Ндірістік өнеркәсіптердің әсерінен ауа ортасының өзгеруі.

Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады.

Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратын анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады. Осындай көрініс біздің қалаларғада тән құбылыс. Осындай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері, өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауасы сирек алмасатын қалаларда жиі кздеседі, оны смог деп атайды. «Смог» ағылшын сөзі – тұмшадеген мағына береді.

«Тұмша» терминін алғаш рет 1905 жылы доктор Генри Антуаном де Во. (Fog and Smoke) статьясында алғаш рет қолданды. 1905 жылы 26 шілдеде Лондон газеті Daily Graphic оны «Ауылдық жерлерде кездеспейтін түтінді тұман – тұмша - қалалардың ластануын түсіну үшін ғылымда еш қажеттілік жоқ»,- деп айтты деп жазды. «[He] said it required no science to see that there was something produced in great cities which was not found in the country, and that was smoky fog, or what was known as 'smog'»).

Москваның үстіндегі 2010 жылдың 7-ші тамызындағы және -дегі тұмша. Оның астында Пекиндегі және 2010 жылғы Санк-Петербургтағы тұмша.

Тұмша ірі қалаларда және индустриялық орталықтарда кез-келген табиғи және климаттық жағдайларда ауаның қатты ластануына байланысты пайда болады. Тұмша жел соқпайтын бұлтсыз, ашық күндері жылдың жылы кездерінде пайда болған тұмшалар қауіпті келеді. Мұндай көріністер таулармен төбелермен қоршалған қалаларда жиі кездеседі.

Тұмша көп пайда болған халқы тығыз орналасқан елдерге, және т.б. жатады.

Қытайдың континент бөлігінде орналасқан өндірістердің ауа бассейнін өте қатты ластағандығынан Гонконгтағы биік қатбатты үйлер тұмшадан көрінбейді.

Лондон ауасының ластануы проблемасы орта ғасырдан басталады. 1273 жылы англия королы Эдуард I жануы кезінде қатты түтін шығаратын көмірді пайдалануға тиым салу жөнінде үкім шығарды. Ал 1661 жылы англиялық жазушы Джон Эвилен өзінің памфлетында «Fumifugium» (тікеауд.«жағу») көмірдің орнына ароматты поленаны жағуды және өндірістің жартысын Лондонның сыртына көшіруді ұсынды.

Тұмша XIX ғасырдың аяғында Лондонның ажырамас бір бөлшегі ретінде болып саналып, «pea-souper» (яғни горох супысына ұқсас-қою және сары) деген атаққа ие болды.

1952 жылы болған Ұлы тұмша кезінде 4000 көп адам қайтыс болды, кейінгі айларда тағы 8000 адам қайтыс болды. Бастапқы кезде британдық үкімет бұл тұжырымды жоққа шығарды, олар бұл өлім тұмау эпидемиясынан болды деп сыртауратты.

Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау бойынша саясаттың күшейуіне байланысты мұндай тұмшалар жойылды, қазір Лондон үшін бұл өткен өмірдің бір бөлігі болып қалды.

2002 жылдың тамызында торфтың жануынан Мосва облысы, Москва түтіннен көрінбей қалды. Түтін бірнеше апта бойы кеткен жоқ.

2010 жылдың маусы-тамыз айларында жергілікті табиғатқа тән емес ( 25-39 градус ыстық, ұзақ уақыт жаңбырдың жаумауы, Орталық Азиядан соғатын батыс желінің әлсіреуі) табиғи аномалияға байланысты бұл жағдай Москвада тағы қайталанды. Түтін Москвадан 100 км радиуста таралды. Күндіз 100 метрден алыс жер көрінбей қалды. Ауадағы улы газдың ШРК-сы Санэпидстанцияның мәлімдемесіне сәйкес 6,6 есе, қалқымалы заттар 2,2 есеге көбейіп, көмірсутектің концентрациясы куб метрге 6,6 миллиграммды құрады.

Ші дәріс

Ауа бассейнінің локалды және глобалды ластану проблемалары

Дәрістің мақсаты:«Парник» газдары, қышқыл жаңбырлар, күкірттің қосылыстарымен ауаның ластануы туралы мәліметтер беру.

Ключтық сөздер:«парник» газдары, қышқыл жаңбырлар, азот қосылыстары

Парник» газдары

Парник газдарына көмірқышқыл газы, азот оксиді және метан жатады.

СО2 немесе көмірқышқыл газы, - қышқылды иісі және дәмі бар түссіз газ, көміртегінің толық қышқылдану өнімі.

Метан (СН4) – иісі жоқ, түссіз табиғи газ.

Қазақстан Республикасында парник газдары (ПГ) шығарындыларының көздеріне түгендеу жүргiзiлген және тура әрi жанама парник эффектiсiмен газдардың эмиссиялары есептелген, сондай-ақ негiзгi парник газы - көмiртегiнiң диоксидi (СО2) эмиссиясының болжамы жасалған. Жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) бiрлігіне парник газдары шығарындыларының үлестiк көрсеткiшi бойынша (3,38 кг/АҚШ доллары) көмiртегiнiң диоксидi (СО2) Орта Азия елдерiнде бiрiншi орынды алады.

Көмiртегiнiң диоксидi (СО2) шығарындыларының көлемiне энергетика, ал энергия тасығыштардан - көмiр елеулi үлес қосады. Деректердiң болжамы бойынша неғұрлым жедел қарқынмен көмiрдiң үлесi өсетiн болса, онда 2020 жылға қарай отынды жағудан жиналған жиынтық шығарындылар көлемi 66%-ды құрайды. Сол секілді энергетика саласы да парникті газдар шығарындыларын жасайтын негізгі көздердің біріне жатады. Барлық ПГ газдар ішінде СО2-нің үлесі жоғары (1-ші орында), ал метан мен азот тотықтары сәйкесінше екінші және үшінші орында.

2005 жылы ПГ эмиссияларының жалпы көлемі көмір қышқыл газының баламасында 240,7 млн. тоннаны құрады, соның 77%-ы CO2 болды, бұл мөлшер 1990 жылмен салыстырғанда 5%-ға өсті (4-ші кестені қараңыз). Қазба отынның жанғаннан кейінгі өнімдері ПГ шығарындыларының негізгі көзіне жатады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында энергия тұтынумен бірге ПГ шығарындылары да азайды.

Қазақ экономикасын қалпына келтіру басталған 2000 жылы мұндай азаю баяулп, 2000-2005 жылдары шығарындылар 36%-ға көбейді, бірақ сонда да болса, 1992 жылғы деңгеймен салыстырғанда 30% төмен күйінде қалып отыр. Алайда, Қазақстан бойынша бір адамға шаққанда жұтатын көмірқышқыл газының (CO2) мөлшері басқа елдермен салыстырғанда анағұрлым жоғары.

4-ші кестеде парник газдарының шығырындылары берілген.

Кесте 4. Парник газдарының шығырындылары

Категориясы
СО2 (млн. тонна) 243,7 137,3 186,3
СН4 (млн. тонна) 57,8 46,3 33,9 42,7
N2О (млн. тонна) 25,1 17,6 9,0 17,7
Жалпы қосындысы 344,1 307,6 180,2 240,7
Таза жиынтығы (шығаратын нысандар мен ағындылар) 336,9 302,7 173,1 234,8

2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздiк тұжырымдамасына сәйкес климат пен озон қабатының өзгеруiмен, биологиялық әралуантүрлілiктің қысқаруымен, шөлейттенумен, топырақ қабатының, судың, ауаның ластануымен, қалдықтардың жиналуымен және тағы басқаларымен байланысты елдiң неғұрлым күрделi экологиялық проблемалары болып табылады.
БҰҰ-ның климаттың өзгеруi жөнiндегi үлгілік конвенциясын (1995 жыл) бекiткен және осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойған Қазақстан көмiрсутегi отынын жағудан парник газдары көлемiнiң тұрақты ұлғаюымен байланысты жаһандық жылынудың алдын алу жөнiндегi жалпы әлемдiк қозғалысқа қосылды.

Наши рекомендации