І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

"Адам-Табиғат" жүйесі. Физиологиялық адаптация. Фотосинтез.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1. Адамзат және жан-жануарлар экологиясы айырмашылығы?

2. Физиологиялық адаптация деген не?

3. Адамдардың табиғатқа тигізер әсері қандай?

ІV. Жаңа сабақ:

Өсімдіктер экологиясы — өсімдіктердің өзара және ортамен қатынастарын зерттейтін экологияның және ботаниканың бөлімшесі. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы өте зор. Мамандардың есебі бойынша, 1 га орман жылына 10 т шамасындағы көмірқышқыл газын сіңіреді. Орманның ылғал сақтаудағы рөлі зор. Топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су теңгерімін тұрақтандырады. Ылғал мол жерде өсімдік жамылғысы жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Ал орманды алқаптар, жерасты сулары мен өзендер мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмек, жеміс-жидек алынатын өсімдіктердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғаудағы рөлі де зор. Орман бар жерлерде топырақтың су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жерлердің топырағы кеуіп шөлге, тақырларға айнала бастайды. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады. Орманның ауа алабын тазартатын қасиеті де бар. Мысалы, 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200кг оттекті бөліп шығарады. Яғни, ауаның газдық құрамын тұрақтандрып отырады.

Орман, сонымен бірге денсаулық сақтау орны. Сондықтан шипажайлар мен сауықтыру кешендерінің, т.б. демалыс орындарының тек қана ормандар бар жерлерде салынуы тектен-тек емес.

Қазақстан орманға ғана емес, табиғи жайылымдарға да бай ел. Өсімдіктің біздің жерімізде 5700-дей түрі өседі. Оның 500-ден астам түрі қорғауды қажет етеді. Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу үшін 1981 жылы Қызыл кітап ұйымдастырылды. Оның мақсаты - жойылып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізілді. Солардың бірі- сиреп бара жатқан өсімдіктер ( таушымылдық, аққызғалдақ т.б.) өскен жерлерді адам қамқорлығына алып, қорықтар ұйымдастырылды.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 9 ұлттық саябақ, 49 табиғи қорықша, 26 табиғат ескерткіші бар. Ал Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сирек кездесетін өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарына жатады. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігі нәтижесінде "Жас орманшылар", "Жасыл ел", "Жас эколог", "Жас натуралистер" ұйымдары жұмыс істейді. Олар- еліміздегі орман шаруашылығының белді көмекшілері.

Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктерді де қорғау – баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жетісу (Жоңғар ) Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтынтамыр, маралоты, дәрмене жусан, қылша , шайқурай, жалбыз, тартар жапырақ , түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, Алтай рауғашы, қызыл жидек, орамалы сасыр, т.б. өсімдіктердің медицинадағы рөлі өте зор. Олар дәрі дәрмек жасайды. Елімізде Шымкент қаласында дәрі – дәрмек жасайтын зауыт бар.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен қатар сирек кездесетін сәндік мәні бар өсімдіктердің де түрлері көп. Олардың саны да азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500-дей түрі өседі екен. Сондықтар болар Қаратау өсімдіктердің «Меккесі» деп аталады.

V. Бекіту:

1. Өсімдіктер экологиясы нені зерттейді?

2. Орман алқабының маңызы?

3. Қазақстанның дәрілік өсімдіктер қоры?

VI.Үйге тапсырма беру:

Қазақстанның орман ресурстары.

№20

Күні:

Пәні:

Сынып: 10 а, б, в

Сабақтың тақырыбы: Экологиялық факторлардың өсімдіктерге әсері: жылу, жарық, топырақ, ауа.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларды өсімдіктердің эколгиялық топтарымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,

Пәнаралық байланыс: География.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ

V. Бекіту кезеңі

VІ. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

Наши рекомендации