Балл | Презентация |
100% | Презентацияны дайындауда Power Point бағдарламасы қолданылып, шығармашылық ізденістің куәсі ретінде әрқилы тақырыптық слайд түрлері әзірленіп, тақырып терең талданды. Ғаламтордағы сайт материалдары және негізгі және қосымша әдебиеттерден алынған материалдар да қолданылған. |
90% | Презентацияда тақырып терең талданды, бірыңғай ресімдеу стилі сақталып, әртүрлі тақырыптық слайд түрлері қолданылды, сызба мен диаграмма құрастыру арқылы тақырыптың негізгі түсінігін ашты, бірақ студент қосымша әдебиеттер мен электрондық оқулықтарды толық көлемде қолданбады. |
85% | Презентацияда негізгі талаптар сақталды, бірыңғай ресімдеу стилі сақталды, сұрақтары сауатты баяндалды, бірақ титул парағын ресімдеуде және терминологиясында аздаған қателіктер бар, әдебиеттерді толық көлемде пайдаланбады. |
80% | Презентацияда негізгі талаптар сақталды, бірыңғай ресімдеу стилі сақталды, тақырыптық слайдтар құрастырылды, бірақ кейбір сұрақтарда (терминдерде және түсініктерде) анық тұжырым жоқ, әдебиеттерді толық көлемде пайдаланбады. |
75% | Презентацияның мазмұны тақырыпқа сәйкес, мәтінге сызбалар мен диаграммалар арқылы түсінік берілді, дей тұрғамен, бірқатар қателіктер де бар. Олар: ресімдеу стилі өзгертілген, титул парағы дәлме-дәл құрастырылмаған, әдебиеттер толық көлемде, соңына дейін қолданылмаған. |
70% | Презентацияның мазмұны тақырыпқа сәйкес, тақырыптық слайдтар құрастырылды, бірақ мынадай қателіктер жіберілді: бірыңғай ресімдеу стилінің жоқтығы, кейбір сұрақтарда (терминдерде және түсініктерде) анық тұжырым жоқ, негізгі және қосымша әдебиеттердің көлемі өте аз. |
60% | Презентацияда сұрақтар толық көлемде баяндалмады, ресімдеу стилінің дұрыс болмауы, слайдта ақпараттың тым көптігі, титул парағының қате құрастырылуы, әдебиеттер толық көлемде соңына дейін қолданылмады. |
50% | Презентацияның мазмұны тақырыпқа сәйкес емес, титул парағы немқұрайды жазылған, терминдердің анық мазмұндалмауы, сызба мен диаграмманың жеткіліксіз мөлшерде жасалуы, жұмыста жіберілмеуге тиіс қателіктердің орын алуы. |
0% | Презентация әзірленбеді және белгіленген мерзімде өткізілмеді. |
Балл | Реферат |
100% | Рефератта тақырып терең талданып, сұрақтар жоспарлы және жүйелі түрде баяндалды, тақырыптың өзектілігі айқындалып, қорытындысы жасалып, ұсыныстар берілген. Сонымен қатар, айтарлықтай қызықты деректер мен мысалдар келтірілді. Титул парағы талаптарға сәйкес, жұмыстың көлемі 10 беттен аспайды. Негізгі және қосымша әдебиеттермен қатар ғаламтор (интернет) жүйесінен алынған қажетті мәліметтерді де пайдаланған. |
90% | Рефератта тақырып терең талданып, сұрақтар жоспарлы және жүйелі түрде баяндалды, тақырыптың өзектілігі айқындалып, қорытындысы берілген. Одан өзге қызықты деректер мен мысалдарда келтірілген. Титул парағы талаптарға сәйкес, жұмыстың көлемі 10 беттен аспайды, бірақ студент қосымша әдебиеттерді және электрондық оқулықтарды толық көлемде пайдаланбаған. |
85% | Рефератта негізгі талаптар сақталған, тақырыптың өзектілігі айқындалып, қорытындысы берілген, жоспары құрастырылған. Титул парағы талаптарға сәйкес құрастырылған, жұмыстың көлемі 8-10 беттен аспайды, бірақ кейбір сұрақтарды талдауда маңызды емес кемшіліктер жіберілген, берілген мысалдары көп емес, негізгі және қосымша әдебиеттер мен электрондық оқулықтарды толық көлемде пайдаланбаған. |
80% | Рефератта негізгі талаптар сақталып, негізгі бөлімдері аталды. Титул парағы талаптарға сәйкес құрастырылған, жұмыстың көлемі 8-10 беттен аспайды, бірақ мазмұнында сұрақтарға талдау жасалынбаған, кейбір терминдер мен түсініктерге анық тұжырым берілмеген, негізгі және қосымша әдебиеттер мен электрондық оқулықтарды толық көлемде пайдаланбаған. |
75% | Рефераттың мазмұны тақырыпқа сәйкес, негізгі бөлімдеріне сипаттама берілген. Титул парағы талаптарға сәйкес құрастырылған, жұмыс көлемі 8-10 беттен аспайды, бір қатар қателіктерде жіберілген. Олар: кейбір жеке сұрақтардың мазмұны толық ашылмаған, кейбір терминдер анық тұжырымдалмаған, әдебиеттер соңына дейін пайдаланылмаған. |
70% | Рефераттың мазмұны тақырыпқа сәйкес, жоспары құрастырылған. Титул парағы қателіктермен жасалған, жұмыстың көлемі 6-7 беттен аспайды. Сонымен қатар, мынадай қателіктер жіберілген: негізгі сұрақтардың түсінікті түрдегі талдауы жоқ немесе жоспарда көрсетілген сұрақтардың бірі талданбаған, кейбір терминдер мен түсініктер анық тұжырымдалмаған, әдебиеттер соңына дейін пайдаланылмаған. |
60% | Рефератта сұрақтар толық көлемде баяндалмаған, титул парағында қателіктер жіберілген, жұмыстың көлемі 6-7 беттен аспайды. Негізгі бөлімдері мен кейбір сұрақтарды сипаттауда елеулі қателіктер жіберілген, әдебиеттер соңына дейін пайдаланылмаған. |
50% | Рефераттың мазмұны тақырыпқа сәйкес келмейді. Титул парағында қателіктер жіберілген, жұмыстың көлемі 6-7 беттен аспайды, сұрақтардың мазмұнында жіберілмеуге тиіс қателіктер орын алған, терминология жоқ, сонымен бірге әдебиеттер соңына дейін пайдаланылмаған. |
0% | Реферат әзірленбеді және белгіленген мерзімде өткізілмеді. |
Балл | Жағдаяттық тапсырмалар |
100% | Жағдаяттық тапсырмаларды шешуді тақырыпқа сәйкес орындады. Жұмыстың жауабында ашық және жан-жақты дәйектеме берілді, себеп-салдарлық байланысы көрсетілді. Бұл тапсырмада студент өздігінен деректерді дұрыс бағалай біледі, өздігінен пайымдайды, қорытындыны негіздеу қабілеттілігімен ерекшеленеді және логикалық жүйелілігін түсіндіре алады, жағдаятты шешуде жаңама әдісті ұсынды. Шешуде негізгі және қосымша әдебиеттерді, электрондық оқулықтарды, сонымен қатар ғаламтор (интернет) жүйесінің лайықты мағлұматтарын қолданды. Тапсырманың жауабы 10-15 сөйлем құрады. |
90% | Жағдаяттық тапсырмаларды шешуді тақырыпқа сәйкес орындады. Жауабында ашық және жан-жақты дәйектеме берілді, себеп-салдарлық байланысы көрсетілді. Бұл тапсырмада студент өздігінен деректерді дұрыс бағалай біледі, өздігінен пайымдайды, қорытындыны негіздеу қабілеттілігімен ерекшеленеді және логикалық жүйелілігін түсіндіре алады, бірақ жалпы сипаттама беруде біршама қателіктер жібереді. Шешуде негізгі және қосымша әдебиеттерді, электрондық оқулықтарды, сонымен қатар ғаламтор (интернет) жүйесінің лайықты мағлұматтарын пайдаланды. Тапсырманың жауабы 10-15 сөйлемді құрады. |
85% | Жағдаяттық тапсырмаларды шешуді түсінікті, дәлелді етіп орындады, бірақ кейбір жерлерде болмашы қателіктер жіберді: ашық емес дәйектеме келтірді және деректерге нақты бағалау жүргізілмеді. Бірақ студент өздігінен қорытындыны пайымдайды және негіздей алады. Шешуде негізгі және қосымша әдебиеттерді, электрондық оқулықтарды, сонымен қатар ғалам тор (интернет) жүйесінің лайықты мағлұматтарын пайдаланды. Тапсырманың жауабы 8-9 сөйлемді құрады. |
80% | Жағдаяттық тапсырмаларды шешуді толық орындады, бірақ жағдайды суреттеп баяндауында сұрақтарға талдау жоқ, кейбір түсініктер мен терминдерді анық тұжырымдай алмайды, толық қанды қорытынды жасай алмайды, әдебиеттер толық пайдаланылмады. Жауап 8-9 сөйлемді ғана құрады. |
75% | Жағдаяттық тапсырмаларды шешуді нақты және қажетті көлемде орындады. Бұл жұмыстың жауабында сауатты дәйектер келтірілген, себеп-салдар байланысы көрсетілді. Тапсырманы студент өздігінен пайымдады, деректерді бағалай біледі, бірақ себеп-салдарлық байланысы жеткіліксіз баяндалды, әдебиеттер соңына дейін пайдаланылмады. Тапсырманың жауабы 8-9 сөйлемді құрады. |
70% | Жағдаяттық тапсырманы толық көлемде орындай алмады, жауаптың анық дәйектемесі жоқ. Бұл жұмыста фактілерді өз бетінше пайымдап, бағалау жоқ, нақты дәйектеме мен себеп-салдарлық байланысы көрсетілмеген. Әдебиеттер толық көлемде қолданылмаған. Тапсырма бойынша жауап 6-7 сөйлемді ғана құрады. |
60% | Жағдаяттық тапсырмаларды шешуді толығымен орындамады, сұрақтарды тиісті деңгейде талдай алмайды, терминдерді сипаттауда елеулі қателіктер жіберілген, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. Тапсырманың жауабы 6-7 сөйлемді құрады. |
50% | Жағдаяттық тапсырмаларды шешуді толығымен орындамады немесе тақырыпқа сәйкес емес, сұрақтарды тиісті деңгейде талдай алмайды, терминдерді сипаттауда елеулі қателіктер жіберілді, әдебиеттер өте аз пайдаланылды. Тапсырманың жауабы 6-7 сөйлемді құрады. |
0% | Жағдаяттық тапсырмаларды шешуі тақырыпқа сәйкес емес немесе мүлде орындалмаған немесе студент тақырыпты баяндауда білімінің жоқтығын көрсетті. Жауап беруден бас тартты. Тапсырманың жауабы «ия» немесе «жоқ» деген сөйлемнен құралған. |
Балл | Іскерлік (рольдік) ойын |
100% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтарға сәйкес құрастырылып, бірінші, екінші турлардан тұрды, деңгейлік тапсырмалар қамтылып сөзжұмбақ, ребустардың жауабы берілді. Ойынға қатысушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып, жаңама әдістер қолданды. |
90% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтарға сәйкес құрастырылып, деңгейлік тапсырмалар қамтылды, сөзжұмбақ пен ребустарды шешу орын алды. Ойынға қатысушылар әртүрлі тапсырманы орындауға белсенді қатысты. |
85% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтарға сәйкес құрастырылды, деңгейлік тапсырмалар қамтылып, сөзжұмбақ пен ребустарды шешу орын алды, бірақ кейбір жауаптарда болмашы қателіктер жіберілді. |
80% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтарға сәйкес құрастырылып, деңгейлік тапсырмалар қамтылып, сөзжұмбақ пен ребустарды шешу орын алды, бірақ кейбір жауаптарда қателіктер жіберілген, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. |
75% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтарға сәйкес құрастырылып, деңгейлік тапсырмалар қамтылып, сөзжұмбақ пен ребустарды шешу орын алды, бірақ кейбір жауаптарында қателіктер жіберілген, сұрақтарды талдаудың тиісті деңгейде болмады, жауаптар дәлелді емес, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. |
70% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтардың кейбірін ғана қамтыды, жеңіл тапсырмаларды қамтыды, сөзжұмбақ пен ребустарды шешу орын алды, сұрақтарды талдау тиісті деңгейде болмады, жауаптар дәлелді емес, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. |
60% | Іскерлік (рольдік) ойын нашар болды, сұрақтар талдау тиісті деңгейде болмады, жауаптар дәлелді емес, терминдерді сипаттауда елеулі қателіктер жіберілді, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. |
50% | Іскерлік (рольдік) ойын нашар өткізілді, тақырыпқа сәйкес емес, сұрақтарды талдау тиісті деңгейде емес, терминдерді сипаттауда елеулі қателіктер жіберілген, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. |
0% | Іскерлік (рольдік) ойын әзірленбеді және белгіленген мерзімде өткізілмеді. |
Балл | Глоссарий |
100% | Глоссарийде терминдер СӨЖ тақырыбына сәйкес, алфавиттік тәртіпте құрастырылды, 20 терминге жан жақты түсініктеме берілді, сонымен қатар түсініктеме пәнаралық байланыстарды қамтыды (мысалы, экономикалық теория және Қазақстан тарихы). Әрбір термин ашық және нақты түсіндірілді (10-15 сөйлеммен). Титул парағы дұрыс ресімделген, көптеген негізгі және қосымша әдебиеттер, сонымен қатар ғаламтор (интернет) жүйесінің тиісті сайттарының мәліметтері де қолданылған. |
90% | Глоссарийде терминдер СӨЖ тақырыбына сәйкес, алфавиттік тәртіпте құрастырылды, 20 терминге сауатты түсініктеме берілді. Әрбір термин ашық және нақты түсіндірілді (10-15 сөйлеммен). Титул парағы дұрыс ресімделген, көптеген негізгі және қосымша әдебиеттер, сонымен қатар ғаламтор (интернет) жүйесінің тиісті сайттарының мәліметтері де қолданылған. |
85% | Глоссарийде терминдер СӨЖ тақырыбына сәйкес, алфавиттік тәртіпте құрастырылған, 18-19 терминге түсініктеме берілген. Әрбір термин ашық және нақты түсіндірілген (10-15 сөйлеммен). Титул парағы дұрыс ресімделген, алайда болмашы қателіктерде болды, негізгі және қосымша әдебиеттер, сонымен бірге электрондық оқулықтар толық көлемде пайдаланылмаған. |
80% | Глоссарийде терминдер СӨЖ тақырыбына сәйкес, алфавиттік тәртіпте құрастырылған, 18-19 терминге түсініктеме берілген. Әрбір термин ашық және нақты түсіндірілген (10-15 сөйлеммен). Титул парағы дұрыс ресімделген, алайда болмашы қателіктер жіберілді және қажетті мөлшерде терминдерге талдау жүргізілмеді, негізгі және қосымша әдебиеттер, сонымен бірге электрондық оқулықтар толық көлемде пайдаланылмаған. |
75% | Глоссарийде терминдер СӨЖ тақырыбына сәйкес, алфавиттік тәртіпте құрастырылған, 16-17 терминге түсініктеме берілген. Әрбір термин ашық және нақты түсіндірілген (10-15 сөйлеммен), алайда орфографиялық және лексикалық қателіктер жіберілді, негізгі және қосымша әдебиеттер, сонымен бірге электрондық оқулықтар толық көлемде пайдаланылмаған. |
70% | Глоссарийде СӨЖ тақырыбының 3 бөліміне сәйкес емес терминдер енгізілді, олар алфавиттік тәртіппен құрастырылмады, 14-15 терминге түсініктеме берілді. Әрбір термин ашық және нақты түсіндірілген (3-4 сөйлеммен). Терминдерге нақты түсінік айқындалмады, орфографиялық, стилистикалық және лексикалық қателер болды, қажетті әдебиеттер қолданылмады. |
60% | Глоссарийде СӨЖ тақырыбының 3 бөліміне сәйкес келмейтін терминдер енгізілді, олар алфавиттік тәртіппен құрастырылмады, 12-13 терминге түсініктеме берілді. Әрбір термин ашық және нақты түсіндірілді (3-4 сөйлеммен). Терминдерге нақты түсінік айқындалмады, орфографиялық, стилистикалық және лексикалық қателер жіберілді, қажетті әдебиеттер қолданылмады. |
50% | Глоссарийдің мазмұны тақырыпқа сәйкес емес, титул парағын ұқыпсыз дайындаған, терминдерге түсінік дұрыс берілмеген, терминдерінің сандық мөлшері сақталмаған. |
0% | Глоссарий әзірленбеді және белгіленген мерзімде өткізілмеді. |
Наши рекомендации