ІІ Тарау. Аймақтық егіншілік жүйесі және дақылдардың өсіру технологиясының сипаты
Ауылшаруашылық дақылдардың өсу – даму кезеңі
Ауылшаруашылық дақылдарының маусым айындағы дамуының фенологиясы:
1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер (еркекшөп) - гүлдену
2. Бидай, арпа – көктеу, түптену
3. Картоп – жапырақтар мен сабақтардың қалыптасуы
Ауылшаруашылық дақылдарының шілде айындағы дамуының фенологиясы:
1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер (еркекшөп) – толық пісу
2. Бидай – масақтанудың басы мен масақтану
3. Арпа – масақтанудың басы
4. Картоп –гүлдену, түйнектердің қалыптасуы
Ауылшаруашылық дақылдарының тамыз айындағы дамуының фенологиясы:
1. Бидай, арпа – балауыздану – толық пісу
2. Картоп – түйнектердің қалыптасуы мен сабақтарының, жапырақтардың сарғаюы.
ІІІ Тарау. Фитосанитарлық жағдай
Аса қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен таралуы
Колорад қоңызы
17 маусым күні колорад қоңызының 1 – ші жастағы дернәсілдерінің туылуы басталды. 22 маусым күні 2–ші жастағы, 27 маусым 3–ші жастағы, 3 шілде 4–ші жастағы дернәсілдерінің туылуы байқалды. 15% 1–ші жастағы, 40% 2–ші жастағы, 35% 3–ші жастағы және 10% 4–ші жастағы дернәсілдер анықталды. Сонымен қатар қыстап шыққан қоңыздардың шығуы, жұптасуы және жұмыртқа салуы жалғасқанын байқадық.
19 – 26 шілде – 1ші ұрпақ дернәсілдерінің қуыршақтануы.
22 шілде – жас қоңыздардың шығуы, ал 24 шілде – жас қоңыздардың жұптаса бастағаны анықталды. Сонымен қатар, қыстап шыққан қоңыздар мен 3,4 – ші жастағы дернәсілдер табылды.
29 шілде – жас қоңыздардың жұмыртқа салуы.
5 тамыз – 2ші ұрпақ қоңыздарының 1 – ші жастағы дернәсілдерінің туылуы, ал 8 тамызда–2ші жастағы дернәсілдердің туылуы анықталды. 95%-ын 1 – ші жастағы, 5%-ын 2 – ші жастағы дернәсілдер құрайды.
12 тамыз – 2ші ұрпақ қоңыздарының 3 – ші жастағы, ал 15 тамызда 4 – ші жастағы дернәсілдерінің туылуы басталды.
22 тамыз – 2ші ұрпақ қоңыздарының дернәсілдерінің қуыршақтана басталуы. Сонымен қатар 1ші ұрпақ қоңыздарының жұптасуы мен жұмыртқалауының жалғасып жатқандығын көрдік.
Кесте 5. Колорад қоңызының фенологиялық күнтізбесі
Айлар | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | ||||||||||||
Он күндіктер | I | II | III | I | II | III | I | II | III | I | II | III | I | II | III | I | II | III |
Қысқы имаго кезеңі (+) | (+) | (+) | (+) | (+) | (+) | (+) | ||||||||||||
І ұрпақ имаголары + | + | + | + | |||||||||||||||
Жұмыртқа 0 | ||||||||||||||||||
Дернәсілдер – | – | – | – | |||||||||||||||
Қуыршақ * | * | * | ||||||||||||||||
ІІ ұрпақ имаголары + | + | + | + | |||||||||||||||
Жұмыртқа- 0 | ||||||||||||||||||
Дернәсіл – | – | – | ||||||||||||||||
Қуыршақ * | * | * | * |
Бидай трипсі
3 маусым – бидай трипсінің имаголары анықталды. Бақылаулар көпжылдық шөптерде жүргізілді.
12 маусым – Қаратомар ауылдық округында трипстің бидай егістігіне көшіп қонғандығын байқадық. Саны көп емес.
2 шілде – бидай трипсінің жұптаса бастағандығы анықталды.
5 шілде – трипстің қоныстануы жалғасуда және жұптаса бастағандығы анықталды.
9 шілде – бидай трипсінің жаппай жұптасуы байқалды. Екібастұз ауданында бидай трипсінің таралуы 40%, 1 өсімдікте минимум 8, максимум 35 дана, орташа 21 дана кездесті. Баянауыл ауданында трипстің таралуы 25% - ды құрайды. 1 өсімдікте минимум 6, максимум 13 дана кездесті.
12 шілде – бидай трипсінің жаппай жұмыртқалауы мен дернәсілдерінің туыла бастағанын анықтадық.
24 шілде – бидай трипсінің жаппай жұмыртқалауы мен дернәсілдерінің шыға бастағанын көрдік. Имаго 95%, дернәсілдері 5% құрайды.
2 тамыз – бидай трипсінің дернәсілдерінің туылуы жалғасуда.
8 тамыз – егістіктерден бидай трипсінің дернәсілдерінің топыраққа кетуі анықталды.
16 – 23тамыз – дернәсілдердің топыраққа кетуі жалғасуда.
Кесте 6. Бидай трипсінің фенологиялық күнтізбесі
Айлар | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | ||||||||||||
Он күндіктер | I | II | III | I | II | III | I | II | III | I | II | III | I | II | III | I | II | III |
Дернәсілдің қысқы кезеңі = | = | = | ||||||||||||||||
Қуыршақ 0 | ||||||||||||||||||
Имаго + | + | + | + | + | ||||||||||||||
Жұмыртқа* | * | |||||||||||||||||
Дернәсіл– | - | - | - | - | - | |||||||||||||
Дернәсілдің қысқы кезеңі= | = | = | = | = |
Кесте 7. ОҚО бойынша ерекше қауіпті зиянды организмдердің жүйелі бақылауындағы зерттеу жұмыстарының жылдық жоспарының орындалуы туралы мәліметі.
(мың га)
Ерекше қауіпті зиянды организмдердің атауы | Жүйелі бақылау | |
Жоспар | Зерттелгені | |
Марокко шегірткесі | 1094,223 | 1094,223 |
Прус шегірткесі | 371,61 | 371,61 |
Азиат шегірткесі | 2243,57 | 2243,57 |
Мақта көбелегі | 229,0 | 229,0 |
Өрмекші кене | 213,777 | 213,777 |
Зиянды бақашық | 13,97 | 13,97 |
Аурулар (тат, септориоз) | 20,6 | 20,6 |
Сарышұнақ | 23,5 | 23,5 |
Кеміргіш тышқан | 22,0 | 22,0 |
Колорад қоңызы | 8,32 | 8,32 |
Барлығы: | 2237,8 | 2237,8 |
Кесте 8. Аса қауіпті зиянкестер мен аурулардың 2015 жылға арналған өңдеу көлемінің болжамы.
(мың га)