Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

Еңбек туралы заңдарды бұзу (148-бап)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес Республика азаматының еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар, сол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз қалауына, қабілетіне және арнаулы даярлығына сәйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік алу құқығын қамтиды. Еңбек шартының еркіндігіне кепілдік беріледі. Сондай-ақ осы бапта көрсетілгеніндей Республика азаматының қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай келетін еңбек жағдайына, сондай-ак жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқы бар. Конституцияда бекітілген осы кепілдіктерді жүзеге асыруға қылмыстық заңның атқаратын маңызы бар. Қылмыстық заң Қазақстан Республикасындағы "Еңбек туралы" 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданған заңды және еңбек қорғау ережелерін бұзғандық үшін арнаулы баптар бойынша жауаптылық белгілеген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату, соттың жұмысты қайта қалпына келтіру туралы шешімін орындамау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соққан еңбек туралы зандарды өзге де бұзу үшін жауаптылық көзделген (148-баптың 1-тармағы).

Қылмыстың объектісі болып азаматтардың еңбек құқығын бұзу болып табылады. Объективтік жағынан алғанда еңбек жөніндегі заңды бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалады. Қылмыстық кодекстің осы 148-бабында еңбек туралы заңдарды елеулі бұзудың мынадай үлгі тізбегін көрсетіп отыр:

1. Қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату. Занда көрсетілген негіздерден тысқары жағдайда қызметкерді жұмыстан шығару заңсыз болып табылады. Егер лауазымды адам заңсыз, жұмыстан шығаруға негіз болмаса да өз жеке басының мүддесін көздеу ниетпен өзін сынағаны үшін кекшілдікпен, өзара ұрыс-керістің салдарынан, босаған жұмыс орнына өз танысын немесе туысын орналастыру мақсатын көздеп, адамды жұмыстан шығарса қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Жұмысты қайта қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамауы. Яғни кінәлі адам қылмысты түрде әрекетсіздік жасап,$соттың қайтадан жұмысқа алу туралы заңды күшіне енген шешімін орындамайды. Бұл жерде қылмыс екі бірдей объектіге: еңбек құқығына және әділсоттылық мүддесіне қол сұғады.

Еңбек туралы заңды өзге де бұзу деп еңбекке дұрыс ақы төлемеуді, жұмыс уақытының ұзақтығын дұрыс сактамау, демалыс беруден бас тарту, жұмысқа алудан негізсіз бас тарту, жекелеген қызметкерге занды белгіленген жеңілдіктерді қолданудан бас тарту, тағы осы сияқты әрекеттер жатады.

Жоғарыда көрсетілген еңбек туралы заңдарды бұзу — қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату; жұмысты қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамау; еңбек туралы занды өзге де бұзу әрекеттері мен әрекетсіздігінен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі қажет. Елеулі зиян болғанда ғана іс-әрекет қылмыс катарына жатады. Елеулі зиянның мөлшерін сот-тергеу органдары нақты жағдайларға қарап отырып анықтайды. Әдетте елеулі зиянға — адамның елеулі мөлшерде материалдық, моральдық зардап шегуі, ұзақ уақыт, негізсіз жұмыссыз қалуы, денсаулығына зиян келтірілуі т.с.с. жатады.

Қылмыс құрамы материалдық. Еңбек туралы заңдарды бұзу нәтижесінен занда белгіленген зардап орын алғанда ғана қылмыс аяқталған деп табылады. Субъективтік жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам өзінің әрекетімен еңбек жөніндегі заңды өрескел бұзғанын сезеді және осыны тілеп істейді. Бұл жерде қылмыстық ниет әр түрлі (мысалы, сынағаны үшін кектену, осы орынға өзіне кажетті адамды орналастыру т.б.) болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі болып тек қана мемлекеттік немесе мемлекеттік емес аппаратқа жұмысқа алу немесе жұмыстан шығару құқығы бар лауазымды адамдар танылады.

Әйелді оның жүктілік себебі бойынша жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе жұмыстан негізсіз босату немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді нақ сол себеппен жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе жұмыстан босату, сондай-ақ кәмелетке толмағанды оның кәмелетке толмағандығы себепті жұмыска қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе негізсіз жүмыстан босату — осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (148-баптың 2-тармағы). Бұл жерде қылмыстың жәбірленушісі — жүкті әйел немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйел немесе кәмелетке толмағандар болады.

Объективтік жағынан қылмыс заңда көрсетілген адамдарды: 1) жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту; 2) негізсіз жұмыстан босату арқылы көрініс табады. Қылмыс осы әрекеттердің біреуін жасаған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс құрамы формальдық. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасаналықпен істеледі. Кінәлі адам екіқабат немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді, кәмелетке толмағандарды негізсіз жұмысқа алудан бас тартады немесе осы адамдарды негізсіз жұмыстан босататынын сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстық ниет — мұндай адамдарға заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды бергісі келмеу т.б. жатады.

Қылмыстың субъектісі арнаулы — жұмысқа алу немесе одан босатуға құқығы бар лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан).

Қылмыстық кодекстің 148-бабының 3-тармағында басқару қызметін атқарушы адамның ақша қаражатын өзге максаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толық көлемінде және белгіленген мерзімде төленуін бірнеше рет кідіртуі үшін жауаптылық белгіленген. Ақша қаражатын өз мақсатына пайдалануына байланысты заңда белгіленген мерзімнен екі немесе одан көп рет жалақыны беруді себепсіз кідіртуді бірнеше кідірту деп айтамыз. Қылмыстың субъектісі басқару қызметін атқаратын лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан).

Еңбекті қоргау ережелерін бұзу (152-бап)

Қылмыстық кодекстің 152-бабында еңбекті қорғау ережелерін бұзғандық үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі — еңбектің қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ететін қоғамдық катынастар, қосымша тікелей объектісі жәбірленушінің өмірі, денсаулығы.

Қылмыстық кодекстің 152-бабындағы норма бланкеттік диспозицияға негізделген.

Еңбекті қорғау ережесі сан қилы және әр түрлі. Сондықтан Қылмыстық кодекстің бір бабында еңбекті қорғауға байланысты қолданылып жүрген барлық ережелерді тізбектеп жату қиын. Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау туралы арнаулы заңы 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған, осы заң қызметкерлердің еңбегін қорғау құқығын камтамасыз етуге бағытталған; өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы ұлттық саясаттың негізгі қағидаларын белгілейді және меншік түріне қарамастан еңбекті қорғау жөнінде шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық түрін қамтиды.

Объективтік жағынан алғанда сөз болып отырған қылмыс қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыртпалықтағы зиян келтіруге әкеп соғу арқылы көрініс табады.

Көрсетілген қылмыс әрекет күйінде, яғни еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерін бұзу арқылы немесе әрекетсіздік күйде, яғни еңбекті қорғаудың өзге де ережелерінің талаптарын орындамау жағдайында жасалуы мүмкін.

Қылмыстың бұл құрамы материалдық құрамдағы қылмыс болып табылады. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 152-бабы бойынша жауаптылыққа тарту үшін еңбекті қорғау ережелерін анықтаумен бірге орын алған ережені бұзудың себепті және кінәлі байланысынан болған зардапты анықтау өте кажет.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзудың тәсілдері әр түрлі, ол заңда (152-баптың 1-тармағында) нақты көрсетілген.

Қылмыстың зардабы — денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 103, 104-баптарында берілген. Субъективтік жағынан қылмыс кінәнің абайсыздық нысаны (менмендік немесе немқұрайдылық) аркылы істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы — еңбекті қорғау ережелерін сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген 16-ға толған адам. Осы баптың 2-тармағында (152-бап) осы қылмыстың ауырлататын түрі — еңбекті қорғау ережелерін бұзудан абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Абайсызда адам өлімінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 101-бабында көрсетілген.

4 Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап)

Қазақстан Республикасынын Конституциясының 18-бабының 1-тармағында "Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына кұқығы бар",— делінген. Жеке өмірге қол сұғушылықты бұзу қылмыс болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі жеке өмірге қол сұғылмаушылықты реттейтін қоғамдық қатынастар, қылмыстың жәбірленушісі — жеке өміріне қол сұғылған адамдар.

Кылмыстың заты — жеке адамдар туралы немесе оның отбасы туралы әр түрлі мәліметтері (адамның денсаулығы, өмір сүру салты, дінге көзқарасы, жеке творчестволык жоспары, басқа адамдармен қарым-қатынасы т.с.с.).

Қылмыс объективтік жағынан адамның жеке өмірі туралы, оның жеке немесе отбасы құпиясын кұрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Адамның жеке өмірі, оның отбасы туралы құпиясын құрайтын мағлұматтарды жинауды заңсыз мәліметтер жинау деп айтамыз. Осы жиналған мәліметтерді үшінші жаққа хабарлауды оны тарату деп бағалаймыз. Мұндай хабарлау басқа жолдармен де жүзеге асырылуы мүмкін. Осы әрекеттерден жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілуі қажет. Келтірілген зиян мөлшері мүліктік немесе моральдық немесе басқа тұрғыда (отбасындағы келеңсіз жағдайлардың пайда болуы, жұмысқа орналаса алмау, т.с.с.) болуы мүмкін. Зиян мөлшерін нақты жағдайға байланысты тергеу, сот органдары анықтайды. Қылмыс заңда көрсетілген зардап — жәбірленушінің құқыктары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет — пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделілік.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттер, сондай-ақ сондай зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші тармағында аталған мәліметтерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілген шығармаларда немесе бұқаралық ақпарат кұралдарында тарату — осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (142-баптың 2-тармағы).

Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жеке өміріне байланысты құпияларды таратуы немесе пайдакүнемдікпен басқаға өткізуі мүмкін. Аталған мәліметтерді көпшілік алдында (жиылыстарда, жиындарда) сөйлеген сөздер, көпшілікке көрсетілетін шығармаларда (сурет, бейне фильм, жазба шығарма) немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио, теледидар т.б.) арқылы таратылса кінәлі адам 142-баптың осы тармағы бойынша жауапқа тартылады.

Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, тслеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап)

Конституцияның 18-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтың жеке өміріне кол сұғуға болмайды. Азаматтардың хат-хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі, телеграф арқылы хабарлауы олардың жеке өмірлік құқықтары болып табылады және мұндай хабарлаудың құпиялылығы сақталады (18-баптың 2-тармағы). Байланыс мекемелері азаматтардың осындай құқықтарын мүлтіксіз қорғауға міндетті. Азаматтардың хат-хабар жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф арқылы хабарласу құпиясын бұзған адамдар тәртіпке, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Тек қана бір жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 235-237-баптарында көрсетілген негіздер бойынша ғана хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта-телеграф жөнелтілімдерін немесе өзге хабарларды тұтқындау, оларды тексеру мен алу, жол-жөнекей ұстау, тыңдау мен жазу әрекеттері жүзеге асырылады. Бұл әрекеттерді жүзеге асыру тергеуші мен прокурордың құзіретіне жатады. Басқа негіздермен мұндай әрекеттерді жүзеге асыруға ешкім де құқылы емес, мұндай ретте кінәлы адам Қылмыстық кодекстің 143-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Қылмыстың тікелей объектісі хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан азаматтардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарларының құпиясын заңсыз бұзу арқылы көрініс табады.

Құпиялылықты бұзуға заңсыз телефонмен сөйлесуді тыңдау, почта-телеграф мәліметтерімен жәбірленушінін келісімінсіз танысу, біреудің хат-хабарын ашып оқып, соның мазмұнын жұртқа жария ету әрекеттері жатады. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол осы көрсетілген әрекеттердің біреуі орын алғанда аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тек кана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзатынын сезеді және осыны істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған есі дұрыс, кез келген адам.

Осы баптың (143-бап) екінші тармағында осы қылмыс құрамының екі түрлі ауырлататын түрі көрсетілген:

1) Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жоғарыда көрсетілген әрекеттерді істеуі. Бұл ретте қылмыстың субъектісі арнаулы — почта, телеграф, басқадай байланыс мекемелерінің лауазымды адамдары болады. Лауазымдық жағдайы олардың осы қылмысты істеуін анағұрлым жеңілдетеді.

2) Ақпаратты жасырын алуға арналған құралдарды пайдаланып жасалған нақ сол әрекеттер. Мұндай құралдарға жасырын хабарлар алуға, ондағы бағдарламаларды ашуға арналған
арнаулы құралдар, аппараттар жатады.

Қылмыстық кодекстің 143-бабыньщ 2-тармағында ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өткізу немесе алу үшін жауаптылықты көздейтін жеке қылмыс құрамы үшін жауаптылық белгіленген.

Осы қылмыс құрамын анықтау үшін біріншіден көрсетілген заттарды: 1) өндіру; 2) өткізу; 3) өткізу мақсатында алуды анықтау қажет. Мұндай техникалык құралдарды жасаудың мақсаты — осы құралдар арқылы ақпаратты жасырын алу болып табылады. Бұл әрекеттер заңсыз жүзеге асырылады. ҚК-тің 143-бабының 3-тармағының диспозициясында көрсетілген балама әрекеттердің біреуін жасаудың өзі-ақ кінәліні осы құрам бойынша жауапқа тартуға негіз болады. Қылмыс субъектісі — 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — дәрігерлік құпияны қамтамасыз етуді реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың жәбірленушісі — сырқатқа ұшыраған пациент.

Қылмыс объективті жағынан әрекетсіздік арқылы пациенттің сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметті кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария ету арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы нормативтік-құкықтық актілер дәрігерлік құпияның жария етілмеуін реттейді. Бірақ та оны сақтауға міндетті адам ондай құпияларды ешбір негізсіз жария етеді, яғни әрекетсіздікке жол беріледі. Қылмыс құрамы формальдық, ал дәрігерлік құпия жария етілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет — әр түрлі болуы мүмкін: кек алу, кызғаныш немесе басқадай арам пиғылдар.

Қылмыстың субъектісі — арнаулы медициналық кызметкер (дәрігер, медбике, фельдшер, т.с.с.).

Қылмыстық кодекстің 144-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі адам бойында ВИЧ/ЖҚТБ бар екені туралы мәліметтерді хабарлау үшін жауаптылық белгіленген. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса (жәбірленушінің қорланып өзін-өзі өлтіруі, ауыр дене жарақатын алуы, ерлі-жұбайлылардың отбасылық қатынастарының бұзылуы т.б.) онда кінәлі адам Қылмыстык кодекстің 144-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылады.

Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (145-бап)

Казақстан Республикасының Конституциясының 25-бабына сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз түрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 145-бабында тұрғын үйге қол сүғылмаушылықты бұзғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі — тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру аркылы көрініс табады.

Тұрғын үйге басып кіру біріншіден заңсыз болуы қажет. Екіншіден басып кіру деп ашық немесе жасырын түрде онда тұратын адамның еркінен тыс тұрғын үйге кіруді айтамыз.

Тұрғын үйге — адамдардың түпкілікті немесе уақытша тұратын жеке үйлері, пәтерлері, бөлмелері, қонақүйдегі бөлмесі, саяжайы, бағбаншылық үйшігі, сондай-ақ демалатын, зат қоятын қосымша жайлары жатады.

Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс жағдайда басып кірген сәттен аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам түрғын үйге заңсыз кірудің қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстык ниет сан алуан болуы ықтимал.

Қылмыстың объектісі — 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 145-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі — күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгі уақытта, немесе заңсыз тінтуге ұласып жасалған әрекет, сондай-ақ тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау үшін жауаптылық белгіленген.

Күш қолдануға ұрып-соғып, сабап, дене жарақатын салу, жәбірленушіні байлап тастау арқылы үйге заңсыз кіру жатады. Күш қолданамын деп қорқытуға жоғарыда көрсетілген зорлық әрекеттерді істеймін деп психикалық қысым жасау аркылы жәбірленушінің қарсылығын жоюға бағытталған әрекеттер жатады. Қоркыту нақты және шын жүзеге асатындай болуы керек.

Адамдар тобының түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 1-тармағында берілген.

Түн ішінде тұрғын үйге заңсыз кіру тұрғын жайға ешкімнің тимеуін өрескел бұзу болып саналады. Түнгі 22 сағаттан таңсәрідегі 6 сағатқа дейінгі уақыт түнгі уақыт деп саналады.

Заңсыз тінту деп заңда көрсетілген негіздерсіз заңсыз тінту жүргізіп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын өрескел бұзғандықты айтамыз.

Біреуді үйінен заңсыз шығарып тастау деп тұрғын үй заңына қарсы әрекеттер жасап, соттың шешімінсіз немесе прокурордың санкциясынсыз отырған үйінен заңсыз шығаруды айтамыз.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, онда ол осы қылмыстың өте ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 145-бабының 3-тармағы).

Ауыр зардаптарға жәбірленушінің ауыр дене жарақатын алуы, есі ауысқан ауруға шалдығуы, оларға ірі материалдық, моральдық зиян келуі, тағы сол сияқтылар жатады. ҚК-тің 145-бабының 3-тармағында керсетілген қылмыс материалдык құрамға жатады.

Ар-ождан және діни наным бостандыгы құқығын жүзеге асыруга кедергі жасау (149-бап)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына кұқығы бар. Ар-ождан құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтык құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

1992 жылғы 15 қаңтарда қабылданған Казақстан Республикасының "Діни-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" заңына сәйкес республиканың, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы. Дінге деген, кұдайға құлшылык жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді (3-бап).

Осы заңға сәйкес діни бірлестіктер мемлекеттен, мектеп діни бірлестіктерден бөлінген. Діни сенім бостандығын пайдаланып әр түрлі алауыздықтар мен дұшпандық әрекеттер жүргізуге заң тыйым салады. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 149-бабында ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасағаны үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі - ар-ождан және діни наным бостандықтарын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағынан қылмыс діни ұйымдардың заңды қызметіне немесе діни салттарды жүзеге асыруға кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Діни ұйымдардың заңды қызметіне кедергі жасауға — дінге сенушілерге заңды ұйым болып табылмайтын бірлестіктерге бірігу құқығына кедергі жасау, занда белгіленген тәртіппен тіркелген жергілікті діни бірлестіктерге, діни баскармаларға, олардың құрылымдык бөлімдеріне, діни оқу орындары мен ғибадатханаларға занда белгіленген тәртіппен рәсімдер өткізуге жол бермеу т.с.с. жатады.

Діни ғұрыптарды атқаруға кедергі жасауда діни жоралар мен рәсімдер өткізуге бөлінген ғибадат үйлерінде, қажылық орындарда, діни бірлестік мекемелерінде, зираттар мен крематорийлерде, азаматтардың пәтерлері мен үйлерінде құдайға құлшылық етуге тыйым салу, бөгет жасау немесе азаматтардың діни шаралар мен рәсімдер жасауына — әскери бөлімдерде, ауруханаларда, қартайғандар мен мүгедектер үйлерінде, алдын ала қамау, жазаны өтеу орындарында тыйым салу немесе бөгет келтіру, діни әдебиет пен діни мақсаттағы заттарды пайдалануға кедергі жасау, діни бірлестік жағынан қайырымдылык және мәдени-ағарту қызметін құруға тыйым салу, кедергі келтіру, тағы басқа әрекеттер. Айта кету керек, заң бойынша ғұрыптарды атқару қоғамдық тәртіпті бұзумен немесе азаматтардың құқықтарына қол сұғатын әрекеттермен ұштасса, ондай діни ғұрыптарды атқаруға кедергі жасау занды әрекет болып табылады, ол қылмыс болып табылмайды. Аталған қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген адам саналады.

Азаматқа ақпарат беруден бас тарту (154-бап)

Қазақстан Республикасының Конституциясында "мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралык ақпарат кұралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін камтамасыз етуге міндетті" — делінген (18-баптың 3-тармағы).

Қылмыстық кұқықтың 154-бабы азаматтардың осы Конституциялық құқығын қылмыстық-кұқықтық қорғаудың кепілі болып табылады.

Қылмыстың тікелей объектісі азаматтардың өзіне қатысты ақпараттармен танысуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты — жиналған құжаттар, материалдар. Бұл құжаттарда, материалдарда жәбірленушінің занды құқықтары мен бостандықтарына байланысты мәліметтер болуы қажет және бұл ақпараттар занда белгіленген тәртіппен жиналуы және кұзіретті мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде болуы кажет.

Қылмыстың жәбірленушісі — өзінің құқығы мен бостандығына зиян келген адам. Объективтік жағынан қылмыс азаматтың құқықтары мен бостандығын тікелей қозғайтын белгіленген тәртіппен жиналған құжаттар мен материалдарды беруден лауазымды адамның заңсыз бас тартуы не азаматка толық емес немесе көпе-көрінеу жалған ақпарат беру, егер бұл әрекет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру арқылы жүзеге асырылса.

Белгіленген тәртіппен жиналған құжаттар мен материалдарды беруден бас тартуға — жәбірленушінің өтінішіне кұлақ аспау, ақпарат беруді негізсіз кешеуілдету, сөз бұйдаға салу немесе бөгде адамдарға сілтеп, сылтаурату т.с.с. әрекеттер жатады. Бас тарту ауызша, жазбаша немесе жауап бермей қою арқылы жасалады. Толық емес немесе көпе-керінеу жалған ақпарат беруге құжаттармен, материалдармен ішінара таныстыру немесе олардың мазмұнын толық емес күйде хабарлау, шындыққа сай келмейтін мәліметтерді көрсету немесе сондай мәліметтерді хабарлаулар жатады. Осы көрсетілген заңсыз іс-әрекеттерден азаматтардың құқықтары мен заңды мудделеріне зиян келтірілуі кажет. Азаматтарға зиян олардың жалақысын, зейнетақысын, жәрдемақысын дер кезінде немесе толык алмауынан, оларға пәтер немесе басқа да жеңілдіктерді беруден бас тартудан, олардың өздеріне тиісті наградаларды бермей коюдан, ар-намысын, адамгершілігін қорғаудың қиынға түсіп, асқынып кетуі арқылы келтіріледі.

Қылмыс материалдық кұрамға жатады және ол заңда көрсетілген зардап — азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне зиян келтірілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан кылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдарда қызмет істейтін лауазымды адам.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына не жатады?

2. Адамның саяси – құқықтары мен бостандықтарына не жатады?

3. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қасақана қате есептеу

қылмысының құрамын ашып көрсет

Дәріс тақырыбы 5. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

Негізгі сұрақтар:

1. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.

2. Соғыс қылмыстары.

3. Адамзатқа қарсы қылмыстар.

4. Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама.

5. ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

6. ҚР-ның саяси жүйесіне қарсы қылмыстар.

1 Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің 2-бабында қылмыстық құқық қорғау объектілерінің қатарына тұңғыш рет бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігі мүддесі қосылып отыр. Осыған орай Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне карсы қылмыстарға жеке тарау берілген. Мұндай қылмыстар халықаралық қылмыстарға жатады. Мұндай қылмыстар үшін жауаптылықтың негізгі қайнар көзі халықаралық әскери трибунал Жарғысы (Нюрнберг, 1948) болып табылады. Осы Жарғыда бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне карсы қылмыстардың жауаптылығының негіздері және олардың түрлері: 1) бейбітшілікке қарсы қылмыстар; 2) соғыс кылмыстары; 3) адамзатқа қарсы қылмыстар нақты көрсетілген. Халықаралық Конвенция 1948 жылы геноцидті, 1974 жылы апартеидті халықаралық қылмыстар деп жариялады. БҰҰ-ның 1991 жылғы 43 сессиясы бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар кодексінің жобасын қарап, оны мемлекеттердің үкіметінің қарауына, пысықтауына жіберді. Осы көрсетілген Кодекс жобасына сәйкес бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың 12 құрамы көрсетілген.

Халықаралық нормада осы тұрғыдағы қылмыстарға нақты тұрақты анықтамалар беру мен оларды топқа бөлу әлі аяқталған жоқ, мұның өзі мемлекеттердің ұлттық қылмыстық кодексін қабылдауда осы мәселеде белгілі бір қиындықтар туғызып отыр. Бірақ та Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстык кодексінің 4-тарауында халықаралық құкықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген.

Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі халықаралық кұқық нормаларымен белгіленген жалпыға бірдей бейбітшілік пен халықаралык қауіпсіздік болып табылады. Осы қылмыстардың кейбір құрамдарының міндетті белгісі қылмыстың заты (Мысалы, ҚК-тің 158-бабындағы — химиялық, биологиялық және жаппай кырып-жоятын қарулар) болады.

Объективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар қоғамға қауіпті іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар дені формальдық құрамға жатады. Тек қана Қылмыстық кодекстің 161-бабындағы қылмыс — экоцид құрамы үшін қоғамға қауіпті зардап — экологиялық апаттың болуы қажет. Субъективтік жағынан осы тараудағы барлық қылмыстар тікелей қасақаналықпен, ал қайсыбір құрамдар белгілі бір мақсатпен (160, 163-баптар) жасалады.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс, жай адамдар. Кейбір қылмыс құрамының субъектісі - арнаулы субъект мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын адам (157-баптың 2-тармағы), қызмет бабын пайдаланған адам (164-баптың 2-тармағы). Тікелей объектісіне байланысты талданып отырылған қылмыс құрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді.

Бейбітшілікке қарсы қылмыстар: басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап). Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (157-бап). Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап).

Соғыс қылмыстары: Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (159-бап). Жалдамалылық (162-бап).

Адамзатқа қарсы қылмыстар: Геноцид (160-бап). Экоцид (161-бап).

Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс: Қылмысты халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап).

Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі конституциялық принципке қол сүғу; әлеуметгік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-бап).

Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі — халықтар арасындағы бейбітшілік. Мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі және достығы.

Объективтік жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру арқылы жүзеге асырылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы өзінің 1974 жылғы 14 желтоқсандағы 3314 (XXIX) қарарында тұңғыш рет басқыншылықтың (агрессияның) анықтамасын берген. Онда Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сай келмейтін тұрғыда бір мемлекеттің өзінің қарулы күштерін екінші мемлекеттің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы қолдану немесе басқадай тәсілдерді пайдалану арқылы оларға ықпал етуі басқыншылық (агрессия) деп танылады деп көрсетілген.

Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден түрады. Оның біріншісі — басқыншылық соғысты жоспарлау. Жоспарлауға халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс әрекеттерін жүргізудің арнаулы жоспарларын жасау, соғыс әрекеттерін жүргізуге бағытталған әр түрлі әдістемелік кұралдар жасау, соғыстың құрбаны болатын мемлекетті белгілеу, басқыншылық соғыс әрекеттерін жүргізудің мерзімін және көлемін белгілеу әрекеттері жатады.

Басқыншылық соғысты әзірлеуге жоспарланған ұрыс әрекеттерін жүзеге асыруға арналған нақты іс-қимылдарға көшулер жатады. Мысалы, соғыс техникасын көптеп шығара бастау; қарулы күштердің санын күрт көбейту, азық-түлік немесе жағар-жанар май қорларын ұлғайту, соғыс жағдайына сай келетін жаттығуларды жүзеге асыру, тұрғындарды соғыс ісіне моральдық тұрғыдан бейімдеп дайындау, т.с.с. әрекеттер жатады. Басқыншылық соғысты тұтандыруға осындай соғысты кез келген тұрғыда бастау жатады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1974 жылғы 4 желтоқсандағы каулысына сәйкес басқыншылық актісіне: бір мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің аумағына басып кіруі немесе соғыс жолымен басып алуы, аннексия жасауы; басқа мемлекеттің аумағын бомбалау немесе басқа мемлекетке қарсы кез келген қару түрлерін қолдану; басқа мемлекеттің құрылықтағы, теңіздегі немесе әуедегі күштеріне қарсы шабуыл жасау, т.с.с. әрекеттер жатады.

Көрсетілген қылмыс формальдық құрамға жатады, сондықтан да занда көрсетілген — басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру әрекеттерінің біреуі іске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы. Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамдары, оның түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-тармағында берілген. Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі — басқыншылык соғысты жүргізгені үшін жауаптылық белгіленген. Баскыншылык соғысты жүргізу деп тұтандырылған соғыс өртін аяғына дейін жеткізу, алға қойған мақсатқа толық жету әрекеттерін жалғастыруды айтамыз.

Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (157-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүру және өзара тату қарым-қатынаста болу мүддесі болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру аркылы жүзеге асырылады.

Басқыншылық соғысты тұтандыруға шақырулар ашық немесе көмескі түрде болуы мүмкін. Шақыруларды жүзеге асырудың нысандары сан алуан ауызша, жазбаша, белгі берулер арқылы болуы мүмкін. Ең бастысы осы шақырулар басқыншылық соғысты тұтандыруға кызмет етуі кажет. Мұндай шақырулар жария түрде болуы шарт. Жариялылыққа — кінәлінің үшінші бір адамның қатысқан (митингілерде, жиналыстарда, топтасқан адамдар) алдында соғысты насихаттайтын іс-әрекеттерін жүзеге асыруы немесе байланыс құралдары, почта арқылы соғысқа шакырулар мәтінін жұртқа жіберу, листовкалар тарату, осындай мағынадағы үндеулерді, плакаттарды, суреттерді кернекті жерлерге іліп кою сияқты әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады және осы баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекетті — басқыншылық соғысқа жария түрде шақырған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дүрыс кез келген адам.

Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет — осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (157-баптың 2-тармағы).

Бұқаралық ақпарат құралдарына — баспасөз құралдары, радио, теледидар т.с.с. жатады. Мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын лауазымды адамға мемлекеттің міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттілігін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциялық және өзге де зандарында белгіленетін қызметтерді атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы зандарда белгіленген мемлекеттік қызметшілердің жоғары, бірінші және екінші лауазым санаттарына жататын лауазымда істейтін адамдар жатады (ҚК-тің 307-бабының түсіндірмесінің 2-тармағы).

Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі бейбітшілік қауіпсіздігі және бейбіт қатар өмір сүру қауіпсіздігі болып табылады.

Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай кырып- жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлері, химиялык, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын каруларға — ядролық карулар жатады. Химиялық каруларға — уландыратын, тұншықтыратын немесе нерв жүйелеріне басқадай әсер ететін қарулар жатады. Биологиялыққа — әр түрлі бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады.

Қылмыс объективтік жағынан химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халыкаралық шартымен тыйым салынған жаппай кырып-жою қаруының басқа да түрін өндіру, алу немесе өткізу арқылы сипатталады. Өндіруге көрсетілген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау әрекеттері жатады. Алуға — көрсетілген қылмыстың заттарын кез келген тәсілмен — сатып алу, айырбасқа алу, сыйға алу, қарызы үшін алу, талан-тараж жолымен алу, т.с.с. жүзеге асырулар жатады. Өткізуге — көрсетілген заттарды тегін немесе ақы алып тарату әрекеттері жатады.

Қылмыс құрамы формальдық және ол занда көрсетілген осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.

2 Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (159-бап)

Соғыс жүргізуді реттейтін бірсыпыра зандылық күші бар халықаралық актілер мен конвенциялар бар. Оларға 1856 жылы 16 сәуірде Парижде қабылданған теңіздегі соғыс туралы Декларация; 1868 жылы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте қабылданған жарылатын немесе күйдіретін қаруды қолдануды жою жөніндегі Декларация, 1899 және 1907 жылдары Гаагада қабылданған Декларациялар, 1949 жылы Женева конвенциясы (соғыс құрбандарын қорғау туралы), 1954 жылы 14 мамырдағы Гаага конвенциясы (соғыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы) және тағы басқалары.

Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық құқық нормаларымен белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұтқындарға қатыгездікпен қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттык мүлікті тонау, Қазақстан Республикасының халықаралык шартымен тыйым салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалда қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Әскери тұтқындарға соғысушы жақтың қарулы күштерінің қатарына жататын адамдар, партизандар, әскери жасақтарының мүшелері, қарсыласу қозғалыстарының қатысушылары, азаматтық немесе ұлт-азаттық қозғалысының қатысушылары, сондай-ақ қолға түскен әскери журналистер, әскери-медициналық, әскери-заңгер қызметкерлер, интенданттық қызмет немесе басқадай қызмет көрсететін адамдар жатады. 1949 жылғы "Соғыс тұтқындарымен қатынас жөніндегі" Женева конвенциясына сәйкес соғыс тұтқындарына ізгілікпен қарау белгіленген, оларға қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.

Әскери емес тұтқындарға — соғысқа қатыспаған, бірақ жау қолына түсіп қалған бейбіт тұрғындар жатады. Женева конвенциясында бейбіт тұрғындарға қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.

Әскери емес тұрғындарды күштеп көшіруге бейбіт тұрғындарды өздері мекендеген жерлерден басқа жаққа зорлықпен еріксіз көшіру, қоныс аудартулар жатады.

Басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонауға — соғысушы жақтың өзі басып алған мемлекеттің мүлкін жою, қирату немесе оларды талан-таражға салып, өз мемлекетінің меншігіне алу әрекеттері жатады. Ұлттық мүлікке — материалдық және рухани игіліктер жатады. Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдістерді, әскери жанжалды қолдануға адамзатқа қасірет әкелетін және қоршаған ортаны мақсатты түрде ұзақ уақытқа залалдандыратын шараларды жүзеге асырулар жатады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға сәйкес күйдіретін, жарылыс жасайтын заттарды, зиянды газдарды, уландыратын немесе басқадай бактериологиялык заттарды, жаппай қырып-жоятын қаруларды, химиялык, биологиялык қаруларды соғыс жағдайында қолданбауға міндетті.

Казақстан Республикасының халыкаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (159-баптың 2-тармағы).

Қылмыс құрамы формальдық, соңдықтан да ол осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.

Жалдамалылқк (162-бап)

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1976 жылғы 30 қарашадағы №31/34 қарарына сәйкес жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану қылмыстық жазаланатын іс-әрекет деп танылған және барлык мемлекеттерді осы тұрғыдағы қылмыспен күрес жүргізуге арналған қылмыстық-құқықтық норма қабылдауға шақырған. Қауіпсіздік Кеңесі 1976 жылғы осы қарарды куаттап, 1977 жылы 7 карашада өзінің арнаулы 32/14 нөмірлі қарарын қабылдаған. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, жаңа Қылмыстық кодекске жалдамалылык үшін кылмыстық жауаптылықты белгілейтін арнаулы бапты енгізді. Қылмыстың тікелей объектісі халықаралык құқық нормалары белгілеген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағынан қылмыс заң диспозициясында көрсетілген бірнеше тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:1) жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, яғни қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалануға жалдау; 2) окытып-үйрету, яғни жалданған адамды соғыс әрекетіне немесе қарулы жанжалға тікелей қатысуға әзірлеу; 3) қаржыландыру — жалдамалыны ақша каражатымен Қамтамасыз ету; 4) өзге де материалдық қамтамасыз ету — жалдамалыға киім-кешек, азық-түлік беру; 5) сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану — тікелей осындай әрекеттерге қатыстырулар болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 162-бабының ескертуіне сәйкес материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы максатында іс-әрекет жасайтын және қарулы кақтығысқа қатысушы тараптың азаматы болып табылмайтын, оның аумағында тұрақты тұрмайтын және ресми міндеттерді орындау үшін басқа мемлекет жібермеген адам жалдамалы деп танылады.

Қылмыс кұрамы формальдық және ол заңда көзделген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.

Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе кәмелетке толмағанға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер — осы қылмыстың ауырлататын түріне (162-баптың 2-тармағы) жатады.

Қызмет бабын пайдалану түсінігі ҚК-тің 228, 307-баптарында берілген. Кәмелетке толмағандарды жалдамалылыққа тарту деп — жасы 18-ге толмағандарды кінәлі адамның біле тұра осы әрекетке тартуын айтамыз.

Жалдамалының қарулы жанжалға немесе соғыс кимылдарына қатысуы осы қылмыстың өте ауырлататын түріне жатады (162-баптың 3-тармағы).

Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адам казасына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 162-бабының 4-тармағында қарастырылған. Адам қазасына бір немесе бірнеше адамның қазаға ұшырауы, ал ауыр зардаптарға ауыр дене жарақатын келтіру, ірі материалдық залал, көп адамның ауруға ұшырауы, т.с.с. зардаптар жатады. Қылмыс құрамы (164-баптың 3-тармағы) материалдық.

3 Адамзатқа қарсы қылмыстар Геноцид (160-бап)

Геноцид — халықаралық құқық нормасы арқылы белгіленген қылмыс. Оның қоғамға қауіптілігі сол ол бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүзеге асырылатын коғамға аса қауіпті іс- әрекет. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1946 жылғы 11 желтоқсандағы қарарымен геноцид халықаралық қылмыс деп жарияланды. 1947 жылғы 21 қарашадағы осы органның қарарына сәйкес геноцид үшін ұлттық және халықаралық кұқық нормасымен белгіленген жауаптылыққа жеке тұлға немесе мемлекет тартылуға тиіс деп белгіленді.

1948 жылғы Халықаралық конвенция геноцидтен сақтандыру және оған жаза тағайындау шараларын белгіледі. Бұрынғы КСРО осы Конвенцияға 1954 жылы 18 наурызда қол қойған.

Қылмыстың тікелей объектісі - этникалық, ұлттық, нәсілдік немесе діни топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Наши рекомендации