Пысықтау сұрақтары

1. Шөлдердің биоклиматтық аймақтарға бөлінуі (ЮНЕСКО, 1977)

2. Шөлдердің топырақ типіне байланысты типтерге бөлінуі

3. Шөлдердің жауын-шашынның динамикалылығына байланысты бөлінуі

4. Шөлдердің шаруашылықтағы пайдаланылуы

5. Орта Азия және Қазақстандағы шөлдер

6. Ағаш-бұталарға жататын эромофиттердің С.А. Никитин (1966) ұсынған эколого-физиологиялық талдауы

7. Өсімдіктердің ылғалды пайдаланылуына байланысты топтарға бөлінуі (Бейдеман, 1953, 1962)

8. Шөл өсімдіктері және оларды классификациялау туралы әртүрлі көзқарастар

9. Шөл өсімдіктері жабынының гидротермиялық жағдайға байланысты климаттық аймақтарға бөлінуі

10. Шөлдердің ботанико-географиялық типтері

11.Шөлдердің эколого-физиномиялық типтері (Рачковская, 2003)

12.Сексеуілді шөлдер

13.Шөл аймағын геоботаникалық аудандастыру

ДАЛАТАНУ

Дала туралы жалпы түсінік, далалар типтері. Негізгі белгілері

Дала – Солтүстік және Оңтүстік жарты шардағы қоңыржай және субтропикалық ормансыз шөптесін өсімдіктер бар алқап. Евразияда батыстан шығысқа, Солтүстік Америкада солтүстіктен оңтүстікке созылған. Далалар оңтүстік Америкада және Австралияда да кездеседі. Тауларда жоғарғы белдеулер типінде таулық далалар бар, жазықтықта – орманды дала мен жартылай шөлдер арасында орналасқан табиғи аймақ.

Далаларға тиісті белгілер – ормансыз мол шөптесін өсімдіктермен жамылған үлкен жазықтық, жыл бойында түрлерін 12-ге дейін өзгерте алады. Ол яғни өсімдіктер жабынының түрлерін өзгертуі жауын-шашыннның аз болуына (300-500 мм жылына) байланысты. Бір-бірімен түйіскен өсімдіктер жамылғысы негізінен ксерофиттер: қау (Stipa), бетеге (Festuca), келлерия (Koeleria), қоңырбас (Poa), сұлыбас (Avenastum) және т.б.

Далалар өте күшті және ұзақ уақыт антропогендік фактор әсеріне душар болды. Далалардың көптеген жерлері айдалып тасталды. Соған байланысты топырақтар эрозияға ұшырады. Шаңды борандар жиіледі. Жер шарында типтік далалар қалған жоқ деуге болады. Этолондық табиғи ландшафтар ретінде далалардың кейбір учаскелері қорықтарда қорғалады.

Далалар табиғат жағдайлары және климаты жағынан адамдар тіршілігі үшін қолайлы деуге болады. Далалардағы адамдардың негізгі тіршілігі - суармалы егін шаруашылығы (дәнді дақылдар мен техникалық дақылдар) және мал шаруашылығы.

Дала Антарктидадан басқа барлық континенттерде кездеседі, Евразияда дала Ресейде, Қазақстанда, Украинада және Монғолияда көбірек таралған. Тауларда да биіктікте дала (таулық дала) кездеседі, жазықтықта табиғи аймақ ретінде таралған. Солтүстікте орманды дала аймағымен оңтүстікте жартылай шөл аймағының арасында. Дала аймағында жауын-шашын мөлшері жылына – 250 мм-ден 400 мм дейін.

Дала аймағының климаты қоңыржай-континентальді мен континентальді аралығында болады. Жазы өте ыстық, қысы қары аз суық. Даланың көптеген бөлігі айдалған.

Далалардың ерекше белгісі – шөптесін өсімдіктермен жамылған ормансыз үлкен жазықтық. Үздіксіз немесе дерлік үздіксіз кілем түзетін шөптесін өсімдіктер: қау (Stipa), бетеге (Festuca), келлерия (Koeleria), қоңырбас (Poa), сұлыбас (Avenastrum) және т.б.

Далалар типтері

Астық тұқымдастар мен әртүрлі шөптердің арақатынасына байланысты далалардың мынадай типтерін ажыратады:

1) Нағыз көпжылдық шымды астық тұқымдас өкілдері басым, негізінен қау (қаулы дала).

2) Шабындық немесе әртүрлі шөпті далалар (шабындық дала).

3) Шөлді дала. Шөлдік шөптер (қаңбақ сияқтылар) жартылай бұталардың (негізінен жусандар, изендер) эфемерлері және эфемероидтардың қатысуымен.

Даланың кейбір типтерінің фрагменттерін орманды далада және жартылай шөлдерде кездестіруге болады. Әртүрлі континенттерде даланың аттары әртүрлі болуы мүмкін. Солтүстік Америкада – прерий, Оңтүстік Америкада – пампа немесе пампастар, ал тропикада – льянос деп аталады. Оңтүстік Америкадағы льяносқа ұқсас жерлерді Африкада және Австралияда – саванна деп атайды. Ал Жаңа Зеландияда даланы туссоктар деп атайды.

Қазіргі Қазақстан территориясының 40%-ын далалар алып жатыр. Қазақстан тегістігінде дала аймағының ені 400-ден 800 км дейін.

Қазақстанда кәдімгі оңтүстік қара топырақты жерлерде қуаң әртүрлі шөпті-астық тұқымдасты далалар, қою-каштанды және каштанды топырақта құрғақ далалар, ал ашық-каштанды топырақта шөлді далалар болатындығы анықталған (Рачковская Е.И., Огарь Н.П., Марынич О.В., 1999).

Қазақстан далаларының көптеген территориялары жаппай жоғалуға немесе терең антропогендік өзгеріске ұшырады. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде жерді кең көлемді жырту далалардың әсіресе тегістіктегі далалардың типтерінің жойылуына алып келді. Әсіресе бай әртүрлі-шөпті-қаулы (8,5 млн га) және әртүрлі-шөпті-қаулы (13,6 млн га) далалар үлкен зиян шекті. Тегістіктерде жерді жырту мөлшері кей жерлерде 90%, ал ұсақшоқыларда 30% шамасында болды.

Тегістіктегі құрғақ далалар 50-60%, ал ұсақ шоқыларда 10-45% шамасында жыртылды. Сақталып қалған дала учаскелерінде малдар шамадан тыс жайылды және басқа да шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылды. Далалардың көптеген типтері тек Қазақстанда ғана кездеседі. Евразияның басқа территорияларында кездеспейді. Ресей және Украина далалары адамдардың қызметі нәтижесінде бұрынырақ өзгеріске ұшыраған. Ал Қазақстанда осы уақытқа дейін Евразияның батыс далаларына сәйкес учаскелер сақталған.

Қазақстан далаларының кең байтақ территорияларында тек 2 ғана қорығы (Наурызым және Қорғалжын) және 2 ұлттық паркі (Көкшетау мен Баянауыл) бар.

Наурызым қорығы (87,7 мың га) құрғақ дала аймақ тармағында орналасқан. Бұл қорықта өсімдіктердің 5 типі кездеседі:

1) орман (қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар);

2) бұталы;

3) дала;

4) шабындық;

5) батпақты су және су.

Дала дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Өйткені ғалымдар оның шекарасын әртүрлі түсінеді. Географ П.С. Берг «Природа СССР» (1955) деген еңбегінде, далаға мынадай анықтама береді: «Дала деп тегіс, ормансыз, су астында қалмайтын батпақсыз-қара топырақта бүкіл вегетациялық кезеңде шөптесін өсімдіктер қауымдарымен жамылған кеңістікті айтамыз». Бұл анықтамада көңіл аударатын нәрсе ол «ормансыз» деген сөз. Демек, Берг дала аймағынан өтпелі алқап орманды даланы шығарып тастап, оны өз алдына «орманды дала» аймағына жатқызады.

В.В. Алехин (1951) анықтамасы бойынша, «дала дегеніміз - құрғаққа төзімді (құрғақ сүйгіш) өсімдіктері түйіскен шөптесін өсімдіктердің қара немесе қоңыр топырақтарда өсетін ылғалдың жеткіліксіздігі жағдайындағы типі». Нағыз далаларда шымды астық тұқымдастардың және құрғақшылыққа төзімді әртүрлі шөптердің болуы тән.

В.В. Алехин далаларды шөптесін өсімдіктер типіне жатқызады. Дегенмен В.В. Алехин орманды даланы дала аймағына жатқызады. Дала аймағында ормандар тек өзен арналары шекараларында ғана кездеседі, ал басқа территорияларда кездеспейді деуге болады.

Профессор В.В. Алехиннің ойынша, дала аймағының солтүстік шекарасы (ТМД елдері территориясында) Киевтің оңтүстігімен өтеді. Киев-Конатоп-Курск-Орел-Туланың, Рязанның және Сасованың оңтүстік жағынан өтіп ары қарай Саранскіге және Ардатовқа көтеріліп, Пензаға сосын Вольскіге түседі. Куйбышевтан (Самара) дала шекарасы Уфаға ары қарай оңтүстік Чкаловқа дейін созылады. Осы жерден күрт көтеріліп, солтүстікте Свердловскіге жетіп, Батыс-Сібір тегістігінен Ишимге одан Барабинскінің солтүстігінен Новосибирскіге жетеді. Шығысында далалардың арал тәрізді учаскелері кездеседі. Өзінің оңтүстік шекарасында, Еділдің төменгі сағасынан бүкіл Азия бөлігінде далалар шөлдермен шектеседі. Батысында Қара және Азов теңізіне дейін жетіп Солтүстік Қырымға тіреліп, Бас Кавказ жотасына ал батыс жағында Карпат және Буковин етегіне жетеді.

Наши рекомендации