Жер мониторингі жайлы далпы түсінікті сипаттаңыз.60. Жер мониторингісінің аумақтық желісін құру
Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.
Адамның әртүрлі ғылыми және тәжірибелік іс-әрекетінде бақылау әдісі қолданылады. ҚоршағанортаныбақылаудыұйымдастырудыңүлгілеріГайСекундаПлинийдің «Жаратылыстарихы» кітабындасипатталған. Ортағасырларғадейінгіеңтолықэнциклопедияболыпсаналатынотызжетітомдаастрономия, физика, география, зоология, ботаника, ауылшаруашылығы, медицинажәнетарихбойыншамәл»меттеркелтірілген. Соңғыжүзжылдабақылаужүйелітүрдежүргізіліпотырады.
Сонымен, ластаушылардыңмониторингжүйесіқазіргіуақыттағытабиғиортаныбақылауқызметініңбөлігіболааладыжәнеоныңбақылаубекеттерініңжүйесін, телекоммуникацияларжелілерін, мәліметтердіөңдеуорталықтарынпайдаланаалады. Антропогендісипаттабарөзгерістердіанықтайтынқоршағанортадағыбақылаужүйесініңжұмысынқамтамасызетуүшінондағытабиғиөзгерістержайлытолықақпараткерек, яғнимониторингжүргізуқажет.
Жермониторингіжерресурстарынбасқарудыңжалпыжүйесінекіреді. Бұлжүйекелесібір-біріменбайланыстыблоктардықамтиды: жергеорналастыру, жеркадастры, ізденістер, мониторинг, геоақпараттық-техникалықблогы.
Ал жер мониторингі болса үш өзара байланысты блоктардан тұрады:
Биосфералық (жаһанды)
Биологиялық (санитарлық)
Геоэкологиялық (табиғи шаруашылық)
Жер ресурстарын басқару Агенттігімен жүргізілетін мониторинг геоэкологиялық мониторингтің бөлігі болып табылады.
Жер мониторингін жүргізу мақсаты – табиғатты қорғау іс-әрекеті және экологиялық қауіпсіздікті басқару ақпаратты қамтамасыз ету.
ҚР барлық жер қоры жер мониторингісінің объектісі болып табылады.
Жер мониторингінің талаптары:
· жер қорының құрылымы мен түрлі жерлердің күйінің өзгеруін уақытымен анықтау, өзгерістерді бағалау, болжау, зиянды процестердің салдарын алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
· жер кадастрын жүргізуді, жерді тиімді пайдалануды, жерге орналастыруды ақпаратпен қамтамасыз ету;
· жер учаскелері мен жер алқаптарының күйін бағалау;
· топырақ құнарлығының өзгеруі, топырақтың ластануы және топырақтағы басқа да өзгерістермен байланысты процестердің дамуын бақылау;
· табиғи азық алқаптарының өсімдік жамылғысы күйінің өзгеруін, топырақтың деградациясын, оның қалпына келу қарқынын, радионулейдтердің жиналу деңгейін, сонымен қатар, топырақтың антропогендік жүктемелерге төзімділік дәрежесін бақылау;
· елді мекендердің, өндірістік объектілердің астындағы жерлердің күйін бақылау;
· жердің күйін жүйелі түрде бақылау;
· жер қорында болып жатқан өзгерістерді анықтау, осы өзгерістерді бақылау және талдау;
· зиянды процестердің алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
· нысаналы мақсатын және рұқсат етілген пайдалану түріне байланысты жерді пайдалануды үздіксіз бақылау;
· белгілі уақытқа жердің сапалық күйі жайлы болжау жасау;
· әкімшілік-территориялдық құрылымның шекаралары мен ауданның өзгеруін бақылау;
· гумус қорының азаюын бақылау;
· топырақтағы микроэлементтердің өзгеруін бақылау.
Жер мониторингін жүргізудің негізгі бағыттары
Мониторинг бойынша жұмыстар келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі.
а) ғылыми-әдістемелік
ә) әдістемелік-қолданбалы
б) қолданбалы
в) ақпараттық-техникалық.
Мониторингті жүргізу уақытында келесі мәселелер шешіледі:
· жер күйінің өзгеруін уақытында анықтау, оларды бағалау, болжау және қатерлі процестердің салдарын алдын алу жйне жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;
· мемлекеттік жер кадастрын, жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізуді, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласындағы басқа да функцияларды, жерге орналастыруды ақпараттық қамтамасыз ету;
· азаматтарды жер күйі жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету.