Лемнің экологиялық мәселелеріне аймақтық анализ

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Оршаған ортаның ластануы

Қоршаған ортаның ластануы – кез келген экологиялық жүйеге оған тән емес тірі және өлі заттардың енуін, физикалық немесе жүйелік өзгерістердің болуын, берілген экожүйенің бұзылуына немесе оның өнімдіоігін бұзатын энергия мен ақпараттың енуінен пайда болады.

Академик А.В.Сидоренко антропогендің әсерлердің салдарынан қоршаған ортаның бұзылуының, ластануының, табиғат ресурстарының сарқылуының негізгі 3 себебін көрсетті:

1.табиғи айналымдағы табиғат ресурстарының өндірілуі мен қажеттілік арасындағы сандық көрсеткіштер балансының бұзылуы;

2.табиғи ортаға техногенді әсерлердің шектен тыс көп болуы;

3. табиғат ресурстарын өндіру кезінде экологиялық принциптерің бұзылуы мен секерілмеуі.

Адамның биосфералық прцестерге араласуын былай топтауға болады:

- Ингридиентті ластану, табиғи биогеоценоздарға тән емес химиялық заттардың енуі;

- Параметрлік ластану немесе физикалық ластану, қоршаған ортаның сапалық қасиеттерінің өзгеруі. Сапалық қасиеттерге мыналар жатады: жылу, дыбыс, шу, радиациялық, жарық, электромагнитік.

- Биоценотикалық ластану, биоценозда мекендейтін организмдер популяциясының жүйелері мен құрамына әсер

- Стациональді – деструкциялық ластану, адамның табиғат қолданысына байланысты экожүйемен ландшафтының өзгерісі

Қоршаған ортаға ластаушыларшылардың жіберілуі олардың агрегаттың күйі мен салмағана қатысты классификацияланады. Агрегаттық күйіне байланысты газ, бу, сұйық, қатты, аралас болып бқлінеді. Ал салмағы бойынша б топқа жіктеледі: 0,01 төмен; 0,01—0,1; 0,1 — 1,0; 1,0—10; 10—100; 100 т/тәулік жоғары.

Өндірістік қалдықтар пайда болуына байланысты мына топтарға бөлінеді:

Механикалық – ауадағы шаң, топырақтағы түрлі заттар мен қатты бөліктер.

Химиялық- кез келген агрегаттық күйдегі заттар. Олар қоршаған ортаға түсуі барысында тікелей атмосфера, гидросферамен байланысқа түседі.

Биологиялық – адам қатысымен пайда болған организмдер түрлері. Олар адамға немесе қоршаған ортаға зиянын тигізеді.

лемнің экологиялық мәселелеріне аймақтық анализ

Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы. Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда – 18-32 км биіктікте орналасқан. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3 мм құрайды. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің ісігімен ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін. Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның мөлшері 40-50% -ға кеміген. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілетін тесіктерді «озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің» көлемі жылына 4%-ға артып отыр. Қазіргі кезде оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық. Сонымен қатар, көшіп жүретін тесіктердің пайда болуы жиілеп барады. Оның мөлшері 10-100мың км2. «Озон тесіктерінің» пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған. Олар алғаш рет осы ғасырдың 80-жылдарында байқалған. Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Қазіргі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор көміртектер бөлме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларда, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы газ ретінде, т.б. қолданылады

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50%-дан 65%-ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, (шамамен 20%), азот оксидтері (шамамен 5%), озон, фреондар және басқа да газдар (парниктік эффектінің шамамен 10-25%) жатады. Барлығы 30-ға жуық парниктік газдар, олардың атмосферадағы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір молекулаға әсерінің салыстырмалы белсенділігіне де байланысты болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап атмосферадағы СО2 мөлшерінің өзгерісі 12-15% артқан.

Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына әкеліп соқтырады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық температурасы 0,3-0,60С –ға артқан. Әр түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит 1,5 -2 м көтерілуі мүмкін, ол шамамен 5 млн. км2 құрлықтың су астында қалуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әлемдік мұхитттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануарлармен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Көмірқышқыл газының атмосфераға түсуінің негізгі техногенді көзі - органикалық отынды жандыру болып табылады. Қазір тек жылу энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе Жер шарында жылына 6 млрд. т бөлініп шығады. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады. Мұхит адам қызметінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Наши рекомендации