Тақырыпқа арналған ақпараттық материал. Тақырыбы: №4. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, оның негізгі қағидалары

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: №4. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, оның негізгі қағидалары. Заттар айналымы мен энергияның өзгірісі.

Мамандықтар: 5В 130100- «Жалпы медицина»,

5В 130200– «Тіс емдеу»

Пән: Экология және тұрақты даму

Құрастырғандар: м.ғ.к., ассоц. профессор Рыскулова А.Р.,

б.ғ.к., доцент м.а. Аскарова У.Б.,

Алматы 2016

Тәжірибелік сабақ. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, оның негізгі қағидалары. Заттар айналымы мен энергияның өзгірісі.

2.Мақсаты: студенттерде биосфераның құрылысы және биосфера дамуының жоғарғы сатысы -ноосфера туралы В.И.Вернадскийдің концепциясы жайында, биосфера туралы ілімнің тұрақты даму концепциясы тұрғысынан маңызы туралы білімді қалыптастыру, бекіту.

3.Оқытудың міндеттері:

* Биосфера түсінігімен, биосфераның құрылысы және шекараларымен;

* В.И.Вернадский бойынша тірі зат түсінігімен;

* Атмосфера, құрылысы және оның биосферадағы ролімен;

* Гидросфера, оның Жердегі табиғи ортаның қалыптасуындағы ролімен;

* Литосфера, құрылысының сызбасы және биосферадағы ролімен;

* Биосферадағы тірі ағзалардың жіктелуімен;

* В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің тұрақты даму концепциясын құрудағы маңызымен таныстыру;

* Көміртегінің Жердегі айналымының қағидалық сызбанұсқасын құрып үйрену;

* Азоттың Жердегі айналымының қағидалық сызбанұсқасын құрып үйрену;

* Күкірттің негізгі қасиеттеріне және оның табиғаттағы айналымына сипаттама беру;

* Фосфордың негізгі қасиеттеріне және оның табиғаттағы айналымына сипаттама беру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Биосфера туралы ілімнің негізін салушы кім, қай жылы?

2. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің негізгі қағидалары.

3. Тірі зат, биокосты және биогенді зат деген не?

4.Тірі заттың өлі заттан айырмашылығы неде?

5. Биосфераның негізгі ерекшеліктері қандай?

6. Биогеохимиялық цикл деген не, оның қандай түрлері бар?

7. Биосфераның құрылымы қандай?

8. Биосфераның төменгі және жоғарғы шекаралары қандай? Биосферадан тыс тірі организмдер тіршілігін шектеуші факторлар қандай?

9. Тірі заттың негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.

10. «Ноосфера» терминін кім және қашан ұсынды? Оның мәні не?

5.Оқыту әдістері:дискуссия

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы, 2003.

2. Аскарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. 2007 ж. 30-78 б.

Орыс тілінде:

1 Вернадский В.И. Биосфера. М.: Наука, 1967. 374 стр.

2. Войткевич Г.В., Вронский В.А. Основы учения о биосфере. Учебник для вузов. Ростов – на-дону. Феникс. 1997 г. 476 стр.

3. «Экологический кодекс РК», Астана, 2006.

4. Кенесариев У.И,.Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения: Учебник для медицинских ВУЗов и колледжей. Алматы. 2002.

5. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов -на- Дону. Феникс, 2005. 149-221 стр.

6. Николайкин Н.И., Николайкина Н.Е., Мелехова О.П. Экология. М.: Дрофа, 2005. 196-314 стр.

7. Никитин Д.П., Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек: Учебное пособие. - М.: ФАИР-ПРЕСС, 2000. 10-16 стр.

8. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек: учебное пособие – М: фаир –Пресс 2002-560с

9. Концепция перехода РК к устойчивому развитию на 2007-2024 годы. Указ президента РК №216 (14.11.06).

10. Семенова Л.И. Устойчивое развитие: Учебное пособие. – Алматы: Фонд «ХХІ век», 1997.

11. Доклад конференции ООН по окружающей среде и развитию. – Рио-де –Жанейро, 1992 (т.1). – Нью-Иорк 1993

Қосымша әдебиеттер:

1. Стожаров А.М. Медицинская экология. Учебное пособие. – Минск: ВНШ,2007. – 424с.

2. Шілдебаев Ж.Б. Қызықты экология. – Алматы,2000.

3. Ревич Б.А., Авашани С.Н., Тихова Г.И. Экологическая эпидемиология: учебник для высших учебных заведений. – М.: Академия, 2004. - 384с.

4. Королев А.А. Медицинская экология: учебное пособие. – М.: Академия, 2003. - 192с.

5. Степанковский А.С. Общая экология: учебник для вузов. – М.: Юнити-Дана,2005. -687с.

7.Бақылау сұрақтары:

1. Биосфера дегеніміз не және оның басқа Жер қабықшаларынан айырмашылығы?

2. Ғаламдық экожүйе (экосфера) ретіндегі биосфераның абиотикалық және биотикалық бөліктері неден тұрады?

3. Жердің оттегілік атмосферасы қарай қалыптасқан?

4. Оттегі мен көмірқышқыл газының тепе-теңдігінің бұзылуы Жердегі тіршіліктің дамуына қалай әсер етеді?

5. Табиғи ортаның биотикалық реттелу концепциясының мәні неде?

6. Коэволюция және топтық таңдаудың биосфера үшін мәні?

7. Қоғам мен табиғи ортаның коэволюциясы нәтижесінде ноосфераның пайда болуы мүмкін бе?

Тақырыпқа арналған ақпараттық материал

Жер планетасының биосферасы – адам және басқа барлық тірі организмдердің тіршілік ету ортасы. Бұл – планетадағы тірі заттардың тіршілік аймағы. Биосфераның құрылымы, құрылысы және энергетикасы онда тіршілік ететін тірі организмдердің тіршілік процестерінің жиынтығымен анықталады. Планета түгелдей биосфера емес. Оның жоғарғы шегі теңіз деңгейінен озон қабаты, 20-25 км-ге дейін, ал құрлықта – 2-3 км мұхит түбіне дейінгі аралықты алып жатыр.

Жер планетасында мекендейтін халық саны соңғы жылдары өте жоғары қарқынмен өсуде. Бұл адамзат қоғамы үшін жаңа проблемалар туғызары анық.

Өте ертедегі тарихи кезеңдерден бастап өткен ғасырдың басына дейін халық саны аштық пен әртүрлі эпидемиялар әсерінен біресе азайып, біресе көбейіп, бірнеше жүз млн арасында ауытқып отырды. Тек XVІІІ – XІX ғасырларда жағдай біршама өзгерді. 1960 жылдарға қарай халық саны 3 млрд-қа, 1975 жылы 4 млрд-қа, 1987 жылы 5 млрд-қа жетіп, жылына шамамен 90 млн-ға артып отыр.

Алайда соңғы 20 жылда халықтың өсу қарқыны біршама төмендеп кетті. Осыған қарамастан, 2000 жылдардан кейін халық саны 6 млрд - тан асуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ бұл болжам ғана, шын мәнінде біздің биосферадағы осынша халықтың тіршілігіне зиянды әсерін тигізбей қоймайтын экологиялық проблемалар ескерілмей отыр. Өйткені, климаттың өзгерістері, табиғи ресурстардың сарқылуы сияқты жағдайлар, сөз жоқ, халық санының өсуіне де өз әсерін тигізеді.

“Биосфера - біздің тіршілік ететін ортамыз, бізді қоршаған табиғат. Адам баласы, ең алдымен, өзінің тыныс алуы, тіршілік ету іс-әрекеті арқылы осы табиғатпен тығыз байланысты”.В.И.Вернадский

Биосфера – негізгі тірі және өлі заттардың бір-бірімен өзара әсері болып табылатын тіршілік аймағы. Ол тірі организмдер биосфераның функциясы және онымен материалдық-энергетикалық жағынан тығыз байланысты, әрі оны анықтаушы үлкен геологиялық күш болып табылады. Организмдер дегеніміз тірі заттар, яғни белгілі сан арқылы берілген химиялық құрамы, салмағы, энергиясы бар барлық тірі организмдердің жиынтығы болып табылады.

Ертедегі Греция, Рим ойшылдары – Аристотель, Эротосфен, Теофраст, Страбонның еңбектерінде адам баласын қоршаған әлемнің құрылымы, тірі организмдердің оларды қоршаған ортамен байланыстары жөнінде біраз түсініктер кездеседі. Бірақ бірнеше ғасырлар бойы сол уақыттағы қоғамның даму деңгейіне байланысты бұл мәселелерге жеткілікті көңіл бөлінбеді. Тек қана қайта өрлеу дәуірінде ғылыми ойлар дамып, мәдени мұраларға көңіл бөлін бастағаны белгілі.

Н.Коперниктің әлемнің гелиоцентрлік системасы туралы ілімі, ұлы географиялық жаңалықтар дәуірі, т.с.с. пайда болды.

Биосфера туралы ілімнің алғашқы бастамаларын біз, голландиялық оқымыстылар Б. Варениус, Х. Гюгенс, француздың табиғат зерттеушісі Ж. Бюффон, ұлы орыс оқымыстылары В.И. Татищев, М.В. Ломоносов, т. б еңбектерінде кездестіреміз.

Бірақ биосфераның горизонттарындағы заттардың динамикасында шешуші фактор болып табылатын тіршіліктің орасан зор ролі біртіндеп, кейінірек, тірі организмдер сыртқы ортамен зат алмасу нәтижесінде тіршілік ететіндігі анықталғанда ғана ашылды.

Биосфера туралы ілімнің пайда болуын, көбінесе, француздың атақты табиғат зерттеушісі, ²биология² деген терминді алғаш рет ұсынған француз оқымыстысы Ж.Б. Ламарк есімімен байланыстырады.

Жан Батист Ламарк 1803 жылы өзінің францияның гидрогеологиясы туралы еңбегінде жер шарында тіршілік ететін организмдер жиынтығын осы термин арқылы берді. Ал биосфераның Жердің ерекше қабаты екендігін айтып, 1875 жылы ²биосфера² деген терминді ғылымда алғаш рет ұсынған Вена университетінің профессоры геолог Эдуард Зюсс.

Ботаника, өсімдіктер географиясы, топырақтану және басқа да биологиялық, геологиялық ғылымдардың дамуымен бірге биосфера туралы түсініктер мен нақты мәліметтер біртіндеп жинақтала берді. Осы ғылымдардағы биосфераны біртұтас түсінуге мүмкіндік беретін түсініктер организмдер мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін ғылым –экологияның шығуымен байланысты болды.

Неміс ғалымы Э. Геккельдің ²Организмдердің жалпы морфологиясы² атты еңбегінің шығуын экология ғылымы дамуының бастамасы деуге болады.

Жер биосферасының белгілі табиғи система ретінде тіршілік етуі барлық тірі организмдер қатысында жүретін заттар мен энергия айналымынан көрінеді.

Экологияның не екенін түсіну үшін В.И. Вернадскийдің ғылыми жетістіктерінің шыңы-биосфера туралы ілімді еске түсіру қажет болады. Биосфера – жердің жұқа қабығы, оның құрамы, құрылымы және энергетикасы негізінен бұрынғы және қазіргі тірі организмдер қызметінен болған. Биосфера шектерінің ішінде олардың биохимиялық қызметінің іздері кездеседі. Атмосфера, су, мұнай, көмір, әк, саз және олардың туындылары (сланцстар, мәрмәр және гранит) планетаның тірі затымен жасалған. Биосферада жүріп жатқан бар өмірлік үрдістердің барлығы экологияның зерттеу нысаны болады. Биосфера тіршілік «тірі зат» дамуының сферасын қамтиды, В.И. Вернадский сөзімен, «тірі зат» геологиялық күш ретінде әрекет жасайтын, жер бетін қалыптастыратын жер айналасындағы кеңістік осымен биосфера шекаралары анықталады. Олар бүкіл биосфераны яғни, сулы қабатты (12 км тереңдікке дейін) және 15 км биікткке дейін атмосфераның төменгі қабатын қамтиды. Биосфераның литосферадағы төменгі қабаты 5 км тереңдікте өтуі деп саналады.

Наши рекомендации