде алынған несиесінің деңгейін және тағы басқа көрсеткіштерін көрсететін коэффициент;

R1,… Rn – осы несиелік операциямен байланысты тәуекел мөлшері;

Ксал - несиені алушы төлеген несиелердің сомасы;

Е – банктің осы клиент үшін ішкі факторлардың қозғалысын көрсететін коэффициент.

1.3 Банктік тәуекелдерді бағалау әдістері.

Банктік тәуекелдерді бағалау кезінде тәуекел туралы толық ақпаратты алу бірнеше көрсеткіштердің есептелінуі нәтижесінде алынады. Неғұрлым ақпараты сапалы болатын банктік тәуекелді бағалау салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады. Мысалы, вариация коэффиценті. Ал абсолютті көрсеткіштер - бағаланып жатқан объектіден күтілетін нәтижелердің негізінде колданылады. Тәуекелді бағалау кезінде ықтималдықтың деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің манызы зор болып келеді. Банктік тәуекелдің деңгейін бағалау барысында нақты көрсеткіштердің жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуын есептеп кана қоймай, сонымен катар теріс ауытқулардың оң ауытқуларға қарағандағы ықтималдығы есептеледі.

Банктік тәуекелді бағалаудың келесідей әдістері мен көрсеткіштері жиі кездеседі:

Value at Risk (VaR) моделі.

Ағылшын тілінен аударғакда тәуекелге ұшыраған сома деген мағынаны береді. VaR – тәуекелдің құнын бағалаудың әдістемесі болып табылады. Бұл көрсеткіш белгілі бір интервал аралығында шығындардың ең жоғары мөлшерін көрсетеді. Яғни VaR -дың көлемі инвестордың n күн ішінде белгілі бір ықтималдық деңгейінде шегуі мүмкін шығындардың ең жоғары мөлшерін көрсетеді. VaR -ды есептеудегі ең негізгі параметрлері уақыт және ықтималдық болып табылады. VaR мына көрсетілген тәуекелдерді есептеудің әмбебап әдістемесі болады: бағалық тәуекел, валюталық тәуекел , несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі. VaR -ды есептеудің үш әдісі бар:

• Параметрлер әдісі;

• Тарихи модельдеу әдісі;

• Монте-Карло әдісі;

Параметрлер әдісінде портфель базистік активтерге бөлінеді.Мұнда портфель құнының орташа квадраттық ауытқуы оның компоненттерінің орташа квадраттық ауытқуымен және ковариация матрицасымен анықталады.

Тарихи әдіс - активтер құнының бұрындағы өзгерістерін есепке ала отырып , ағымдағы портфель құнының өзгерісін бағалау.

Монте-Карло әдісі - портфельге кіретін активтердің жеке статистикалық

параметрлерінің негізінде жалпы портфель құнының өзгерісін модельдеу.

«АЛЬФА-БЕТА» моделі:

«Альфа-бета» моделі бойынша қаржы құралдары құнының (Р) өзгеруі тәуекел индексі (I) құнының өзгеруімен сипатталады. Ол мына сызықтық регрессия формуласында көрсетілген:

Р = α + ßΔІ +ε, мұндағы:

α - құрал құнының тұрақты өсімі;

ß- құрал құнының индекстелген сызықтық тәуелділік дәрежесін сипаттайтын коэффицент. Егер коэффицент 1-ден жоғары болса, онда кұрал индекстің өзгерісіне тәуелді болып келеді. Егер коэффицент 1-мен 0-дің арасында болса, онда құрал кұнынының өзгерісі индекстің өзгерісіне онша тәуелді емес, ал егер коэффицент мәні 0-ден төмен болса, онда кұрал құнының өзгеруі индекстің өзгеруіне қарама-қарсы болады, яғни мұндай жағдайда индекспен байланысты тәуекелді хеджирлеуге мүмкіндік туады.

ε - жүйелік емес тәуекелдерді сипаттайтын және математикалық күтімі 0-ге тең кездейсоқ шама.

«Gap» әдісі:

Gap дегеніміз проценттік ставканың өзгеруіне тәуелді активтер мен проценттік ставканың өзгеруіне тәуелді пассивтердің айырмасы болып

табылады. Осы концепцияны колдану барысында банктің негізгі міндеті айырманың мәнін минимумға дейін жеткізу болып табылады.

Gap -тің көлемі төмендегі формула бойынша есептеледі:

G= а - п = Пп - Ап;

а - өзгермелі ставкамен есептелетін активтердің көлемі;

п - өзгермелі ставкамен есептелетін пассивтердің көлемі;

Ап - тұрақты ставкамен есептелетін активтердің көлемі;

Пп - тұрақты ставкамен есептелетін пассивтердің көлемі.

Наши рекомендации