Негізгі объект құрылысының сипаттамасы
Жобаланып отырған тұрақтандыру бағанасы түрақсыз гидрогенизатты түрақтандыру үшін тағайындалған. Бағана екі эллипстік түптен 2 (жоғарғы және төменгі), ішінде массаалмасу процесі жүретін оске перпендикуляр орналасқан табақшалары 11 бар қабықтан 1 тұратын цилиндрлік аппарат.
Бағананың жоғарғы жағында жеңіл газойльдарды шығаруға арналған келте құбыр 6, манометрге арналған келте құбыр 7, бағананың отдушкасына арналған келте құбыр 5, жөндеу және бағананың жоғарғы бөлігін бақылап отыру үшін лаз 3 орналасқан.
Тұрақтандыру бағанасы жеңіл газойльді әкететін келте құбыр 9, сулы бу кіретін келте құбыр 10, деңгейді бақылауға арналған келте құбыр 12, температураны бақылауға арналған келте құбыр, бағананың ішкі бөлігін бақылайтын люк лаз 14, жеңіл газойльді әкететін келте құбыр 16, бағананы ұстап тұратын тіректен 4 тұрады.
Тұрақтандыру процессі, бұл мұнай немесе мұнайөнімдеріндегі күкірт, ауа өттегі және тағы басқа миниралды зиянды қосылыстарды булау жолымен бөліп алу.
Аппараттың негізгі бөлшектері (қаңқа қабығы, түп пен қақпақ) 16ГС қазандық болатынан дайындалған. Келте құбырлар, люк лаздар 15НМ болатынан дайындалған. Аппарат диаметрі 3400 мм, жалпы биіктігі 32625 мм, жұмысшы аймағының биіктігі 32250 мм.
Аппарат келесідегідей жұмыс істейді. Құрамында күкірт, ауа оттегі және басқа да органикалық қосылыстары бар тұрақсыз гидрогитзан А1 келте құбыры арқылы 24 ші табақшаға беріледі. Аппараттың астынғы бөлігінен шартты диаметрі 450 мм келте құбырдан буу беріліп, төменнен жоғары бағытта қозғала отырып табақшалардан, жоғарыдан төменгі бағытта ағып төсеп кележатқан тұрақсыз гидрогинезат пен табақша бетінде әсерлеседі. Будың шығыны табақша клапондарының көтерілу бұрышы мен реттеледі. Түзілген күкірт сүтекті және көмір сүтекті газдар аппараттың В1 келте құбыры арқылы жоғары бөлігінен шығады. Аппараттың куптық өнімі зиянды қоспадан арылған гидрогинезатты (бензинді фракция) аппараттың төменгі бөлігінен әкетіледі.
Жұмыс істеу процессінде көмір сүтекті қоспаның агрисивтілігі әсерінен аппарат қақпағы мен төбе және қаңқалары, сондай-ақ тоғыстыру элементтері коррозиялық тозуға ұшырайды (коррозиялық жарылу, саңылаулы коррозия және т.б.). келте құбырларда басым жағдайда эррозиялық тозу байқалады.
Қалпақшалы табақша төмендегідей жұмыс атқарады. Бу (газ) бағанада 1 төменнен жоғарыға қарай жылжиды, қабаттағы 2 аралық тесіктерден 4 өтіп булану қалпағының төменгі құбырларында орналасқан 3 сұйықтық ағызу құбырына қарама - қарсы бағытталған 5 қабаттың дөңгелек аумағында 2 бағананың қабырғалар арасында 1 және қалпақтың қабырғасы 3 құйылу құбырына 6 қарсы бағытталып жылжиды, осымен сұйықтық көпірік жағдайда, тамшы түрде ағызу құбырынан 5 құйылу құбырына 6 дейін дөңгелек шеңбер бойынша айналып қозғалады.
1-қабық; 2-эллипстік қақпақ; 3-лаз; 4-тірек; 5-келте құбыр; 6- жеңіл газойльдарды шығаруға арналған келте құбыр; 7- манометрге арналған келте құбыр; 8-тіктігін бақылаушы; 9 – жеңіл газойльды әкететін келте құбыр;
10- сулы бу кіретін келте құбыр; 11- табақшалар; 12- деңгейді бақылауға арналған келте құбыр; 13-бағананың температурасын бақылайтын келте құбыр; 14-люк лаз; 15-келте құбыр; 16 – жеңіл газойльді әкететін келте құбыр
Сурет 2.1 - тұрақтандыру бағанасы
Өнер тапқан заттың техникалық басымдылығы. «Қалпақты табақшаның» прототипке қарағанда басымдылығы оның табақшада сұйықтың қайта ағып араласуының өте тез төмендетуінде болып табылады, осыған байланысты процестің қозғалу күші және газ бен сұйықтың арасындағы массаалмасу тиімділігін арттыруда болып табылады. «Қалпақты табақшаның» қоғамдық пайдалығы басымдылығы техникалық басымдылықтан келіп шығады.
Өнер табылған зат «Қалпақты табақша» өзінің негізімен салыстырғанда пайдалануға ұсынылған бағанадағы табақшаның салмақ алмасуының тиімділігін жоғарылатумен бірге бағыттас жүреді.