Лемдік су ресурстарының жағдайын сипаттаыңыз
Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ - д ә р і л е р д ің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа апармайтыны белгілі. Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады. Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер көмілген.Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды.
Неркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануын, Өскемен қаласының топырағын ластаушы улы ауыр металдарды мысалға ала отырып көрсетіңіз
Өнеркәсіптік (өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді шығару және әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде бастапқы тұтыну қабілетін толық немесе жарым-жартылай жоғалтқан шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар қалдықтары. Олар қайтымды және қайтымсыз (технологиялық шығындар: буға айналу, бықсық түтін, кеуіп кету) болуы мүмкін. Мәліметтер бойынша Европа одағы елдерінде жыл сайын: қайта өңдеу өнеркәсіп орындарында - 400 млн тонна, өндіріс орындарында - 160 млн тонна және т.б. қалдықтар түзіледі. 90-шы жылдардың бас кезінде барлық қалдықтардың (2,2 млрд тонна) жартысы ауыл шаруашылығындағы өндіріс орындарының еншісіне тиді. Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Кенді Алтайда болып, Өскемендегі «Казцинк» ЖШС-інің «Хольдор Топсе» газ тазартқыш қондырғысымен және «Жаңа металлургия» жобасы нысандарымен танысты. «Казцинк» кәсіпорны қоршаған ортаны қорғауға жыл сайын жүздеген миллион теңге қаржы салады. Соның нәтижесінде күкірт қышқылы цехы мен мыс зауытында ауаға тарайтын зиянды қалдықтар кеміп келеді. Министр «Казцинктің» атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіріп, «Жаңа металлургия» жобасының ел экономикасын арттырудағы рөліне тоқталды. Үлбі металлургия зауыты, титан-магний комбинатында болған министр қала экологиясына аталмыш кәсіпорындардың қаншалықты мөлшерде зиян келтіріп отырғаны жайлы мәліметтермен танысты. Былтыр тамызда ашылған экологиялық қауіпсіздік орталығында болған кезде өңір басшысы Б.Сапарбаев қаланың бірнеше аудандарында онға тарта газ саралағыш құрылғы қойылғанын, олар ауа мен судағы, топырақтағы улы заттар жайлы мәлімет беріп тұратынын айтып берді.
Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 3 желтоқсанда №1241 Жарлығымен мақұлданған «ҚР-ның 2004-2015 жж экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасындағы» экологиялық тәрбие және білім мәселесін сипаттаңыз
Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластану деңгейі оған дәлел болып отыр. Президент Жарлығымен мақұлданған 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» Қазақстанда көптеген оңжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғарғы техногенді салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты деп айқын айтылған. [1. 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші Президент Жарлығы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында»]. Әлемдiк тәжiрибе көрсететiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негiзi кез келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын көрсетедi.
Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады.
Осы Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы "Қазақстан - 2030" Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы Күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып әзiрлендi. Қоршаған ортаның жай-күйiнiң нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзе отырып, экологиялық қауiпсiздiктiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыруды көздейдi. *Бiрiншi кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеу.
* Екiншi кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру. *Yшiншi кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.