Мақсаты: Атмосфераның ластану қаупін анықтау.
Тапсырма:
1. Атмосфераның ластану қаупін анықтау;
2. Кестеде келтірілген адам ағзасына әсер етуші ластаушы заттардың дәрежесіне қарай отырып қай класқа жататындығын анықтау.
Әдістемелік нұсқама:
Атмофераның ластану қаупі:
(1)
Мұндағы: сi – жер бөлігіндегі атмосферадағы ластаушы заттардың өлшенген немесе есептелген физикалық концентрациясы (жер бетінің үстіндегі кеңістік 2 м-ге дейін), мг/м3; ШРКi – ластаушы заттардың бір жолғы жоғарғы шекті рауалы концентрациясы, мг/м3.
Егер i³ 1 болса, онда ластану қаупі бар. Кенорындарда пайдалы қазбаларды өңдеу барысында кейбір ластаушы заттар үшін шекті рауалы концентрацияның маңызы зор.
Адам ағзасына әсер ету дәрежесіне қарай ластаушы заттар 4 класқа бөлінеді: 1 – өте қауіпті (жұмыс істеу аймағындағы ауадағы зиянды заттардың ШРК 0,1 мг/м3 төмен); 2 – жоғарғы қауіпті (жұмыс істеу аймағындағы ауадағы зиянды заттардың ШРК 0,1- 1,0 мг/м3 төмен); 3 – орташа қауіпті (жұмыс істеу аймағындағы ауадағы зиянды заттардың ШРК 1 – 10 мг/м3 төмен) және 4 – төменгі қауіпті (жұмыс істеу аймағындағы ауадағы зиянды заттардың ШРК 10 мг/м3 жоғары).
1-ші кесте. Халық қоныстанған аймақтағы ауадағы ластаушы заттардың ШРК, мг/м3
Заттар | Бір жолғы жоғарғы | Орташа-тәуліктік |
Азоттың диоксиді | 0,085 | 0,085 |
Азот қышқылы | ||
HNO3 молекуласы бойынша | 0,4 | 0,4 |
Сутектік ионы бойынша | 0,006 | 0,006 |
Аммиак | 0,2 | 0,2 |
Бензол | 1,5 | 0,8 |
Бензин (мұнайдыкі, күкірттілігі төмен) | 1,5 | |
Сланецті бензин | 0,05 | 0,05 |
Бутан | - | |
Бутилен | ||
Ванадий пентаоксиді | - | 0,002 |
Дихлорэтан | ||
Марганец және оның қосылыстары | - | 0,01 |
Мышьяк (органикалық емес қосылыстар) | - | 0,003 |
Улы емес шаң | 0,5 | 0,15 |
Ртуть металды сынап | - | 0,0003 |
Күйе | 0,15 | 0,05 |
Қорғасын және оның қосылыстары | - | 0,0007 |
Күкіртті қорғасын | - | 0,0017 |
Күкірт ангидриді | 0,5 | 0,05 |
Күкіртті сутек | 0,008 | 0,008 |
Күкіртті көміртек | 0,03 | 0,005 |
Көміртегі оксиді |
Атмосферада бірнеше заттың бірдей уақытта болуы (яғни, адам ағзасына әсерді күшейтетін) келесі теңдік бойынша анықталады:
(2)
Мұндағы:
с1 , с 2, . . ., сn– заттардың нақты концентрациясы, мг/м3;
ШРК1 , ШРК2. . . , ШРКn - осы заттарға арналған бір жолғы жоғарғы шекті рауалы концентрациясы, мг/м3.
(2) теңдік бір уақытта келесі топтағы заттар кездескен уақытта ауа сапасын анықтауға қолданылады: ацетон және фенол; ацетальдегид және винилацетат; валериан, капрон және май қышқылдары; озон, азот диоксиді және формальдегид; күкіртті газ және фенол; күкіртті газ және азот диоксиді; күкіртті газ және фторлы сутек; күкіртті газ және күкіртті қышқыл аэрозолі, күкіртті сутек және динил, күкіртті газ және күкіртті сутек; изопропилбензол және изопропилбензолдың гидропероксид; фурфурол, метанол және этанол; циклогексан және бензол; этилен, пропилен, бутилен; сірке қышқылы және күкірт ангидриді; ацетон және ацетофенон; бензол және ацетофенон; күкірт және күкіртті ангидрид, аммиак, азот оксиді және т.б. қосылыстар.
Аурухана, санаторий, демалыс үйі, дене шынықтыру орындары, балабақшалар, рекреациялық және қорғау нысаналары сияқты ерекше қорғалатын аймақтар үшін атмосферасының ауасын келесі теңдік бойынша бағалайды:
(3)
Негізгі мәліметтер: Зертханалық әдіспен анықталған және арнайы құралдармен өлшенген ластаушы заттардың физикалық концентрациясы:
Заттардың атауы | Нұсқа | |||||||||
I | II | III | IV | V | VI | VII | VIII | IX | X | |
Азоттың диоксиді (NO2) | 0,087 | 0,071 | 0,091 | 0,031 | 0,042 | 0,056 | 0,099 | 0,123 | 0,013 | 1,011 |
Аммиак | 0,208 | 0,218 | 0,312 | 0,607 | 0,201 | 0,309 | 0,25 | 0,19 | 0,18 | 0,01 |
Бензол | 0,8 | 0,9 | 1,0 | 0,7 | 0,5 | 1,9 | 1,8 | 0,3 | 1,3 | 2,5 |
Мұнайлы бензин | ||||||||||
Бутан | ||||||||||
Бутилен | 0,1 | 1,0 | 2,5 | 3,3 | 4,0 | 4,9 | 2,5 | 1,1 | ||
Дихлорэтан | 1,1 | 2,5 | 4,9 | 4,0 | 3,3 | 2,5 | 1,0 | 9,0 | 0,1 | |
Улы емес шаң | 0,15 | 0,13 | 1,3 | 2,1 | 9,1 | 0,3 | 0,4 | 0,6 | 9,0 | 1,1 |
Күйе | 1,1 | 0,9 | 0,01 | 0,09 | 1,5 | 0,9 | 0,4 | 0,11 | 0,09 | 0,07 |
Күкірт ангидриді (SO2) | 0,05 | 0,16 | 0,09 | 0,07 | 0,9 | 1,2 | 1,3 | 0,3 | 1,9 | 0,9 |
Күкіртті сутек | 0,001 | 0,009 | 0,01 | 0,09 | 0,009 | 0,02 | 0,008 | 0,009 | 0,002 | 0,003 |
Күкіртті көміртек | 0,05 | 0,06 | 0,01 | 0,1 | 0,2 | 0,13 | 0,01 | 0,02 | 0,12 | 0,91 |
Көміртегі оксиді | 1,2 | 1,5 | 0,5 | 2,5 | 2,1 | 4,5 |
Бақылау сұрақтары:
1. Атмосфераны ластаушы заттарға не жатады?
2. Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары?
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ю.Л.Хотунцев. «Экология и экологическая безопасность» , Москва -2002
2. Л.Г.Подунова,«Руководство к практическим занятиям по методам
санитарно-гигиенических исследований» М: Медицина-1990
3. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных
веществ, содержащихся в выбросах предприятий. М., Госкомгидромет, 1987
4. Сборник методик по расчету выбросов вредных веществ в атмосферу различными производствами. Алматы, 1996
5. Берлянд М.Е. Прогноз и регулирование загрязнения атмосферы. М., Гидрометеоиздат, 1985
№3-ші практикалық сабақ