III Псаммофитті жусанды шөлдер

Псаммофитті жусанды шөлдердің эколого-физиономиялық тобын Dracunculus туыс тармағы түрлері қалыптастырады.

1. Artemisia arenaria DC

2. Artemisia albicerata Krasch

3. Artemisia tomentella C. Winne

4. Artemisia quinqueloba Traut

5. Artemisia songorica Schrenk

Artemisia arenaria, A. tomentella және A. quinqueloba Солтүстік шөлі аймақ тармағында таралған, ал Artemisia albicerata және A. songorica ортаңғы шөлдер аймақ тармағында белсенді қауым құрушылар. Псаммофитті - жусандар ішінде типтік ландшафт түзушісі Artemisia arenaria.

Құмды жусанды қауымдар негізінен Қазақстанның батысында таралған. Каспий және Арал маңында оның ішінде үлкен және кіші борсық құмдарында, Арал маңы Қарақұмында, ал Шығыста Зайсан ойпатында кездеседі.

Солтүстік Тұран шекарасында Artemisia arenaria доминант немесе содоминант рөлінде кездесетін территория ауданы 82,4 мың шаршы км.

Artemisia arenaria қауымдарының флоралық құрамында негізінен көпжылдық шөптер өсімдіктер және эфемерлер бар.

Artemisia arenaria формациясында мынадай ассосациялар топтарын көруге болады (Курочкина, 1978):

1) Artemisia arenaria, Callygonum aphyllum, Ammodendron bifolium;

2) Artemisia arenaria + Callygonum aphyllum;

3) Artemisia arenaria + Leymus racemosus;

4) Artemisia arenaria + Alhagi pseudoalhagi;

5) Artemisia arenaria + Stipa pennata, S. sareptana;

6) Artemisia arenaria + Syrenia siliculosa, Hyalea pulchelia;

7) Artemisia arenaria + Euphorbia sequierana,

8) Artemisia arenaria + Acroptilon repens, Euphorbia seguierana, Artemisia scoparia

Artemisia arenaria фитоценоздары Солтүстік Тұран құмдарының өсімдіктер жабынында маңызды рөл атқарады. Олар ландшафт қалыптастыратын және рельефті оңтайландыратын қызмет атқарады. Нәтижесінде құмдардың барлық эдафикалық варианттарында ұзақ уақыт өнім бере алатын тұрақты фитоценоздар түзіледі.

Тұран құмды шөлдерінде Dracunculus туыс тармағы жусандарынан басқа Seriphidium туыс тармақтары өкілдері де Artemisia terrae-alba, A. Lercheuna, сирегірек A. diffusa қатысады.

IV. Псаммофитті қоңырбасты шөлдер

Солтүстіктік Тұранда псаммофитті қоңырбасты шөлде Agropyron fragile эдификатор болып саналады. Құм еркек (Agropyron fragile-Пырей ломкий) тығыз шымды эвксерофитті қоңырбас, құрғаққа, суыққа төзімді псаммофит.

Бидайық, құм еркек (Agropyron fragile) өсімдігінің фитоценотикалық белсенділігі Солтүстік және Солтүстік Тянь-Шань тау алды шөлдерінде байқалады. Құм еркек фитоценоздары жеңіл механикалық құрамды топырақтардағы псаммофитті өсімдіктер серияларында жетекші рөл атқарады.

Қазақстан шөлдері территориясында құм еркек басым болатын және қатысатын фитоценоздар ауданы 14,5 мың шаршы км. Осы көрсетілген территорияда құм еркек басым болатын фитоценоздар ауданы 1,8%, ал қалған 98,2% территорияларында құм еркек жетекші рөлде емес. Қауымдар құруда екінші дәрежедегі компонент болып табылады.

Псаммофитті қоңырбасы шөлдер флорасының құрамы әртүрлі.

Каспий маңындағы Солтүстік шөл аймақ тармағында құм еркек фитоценоздарында Festuca beckeri, Koeleria glauca өсімдіктерінің қатысуы тән. Ал кіші және үлкен Борсық және Аралдың солтүстігінде құм еркек фитоценоздарында Artemisia quinquelosa, A. arenaria, A. terrae-alba өсімдіктері басым болады, ал Festuca beckeri, Koeleria glauca шамалы болса да қатысады.

Л.Я. Курочкинаның (1978) псаммофиттер өсімдіктер классификациясында Agropyron fragile өсімдігі фитоценоздары псаммомезоксерофитті көпжылдық шөптесін қоңырбастар формациясына жатқызылады.

V. Псаммофитті терескенді (Krascheninnikovia ceratoides (L.) Gulldenst - терескен) шөлдер.

Мүйіз терескен – Солтүстік Тұран шөлінің типтік өкілі. Ксерофильді псаммофит.

Мүйіз терескен ареалы дала аймағының оңтүстік бөлігін, Қазақстан шөлдерін, Тянь-Шань тауларын, Орталық Азияны (жазықтықтағы Гоби шөлін, Қашғарияны, Жоңғарияны) тауларды (Уайдам, Тянь-Шань, Тибет және Памир) қамтиды.

Жазықтықты мүйіз терескен 126 мың шаршы км алып жатыр.

Л.Я. Курочкина (1978) псаммофиттер классификациясында мүйіз терескен басым болатын фитоценоздар эвксерофильді жартылай бұташа және жартылай бұта шөлдер формациясына жатқызылған.

Мүйіз терескен формациясы әртүрлі типті қауымдарды қамтиды. Мысалы, Л.Я. Курочкина (1978) Тауқұм шөлінде бұл өсімдіктің 5 ассосациясы кластарына бөледі:

1) Бұталы және бұташалы;

2) Жартылай бұташалы;

3) Қоңырбасты;

4) Эфемероидты;

5) Мүкті

Бұлардың ішінде мүйіз терескендер кеңірек болатын типтері:

1) Krascheninnikovia ceratoides, Calligonum aphyllum;

2) Krascheninnikovia ceratoides + Calligonum aphyllum + Astragalus brachypus + Ammodendron bifolium;

3) Krascheninnikovia ceratoides + Astragalus brachypus;

4) Krascheninnikovia ceratoides + Ephedra lomotolepiss;

5) Krascheninnikovia ceratoides + Kochia prostrate;

6) Krascheninnikovia ceratoides + Artemisia terrae-alba;

7) Krascheninnikovia ceratoides + Agropyron fragile;

8) Krascheninnikovia ceratoides + Ephemeretum

Мүйіз терескен қауымдарының құмды шөлдерде басым болуы Солтүстік және Ортаңғы шөлдерде байқалады. Олардың басым болатын фитоценоздарының ауданы 18,8 мың шаршы км.

VI. Псаммофитті – бұталы шөлдер

Псаммофитті – бұталы шөлдердің экология-физиологиялық типіне псаммофильді бұталар басым болатын әртүрлі түрлері жатады. Олардың қатарына Calligonum туысының көптеген түрлері, Astragalus туысының 5 түрі, Ammodendron туысының 3 түрі, Salsola туысының псаммофильді түрлері жатады.

Құмдардағы бұталар (Calligonum, Ammodendron, Eremosparton, Dendrostellera) – стенотопты псаммофильдер. Құмға жақсы бейімделген экобиоморфалар құрғақшылық болғанда феноритмін ауыстырып, ассимиляциялық өркендерін (жапырақтарын) тастауға қабілетті. Атпа тамырлары бар, горизонталь тамырлары бар, жел ашып кетуіне және құм басып қалуына төзімді түрлер.

Astragalus туысы түрлерінің экологиялық амплитудасы кең, олар эвритопты түрлер:

1) Псаммофильдер (Astragalus karakugensis, A. paucijugus)

2) Гемипсаммофильдер (Artemisia brachypus), кейде петропсаммофильдер (Нечаева және т.б., 1973)

Salsola және Ephedra туыстарының түрлері ксерофит эвритопты экоморфалар, ал Tamarix туысының түрлері ксерогалофиль және галопсаммофиль.

Псаммофиль бұталарды кейбір авторлар өз классификацияларында өсімдіктердің жеке типтеріне жатқызады (Петров, 1933; Коровин, 1958, 1962; Родин, 1961 және т.б.).

Фитоценомерлерді сипаттағанда Л.Я. Курочкина (1978) аэроксильді жапырақтары жазда түсетін және желмен түсетін псаммофиль бұталардың 7 тобын бөлді. Олардың ішінде кеңінен таралғандары 1) жүзгін, 2) бұршақ тұқымдас бұталар, 3) сораңдар және сиректеу ақтікен (селитрянка) және дендростеллера.

Псаммофит бұталар қауымдарының географиясы Орта Азия және Қазақстан территориясында Солтүстік Тұран, Жоңғар, Оңтүстік Тұран провинцияларында және Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, Памир-Алай тау алды шөлдерінде кеңінен таралған. Псаммофит бұталы қауымдар және фитоценохорлар олардың басымдылығымен 106,5 мың шаршы км алып жатыр, бұл жол Солтүстік Тұран шөлдерінің жалпы ауданының 5,6%.

Солтүстік Тұран шөлдері ішінде олар Солтүстік Каспий маңында, Арал маңында кездеседі, ал Оңтүстік шөлдерде олардың рөлі анағұрлым артады. Олар оңтүстік шөлдердің ішінде Шығыс Қызылқұмға, Каршин даласына, Сундукли құмдарына, Бадхыз және Карабиле тау алды тегістіктеріне өте тән. Псаммофитті бұталы қауымдардың өсімдіктер жамылғысын құруға қатысуы 17 кестеде келтірілген.

17 кесте

Псаммофитті бұталы қауымдардың өсімдіктер жамылғысын құруға қатысуы (мың, шаршы км) (Рачковская және т.б. 2003)

Аймақ және биіктік белдеу жағдайы Өсімдіктер жамылғысын құрудағы қатысу ерекшелігі барлығы
Жазықтық және ұсақ шоқылар шөлдері Солтүстік     7,1     43,7         50,8
Ортаңғы   59,1   19,5 78,6
Оңтүстік 25,2   202,7 15,3 243,2
Таулар алды шөлдері Жартылай бұташа және бұталар эфемероидтардың қатысуымен   4,7   19,2       23,9
Жартылай бұташа және бұталар қоңырбастар және эфемероидтармен   15,0   0,3 15,3
Эфемероидты-жартылай бұташалы және эфемероидты бұталы 16,3 11,0     27,3
Эфемероидты-жартылай бұташалы және эфемероидты бұталы + субтропикалық түрлердің қатысуымен 0,9       0,9
Саванноидтар (эфемер-эфемероидтар)   17,2     17,2
Барлығы 54,2 165,2 202,7 35,1 457,2

Ескерту. Өсімдіктер жамылғысын құрудағы қатысу ерекшеліктері:

1. Басымдылық (доминирования).

2. Псаммофильдік бұталардың хорологиялық өлшемдер құрамындағы артықшылығы.

3. Қауымдардағы псаммофильдік бұталардың содоминант (содоминирование) болуы.

4. Псаммофильдік бұталардың өсімдіктер жамылғысындағы басқа хорологиялық өлшемдерге қатысуы.

VII. Сексеуілді (Haloxylon) шөлдер

Сексеуілдер Сахара-Гоби шөлдеріндегі эколого-физиономиялық, фитоценотикалық, ландшафтық және шаруашылық критерийлері бойынша өз ерекшеліктері бар өсімдік қауымдарының бірі болып табылады. Кейбір мамандар оларды шөл орманы деп атайды және орман фондына жатқызады.

Сексеуілдің ормандық статусы - оның отын ресурсы. Суды реттеуші, мелиоративтік-құмды бекітуші және жайылымдықты қорғаудағы маңыздыдығына байланысты.

Сексеуілдің ареалының азаюы және деградацияға ұшырауы - оны адамдардың көпжылдан бері пайдалануы, сексеуілді шөлдердегі ерекше қорғауды қажет ететін объектілер қатарына қосуды талап етеді.

Қазақстанда және Орта Азияда сексеуілдің 3 түрінің таралуында қара сексеуіл (Haloxylon aphyllum) және ақ сексеуіл (Haloxylon persicum) кеңінен таралған. Ал үшінші түр Зайсан сексеуілі (Haloxylon ammodendron) тек Қазақстанның шығысында Жоңғар провинциясында кездеседі. Бұл түрдің ареалының негізі – Орталық Азиядағы Гоби шөлі (Лавренко, 1962).

Сексеуілдің қауымдардағы эдафикаторлық рөлі және ортаны жасаушы рөлі оның экобиоморфасымен анықталады. Ағаш және бұта формаларының биіктігі 120 см кейде 400 см (800) дейін және тамыр жүйелері топыраққа 10 м шамасында енеді. Сондықтан сексеуіл қауымның структурасының негізін анықтайды және аз болса да фитоценозда доминанттық рөл атқарады.

Haloxylon aphyllum – эвритопты фреатофил, галофил пелитрофил, псаммофил;

Haloxylon persicum – стенотопты псаммофил.

Сексеуілді шөлдердің 3 экология-физиономиялық типтері бөлінген:

1) Қара сексеуілді (Haloxylon aphyllum)

2) Ақ сексеуілді (Haloxylon persicum)

3) Аралас сексеуілді (Haloxylon aphyllum, Haloxylon persicum)

Бұлардан басқа Қазақстанда Зайсан сексеуілінің (Haloxylon ammodendron) формациялары кездеседі.

Сексеуілді қауымдар «Қазақстан және Орта Азия өсімдіктерінің картасында» (1995) 36 фитохорологиялық типтерінде басым (доминант рөлінде). Ондай территориялар яғни сексеуілдің экология-физиономиялық типтері жалпы шөлдер аймағының 24,3% алып жатыр. Сексеуілдер содоминанттар және ингредиенттер құрамында картаның 27 бөлігінде кездеседі.

7.1 Қара сексеуілді (Haloxylon aphyllum) шөлдер

Қара сексеуіл + иран-тұрандық түр, жапырақсыз бұта немесе жартылай ағаш (Прозоровский, 1940) өте қолайлы экологиялық жағдайда биіктігі 7-8 м дейін болуы мүмкін. Ассимиляциялық қызметті жылда түсіп қалатын өркендер атқарады. Өте жиі ағаш формасында, бірақ та тұрақты отынға кесудің нәтижесінде бұта формасында болады (биіктігі 1,5-2 м).

Өсімдіктің экологиялық амплитудасы өте кең ксерофил, суккулент-сабақты галофил (Акжигитова, 1973). Негізінен құмды, сазды және ұсақ тасты топырақтарда өседі.

Ақ сексеуілден айырмашылығы қара сексеуілді қауымдар жартылай бұталы және жартылай бұташалы (Salsola arbuscula, S. orientalis, Halothamnus subaphyllus, Krascheninnicovia ceratoides) және Artemisia, Anabasis түрлері кездеседі. Қара сексеуілдіктерде шөптесін өсімдіктерден Salsola, Suaeda, Climacoptera, Kochia және Londesia, Kirilowia, Ceratocarpus т.б. кездеседі.

Л.Е. Родин (1963) қара сексеуілдер формациясын эвксерофитті шөлдік жартылай ағаш өсімдіктер типіне жатқызады. Л.Я. Курочкина (1978) қара сексеуілдіктерді өсімдіктердің шөл-ағаш эвксерофит типіне жатқызады.

Өзбекстанда Н.И. Акжигитова (1973) қара сексеуілдерді Halophyta деген өсімдіктер типіне жатқызады.

Р.В. Камелин (1979) қара сексеуілдерді тоғай флороценотипіне жатқызады.

Қара сексеуілдер шамалы аудандарды алып жатыр: солтүстік шөлдерде – 1,2%, ортаңғыда – 2,8%, оңтүстікте - 3%. Қазіргі заманда қара сексеуілдер ареалы шөлдердің барлық тармақтарында азаюда.

Солтүстік шөл аймақ тармағында қара сексеуілдер учаскелері Арал маңындағы Қарақұмда және Торғай ойпатында.

Ортаңғы шөл тармағында Арал маңындағы құмдарда Мойынқұмда және оңтүстік Балқаш маңында кездеседі. Оңтүстік шөл тармағында қара сексеуілдер Заунгуз ойпаңында, орталық және оңтүстік-шығыс Қызылқұмда кездеседі.

7.2. Ақ сексеуілді (Haloxylon persicum) шөлдер

Ақ сексеуіл – иран-тұрандық түр (Лавренко, 1965). Аласа жартылай ағаш немесе бұта биіктігі 2-2,5 м. Қолайлы жағдайда 5-6 м. Афильді өсімдіктерге жатады. Ауа-райы ысығанда ассимиляциялық өркендері түседі. Тамыр жүйелері топыраққа 6 м тереңдікке дейін енеді.

Ақ сексеуіл – ксерофил, псаммофил, құмдарды бекітеді. Желмен ашылып қалуына байланысты қара сексеуілмен салыстырғанда құмға көміліп қалуға шыдамдырақ.

Ақ сексеуілдер формациялары Қазақстан және Орта Азия құмды шөлдеріне тән.

Б.А. Быковтың (1968) ойынша ақ сексеуіл қара сексеуілдің генетикалық туындысы.

Л.Я. Курочкинаның (1966) ойынша ақ сексеуілдің эпидермисі 3 қабатты, устьицелері терең орналасқан осмостық қысымы жоғары. Сондықтан қара сексеуілмен салыстырғанда құрғақшылыққа төзімді. Ақ сексеуілдің оңтүстік шөлдердегі құмды массивтерде кеңінен таралғанын осымен тұсіндіруге болады.

Haloxylon persicum формацияларының флоралық құрамында 175 түрлер кездеседі (Родин, 1956; Курочкина, 1966). Ол 175 түрдің ішінде эфемерлер және эфемероидтар өте көп – 62 түр, ағаштар және бұталардың - 40 түрі көпжылдық шөптер – 30 түр, біржылдық ұзақ вегетациялық өсімдіктер – 22 түр, жартылай бұталар және жартылай бұташалар – 15 түр.

Ақ сексеуілдер формацияларында Солтүстік және Оңтүстік Тұранда да кездесетін жалпы түрлер саны – 52.

Л.Е. Родин (1948) және Л.Я. Курочкина (1966) ақ сексеуіл формацияларын шөлдегі эвксерофитті ағаш (жартылай ағаш) өсімдіктер типіне жатқызады.

Р.В. Камелин (1974) ақ сексеуілдерді Тұрандық псаммофитон өсімдіктер типіне жатқызады.

Ақ сексеуіл формациялары туралы бірнеше регионалдық классификациялар жасалған. Мысалы, Батыс Туркменияға арналған (Родин, 1963), Қазақстан құмды шөлдеріне - (Гвоздева, 1960; Курочкина, 1978) Өзбекстан шөлдері үшін (Гранитов, 1967).

7.3 Аралас сексеуілді (Haloxylon aphyllum, Haloxylon persicum) шөлдер.

Аралас сексеуілді шөлдер негізінен ортаңғы шөлдерде, сирек те болса кейде оңтүстік шөлдерде кездеседі.

Аралас сексеуілді қауымдарда Haloxylon aphyllum және Haloxylon persicum түрлері бірге доминант болады, яғни басым болады.

Аралас сексеуілді қауымдардың құрамында:

1) Біржылдық сораңдар тобы (Kochia iranica, K. odontoptera, Salsola sp.)

2) Біржылдық қоңырбастар тобы (Anisantha tectorum, Schismus arabicus)

3) Бұталар тобы (Calligonium түрлері, Pterococcus түрлері, Astragalus, Ammodendron түрлері, Atraphaxis replicate, A. spinosa)

4) Бұташалар - Ephedra lomatolepis, E. distachya

5) Жартылай бұташалар - Artemisia terrae-alba, Kochia prostrata

6) Псаммофилдер - Mausolea eriocarpa, Artemisia arenaria, A. albicerata, A. songorica, A. terrae-alba

Солтүстік Тұран сексеуілдіктерінде тұрақты Agropyron fragile кездеседі.

Аралас сексеуілді қауымдардың ценотикалық әртүрлілігі онша мол емес. Бұлар:

1) Тамыр жусанды-аралас сексеуілді (Haloxylon persicum, H. aphyllum, Artemisia terrae-alba)

2) Терескенді-аралас сексеуілді (Haloxylon persicum, H. aphyllum,Krascheninnokovia ceratoides)

3) Псаммофитті бұталы-аралас сексеуілді қауымдар эфемероидтардың (Carex physoides, Catabrosella humilis) қатысуымен

4) Ұзақ вегетациялы біржылдықтар (Ceratocarpus utriculosus, Tetracme recurvata, Horaninovia minor) және эфемерлер.

7.4. Зайсан сексеуілді (Haloxylon ammodendron) шөлдер

Зайсан сексеуілі – ареалы типі Жоңғар-Гоби Қазақстанның тек оңтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі (тау аралық ойпаттарда – Зайсан ойпатында және Жоңғар қақпасы маңында). Гоби шөлінің негізгі доминанттарының бірі. Құмайт және құмды, әдетте ұсақ тасты топырақтарда кездеседі.

Зайсан сексеуілінің екі тіршілік формасы бар:

1) Бұта – биіктігі 70-150 см дейін,

2) Ағаш (жартылай бұта) – биіктігі 5-6 м.

Жоңғар қақпасы маңында қиыршық тасты тегістіктерде аласа бойлы Зайсан сексеуілі қауымдары кездеседі. Бұл қауымдар негізінен көпжылдық сораңды-Зайсан сексеуілді (Haloxylon ammodendron, Salsola laricifolia, Arthrophytum balchaschense, Iljinia regelii) фитоценоздар тау алды жазықтықтарда, қоңырбасты-жусанды-бұталармен аралас кездеседі. Соңғылары лай су ағатын ыза бойларында болады.

Жоңғар қақпасы районында (Жалаңашкөл маңында) псаммофитті Зайсан сексеуілді учаскелер кездеседі. Бұл учаскелерде Haloxylon ammodendron, Callygonium және басқа псаммофиттер түрлерімен бірге өседі.

Л.Я. Курочкина (1978) классификациясында Зайсан сексеуілі эвксерофильді ағаш типі өсімдіктеріне жатқызылған.

Е.И. Рачковская (1993) – галофитнопалеоэремофитті бұталар формациясы тобына жатқызған.

VIII. Астрагалды және шырмауықты шөлдер

Оңтүстік Тұран шөлдерінде жусандар және көпжылдық сораңдармен бірге астрагал және шырмауық туыстары түрлері кеңінен таралған. Астрагал және шырмауық түрлері негізінен сазды және құмайт топырақтарда көбірек кездеседі. Астрагалды және шырмауықты өсімдіктер қауымдарын Е.П. Коровин (1961) және И.Ф. Момонтов (1973) өсімдіктердің гипсофитті типіне жатқызады.

8.1. Астрагалды шөлдер

Astragalus villosissimus - Астрагал космический (Сингрен-өзбекше) – Оңтүстік Тұран шөлінің эндемі.

Бұл түрдің ареалы – Қызылқұмның оңтүстік бөлігін, Каршин даласын, Сундукли құмдарын, Қарақұмның оңтүстік бөлігін, Памир-Алайдың тау етегін қамтиды, локальды Ферғана аңғарында кездеседі.

Astragalus villosissimus –биіктігі 80 см дейін. Жартылай бұта. Псаммофил (Гранитов, 1964), гипсофил (Момонтов, 1973).

Сингрендер Оңтүстік-шығыс Тұран провинциясында шөлдер өсімдіктер жамылғысында әсіресе псаммофитті-бұталы қауымдарда айтарлықтай рөл атқарады.

8.2. Шырмауықты (Convolvulus hamadae) шөлдер

Шөлдік шырмауық (Convolvulus hamadae - вьюнок пустынный) (өзбекше партек) – Тұранды-Орта Азиялық түр.

Шөлдік шырмауық ареалы – Мойынқұмда, Қызылқұмда, Қарақұмда, Әмудария, Сырдария, Зеравшан, Сурхандария, Вахш, Кафиринган өзендері аңғарларын, Каршин даласын, Сырдария Қаратауы, Шатқал, Ферғана, Алай, Нуратау, Зеравшан, Гиссар, Кугитанга, Бабатага жоталары етегін қамтиды. Иранда да кездеседі (Виноградова, 1986).

Шөлдік шырмауық - биіктігі 15-30 см. Жартылай бұташа, жапырақтары құрғақшылық кезінде түсіп қалуы мүмкін. Бұл өсімдіктің каудексі 5-8 см тереңдікте болады, олардан жыл сайын бүршіктер пайда болып және тармақтанудың екінші буындары пайда болады.

Көбеюі тек тұқымдары арқылы. Полиморфты түр. Партек (Коровин, 1961) көп сабақты шөптесін өсімдік.

И.И. Гранитов (1967) партекті жартылай бұтаға жатқызады.

Гипсті топырақтарда кеңінен таралғанына және тамыр жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты И.Ф. Момонтов (1973) және И.И. Гранитов (1967) бұл түрді гипсофилдерге жатқызады.

Партек фитоценоздары Оңтүстік Қызылқұмға тән.

Е.И. Рачковская және т.б. (2003) мәліметтері бойынша шөлдік шырмауықтың барлық қауымдарында Astragalus villosissimus қатысады өте жиі содоминант ретінде. Сингренді малдар жақсы жейді.

IX. Қысқа өмірлі (малолетники) шөлдер

Қысқа өмірлі қыста көк қауымдар Копетдаг (оңтүстік-батыс Туркмения) тау етегі жазықтықтарында айтарлықтай территорияны алып жатыр.

Қысқа өмірлілерді А.В. Прозоровский (1940) «эфемерлі облыс» деп бөлді. Ал кейбір ғалымдар қысқа өмірлілерді субтропикалық шөлге жатқызды (Бердиев, 1987) климатологтардың ойынша Оңтүстік-батыс Копетдаг құрғақ субтропикке жатады, қысы ылғалды және жазы құрғақ (Кувшинова, 1972).

Күз-қыс-көктемгі ылғалды кезеңде сазды тұзданбаған топырақтарда эфемерлі қауымдар дамиды. Оларда Eremopyrum orientale басым болады, Leptaleum filifolium, Strigosella africana, S. karelinii, Microcephala lamellata, Alyssum turkestanicum, Androsace maxima, Rostrata cristata өсімдіктері кездеседі (Бердиев, 1987).

X. Талломды шөлдер

Балдырлар және қыналардың әртүрлі топтарынан тақырларда талломды өсімдіктер пайда болған. Тақырлар шөлдер ландшафтарына тән компонент. Тақырлар онша үлкен емес учаскелермен шөлдердің әртүрлі аймақтарында кеңінен таралған.

Тақырлар жиі Үстіртте, Бетпақдалада, Қарақұмда (құмдар арасындағы ойпаттарда) Амудария, Мургаб, Теджен ескі аллювиальды жазықтықтарында кездеседі. Бұрын тақырларда тіршілік жоқ деген ой басым болып келді. Кейінірек тақырларда өсімдіктер жабыны бар екендігі айқындалды. Ол өсімдіктер жабынын көк-жасыл балдырлар және қыналар аз да болса эфемерлер, біржылдық сораңдар құрады.

Балдырлы тақырлар геологиялық жас континентальды жауын-шашынның жинақталатын және жер бетінде атмосфералық жауын-шашын жақсы ағатын, мезгіл-мезгіл су басып қалатын территорияларда кездеседі. Тақырларда балдырлардан пленка пайда болады. Копетдаг тауының етегіндегі жазықтықта балдырлардың 186 түр және түршелердің болатындығы анықталған (Новичкова, 1955).

Қыналы тақырлар

Қыналы тақырлар су астында қалмайтын, тек қана жауын-шашыннан ылғалданатын, қазіргі заманда су жиналмайтын, жер бетінде ағысы нашар территорияларда таралған. Қыналы шөлдер Diploschistes, Squamaria, Collema, Aspicilia, Psora және т.б. туыстары түрлерінен пайда болған колониялар деуге болады.

Копетдаг етегіндегі тақырларда түтікті өсімдіктерден эфемерлер (Eremopyrum orientale, E. triticeum, Malcolma africana, Meniocus linifolius, Microcephala lameliata, Lepidium perfoliatum және т.б.) және біржылдық сораңдар (Climacoptera lanata, C. turcomanica, Halimocnemis malissima, H. karelinii, H. hispida, Gamanthus gamocarpus)

Шөлдер аймағындағы жазықтықтарда тақырлар учаскелерінде талломды өсімдіктер басым болады, бірақ олардың шеттерінде көпжылдық және біржылдық сораңдар топтары пайда болады.

Маңғыстаудағы ортаңғы шөлдердегі тақырларда (Сафронова, 1996) Гурган жусанды (Artemisia gurganica), бұйырғынды (Anabasis salsa), итсигекті (Anabasis aphylla) топтары негізінен тақырлар шеттерінде кездеседі.

Енді жоғарыда айтылған шөлдерден құмды шөлдер өсімдіктері ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтейік.

И.М. Культиасов (1977) ойынша, құм өсімдіктері – псаммофиттерге мынадай биологиялық және экологиялық ерекшеліктер тән:

1. Субстраттың жылжымалылығына байланысты псаммофиттерде өте ұзын (20 м дейін) тамырлар сиректеу тамырсабақтар дамиды, олар жер бетіне жақын ылғалды қабаттарда әртүрлі бағыттарда дамып, өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етеді және өсімдіктерді субстратқа бекітеді.

2. Псаммофиттер тамырлары қалың тығыз қабық ұлпасымен қорғалған, ал кейбір түрлер тамырлары (мысалы, Aristida karelinii) құмнан пайда болған түтіктер ішінде орналасқан. Ол түтіктер құмдарды цементтейтін сілемейлерден пайда болған. Бұл түтіктер (чехол) тамырларды кеуіп қалудан және механикалық жарақаттанудан сақтайды.

3. Көміліп қалумен күресу үшін псаммофиттерде қарқынды қосалқы тамырлар пайда болады.

4. Кебетін бетін азайту үшін псаммофиттерге микрофилия және афилия тән. Ыстық мезгіл келуіне байланысты жазғы жапырақ түсу болады немесе үлкен жапырақтар орнына майда жапырақтар пайда болады. Түсіп қалған жапырақтардың атқаратын ассимиляциялық қызметін жылдық өркендер атқарады. Жазда түсіп қалатын алғашқы жапырақтардың ксероморфтық белгілері болмайды.

5. Субстраттың жылжымалылығына псаммофиттердің жемістерінің құрылыс ерекшеліктері тікелей байланысты, олардың құрылысы желмен таралуға бейімделген анемохорлар тобына жатады. Ондай жемістердің бірнеше типтерін атауға болады:

1) аэростат типті – ісінген жемістер (Smirnova turkestanica, Astragalus chinensis, Carex physodes және т.б.)

2) қанатты жемістер (Ephedra strobillaceae, Rheum turkestanicum, Callygonum және Atraphaxis туыстары түрлері)

3) пропеллер тәрізділер (Ammodendron conollyi)

4) парашют тәрізділер (Aristida karelinii және т.б.)

Басқа да жемістерді және тұқымдарды жеңілдететін бейімделушіліктер бар мысалы, аэренхиманың дамуы. Псаммофиттерде жидек типтес жемістер болмайды.

Е.П. Коровин (1961) мәліметі бойынша негізгі құм массивтерінде – Қарақұмда, Қызылқұмда, Мойынқұмда тіркелген өсімдіктер саны – 350, олардың 56% эндемдер.

Құмды шөлдерде әртүрлі тіршілік формалары өсімдіктері болады:

1) Ағаш-бұталы өсімдіктерге флораның 30% жатады.

Ағаш формасына немесе соған жақын ақ сексеуіл (Haloxylon persicum), қоянсүйек (Ammodendron conolli);

Аласа ағаштар тобына (нанофанерофиттерге) Calligonium туысының ағаш тәрізді 67 түрін жатқызуға болады, және ағаш тәрізді сораңдарды (мысалы Salsola richteri) черкезді жатқызуға болады (Ammodendron секциясы).

Бұталар тобына – Calligonium туысының бұта тәрізді өкілдерін және Eremosparton flaccidum, Ephedra strobillaceum және Astragal туысының көптеген өкілдерін жатқызуға болады.

2) Құмды шөлдерде біржылдық - терофиттерге флораның 40% жуығы жатады.

Көптеген эфемерлер мезофиттер типтес, ерте-көктемгі-эфемерлердің ксероморфоздық белгілері жоқ, олардың барлығы бекінген топырақ пайда бола бастаған құмдарда кездеседі.

3) Көпжылдық шөптесін өсімдіктер тобына (30%) эфемероидтар (10%) және вегетациясы жазда болатындар (20%) жатады.

Бұл топтың мысалы ретінде үрмежеміс қияқөлеңді – илакты (Carex physoides) атауға болады, бұл өте маңызды жемшөптік өсімдік жаздық және күздік шөптесін өсімдіктер мысалы ретінде Аристида, селин немесе еркекті (Aristida karelinii, A. minor) келтіруге болады. Олар пионерлік өсімдіктер, құмдарды бекітушілер. Көпжылдық шөптерден Elymus giganteus өсімдігін айтуға болады.

Құмды шөлдерде Е.П. Коровин (1961) мына формацияларды бөліп көрсетеді:

I Сексеуілді-илакты, бұларда ақ сексеуіл (Haloxylon aphyllum) және илак немесе құм қияқ өлеңі (Carex physoides) басым. Бұл формация барлық құмдарда таралған. Ақ сексеуілмен бірге жүзгіндер, черкез, кейбір жусандар, терескен, изен тұрақты кездеседі деуге болады. Бұл формация негізінен Оңтүстік және Арал маңы Қарақұмдары, Қызылқұм, Мойынқұмда кездеседі.

II Жүзгінді-илакты, жүзгін туысы түрлері және илак басым. Сексеуіл жоқ немесе өте сирек. Бұл формация Оңтүстік-шығыс Қарақұмға тән.

III Қоянсүйекті (Ammodendron conillyi) – селеулі (Aristida karelinii) және Кандымды (Calligonium туысының ағаш түрлері) – селеулі. Бұл формация негізінен Мойынқұмда, оңтүстік-шығыс Қарақұмда кездеседі.

IV Терескенді формация. Бұл формация Мойынқұмда, Шу өзенінің бұрынғы террасасында кездеседі.

V Тортулалы формация. Шөлдік мүк Tortula desertorum басым.

Наши рекомендации