Тақырып 8 - Менеджменттегі жоспарлау
Мақсаты: Басқарудың жоспарлау қызметінің мазмұнын ашу, жоспарлау түрлері мен кезеңдерін анықтау және негізгі принциптерін жіктеу
1. Фирма ішіндегі жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері
2.Стратегиялық жоспарлау мәні
3. Тактикалық жоспарлау мәні
1. Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:
- Ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
- Алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
- Міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады. Басқаша айтқанда, жоспарлау сұрақтарға жауап береді.
Біздің қазірігі бүгінігі күнгі жағдайымыз қандай?
Болашақта біз қандай болуымыз керек?
Осы жолда нендей кедергілер орын алған?
Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төмандегідей міндеттерді атап өтуге болады:
1. Нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;
2. қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;
3. басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқының реттеу;
4. еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
5. сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым
өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы тұста жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.
Алғашқы кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы алар орнын бағалау және бәсекелестер мн қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.
Екінші кезеңде бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді.Міндеттерге жағдайдың сай келуі, олардың жүзеге асырылу мүмкіндігінің болуы, нақтылығы және тартымдылығының орын алуы талаптары қойылады.
Үшінші кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады.
Төртінші кезеңде өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті баламаны таңдап арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.
Соңғы кезеңде жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда түзетулер және өзгерістер еңгізу әрекеттері орындалады.
Фирма ішілік жоспарлаудың басқару қызметі ретінде міндеттері мен мазмұны нарық сұранысы мен оны қамтамасыз ететін материалдық көздерін есепке ала отырып өндірісті дамыту және негізгі бағыттарды анықтау болып табылады. Жоспарлаудың қалыптасуы фирманың және әрбір жекелеген бөлімшенің берілген кезеңдегі даму барысындағы мақсаттарын нақтылауда, шаруашылық міндеттерін, оларға жету құралдарын,мерзімі мен жүзеге асырылуын; алдыға қойылған міндеттерді шешуге қажет еңбек, қаржы, материалдық ресурстарды анықтау.
Мазмұнына, мақсаттарына және міндеттеріне байланысты жоспарлаудын келесі формаларын көрсетуге болады: стратегиялық немесе дамушы; ағымдық немесе оперативтік.
Тақырыпты жақсы игеру үшін жоспарлау мен байланысты келесі терминдерді қарастыру керек:
Жоспар түрінде жүргізу - басқару негізі;
Жоспарлылығы - басқару принципі;
Жоспарлау - басқарудың маңызды қызметі;
Жоспарлы тапсырмалар - басқару әдісі;
Жоспарлауды өңдеу және өткізу - басқару процесінің негізгі мазмұны .
Ағымдық және стратегиялық жоспарлау сапасы оны жүзеге асыру барысында ғылыми бағыттар мен жоспарлау принциптерін қолдану мүмкүндіктеріне байланысты.
Жоспарлау принциптерін қарастырайық:
1. Әлеуметтік бағыттылығы;
2. Жоспарлау обьектісін ранжирлеу;
3. Адекваттылығы:
4. Келісімділігі;
5. Нұсқаулығы;
6. Тепе-теңдігі;
7. Экономикалық негізделуі;
8. Жоспарлау жүйесін автоматтандыру;
9. Кері байланысты қамтамасыз ету.
Жоспарлау ұйымның барлық мүшелерінің оның жалпы мақсаттарына жету үшін күш-жігерлерін бір бағытқа жұмылуын қамтамасыз етеді, өндірістік процессті тиімділігі мен нәтижені алдын ала көруге мүмкіндік береді.
Қамту дәрежесі бойынша: жалпы және бөлшектеп жоспарлау; кәсіпкерлік саясат аспектісіндегі жоспарлау мазмұны бойынша - стратегиялық, тактикалық және оперативті жоспарлау; жоспарлау бұйымы бойынша (жоспарлау объектілері) - мақсатты, құралдарды, бағдарламалық және әрекеттерді жоспарлау; қызмет көрсету саласы бойынша - өткізуді, персоналды, дайындауды, инвестициялық, қаржылық және кеңейтілген жалпы жоспарлау; жоспарлау тереңдігі бойынша - берілген рамкамен шектелген глобалды, контурлы және бөлшектеп жоспарлау; мерзімі бойынша - қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау; құрылымдық ұйымдастыру көзқарасы бойынша – жалпы жоспарлау (өндірісті ең жоғары жоспарлау) және кәсіпорынның орналасу жерін, қызмет көрсету саласын, учаскелер мен бөлімдерін жоспарлау; жеке жоспарлардың орындалу уақыттарын байланыстыру бойынша - тізбектеп және бір уақытты жоспарлау; деректердің өзгерісін есепке алу бойынша - қатаң және икемді жоспарлау; уақыт бойындағы кезегі бойынша - реттелген ағымдағы, сырғанақ және кезектен тыс, эвентуалды жоспарлау.
Жоспарлаудың негізін салушы принциптерге жоспарлаудың толықтылығы, бөлшектігі, дәлдігі, қарапайымдылығы мен түсініктілігі, үздіксіздігі, икемділігі, үнемділігі, «жоспарлауды түзету заңы» жатады.
Жоспарлаумен шешілетін міндеттер сферасында жоспармен атқарылатын қызметтің сапасы да қарастырлады: күрделілікті азайту, инициативаны көбейту, болжау қызметі, басқарудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі, тиімділік қызметі, интеграция мен координация қызметтері, реттеу қызметі, бақылау қызметі, тәрбиелейтін әсер мен оқыту қызметі, құжаттандыру қызметі.
Жоспарлаудың келесі кезеңдері ажыратылады: мүмкіндіктерді бағалау, міндеттерді қою, болжау, альтернативті іс-қимылды анықтау, альтернативті іс-қимылды бағалау, іс-қимылдық бағытын таңдау, туынды жоспарлаудың құрылуы, жоспарлаудың сандық сипатты құралы ретінде бюджетті құру.
Жоспарлаудың мынандай құраушылары бар: мақсаттар, бағдарламалар, нормативтер, ережелер, процедуралар, сметалар.
1) жоспарлау амалдары;
2) жоспарлау техникасы;
3) жоспарлау жүйесі;
4) стратегиялық жоспарлау;
5) тактикалық және оперативті жоспарлау;
6) жоспарлау проблемалары.
Жоспарлаудың келесі амалдары бар: «төменнен жоғары» (прогрессивті амал), «жоғарыдан төмен» жоспарлау (ретроградты амал) және шеңберлі амал (екі жақты жоспарлау).
Жоспарлау техникасы жоспар құрылуында уақыт аралығын анықтайды; кезекті жоспарлау, қатаң және икемді жоспарлауға бөлінеді.
Жоспарлау жүйесі – кәсіпорынның бір-бірімен өзара келісімдерімен және тәуелділігімен жоспарлау процесі. Жоспарлау процесі іс-қимылдың шекараларын анықтаса, басқаға қарағанда жоғары тұрады, ал төмен тұратын процесс оларды есепке алады (жоғары тұрған жоспардың басымдылығы). Бұдан басқа, иерархиямен байланысты жоспар кейбір «туынды қатынаста» бір-бірін толықтырады, яғни төмен тұратын жағдай қажет болғанда жоғарыдан шығады.
Жоспарлаудың бір-біріне бағыныштылығына байланысты келесі түрлерін көрсетуге болады:
а) жалпы жоспарлау - ұзақ мерзімді негізін қалаушы жоспарлау, кәсіпорын концепциясы;
б) мақсатқа бағытталған стратегиялық жоспарлау, мысалы, өндірісті, өткізу саласын, қаржыландыруды, персоналды дамытуды бес не он жылдық жоспарлау;
в) тактикалық жоспарлау – шаруашылық операциялардың жағдайын жоспарлау;
г) оперативті жоспарлау – ақшалар мен істердің нақты бағдарламасын жоспарлау.