Ауаның қозғалмалы көздерден шыққан заттармен ластануы.

Ауаны ластаушылардың ішінде автомашиналардың алатын орны ерекше. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдар құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары бар. Олардың ішінде зиянсыздары – азот, оттек, сутек, судың булары, зияндылары – көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а) пирен, күйе, күкіртті түтін т,б, /11-12/

Автомашиналардан бөлінген қалдық газдардың 75 пайызы көміртек тотығынан, 15 пайызы көмірсутектен, 7 пайызы азот тотығынан тұрады. Автомашина қозғағышы 1 тонна бензинді жаққанда 12,3кг, 1 тонна дизель отынын жаққанда – 24,5 азот тотығы бөлінеді.

Құрылыс жұмыстарын жүргізгенде де ауа көп ластанады. Ірге тас қалау, су қоймаларын салу үшін топырақтың үстіңгі қыртысын алғанда, құрылыс салу, бояу, сылақ жұмыстарында айнала шаң-тозаң, иіс болып, қалдықтар үйіліп жатады. Құрылыста қолданылатын полимерлі материалдар мен шайырлардың ішінде уыттылары да бар. Сондықтан да ауаға формальдегид, фенол, шайыр бөлетін фенолформальдегидтер мен шайырларды пайдалануға тыйым салынған.

Коммуналды – тұрмыстық қызмет орындары да от жаққанда, пәтер үйлерде пеш жағып жылытқанда ауаны ластайды. Қалдықтарды мезгілінде жинап, тасып, белгілі бір орынға дұрыстап үймей қоршаған ортаны да ластап жатады.

3.4. Ластанған ауаның зиянды әсері

Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3км биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттағы ауаның жылынып жоғары көтерілуіне байланысты мөлшері 4-10 мкм аралығындағы шаң-тозаң мен газдар 1км-ге көтеріліп жан-жаққа жүздеген км қашықтыққа тарайды. Онан ірілері 300-500 метрге көтеріліп, ешқайда жылжымай, ауа салқындаған кезде қайта түседі. Мысалы, Лондонда 1 квадрат км жерге жылына 390 тонна, Нью-Иоркте 300, Париж бен Чикагода-260, Алматыда125 тонна шаң-тозаң түседі. /9-12/

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 пайызға жуық халқы түрлі аллергиялық (тұмаудан бастап тыныс демікпесіне дейін) аурулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты көрінеді. Ауадағы шаң-тозаңның көп болуы өкпе ауруына себепші болады.

Ауаны негігі ластаушылар қатарында көміртек тотығы, көмірсутек, күкүртті газ, азот тотығы, шаң-тозаң, күйе мен күл айтылған болатын. Қоршаған ортаға аса қауіпті автомашиналардан ауаға қосылатын көміртек тотығы, халық оны иісті газ деп те атайды. Бұл газ адамдардың және жылы қанды жануарлардың қанындағы гемоглабинмен (қанның ішіндегі бояушы қызыл зат) қосылып, дененің оттекті пайдалануына кедергі жасап оттек тапшылығына, дененің әлсіреуіне түрлі ауруларға төтеп бере алмайтын халге, оттекпен нитрит топырақтан ауаға қосылған адамдар өкпе ауруына шалдығып, витамин алмасуы бұзылады. Нитрит емшек сүтімен балаға өтсе, олардың тынысы тарылып, ұйқысы бұзылып, денесі көгеріп кетеді.

Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауа көмір қышқыл газы өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 пайызға өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен демалу жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып қалады. /9-12/

Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарларға да зияны көп. Мысалы, ауада фтор көп болса жануарлардың тістері тез қажалып, бал аралары өліп қалады. Мышьяк көбейсе құлындардың аяғы ісіп, сал ауруына шалдығады.

Хлорлы сутек немесе Т73 қышқылы – металды өңдегенде қолданылады. Дымқыл ауада тұман пайда болып, жоғарғы дем алыс жолдарына әсер етеді.

Уран – радиоактивті элемент, атом электр станцияларында, шыны және фосфор өндірістерінде қолданылады. Сәулелену ауруына ұшыратады, бүйрекке зиянды.

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: түсіндіру, баяндау, пікір алмасу, сұрақ-жауап

Бақылау сұрактары: (20 балға дейін)

1. Атмосфераны табиғи ластаушыларға нелер жатады?

2.Атмосфераның эртүрлі өнеркэсіп салаларынан ластануы.

3.Атмосфераның автокөліктермен, оның ішінде авиациялық транспорттармен ластануы. Ластануыдың деңгейлері.

4.Атмосфераның күкіртті қосылыстармен ластануы.

5.Атмосфераның радиоактивті ластануының сипаттамасы.

6.Атмосфераның шумен ластануының ерекшеліктері.

СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары (слайд): (30 балға дейін)Атмосфералық ауаны ластаушы көздер.Радиоактивті ластау. Жанартаулар.

Әдебиет:

Негізгі:

1. Полонский В.М. Охрана воздушного басссейна.-М., 2006.

2. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2013.

3. Воровьев В.И. Эколого-градостроительные основы расчёта приземных

концентраций газа.-М., 2006.

4. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2011.

5. Рекомендации по оформлению и содержанию проектов нормативно

предельно допустимых выбросов в атмосферу (ПДВ) для предприятия

Республики Казахстан. РНД 211.2.02.02-07. Алматы, 2007.

Қосымша:

1. Методическое пособие по расчету, нормированию и контролю выбросов

загрязняющих веществ в атмосферный воздух. НИИ Атмосфера.- Спб., 2005.

2. Пыле – и газоулавливающие устройства. Методические указания к

выпускной работе для студентов – бакалавров специальности 5В0717 -

Теплоэнергеника. - Алматы: АИЭС, 2010 - 44 с.

Наши рекомендации