Кәсіпорынның стратегиясы және оның қалыптасуы
Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер жылдамдығы, сондай-ақ осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты өседі. Сондықтан, кәсіпорынның стратегиясы осы өзгерістерден артықшылықтар алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді қамтитындай болуы керек.
Кәсіпорынның мақсаты оныңқызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.
Кәсіпорынның стратегиясыоның нақты жағдайына қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкені жөн.
1. Қандай өндірісті тоқтату керек?
2. Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?
3. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?
Кәсіпорынның рыноктағы іс -әрекетінің негізгі үш бағыты бар:
1) - өндіріс шығындарын барынша азайту.
Өндіріс шығындары неғұрлым аз болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің рыноктағы үлесі артады. Бұл үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады;
2) - өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату.
Бұл бағыттың негізгі –мақсаты - өндіріс өнімінің сапасын жақсарту, тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты таңдаған кәсіпорындар қалайда өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек;
3) - кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды.
Бұл бағытты таңдаған кәсіпорын рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнімнің өзіндік құнын төмендету немесе осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл рынокқа ғана емес, тек оның бір бөлігіне нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.
Қазір нарықтық жағдайда іс жүзінде басты бағытты көздейтін стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді:
Бірінші топтағы стратегиялар:
- өндіріс өнімінің сапасын жақсарту;
- жаңа өнім өндіруді бастау;
- рынокта өзінің артықшылығын көрсету.
Екінші топқа – стратегияның интеграциялықдамуы, яғни жаңа құрылымды қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады. Кәсіпорын қосымша бөлімшелер ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу, өндірілген өнімді тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу.
Үшінші топ- бұл мақсаттылықпенқысқарту стратегиясы. Егер кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол құлдырай бастаса, рыноктағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады.
а) жою стратегиясы –егер де кәсіпорын ары қарай өндірісін жүргізе алмайтын болса, онда өз қызметін түпкілікті тоқтатады;
б) ұзақ мерзімді көзқарасұзақ мерзімде пайда алуды көздемей, қысқа мерзімде, қысқа уақытта барынша пайда алуды мақсат етеді;
в) қысқарту стратегиясы– кәсіпорын өзінің бір бөлімшесін жабады немесе сатады. Егер де бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз табатын болса, оған жұмсалатын қаржы басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсалады.
Кәсіпорын алға қойған стратегиясын жүзеге асыру үшін өзінің іс - әрекеттерін қай бағытта, қаңдай заңдар негізінде орындайтынын анықтайды, яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған стратегиялық мақсатқа жету жолдары анықталады.
Кәсіпорын стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар орындалуы тиіс:
- кәсіпорынның мақсатты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық қызметтеріне түсінікті болу керек;
- стратегияны орындауға қажетті қорға уақытылы жеткізіліп тұруы қажет. Бұл үшін кәсіпорын басшылығының әр деңгейі өзіне белгілі мақсаттары мен міндеттерін нақты орындап отырған жөн;
- басшылық кәсіпорынның ұйымдық жөнінде шешім қабылдау. Қабылданған стратегияны орындау үшін кәсіпорынның құрылымы тиімді ме жоқ па, осыған аса көңіл бөлінуі қажет.