Біріккен ұлттар ұйымы бағдарламасының ЮНЕП деректері
негізгі ластағыштар жылына 25 млрд т. болса, оларға:
№ | Компоненттер | Көлемі бойынша, млн. т./ж |
Көмірдиоксиді мен шаң тозаң бөлшектері Азот оксидтері Күкірт диоксиді Көмір сутектер |
Атмосфера (ауа ортасы) екі аспектіде бағаланады:
1. Климат және оның табиғи әсерлердің нәтижесінде өзгеруімен антропогенді әсерлердің (микроклимат) нәтижесіндегі өзгерісі және ұсынылып отырған жобаның нәтижесінде өзгеруі (микроклимат). Бұл бағалар іске асырылайын деп отырған жобаның антропогенді қызметіне климаттың ықтимал әсерін болжауды да көздейді.
2. Атмосфераның ластануы алдымен оның ықтимал ластануы кешенді көрсеткіштердің біреуінің көмегімен бағаланады: Атмосфераның ластану потенциалы (АЛП), атмосфераның сейілту шашыратқыш қабілеті (АШҚ) және басқа.
Атмосфераның ластануының басты белгісі-ластағыш заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы (ШМК) болып табылады. Ауадағы ластағыш заттардың өлшенген немесе есептелінген концентрациясы ШМК-мен салыстырылады, сөйтіп атмосфераның ластануы ШМК шамасымен өлшенеді. Атмосфералық ауаның санитарлық сапасын анықтау үшін, ондағы ластағыш заттардың мөлшерін көлемі 1 м3 ауадағы мг-мен алынған салмағымен бағалайды.
Атмосфера ауасын ластаудың алдын алу үшін ластағыштардың барлық көздері тізімге алынып, қатаң қадағалау үшін олардың әрқайсысына (шахта, мұржа, автокөлік және т.б.) нормалар бекітілген. Әрбір өндіріс орнымен жекеленген обьектілер үшін әрбір аудан, әрбір шаршы метрге дейін ШМК-ның ғылыми-техникалық нормативі әрбір нақты ластағыш түріне, белгілі уақыт аралығында (г/с) сол аудандағы барлық ластағыштардың мөлшерінің суммасы адам денсаулығына әсер етпейтін шамадан (ШМК) аспауы қатаң түрде қадағаланып отыруы тиіс.
Ауаны ластағыштықтың жалпы және ақпаратты көрсеткіші ретінде-АЛОКИ- атмосфераның ластануының орташа жылдық кешенді (комплексті) индексі қолданылады. Олар атмосфераның күйіне байланысты ластану дәрежесіне қарай төмендегідей кластарға жіктеледі:
1. «Норма класы-ҚР қалаларының ауасының оташа ластығы дәрежесінен төменге сәйкес деңгей.
2. «Қауіп класы-орта дәрежедегі деңгей шамасында.
3. «Кризис класы-орта шамадан жоғары деңгей.
4. «Апаттың класы-орта деңгейден әлде қайда жоғары.
АЛОКИ-көбінесе қала немесе өнеркәсіп территориясының жекеленген аумағындағы атмосфераның ластану дәрежелерін салыстыру үшін немесе атмосфераның ластану тенденциясындағы уақытша өзгеріске ұшырауын бақылау үшін қолданылады.
Атмосфераның ластану дәрежесін кешенді
индекс (АЛОКИ) критерийлері бойынша бағалау.
Атмосфера күйінің көрсеткіші | Атмосфераның экологиялық күйінің класы | |||
Норма (н) | Қауіп (Қ) | Кризис (К) | Апат (А) | |
Ауаның ластану деңгейі | 5-тен төмен | 5-8 | 8-15 | 15-тен жоғары |
Территория атмосферасының ресурстық потенциалы (РП) –деп ауаның іс жүзіндегі ластануын ШМК шамасына дейін қоспаларды сейілту арқылы өздігінен тазалану мүмкіндігін айтады. Атмосфераның сейілткіш қабілеті, кешенді климаттық және лабораториялық көрсеткіштерден атмосфераның ластану потенциалы АЛП және ауа пайдалану параметрі АПП негізінде бағаланады. Бұл сипаттамалар ластану деңгейлерінің жасалуы ерекшеліктерін, метеожағдайларға байланысты қоспалардың атмосферада жинақталып содан соң шығарылуын анықтайды.
Ауаны пайдалану параметрі (АПП)-ауадағы ластағыш заттардың шамасын, таза ауамен сұйылтып араластырылу нәтижесінде орташа мөлшерлі концентрацияға дейін қажетті таза ауа көлемін сипаттайды. Бұл параметр қоршаған ортаның ауа тазалығына жауапкершілік ұжымдық түрде іске асырылатын жағдайда қажет. Бұл негізде біртұтас территорияда орналасқан өндіріс орындары ортақтасып, әрбіреуіне ластағыштар мөлшерін нормалауға, сөйтіп жалпы ластағыш көлемі аз болатын болса, басқа өндіріс, өнеркәсіп және басқа обьектілерге атмосфераға ластағыш шығару құқығын сатуға да өз араларында келісім жасай алады.
Атмосфераның ресурстық потенциалын (АРП) бағалау, территория климатының жағымдылық негізінде, ол территорияны іріктеу мақсатта қолдану мүмкіндігі ескеріліп жүргізіледі.
Атмосфераның күйін бағалаудың оптималды компоненттерінің интегралды, кешенді жүйесі төмендегілерді қамтуы қажет:
1. Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан ШМК ластану деңгейінің бағалануы.
2. Атмосфераның ресурстық потенциалының бағалануы (АРП және АПП).
3. Белгілі басқа орталарға әсері дәрежесінің бағалануы (топырақ және өсімдіктер, қар, сулар).
4. Антропогендік әсерлердің табиғи-техникалық жүйеге әсерінің интенсивтілігі негізінде ол әсерлердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамы.
5. Антропогендік әсердің кеңістіктік және уақыттық ықтимал кері әсердің көлемін анықтау.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып атмосфераға әсерді негіздеп бағалау үшін мемлекеттік экологиялық сараптау жүргізу үшін мыналарды қарастыруды ұсынады:
1. Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың таралуын анықтайтын әдістердің сипаттамасы мен коэффициенттері.
2. Ластағыш заттардың параметрлері, қондырғылар толық істеп тұрған кездегі ластағыш заттардың сапалық және мөлшерлек көрсеткіштері.
3. Ластағыштар мөлшерінің азайтылуы туралы істелетін жұмыстардың негіздемелері (технологиялық процесті жетілдіру, газ сорғыш, сіңіргіштердің сапасын жақсарту және т.б.).
4. Бір кезектегі үлкен мөлшердегі шығарылу сипаты.
5. Жиынтық (суммалық) зиянды әсер ететін заттар және заттар тобының тізімі.
6. Шекті мөлшердегі шығарылу нормативін енгізу туралы ұсыныс.
7. Озық ғылыми-техникалық дәрежедегі технологияларды қолдану арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар мөлшерін азайтудың қосымша жолдарын іздестіру.
8. Атмосфералық ауаны ластағыштармен жобаланып отырған обьектінің ықтимал ластағыштарына сипаттама (тиісті есептеулері мен болжауларына талдау жасау).
9. Қабылданған санитарлық нормалардың негіздемелері.
10. Технологиялық режимді сақтамаудың немесе табиғи апаттар нәтижесіндегі ықтимал қауіптің нәтижелерін болжау тізімі.
11. Болуы мүмкін апаттардың көлемі және оның салдарын жоюдың шаралары.
12. Аномальды ыңғайсыз метеорологиялық жағдайлардағы атмосфераға шығарылатын ластағыштардың мөлшерінің шектен тыс тарамауын реттейтін, қадағалайтын істер.
13. Атмосфералық ауаның ластанбауын қадағалау жұмыстары.