Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

ҚР «Табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының негізгі ұғымдарына сәйкестабиги сипаттағы төтенше жағдайларды жер сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны және басқа да зілзалалар табиғи өрттер, індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін.

Басқаша айтқанда,мұндай жағдай табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың ошақтарыныңбелгілі бір аймақта пайда болуына әкеліп соғатын үрдістер немесе қауіпті табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады.

Табиғисипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы факторлар- бұл физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерімен немесе байқалуларымен сипатталатын, табиғи төтенше жағдайлар ошақтарынан пайда болған сәйкес шамалармен көрінетін немесе анықталатын қауіпті табиғи құбылыстар немесе үрдістер құрамасы.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы әсері- бұл адамдардың өміріне және денсаулығына, ауыл шаруашылық малдары мен өсімдіктеріне, экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи ортаға төтенше жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері.

Қауіпті табиғи құбылыстарға өзінің қарқындылығымен, таралу ауқымымен және ұзақтығымен адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін табиғи үрдістердің әрекеттерінің нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.

Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы – төтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:

· геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер ( эндогенді: жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы; экзогенді: үгінділер, сырғымалар, сел);

· гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

· метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

· табиғи өрттер;

· эпидемиялар және эпизоотиялар;

· ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы мензиянкестермен зақымдануы.

Геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер.Геологиялық қауіпті құбылыстарға адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен жануарларына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін геологиялық құбылыстар немесе әр түрлі табиғи, гидродинамикалық факторларды немесе олардың үйлесімдері әсерінен жер астында пайда болған геологиялық үрдістердің нәтижесінде немесе геологиялық жағдайлар жатады.

Жер сілкінісі– жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашыктыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл геологиялық құбылыстарды геофизикалық бөлім сейсмология зерттейді.

Жер сілкінісі кенеттен пайда болатын және жылдам таралатын дүлей зілзалаға жатады. Оған дейін алдын ала дайындық және көшіру шараларын жүргізу мүмкін емес, сондықтан жер сілкінісінің зардаптары көптеген экономикалық шығындармен және көптеген адамдардың қаза болумен байланысты. Зардап шеккендердің саны жер сілкінісінің орны мен күшіне, халықтың тығыздығына, құрылыстардың сейсмотұрақтылығы мен биіктіктеріне, тәулік уақытына, зақымдаушы фактордың екінші рет пайда болу мүмкіндігіне, халықтың және арнайы іздеу-құтқару құрамаларының (ІҚҚ) дайындықтарының дәрежесіне тәуелді.

Жер сілкінісі өзінің зардаптарымен қауіпті («екінші рет қайталанған фактор»): табиги зардаптар: жердің бұзылуы (жарықшалар және ығысулар); сырғымалар, көшкіндер, селдер, топырақтың басылуы, цунами; адамдардың іс әрекетіне байланысты зардаптар: қирандылар, ғимараттардың құлауы, бөгендер зақымдалған кездегі су басу, энергия көздерінің, мұнай қоймаларының, газ өткізгіштердің зақымдалуынан болған өрттер, қуатпен жабдықтау желілеріндегі, комуникация, көлік құралдарының зақымдалуы, радиоактивті таралу.

Сейсмикалық толқын — жер сілкінісі немесе жарылыс ошақтарынан Жерде тараған серпінді тербеліс.

Жер сілкінісінің ошағы (орталық нүкте) – жер сілкінісіне себеп болатын, жоғарғы мантия немесе жер қыртысының қалыңдығында жер асты соққыларының пайда болған аумағы. Ошақ тереңдігі - Жер бетінен орталық нүктеге дейінгі қашықтық.

Жер сілкінісі кіндігі – орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте.

Жер сілкінісінің қарқындылығы – жер сілкінісінің сыртқы әсері, шығын дәрежесі МСК – 64 12-балдық шкаласы бекітілген.

Төменде келтірілген кестеде MSK- 64 шкаласы бойынша жер сілкінісі қарқындылығының қысқаша салыстырмалы сипаты көрсетілген.

Наши рекомендации