Р жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтыр.
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі.
Жер - бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемі мен жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі.
Құқықтық және жер құқығының жалпы теориясына сәйкес жер құқығының пәні болып объектісі жер болып табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары табылады.
Жердің айырықша ерекшеліктері болып оның көлемінің шектелгендігін, орналасу орнының тұрақтылығы, ауыспайтындығы және жылжымайтындығы табылады. Сонымен қатар, жер өз құрамы, құнарлығы, ландшафттығы, өсіп-өну мүмкіндігі, экологиялық, рекреакциялық және шаруашылық мақсаттары бойынша біртектес емес.
Жердің басқа да табиғи ресурстарымен, әсіресе, су ресурстарымен, жер қойнауымен, өсімдіктер әлемімен, соның ішінде, орманмен, байланысының мәні ерекше. Олар үшін де жер орналасқан орны және өмір сүру жағдайы болып табылады.
Олардың барлығы жер қатынастарының құқықтық реттеудің мазмұнына әсер етеді.
Әдіс дегеніміз пәнді құрайтын қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер ету құралы. Жер құқығында құқықтық реттеу әдісі ретінде ҚР-ның жер заңдарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, реттелген қоғамдық қатынастарға мемлекеттік құқықтық әсер етудің экологиялық, императивтік және диспозитивтік тәсілдері.
Жер қатынастарын мемлекеттік басқару функцияларын (есеп, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік әдісі қолданылады.
Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын сөзі «диспоноре» - «тандаймын») әдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскілерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.
Жерге табиғи объект ретінде экономикалық әдіс қолданылады, ол құқықтық реттеу пәнінің, яғни, жердің табиғи қасиеттерін есепке алуды білдіреді.
Жер құқығы әдістерінің түрлері:
1) диспозитивтік;
2) императивтік;
Диспозитивтік әдістің түрлері:
1) ұсынушы;
2) санкциялаушы;
3) құқық беруші;
Императивтік әдістің түрлері:
1) құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы;
2) тыим салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау);
3) экологиялық әдіс.
Жер құқығы өзінің жүйесі бар құқық саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден құралады.
Жалпы ережелерден тұратын, әрекеті реттелетін жер қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды.
Жер құқығының жалпы бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:
1) Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының сабақтас құқық салалармен ара қатынасы;
2) ҚР жер заңдарының міндеттері, мақсаттары және қағидалары;
3) Жер құқығының тарихы;
4) Жер құқығының қайнар көздері;
5) Жер құқығы қатынастары;
6) Жерге меншік құқығы;
7) Жер пайдалану құқығы;
8) Жеке меншік құқығы мен пайдалану құқығындағы жер учаскілерінің құқықтық режимі;
9) Жерге жеке меншік құқығы жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өлтіру;
10)Жер үшін төленетін төлем;
11)Сервитуттар;
12)Жер құқығы қатынастары саласындағы басқару органдарының құзіреті және мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері;
13)Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры;
14)Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық;
15)Жер даулары;
Жер құқығының ерекше бөлімі келесі институттардан тұрады:
1) Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің құқықтық режимі;
2) Елді мекен жерлерінің құқықтық режимі;
3) Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық режимі;
4) Ерекше қорғалатын аумақтар жерлерінің құқықтық режимі;
5) Су қоры жерлерінің құқықтық режимі;
6) Орман қорлары жерлерінің құқықтық режимі;
7) Босалқы және пайдалануға жарамсыз жерлердің құқықтық ремимі.
Р жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтыр.
Жерге меншік құқығының түсінігі ҚР Жер кодексінің 3-бабында берілген. ҚР-да жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскілері Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.
Жер учаскілеріне меншік құқығы мына жолдар арқылы туындайды:
1) меншік құқығын табыстау;
2) меншік құқығын беру;
3) меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) тәртібі бойынша ауыстыру.
Меншік құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскісінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Жер учаскесіне меншік құқығы келесі негіздерде туындайды:
1) мемлекеттік органдар актілер негізінде;
2) азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде;
3) ҚР-ның заңдарында көзделген өзге де негіздерде (ҚР ЖК 22-бабы).
ҚР Жер кодексінің 27-бабына сәйкес, мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру мынаны білдіреді: мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелері:
1) жеке меншікке сатылу немесе ақысыз білдіру;
2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі;
3) Жер кодексінде, ҚР-ның өзге де заң актілерінде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады. Бұл мәселені РК Жер кодексінің 26-бабы толығырақ ашады. Оған сәйкес, мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген, қорғаныс қажеттіліктеріне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елді мекен жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңыздағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ, жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер меншікте болады.
Жеке меншіктегі объектілері болып ҚР Жер кодексінде көзделген тәртіпке сәйкес елді мекендер, ауыл шаруашылық мақсатындағы, орман және су қорларының жерлері табылады.
Жер иелену құқығы – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізге шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы.
Жерге билік ету құқығы – мемлекеттің ҚР аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты ҚР-ның заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы.