І Электронды оқулықты құрудың құралдарын таңдау

Бақытжанов Асқар Сакенович

«Мультимедиалық технологиялар пәні бойынша электронды оқу құралын құру»

ДИПЛOМДЫҚ ЖОБА

Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру

Opaл 2015

ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛIГI

ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Қopғaуғa жiбepiлдi»

Кaфeдpa

мeңгepушici ___________

ДИПЛOМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Мультимедиалық технологиялар пәні бойынша электронды оқу құралын құру»

1304000-Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру

Opындaғaн Бақытжанов А.С.

Ғылыми жeтeкшici Макпозова А.У.

Opaл 2015

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................5

I Электронды оқулықты құрудың құралдарын таңдау.....................................7

1.1 Электронды оқулық кешені туралы жалпы мәліметтер.............................7

1.2 Электронды оқулықтарға қойылатын нещгізгі талаптар..........................11

ІІ Мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы «Мультимедиалық технологиялар» пәні бойынша электронды оқу құралын құру.................... 21

2.1 Macromedia Flash ортасының интерфейсі.................................................21

2.2 Графиктік объектілердің құрылымы.........................................................30

2.3 FLA және SWF форматтарының ерекшеліктері.......................................41

ІІІ Дипломдық жоба экономикалық бөлімі ....................................................55

3.1 Жобаның объектісін таңдаудың техникалық-экономикалық негіздемесі..........................................................................................................55

IV Дипломдық жобадағы өмір қауіпсіздігі.....................................................60

4.1 Жалпы жағдайлар........................................................................................60

Қорытынды.........................................................................................................68

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................69

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Президент Н.Ә.Назарбаев«Электронды оқу» басылымын құру мен қолдану проблемаларын зерттеу өзекті мәселе болып табылады деп есептеді. Көп жағдайда электронды оқулық дәстүрлі оқулық мазмұнын қарапайым көшіріп алу деп қабылданады. Бұндай суреттеу толық емес, оңайтылған әрі оқулықтың толық сипаттауына жарамайды. Бұл студенттердің когнитивті саласына компьютерлік оқу құралдарының әсер ету потенциалды мүмкіндіктерін бағаламауда жатыр. Сондықтан бірінші орынға маман даярлау сапасын көтеру проблемасын шешу жатады.

Электронды оқулық жүйеге келесі принциптер жатады: адам қойылған мақсатқа тәуелсіз нәтижелі жұмыс жасауы үшін электрондық оқулық жүйесінде мәліметтер мен аралық нәтижелерді бейнелеу әдістері ерекше маңызды, бұл жағдай адамның нәтижелерді қолма-қол және бір мәнді талдауына мүмкіндік береді. Интерфейс адам қабылдауына сай жасалуы керек. Интерфейстің басқару элементтері қолайлы да байқалатындай болуы тиіс, сонымен қатар олар пайдаланушыны негізгі бағыттан алаңдатпауы тиіс.

Қазіргі уақытта күрделі деңгейдегі тапсырмаларды электрондық жүйелердің көмегімен шешу күннен-күнге өсуде. Сондықтан, біріншіден бар электрондық жүйелер әрдайым оптимизацияланып отырады, екіншіден көптеген мақсаттағы масштабы әр түрлі, анықтамалық жүйелерден бастап ақпаратты автоматты түрде жинау, басқару, жобалау, әр түрлі процестерді модельдеу және болжам жасау сияқты жаңа жүйелер құрылуда.

Бұл өзектілік біздің дипломдық жобаның тақырыбын «Мультимедиалық технологиялар пәні бойынша электронды оқу құралын құру»деп атауға негіз болды.

Диплoмдық жобаның мaқcaты:Электронды оқулықты "Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту"

Диплoмдық жобаның мiндeттepi:Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады

Зepттeу пәнi:Мультимедиалық технологиялар пәні бойынша электронды оқу құралын құру.

Зepттeу ныcaны:электронды оқулық

Зepттeу әдicтepi: теориялық және практикалық зерттеу жұмыстарын зерделеу, жoбaлaу, қорыту, нақты бір оқу пәнін оқытудың жалпы және жеке әдістерін дамыту жүйесінен.

Болжам: Егер Компьютерлiк технологиялар саласындағы мамандардың 2000-жылдардағы болжамы бойынша ақпараттық жүйелердiң дамуын анықтайтын технологияларға желiлiк технологиялар мен мультимедиа жатады деп жоспарланған

Зерттеу мақсаты – пән бойынша мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы электронды оқулық кешенін құру.

Электронды оқулық жүйесін құруда келесі зерттеу әдістері қолданылды:

¾ пән бойынша дәрістерге жиынтықтарға талдау жасалынды;

¾ жаттығулар бойынша оқулықтарға зерттеу жасалды;

¾ тестілік сұрақтар құрастыру үшін материал жинақталды.

Электрондық жүйені осы пәнді оқитын студенттер және пәнді жүргізуші оқытушылар қолдана алуы зерттеудің тәжірибелік мәнділігі болып саналады.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тез дамуы және кеңінен қолданылуы зерттеудің негізгі тақырыптарының бірі болып келеді. Электронды оқу құралын құру және білім беру сатысында қолдану ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудырады. Сондықтан жекелеген пәндер, тақырыптар бойынша электрондық оқу-әдістемелік жүйе құру жоғары оқу орындарының оқу үдерісі үшін қажет болып табылады.

Электронды оқулық құрастырғанда пән жүргізуші маманның электрондық оқу құралы қорын жасауға арналған кез келген мәтіндік және графикалық редакторларды пайдалануы бұл ортаны игеру мен пайдалануды жеңілдетеді. Электронды оқулық жүйе құрастыру барысында жоба әртүрлі бөлікке бөлініп жасалуы да мүмкін. Мұндай жағдай бір жобамен бірнеше пән мамандарының жұмыстануына жағдай жасайды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі: Қазіргі программалық жабдықтарда экрандағы ақпараттың бөліктерін айрықшалап көрсетудің бірнеше әдістері бар: ақпараттың құрылымын түрлендіру және ақпараттың айрықшаланған бөлігінің терезелерді, алқаптарды бөліп көрсету, ақпарат бөлігінің кескінін төңкеріп көрсету және тұтынушының аударатын түрлі эффектілері құбылып тұру. Бұл әдістерді қолдану, әсіресе бағдарламалық жабдықтау кезінде психологиялық тұрғыдан бекітіліп, функционалды тұжырымдалған және эргономды болуы керек. Сұрақ-жауапты хабарларды және көмек алуға болатын мәліметтерді экранның жоғарғы жағына, бұларға арналған алқапты ерекшелеп, мысалға экрандағы негізгі ақпараттан горизонталь сызықпен бөліп орналастыруға; мағынасы түрлі хабарларды бір-бірінен бөлектеп орналастыруға кеңес беріледі. Мысалға анықтамалық бейнелерге негізгі ақпаратқа кері түсті қолданған, экрандағы қосалқы ақпарат айқын көзге түсетіндей, яғни анықтамалар, комментарийлер, басқару хабарламаларына арналған алқаптар айқын көзге түсетін болғаны жөн; экранды алқаптарға бөлгенде жекелеген алқаптардың символдарының масштабын өзгертуге болады; тұтынушының назарын аударатын эффектілерді (құбылу, жарқырап тұру, төңкерілген түс) тұтынушының қызметінің жобасына сай етіп тұжырымдалған кезде ғана қолдану керек.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

диплoмдық жұмыc кipicпeдeн, төрт бөлiмнeн, қopытынды, әдeбиeттep тiзiмi жәнe қocымшaлap мeн ұcыныcтapдaн тұpaды.

І Электронды оқулықты құрудың құралдарын таңдау

Наши рекомендации