Тақырып 14 - Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
Мақсат: басқару стильдерін талдап, тиімдісін таңдау
1.Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары
2.Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
1.Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары
Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердң, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі-бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Басшының дербес және жалпы стилі болады. Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қабылдауға болмайды.
Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:
- Іс-әрекет сипаты;
- Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;
- Психологиялық қасиеті;
- Орындау тәртібінің жағдайы т.б.
Стильдің қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.
- Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
Мемлекеттік басқарудың негізі болып адамның рөлі, орны және қоғамның басқарудың объектісі ретінде болуы есептеледі.
Демократиялық басқарудың негізі – адам үшін күнделікті қызметі, жұмысы кәдімгі жағдай болып,
оның өзін-өзі ұстауға қабілетті болуы және жауапкершілікті мойындауы болып табылады. Сондықтан, сыртқы қадағалау мақсатқа жетудің бірден-бір жолы болып есептелмейді. Басқарудың мұндай стильі өкілеттікті дегалиттеуді қарастырады. Демократиялық басқару мынадай сызба бойынша жүзеге асырылады: адам – қоғам – мемлекет. Ұлттың прерогативасы мемлекеттен кең және азаматтық, қоғамның өзін-өзі басқарудың институтын енгізеді. Демократиялық басқару қандай да мемлекеттік құрылымда болуы мүмкін. Мысалы, Англияның монархиялық жүйесі демократиялық институттардың болуына кедергі жасамайды. Ал Жапонияда монархия демократия мен коллективизм үйлестірілген. Демократия заңдарды қабылдаумен, Конституция жазылуымен бекітілмейді. Мемлекетпен демократиялығын молшылық деңгейімен, биліктің басынушылықпен күресуінен, шенеуніктер коррупциясы мен қылмысты көруге болады.
Авторитарлық басқару негізі – адам еңбек еткісі келмей, жауапкершіліктен қашып, атаққұмар, басқаға өзін басқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, еңбек нәтижелілігін көтеру үшін оны зорлап бақылау қажет. Авторитарлық басқаруда жауапкершілік пен бақылау биліктің жоғарғы деңгейіне шоғырландырылған, көшбасшы жеке билікті имеденеді. Ал қызметкерлер оның жарлықтарын орындаумен айналысады. Басқарудың демократиялық стилі анархизмге, ал авторитарлық – тоталиторизмге негізделген.
Анархиялық басқаруда әртүрлі жағдайларға, заң мен факторларға ешкім араласпайды. Ал тоталитаризм кезінде қоғамның барлық салаларын мемлекет толық қадағалайды.
Халық керекті және орынды мемлекеттік құрылымды таңдайды. Ол адамдарға молшылық әкеліп, экономиканың нәтижелілігін және әділетті бөлуді қамтамасыз еткенге дейін белгілі мерзімге таңдалады. Мемлекеттік жүйеге ең алдымен, халық кедейшілігі, әлеуметтік және т.б. Құлдыраулар қауіп төндіреді.
Орталық биліктің мемлекет құрамына кіретін әкімшілік, ұлттық бірліктермен қарым-қатынас сипатына қарай мемлекеттік басқару жүйесі координациялық және субординациялық болуы мүмкін.
Координациялық басқару федерация және конфедерация түрінде жүзеге асырылады. Федерацияда мемлекеттік биліктің бірыңғай органы бар, ал конфедерацияда жоқ. Федерация мүшелерінің өздерінің конституциялары, заң шығарушылық, орындаушылық және сот органдары болуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің бірыңғай федеративті органдары құрылады. Жалпы азаматтық, ақша бірлігі орнатылады.
Конфедерация құрған мемлекеттер толық тәуелсіздікті сақтап, өзінің мемлекеттік билік пен басқару органдарының иеленеді. Белгілі мақсаттағы әрекеттерді сәйкестендіру үшін (жоғарғы саяси, әскери және т.б.) мемлекеттер бірлескен органдар құрады.
Субординациялық басқару қатал әкімшілік бағынуға бұйрықтарды орындауға мәжбүрлеуге негізделген. Субординациялық биліктің мысалы ретінде КСРО-ның мемлекеттік жүйесі бола алады, онда билік республикалардың облыстардың партиялық комитеттеріне бағынады және орталық комитеттің бұйрықтарымен жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып саналады.
2. Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары
Басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың бақылаған кезде, ол өзінің осы міндетіне лайық әрекет етеді.
Лидерлік - бұл жеке адамдарға немесе бір топтағы адамдарға әсер ету қабілеті.
Лидерлікті қолданудың үш тәсілі бар:
- жеке адамдардың қабілеті мен көзқарасы тұрғысынан қарағанда ;
- тәртіптілік
- жағдайлық
Жеке адамдардың қабілеті мен қөзқарасынан қарағандағы ерекшелігі мынандай:
Ø интеллект пен білім деңгейі;
Ø әсерлі сыртқы келбет;
Ø дұрыс бағыттағы ақыл;
Ø экономикалық және әлеуметтік ғылым;
Ø өзіне деген сенім;
Тәртіптілік тәсіл – басқару стилін жіктеудің негізін немесе тәртіптік стилін қалайды. Бұл тәсілдің тиімділігі, басқарудың жеке қасиеттерін емес, бағынышуларға деген көзқарасын, қарым – қатынасын анықтайды.
Жағдайлық тәсіл – бұл тәсілді қолданышулардың пікірі бойынша лидерліктің басты стилі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердң, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі-бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Басшының дербес және жалпы стилі болады. Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қабылдауға болмайды.
Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:
- Іс-әрекет сипаты;
- Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;
- Психологиялық қасиеті;
- Орындау тәртібінің жағдайы т.б.
Стильдің қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.