Жер қойнауын пайдалану саласындағы атқарушы органдардың компетенциясы
1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жерi;
6) су қорының жерi;
7) босалқы жер.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi:
1) орманды дала;
2) дала;
3) қуаң дала;
4) шөлейттi;
5) шөлдi;
6) тау етегi-шөлдi-далалық;
7) субтропикалық шөлдi;
8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi;
9) орта азиялық таулы;
10) оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар.
2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру
Жердi осы Кодекстiң 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жердi оның нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты бiр санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген, жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнiндегi өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
экологиялық нормалау - қағидалардың (нормалардың) және олардағы қамтылған қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiнің (нормативтерiнің) жүйесi;
4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ
22-бап. Экологиялық нормалаудың мақсаты
1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады.
2. Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi.
3. Мұнайдың авариялық төгілуін жою әдістерін қолдану нәтижесіндегі эмиссиялар нормалануға жатпайды.
23-бап. Қоршаған орта сапасының нормативтерi және оларды белгiлеу тәртiбi
1. Қоршаған орта сапасының нормативтерiне:
1) қоршаған орта жай-күйiнiң химиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген нормативтер, оның iшiнде радиоактивтi заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шектi шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң нормативтерi;
2) қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың және өзге де физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi;
3) қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң, жануарлардың және басқа да организмдердiң түрлерi мен топтарының нормативтерi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн, микроорганизмдердiң жол беруге болатын шектi шоғырлану нормативтерi:
топырақ бонитетi, қарашiрiндiнiң құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткiштерi және жер топырағының басқа да сипаттамалары;
аумақтың ормандылығы және онда орман өсiру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйi, орман қорының жекелеген учаскелерiнiң басқа да сандық және сапалық көрсеткiштерi;
ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтерi;
табиғи ресурстар жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi;
4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi жатады.
2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жол беруге шектi шоғырлану нормативтерiн белгiлеу мақсатында зиянды заттарды қауiптiлiк дәрежесiне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауiптi химиялық заттарды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi. Мемлекеттiк тiркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.
3. Жол беруге болатын шектi шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауiптiлiк деңгейлерiнiң нормативтерiн белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.
4. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбiр түрi бойынша белгiленедi.
24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi
1. Жекелеген аумақтар үшiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi белгiленуi мүмкiн.
2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi.
3. Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi:
1) қоныстану аумағы;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) рекреациялық аймақтар;
4) шөл және шөлейт аудандар;
5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн.
4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленедi.
5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн белгiлеу:
1) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қоршаған орта сапасының нормативтерiне кезең-кезеңмен қол жеткiзiлуiн;
2) экологиялық қауiпсiздiктi және халық денсаулығы үшiн қатердi азайтуды;
3) әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ экожүйелердi, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiнiң тектiк қорын сақтау қажеттiгi ескеріле отырып, қоршаған орта сапасының нормалануын қамтамасыз етуге тиiс.
6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.
25-бап. Эмиссиялар нормативтерi
1. Эмиссиялар нормативтерiне:
1) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi;
2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шектi шығарындылары мен төгiндiлерiнiң нормативтерi;
3) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерi;
4) алып тасталды - ҚР 25.04.2016 № 505-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру нормативтері жатады.
2. Эмиссиялар нормативтерi аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшелiктерi ескерiле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс және жол берiлетiн шектi шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде есептеледi.
3. Эмиссиялар нормативтерiнiң шамалары шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсерiн азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажеттi техникалық iс-шаралар өткiзу қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдауға негiз болып табылады.
26-бап. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi
1. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi өнеркәсiптiң нақты процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар енгiзу негiзiнде белгiленедi.
2. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi техникалық регламенттерде белгiленедi және кешендi экологиялық рұқсаттардың негiзi болып табылады.
3. Атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздері үшін эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері техникалық регламенттерде белгіленеді.
27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері
1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiндей шартпен эмиссиялардың әрбiр стационарлық көзi және тұтастай кәсiпорын үшін есептеулер негiзiнде белгiленетiн эмиссиялардың шамалары болып табылады.
2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру кезiнде шығарындылардың стационарлық және жылжымалы көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялар нормативтерінің есептеу мәндерiн, техникалық үлестік нормативтерінiң белгiленген мәндерiн қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттардың жол берiлетiн шекті шығарындылары мен төгiндiлерiнiң белгіленген нормативтерінің қолданылу мерзімі, өндіріс және тұтыну қалдықтарын нормативтік орналастыру мерзімі I, II және III санаттардағы объектілер үшін күнтізбелік он жылды құрайды, IV санаттағы объектілер үшін – мерзімсіз.
28-бап. Эмиссиялар нормативтерiн айқындау тәртiбi
1. Қоршаған ортаға эмиссия нормативтері көзделген шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жеке құжаттар түрінде негізделеді.
2. Осы Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін эмиссиялар нормативтерiн әзiрлеудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтерi эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп белгiленедi не санитариялық-қорғау аймағының шекарасындағы және жақын орналасқан қоныстану аумақтарындағы қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу мақсаттарын негізге ала отырып, есептеу және (немесе) аспаптық жолмен айқындалады.
4. Эмиссиялар нормативтерiн есептеу арқылы айқындау әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
5. Эмиссиялар нормативтерiн белгiлеу кезiнде қоршаған ортаның iс жүзiндегi ластануы ескерiледi. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректерді жобаның тапсырыс берушiсiмен немесе жобалау ұйымымен жасалған шарт бойынша ұлттық гидрометеорологиялық қызмет ұсынады. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректерді ұсыну қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге технологиялық байланысты қызметке жатады.
6. Атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылжымалы көздерінен туындайтын эмиссия нормативтерi белгіленбейді. Шығарылған газдардағыатмосфералық ауаны ластайтын негiзгi заттардың шектi концентрациялары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасындаайқындалады.
29-бап. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң өзге де нормативтерi
1. Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi белгiленедi.
2. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi және оларды белгiлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында айқындалады.
СРС 7