Тактикалық жоспарлау мәні

«Тактика»термині грек сөзінен шыққан әскери термин (алғашқы шығуында), мақсатты іске асыру үшін қажетті күштермен маневр жасау ұғымын білдіреді.

Тактикалық жоспарлаустратегиялық мақсаттарды ұтымды орындау үшін ұйым мүмкіндіктері, ресурстары қалай бөлінуі, ұйымдастырылуы керек екендігін білдіреді. Тактикалық жоспарлау қысқа және орта кезеңдерді қамтиды, яғни орта және төменгі деңгейдегі басқару буындарының іс - әрекет жағдайларын.

Тактикалық жоспарлау қызметі төмендегідей үш сұраққа жауап береді:

1. Қазір біз қандай жағдайдамыз, немесе қай жердеміз?

2. Қандай бағытта дамығымыз келеді?

3. Мұны қалай іске асырмақпыз?

Тактика – ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімді үйлестірілуі.

Саясат –мақсатқа жетуді жеңілдету үшін шешім қабылдау мен іс-қимылды жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты орындаудағы тиянақты да түпкілікті шешім қабылдауда тәуекел мен ізденістерді пайдалануға, еңбек ресурстарын тиімді қолдануға және оларды әлеуметтік қорғауға жағдай тудырады.

Іс-жосығы (процедура) ұйым қызметінің барысы қайталанатын жағдайда алдын-ала қарастырылған нақты бір іс-қимылдың басшылықтың орнықты деп ұғынып, қалыпты шешімдер қабылдауын білдіреді. Осындай шешімдер басшылыққа бірқатар ұтыстар әкеледі. Дегенмен, осыған дейінгі іс-қимылды толық қайталауға болмайды, себебі әр жағдайдың өз ерекшелігі болады. Және де процедура нақтылы жағдайдағы іс-қимыл жиынтығын беретін болғандықтан орындаушыға аз мөлшерде еркіндік пен балама (альтернатива) беріледі, ал бұл бірқатар кедергілер мен келіспеушіліктер тудырады.

Кішігірім міндеттер мен шектеулі сұрақтарды шешуде орын алатын іс-әрекеттердің нақтылы жиынтығы ереже деп аталады. Ереже арқылы басшылық орындаушының міндеттерін нақтылы белгілеп, барлық күш-жігерді тек шектеулі мақсатты орындауға бағыттайды.

Ереже мен процедура міндеттерді орындауда қызметкерлерге жоғарғы ықтималды нәтиже беруге тиісті бағытты белгілеуде, қажетсіз шешімдердің қайталануына жол бермеуде, нақтылы жағдайда орындаушының қимылын болжауда және тура салыстырулар жүргізуде маңызды орын алады. Атап көрсететін бір жағдай, 1994 жылы АҚШ-та өнімді шығарудың қарқынды өсуін қамтамасыз етуге тиісті өндірісті дамытудың бесжылдық жоспары қабылданған. Сонымен қатар, батыстағы ірі концеріндер өзкәсіпорындарына орта мерзімді жылдық тапсырмалар беріп отырады.

Өндіріс пен экономиканы басқарудың тиімділігін дамыту мақсатында тактикалық жоспарлаудың қолданылуы орынды.

Тактикалық жоспарлау.Ұйымның дамуын бейнелейтін кешенді стратегиялық жоспарды орындауда басшылық қысқа мерзімге есептелінген, егжей-тегжейлі тактикалық жоспарға сүйенеді. Тактиканың сипатты белгілері:

1. Стратегиның дамуында әзірленуі;

2. Орта буындағы басшылықтың қабылдауы;

3. Стратегияға қарағанда, қысқа мерзімге есептелінуі;

4. Нәтижені бағалау тез уақытта нақтылы іс-әрекеттің орындалуына қарай жүргізілуі.

Ал енді осы белгілеріне қарай тактикалық жоспардың қабылдануы мен

бастапқы міндеттерін анықтап өтейік.

Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесі барлық қызметті орындаудағы әр қилы басқару саласының нақтылы шектелген әрі жекелеген жоспарларынан тұрады. Осыған орай ұйымда тактикалық жоспарлау шеңберінде арнайы қабылданған өндірістік жоспар, шикізат жоспары, еңбек күшінің жоспары, маркетинг кешенінің жоспары, тауар айналымының жоспары, қысқа мерзімді қаржы жоспары орын алады.

Тәжірибеде басшылық көптеген жоспарларға өзгерістер еңгізіліп, жетілдіріліп отырады,яғни басшылық жоспарды үнемі басқарып отыруы тиіс.

Индикативті жоспарлау -бұл мемлекет экономикасының даму және қазіргі жағдайын сипаттайтын индикаторларды, басымдылықтарды, міндеттерді қалыптастыру процесі, сонымен бірге белгіленген нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік және экономикалық процестерге мемлекеттік ықпалды ұйымдастыру. Индикативтік жоспарлау мемлекеттік реттеудің басты құралы болып саналады.

Индикативтік жоспарлаудың мәселелерін өз еңбектерін де мынадай шетелдік ғалымдар ой қозғады. Олар – Л.Вольрас,Дж.Хикс,Г.Дебре,Ж.Монне,К.Хайтани және басқалары.Ал кенестік ғалымдардың қатарында С.Глазьев,В.Грузинов,К.Масимова секілді ғалымдар.

Индикативті жоспарлаудың теориясы мен практикасының қалыптасуына 1922 – 1925 жж үлкен үлес қосқан ғалым – Н.Д.Кондратьев.Кейін 1944 ж К.Ландауэрдің “Ұлттық экономиканы жоспарлау теориясы жарыққа шықты”.

Индикативті жоспарлаудың тиімді екенін жапондық ғалым 50ж басында - ақ білген. Ең алғашқы жалпымемлекеттік жоспар 1956-1960 жылдар арасын қамтыған “Бес жылдық жоспар” ретінде белгілі, бұл жоспарды құрушылар жоапардың әлеуметтік шаруашылыққа арналғанымен, нарықтық экономика шарттарында да тиімді жүзеге асу мүмкіндігі бар екендігін көрсетті.

Индикативті жоспарлау. Қазіргі кездегі өндірістің күрделене түсуі жағдайында айқын экономикалық құрылымдық саясаттың қабылдануы мен жүзеге асырылуын халық шаруашылығының басым салаларының дамуындағы мемлекеттік бағадарламаларына негізделегн индикативті жоспарсыз елестету қиын. Жоспардың аталған түрі нарықтық экономика кең етек алған көптеген дамыған елдерде қолданылады. Мысалы, Жапонияда үш жолы он жылдық мемлекеттік жоспар қабылданады. Дегенмен, батыс елдерінде қолданылатын индикативті жоспар біздегі жоспарлардан бірқатар өзгеше болып келеді. Оның себебі қоғамдық және жеке, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттағы мүдделерді тепе-теңдікті ұстауда жүйеге әкімшілік араласу емес, экономикалық реттеу арқылы ықпал етуінде.

Индикативті жоспар кең мағынасында мемлекттің әлеуметтік экономикалық дамуындағы басымдылық (приоритет) пен ғылыми дәлелденген мақсаттарды анықтауды, осыларға байланысты өлшемдер (параметрлер) жүйесін және міндетті орындау әдістерін береді.

Жеке аймақтың, кәсіпорынның және азаматтардың құқықтары мен мүдделері сақталына отырып, нарықты экономикада индикативті жоспар арқылы әлеуметтік-экономикалық саясаттың бағыт-бағдарламасы мен оны жүзеге асыру әдістемесі орындалады.

Индикативті жоспарлау жүйесі: стратегиялық (10 – 15жылдарға), орта мерзімді (3 – 5 жылдарға) және ағымдағы жоспарлардан құралады. Стратегиялық жоспар бөлімдеріне енетіндер: - әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау; - әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы; - бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер; - ұлттық бағдарламалар.

Шешілетін міндеттерінің күрделілігіне, маңыздылығына қарай индикативті жоспарлар макродеңгейде, аймақтық және сала деңгейінде жасалынады.

ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуындағы индикативтік жоспар.

Индикативтік жоспар
- сыртқы және ішкі факторларға бағынышты жақын арадағы 3 жылға ел экономикасының даму қарқындылығын негіздеу;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың әрекетін анықтау;
- әлеуметтік - экономикалық дамудағы мемлекеттік реттегіштердің көрсеткіштерінен құралады

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өдіріс мүмкіндіктерінің, экономиканың сыртқы және ішкі даму теңденциялараның мемлекеттік реттеу жүйесінің нәтижелілігі мен әрекеттілігінің өндіргіш күштердің салалық дамуы мен қозғаласының деңгейін бейнелейді.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасында мемлекеттік реттеудің тікелей және қосалқы құралдары арқылы экономикалық саясаттың мақсаттары мен басылымдықтары, оған жетудің әдістері мен жолдары қарастырылады.

Бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық даму қарқының болжамын, қоғамдық өндірістің құрылымын, мемлекеттің кәсіпорындардың құрылымын, мемлекеттің, халықтың қаржы қорларын анықтайды.

Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық стратегияларемн мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдылықтарды тиімді орындауда бастапқы құрал болып табылады.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты Қазақстан халқына Жолдауында айқан көрсетілген.

Ұйым ішіндегі жоспарлау.Жалпы экономиканың жетістіктері оның әрбір субъектісінің, жекелеген фирмалармен кәсіпорындардың өндіріс нәтижесімен анықталады. Сондықтан да қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында өндіріс саласын басқарудың алғашқы буыны – микродеңгейде немесе ұйымдарда – жоспарлауға маңызды көңіл бөлу қажет.

Ұйым ішіндегі жоспарлау фирманың сыртқы ортаға бейімделу барысын, мақсаттар мен ықтималды стратегияларды қалыптастыруды және олардың орындалуындағы қажетті іс-қимылды бейнелейді.

Ұйым ішіндегі жоспарлаудың мақсаты: ұйым сыртқы ортасындағы белгісіздік пен тұрақсыздықтың кертартпа зардаптарын жою; күш-жігер мен көңіл-күйді негізгі мақсаттарды орындауға бағыттау; экономикалық қызмет жасауды қамтамасыз ету; бақылауды жеңілдету болып табылады.

Фирма деңгейіндегі жоспарлауұйым болашағынбейнелей отырып келесі кезеңдерден тұрады:

· мүмкіндіктерді бағалау (ресурстар,өндіріс,т.б.)

· нақтылы жоспардың мақсаты мен нәтижесін анықтау;

· жоспардың негізгі көрсеткіштерін бейнелеу;

· іс-әрекеттердің тиімді бағыт-бағдарламасын белгілеу;

· қажетті баламаны таңдап алу;

· жоспардың орындалуын қамтамасыз ету.

4. Оперативті жоспарлау сондай-ақ өзінің ерекше белгілеріне ие, жоспарлау идеияларын ұстаушыларымен, міндеттерімен, интенсивтілігімен, ауқымымен, жоспарлау үшін негізбен байланысқан. Тактикалық жоспарлауда қаржыландыру, персоналдар, нәтижелер қамтылады. Оперативтік жоспарлауда ең алдымен кәсіпорынның бөлек функцияналдық аймақтарында қамтылады: өткізуді жоспарлау, өнідіріс (мысалы, өндіріс шығынының масштабтарын), дайындаушылар (мысалы, сатып алу бағасын), кәсіпорын персоналын (мысалы, жұмыс уақытын, еңбекақыны және жолақыны), қаржыны (мысалы, капиталға, қаржыға және қаржыландыруға қажеттілік) жоспарлау.

Жоспарлау шеңберінде кәсіпорындарға көптеген проблемаларды шешуге тура келеді. Оның себептері болып келесілер табылады: қалыпты жағдайдың ерекшеліктері, соңғы жағдайлардың ерекшеліктері, альтернативті генерациялау мәселелері, жоспарлау құралын қолдану мәселелері, жоспарлау бойынша көптеген бөлімдердің құрылымы мен шешім қабылдаумен байланысты мәселелер, жоспар үшін жауапкершілік, жоспарды бақылау.

Орытынды

Жоспарлау-ұйымныңұзақ мерзімді , қысқа мерзімді және орта мерзімді мақсаттарын қарастыратын басқару қызметі.Жоспарлау процесі жоспарлау принциптерін ескере отырып кезеңдік сипатта жүзеге асырылады.

Наши рекомендации