Дуалистік монархиямен парламенттік монархия арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз
Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған. Дуалистік монархияда екі саяси ұйым — феодальдық монархия мен буржуазиялық парламенттің болуы тән. Монарх үкіметті тағайындайды (парламент тек король алдында жауап береді). Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігі монарх тарапынан шектелген, өйткені жоғарғы палатаны монархтың өзі тағайындайды, әрі ол тыйым салу құқығына да, парламентті тарату құқығына да және т.б. ие. Дуалистік монархия Иорданияда (Иордания Хашимиттер корольдігі, мемлекет басшысы — король).Кувейтте (Кувейт мемлекеті, мемлекет басшысы — өмір, ол билеуші Сабахтар әулеті мүшелерінен сайланады), Тайландта (Тайланд корольдігі, мемлекет басшысы — король) жене тағы басқа елдердебар.Парламевттік монархия. Парламентгік монархияда монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламентгік сайлау өткізуді белгілейді. Парламентгік монархияның дуалистік монархиямен салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайында біздің ойымызша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып-зерттеу барысында ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде осындай басқару түрі дүние жүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен корольдігі, мұндағы ресми мемлекет басшысы—королева), Бельгияда (Бельгия корольдігі, мемлекет басшысы — король), Данияда (Дания корольдігі, мемлекет басшысы — монарх. 1972 жылы қаңтарда ғана Маргрега II мемлекет басшысы болып сайланды), Испанияда (бұл елде парламенттік мұралық монархия, мемлекет басшысы — король), Норвегияда (Норвегия корольдігі, мемлекет басшысы — король), Канадада (мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы деп нақты қөрсетілген, ол генерал губернаторды өзі тағайындайды), Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі ныша-ны — император), Люксембургте (Люксембург ұлы Герцоттығы, мемлекет басшысы — ұлы герцог) орныққан.
30. Д. Истонның және Г. Алмондтың саяси жүйе теорияларының негізгі айырмашылықтарын ашып көрсетіңіз.
Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелікталдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.. Д. Истонның пікірі бойынша, саяси жүйе қоғамның саяси өмірінің агенттері — адамдардың саяси жүріс-тұрысын қамтитын жүйе болып табылады. Ол саяси жүйе теориясына іштей тән бірнеше сипаттарды бөліп көрсетеді:1. Қоғамдағы өзара саяси әрекеттесу жүріс-тұрыс жүйесіретінде көрінеді.2. Саяси жүйе бос кеңістікте емес, керісінше физикалық, биологиялық, әлеуметтік, психологиялық қоршауда болады. Бұл қоршау орта сияқты өзгеріп отырады.3. Саяси жүйе ашық, себебі ол — әлеуметтік жүйенің бірбөлігі және ауқымды әлеуметтік жүйенің шеңберінде және оның әсерімен қызмет етуі керек.4. Саяси жүйенің өміршеңдігі қоршаған ортаның терісәсерлеріне жауап қату қабілеттілігімен және өзгерген жағ- дайларға бейімделе алуымен анықталынады.5. Саяси жүйенің өзіне тән маңызды сипаты әлеуметтікөмірдің тұрақтылығы мен түрлаулығын қамтамасыз ететін тепе-тендікті сақтай алу қабілеттілігі болып саналады.6. Барлық саяси жүйелердің ортақ қасиеті — олардың тұтас-тығы мен амандығын қамтамасыз ететін бейімделу қабілеті, осының арқасында дағдарыстардан шығуға болады. Г.Алмонд Д. Истонның идеяларын одан әрі дамытты.тың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2деңгейді институциондық және бағдарлық баса айтты.біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды зерттеуге көңіл бөлінсе,екіншісі саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды зерделеді.