Тақырып: Рубеждік бақылау. 2. Мақсаты: қалалар мен елді мекендердің экологиялық мәселелері, тұрақты даму концепциясы және

2. Мақсаты: қалалар мен елді мекендердің экологиялық мәселелері, тұрақты даму концепциясы және Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

-Тараулар бойынша білімдерін қалыптастыру: атмосфера, гидросфера және литосфераға антропогенді әсерлер

- Денсаулық жөнінде, тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштері жөнінде білімдерін қалыптастыру

- тұрақты даму мен ерекше қорғалатын аймақтар жөнінде білімдерін қалыптастыру

– Әлемді сақтау және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі қалаушысы халықаралық экологиялық қатынастар, сонымен бірге экологиялық құқық және адам денсаулығына табиғи-әлеуметтік факторлардың рөлі жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

– Тұрақты даму стратегиясы жөніндегі білімдерін қалыптастыру

– Нормативтік-құқықтық құжаттармен өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру

4. Өткізу түрі:кеңселік кеңес беру.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:ауызша сұрау

6. Таратылатын материал:тақырып бойынша сұрақтар

7. Әдебиеттер:

1. Кенесариев Ү.И., Жақашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы, 2003 – 200 б., 25-30 беттер.

2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, 2007 – 497 б., 15-18 беттер.

3. Қуатбаев А. Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы – 2011. – 350 б., 20-28 беттер.

4. Колумбаева С., Білдебаева Р., Шәріпова М. Экология және тұрақты даму: оқу құралы – 2012. – 153 б., 21-29 беттер.

5. Экология: оқу құралы/ C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. -400 с., стр. 18-21.

6. Учение об окружающей среде: оқу құралы / Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153б., 5-10 беттер.

7. Экология и устойчивое развитие. учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М., Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 б., 5-7 беттер.

8. Бақылау:

Бастапқы білімін ауызша сұрау арқылы (білім құзіреттілігі):

1. Атмосфера, оның бөліктері. Озон – қорғаныс қабат ретінде. Атмосфера ерекшеліктері.

2. Атмосфералық ауаның негізгі ластаушылары қандай?

3. Шаруашылықтың қай түрі атмосфера ластануына негізгі үлес қосады?

4. Атмосфера ластануының экологиялық зардаптары?

5. Атмосфераның негізгі экологиялық мәселелері және тқрғындар денсаулығы.

6. Атмосфера ластануының түрлерін атап беріңіз?

7. «Жылыжайлық эффект» дегеніміз не?

8. «Озон тесіктері» дегеніміз не?

9. «Қышқылды жауындар» дегеніміз не?

10. Жер үсті және жер асты суларының негізгі ластаушылары.

11. Гидросфера ластануының негізгі түрлері.

12. Өндірістік ағынды сулардың сипаттамасы, өндіріс салалары бойынша су экожүйелерін негізгі ластауыштары.

13. Ауылшаруашылықтық, тұрмыстық және атмосфералық (жауын-шашындық) ағынды сулардың сипаттамасы.

14. Қазақстанның кейбір аймақтарындағы су нысандарының ластау көздері. Арал теңізі мен өңірі жөніндегі сабақтар.

15. Судың химиялық және биологиялық ластануының тұрғындар денсаулығына әсері

16. Гидросфераның негізгі экологиялық мәселелері және тұрғындар денсаулығы.

17. Топыраққа антропогенді әсер ету.

18. Эрозия түсінігі және түрлері.

19. Жел және су эрозиясы. Жерлердің таусылуы, шөлденуі және орынсыз қолданылуы.

20. Топырақ ластануының табиғи және антропогенді факторлары. Ластаушы заттардың миграциясы және айналымы.

21. Топырақ ластануының экологиялық салдары (пестицидтермен, минералды тыңайтқыштармен, ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен).

22. Топырақтың биологиялық ластануы және эпидемиялогиялық қауіптілігі.

23. Қазақстанның табиғи биогеохимиялық аймақтары және олардың сипаттамасы. Қазақстан территориясындағы антропогенді биогеохимиялық аймақтары.

24. Қазақстандағы антропогенді аймақтардың пайда болу көздері және тұрғындар денсаулығы.

25. Антропогенді аймақ территориясының тұрғындар арасындағы аурушаңдықтың алдын алу.

26. Урбанизация, урбожүйе, субурбанизация, рурализация және жалған урбанизация. Қалалар кеңістігінің түрлері. Қала өсуінің түрлері. Мегаполистер мен агломерациялар.

27. Өндірістік, селитебті және рекреациялық аймақтар. Санитарлық қорғау аймағы.

28. Қалалардың экологиялық мәселелері («жылы аралдар», автокөлік, шу мәселесі, қоқыс, электромагнитті ластану. Көгалдандырудың маңызы.

29. Қала жағдайындағы адам денсаулығы (акселерация, аллергизация, ісік аурулары, артық салмағы бар тұрғындардың өсуі).

30. Қоршаған орта нысандары мен негізгі принциптері. Қоршаған орта қорғау аумағындағы тұрғындар мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен атқаратын міндеттері.

31.Шаруашылық және басқа да жұмыс кезіндегі экологиялық талаптар.

32.ҚР экологиялық сараптама, олардың түрлері, негізгі мақсаты, атқаратын міндеттері, нысандары.

33.Қоршаған ортаны қорғау аумағындағы стандарттау мен и сертификаттау.

34.Экологиялық қауіп қатер. Экологиялық қауіп қатер туралы түсінік. Экологиялық қауіп қатерді негізгі құрайтындар. Экологиялық қауіпі жоғары аймақтар, экологиялық төтенше жағдай мен экологиялық апаттар.

35.Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмдері.

36.Қоршаған табиғи орта сапасын нормалау.

37.Қоршаған ортаны қорғау аумағындағы бақылау.

38.Экологиялық тәрбие және білім беру.

39.Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар. Қорықтар. Биосфералық резерваторлар. Қорықшалар. Ұлттық табиғи саябақтар.

40.Қызыл кітап.

41.Қоршаған орта сапасы мен тұрғындар денсаулығының байланысы.

42.Қоршаған орта нысандары.ұлттық және халықаралық.

43.Қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасының құрылымы (ЮНЕП).

44.Бүкіл әлемдік табиғат хартиясының принциптері, қоршаған орта және даму бойынша конференциялар, климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Рама конвенциясы, Аралды құтқару бойынша халықаралық қор, ЮНЕП «Миллиард ағаштар» компаниялары.

45.Қоршаған ортаның ұлттық және халықаралық нысандарын атаңыз. Космос. Әлемдік мұхит. Атмосфералық ауа. Антарктида.

46.Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасының құрылымын айтып беріңіз (ЮНЕП).

47.Экологиялық құқық көздері. Азаматтардың экологиялық құқы және міндеттері. Өмір сапасына түсінік.

48.Тұрақты даму. Өмір сапасының деңгейі. Адамгершілік потенциалының даму индексі. Ресурстарды ұтымды пайдалану. Саны.

49.Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға өту кезеңдері.

50.Тұрақты дамудың мақсаты мен негізгі принциптері.

Наши рекомендации